Теңдік және теңсіздік ұғымдары «Алгебра элементтері» қатарына жатады
Сандарды бір-бірімен салыстыру арқылы , яғни қандай да бір заттармен , дидактикалық көрнекіліктердің көмегімен екі немесе одан да көп топқа бөліп салыстыру қай топта аз,кем немесе тең екенін табумен байланыстырылады және соған сай қатынас таңбаларын(<,>,=) қою арқылы көрсетіледі. Ал сол шыққан нәтижеге сәйкес теңдік немесе теңсіздік деп аталады.
Балаларға бұл мәліметтерді меңгерту үшін дидактикалық көрнекіліктермен жгмыс жасаған әлде қайда тиімділік көрсетеді.
Мысалы, b санынан c санының кіші екендігін немесе үлкен екендігін былай көрсете аламыз: bs.
Енді сандардың көмегімен бірнеше мысал келтірейік:
4<6 9>8 10=10
8>3 20>10 20=20
Есепті шығар.
Бір орамда 58 м мата. Екіншіде – 62 м бар. Барлық маталардан оқушылар формасы тігілді. Әрқайсысына 3 м матадан жаратылды. Қанша форма шықты?
1 орам-58 м
2орам -62 м
Ш:
58+62=120
120/3=40
Жауабы: 40 форма шықты
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Зерттеу үш кезеңнен тұрады.
Оқушыларды математикаға қызықтыру үшін теориялық материалдарды зерттеу әдістерін жүргізу.
Тақырыпқа байланысты материалдар бойынша оқу іс-әрекетін жүзеге асыру
Теориялық мәліметтерге қарай сабақтарға тәжірибе жасап, талдау жасау.
Ең алдымен оқушыға алға жетелеуші, яғни қолдаушы адам қажет болады, сол кезде оқушыға көмек бере алатын бірден бір адам ол мұғалім бола алады. Балаларды математика тіліне қызықтыру барысында мұғалім дайын білімді балаға ұғындыру, сол арқылы бағалау ғана емес жан жақты интелектуалды және шығармашыл болыуы керек. Сол арқылы балаларды математика әлеміне қызықтыра алады.
Келесі кезекте, әдіс тәсілдер яғни көрнекі материалдар. Көрнекі материалдарсыз сан түрінде ғана оқытып, қосу мен азайтуды үйретіп қана қойса онда математика әлеміне баланың қызығушылығы жоғалады. Ол үшін неше түрлі әдіс тәсілдер, әр сабаққа бір ойыннан үйымдастырып келсе мұғалім, бала сол есепті ойнап жүріп қызығып түсініп алады.
Тағы бір әдіс бұл білім беруде оқыту тәрбиелеу және дамыту ол міндетті іс-әрекет, ал оқушыны шығармашылық қабілеттерін дамытуда өнер. Яғни әр түрлі цифрлық технологиялар көмегімен қызықтыра білу, сайыстар викториналар не дөңгелек үстел сайысын ұйымдастыру сол арқылы балада шығармашыл ұйымдастырушылық қабілеттері дамиды.