Теріс емес бүтін сандарды оқыту әдістемесі


Берілгені: Көкшетау ө.-1896 көл Солтүстік Қазақстан ө.-? 356 көл артық 11898 көл Қостанай ө.-? Шешуі



бет2/21
Дата27.11.2023
өлшемі399,71 Kb.
#129714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Берілгені:

Көкшетау ө.-1896 көл
Солтүстік Қазақстан ө.-? 356 көл артық 11898 көл
Қостанай ө.-?
Шешуі: 1) 1896+356=2252
2) 1896+2252=4148
3) 11898-4148=7750
Немесе
1896+356=2252
11898-(1896+2252)=7750
Жауабы: Қостанай өңірінде 7750 көл бар.



  1. Кестелік қосу және азайтуды оқыту әдістемесі.

Кестелік қосу екі кезеңге бөлініп қарастырылады: оның бірінші кезеңі-бір таңбалы санға бір таңбалы санды қосқанда, ондықтан аттамайтын жағдайы, олар-16, бірінші сыныпта қарастырылады. Ал екінші кезеңі - бір таңбалы санға бір таңбалы санды қосқанда, ондықтан аттайтын жағдайы, олар-20, ал бұл екінші сыныпта қарастырылады.
Қосудың кестелік жағдайының 1-кезеңін үйрету барысында көрнекілік ретінде сан сызғышы қолданылады, яғни 2-ні қосқанда тура бағытта 1 сан аттау арқылы, 2-ні азайтқанда кері бағытта 1 сан аттай отырып жүру түсіндіріледі.
Кестелік қосудың 2-кезеңін оқытып-үйретуде жолақшалар мен жеке шаршылар қолданылады.
«Он көлеміндегі сандар» тақырыбында
1) 0 саны қатысатын жайдайлардағы қосу және азайту дағдылары қалыптастырылады, өйткені әр санды енгізу, оған 0-ді қосу және керісінше 0-ге оны қосу, сол саннан 0-ді азайту, сол саннан оның ӛзін азайтып нөлді шығарып алу сияқты жағдайларды қарастырумен жалғасады. (мәселен 4+0,0+4,4-0,4-4).
2) 1-ді қосу және азайту туралы қорытынды жасалады, яғни «санға 1-ді қосқанда келесі сан, ал саннан 1-ді азайтқанда алдыңғы сан шығады» сӛйлемі тұжырымдалып, ілгеріде сандар жиынының кеңеюіне сәйкес оны қолдану көзделеді. Сонда негізгі көрнекілік ретінде сан сызғышы қолданыладыда, санға 1-ді қосу тура бағытта, ал саннан 1-ді азайту кері бағытта, сандарды ретімен атау арқылы түсіндіріледі. Дегенмен, қосу және азайту амалын орындағанда оқушылар өздеріне бұрыннан белгілі санның құрамы жайындағы білімге сүйенеді.
Бастауыш буынның ең басты мақсаты-арифметикалық амалдардың таблицалық жағдайларын оқушылардың саналы және берік игеруін қамтамасыз ету. «Кестелік қосу және азайту» тақырыбының мазмұнын: 10 көлеміндегі сандарды есептеу тәсілдері; мәтінмен берілген арифметикалық жай есептер және оларды шығару; кері есептер және өзара кері есептер; санды өрнек және әріпті өрнек; әр түрлі өрнектердің мәндерін табу; қарапайым теңдеулер және оларды шешу; кесіндіің ұзындығын арттыру және кеңейту; кесінділер сызу сияқты мәселер құрайды. Кестелік қосу және азайтудың 2,3,4,5 сандарымен жағдайларын оқытып-үйретудің әдістемесінде бірізділік сақталады. Мұнда қосу тәсілі сан сызғыштан 1,2,3,4 сан аттай отырып тура бағытта санау арқылы түсіндіріледі. Қорытынды нәтиже – қосу кестесінің 16 теңдігін жатқа білдіріп шығару, яғни 2+2=4 ... 8+2=10 3+3=6 ... 7+3=10 4+4=8 ... 6+4=10 5+5=10 және осы теңдіктердегі азайтудың сәйкес жағдайларына нәтижені қатесіз табу үшін қолдануға қатысты білік қалыптастыру болып табылады. Кестелік жағдайларды оқытудың келесі сатысында 5,6,7,8,9 сандарын қосу және азайту тәсілдері қарастырылады. Бұл жағдайлардағы қосу - сандардың орындарын ауыстырып қосуға болатындығына сүйеніп, яғни санның құрамы жайындағы білімнің негізінде орындалады. Сонымен, қосуға берілген бір ғана мысалдың нәтижесін біле отырып, 3 мысалдың нәтижесін табудың үлгісі көрсетіледі, бұған оқушылар жаттығуы тиіс. Сонда ғана қосу кестесін жақсы есте сақтайды және оны қолдануға қатысты сәйкес білік пен дағды қалыптасады. Мысалы, 2+8 ұсынылса, олар 8+2 мысалын құруы тиіс, яғни 8+2=10 10+2=8 10-8=2 Осындай түсіндірмелер қосу және азайту амалдарының өзара байланысын аша түседі және олардың өзара кері амалдар екенін аңғартады. Кестелік қосу және азайтуды оқытып-үйретудің соңына қарай 10 санынан азайту жағдайларына арнайы тоқталып өту көзделеді. Себебі, бұл саннан кез-келген бір таңбалы санды азайтуға болады. Осыған орай 10 санының құрамының барлық жағдайлары 10-нан санды азайту кезінде қолданыс табады және 10- 9,10-8,10-7,10-6,10-5,10-4,10-3,10-2,10-1,10-0, 10-10 мысалдары шығарылады. Бұл түсініктің оқушыларға дұрыс және түсінікті қалыптасуы үшін түрлі жаттығуларды, дидактикалық материалдарды пайдалануы керек болады. Олардың қатарында: заттарды және нәрселерді бірден қоса және 1- ден шегере санау, кез келген саннан бастап 10-ның көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен атау, санның көршілерін атау; саннан тікелей кейін келетін санды атау; сандар қатарында әдейі қалдырып кеткен сандарды табу; сандар қатарын кіші саннан бастап ретімен атау; сан баспалдағымен жұмыс; санның қандай сандардың арасында болатының анықтау тс.с.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет