Теріс емес бүтін сандарды оқыту әдістемесі


Жай есептерді шығаруға үйрету әдістемесі



бет5/21
Дата27.11.2023
өлшемі399,71 Kb.
#129714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
1-47 Математика емтихан жауаптары

Жай есептерді шығаруға үйрету әдістемесі.

Жай есеп дегеніміз бір амалмен шығарылатын, ал құрама дегеніміз екі немесе одан да артық амалмен шығарылатын есептер. Жай есептің бірнеше түрлері бар:
І. Арифметикалық амалдардың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер.
Бұлар өз кезегінде бірнеше жай есептерге бөлінеді:
а) қосындыны табуға арналған жай есептер.
ә) қалдықты табуға арналған жай есептер.
Б) бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға арналған жай есептер
в) тиісінше бөлуге арналған жай есептер.
Г) теңдей бөлуге арналған жай есептер.
ІІ. Амал қатынастарының мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер.
А) бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған жай есептер.
ә) бірнеше бірлікке кем санды табуға арналған жай есептер.
Б) айырмалық салыстыруға арналған жай есептер.
В) бірнеше бірлікке есе артық санды табуға арналған жай есептер.
Г) бірнеше бірлікке есе кем санды табуға арналған жай есептер.
Д) еселік салыстыруға арналған жай есептер.
Алдыңғы топ жай есептердің алғашқы екі түрі және 2 топ жай есептердің алдыңғы үш түрі 1-сыныпта, ал қалғандары 3-сыныпта қарастырылады.
ІІІ. Амал компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысқа негізделген жай есептер:
а) белгісіз қосылғыштарды табуға арналған жай есептер,
ә) белгісіз азайғышты табуға арналған жай есептер.
Б) белгісіз азайтқышты табуға арналған жай есептер.
В) белгісіз көбейткіштерді табуға арналған жай есептер.
Г) белгісіз бөлінгішті табуға арналған жай есептер.
Ғ) белгісіз бөлгішті табуға арналған жай есептер.
Алғашқы үш есеп 1-сыныпта, ал қалғандары 3-сыныпта қарастырылады.
ІҮ. «Үлес және бөлшек» ұғымдарының мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер:
а) үлесі бойынша санды (бүтінді) табуға арналған жай есептер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет