Тіл мәдениетінің тірегі – әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен астарласып жататындықтан, тіл мәдениеті ұғымының аясы кең
Тіл мәдениетінің тірегі – әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен астарласып жататындықтан, тіл мәдениеті ұғымының аясы кең.
Орфоэпиялық норма адамның сөз мәдениетіні қандай екендігін көрсетеді. Сөздердің кейбірі жазылуы бойынша айтылса, күлкілі естіледі. Тілдік заңдылықтарға сәйкес олардың айтылуы бөлек. Мысалы: тәкәппар-тәкәппар, аппақ-әппәқ, көкөніс- көгөніс, ақ алма-ағ алма.
Грамматикалық норма – сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің сақталуы, қосымшалардың сөзге орфографиялық заңдылықтарды сақтай отырып жалғануы, осы арқылы ойдың дұрыс жеткізілуі.
Лексикалық норма бойынша тілдегі түрлі мағынадағы сөздерді таңдап қолдана білу керек. Тілімізде мағыналары бір-біріне жуық бірнеше сөздер синонимдік қатар құрайды. Мысалы, ұстаз, мұғалім, оқытушы деген сөздердің мағыналары бір-біріне жақын.
Әдеби норма дегеніміз – тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері. Әдеби нормалар;Лексикалық норма ; Грамматикалық норма; Орфоэпиялық норма; Орфографиялық норма