Терминдер түрлі жолдармен жасалады: 2. Ғылым мен техниканың алуан түрлі салаларында қатысты терминдердің ішінде дүниежүзіндегі тілдердің бәріне ортақ көптеген терминдер сөздердің халықаралық қоры болып саналады да, интернационалдық терминдер деп аталады. Мысалы, роман, дирижер, циклон, поэма, синтаксис.т.б.
3. Терминдердің туынды түрлерін қабылдау қажет болғанда, олардың түбір тұлғасы аударылмай, сол қалпында қабылданады да, ал кейбіреулерінің орыс тіліндегі қосымшаларының орнына қазақ тілінде сайма-сай келетін қосымшалар жалғанады. Мысалы, аграрный-аграрлық, редактироватьредакциялау, т.б.
1
3
5
6
4
2
1. Терминнің бірмағыналығы
3. Терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес келуі.
5. Терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы.
2. Терминнің қысқалығы мен ықшамдылығы.
4. Тілдік нормаға сәйкес келуі
6. Терминде эмоционалдылық пен экспрессиялықтың болмауы
Терминге қойылатын талаптар– қазіргі заманғы термин жауап беруге тиісті негізгі шарттар.
Терминологиялық норма
Терминдік жүйелердің жедел қарқынмен дамуына байланысты шешілуі тиіс мәселенің бірі - терминологияны нормалау болып табылады. Өйткені ғылым мен техниканың тілі танымның басқа құралдары сияқты дәл болуы тиіс. "Тіл еш уақытта түпкілікті қалыптасып болмайтындығын оның үнемі жетілу, даму үстінде болатындығынан көруге болады. Тіл халықтың өмірімен бірге дамиды"(Фуко, 1977).
Тілмен бірге оның нормасы да дамиды. "Норма" сөзі латын тілінен norma - ереже, үлгі деген мағыналарды білдіреді. О.С.Ахманова тілдік норма ұғымын "Адам сөйлеуіндегі тілдік құралдардың қолданылуын реттейтін қабылданған ережелер жиынтығы" деп анықтайды. Қазақ тіл білімінде тілдік норма мәселесін арнайы зерттеген ғалым Р.Сыздық осы саланың терминдерін ғылым тілінде тұрақты қалыптастыруға ықпал еткенін айта кеткен жөн. Профессор өзінің «Тілдік норма және оның қалыптануы» (2001) деп аталатын еңбегінде норма, нормалану, қалыптандыру (кодификация) тағы басқа ғылыми ұғымдарға түсініктеме береді. Ғалымның сөзімен айтқанда «Норма - негізінен тілдің өзі ұсынған тәртіп, нормалану – сол тәртіптерді тілдің өзінің қалыптастыруы». Лексикалық норма дегеніміз - аталған тілдегі сөздерді қолданудың тәртібі, ал, нормалау үдерісі дегеніміз - норманы қалыптастыру болып шығады.