Терминологиялық норма деп тану үшін оған тән белгілі бір өлшемдер болуы керек. Бұл өлшемдер «норма» деп танылатын әрбір терминнің өн бойынан көрініп тұруы шарт.
Бірінші өлшем - термин тілдің ішкі заңдылығына сәйкес жасалуы керек. Терминнің грамматикалық құрылысы, жасалуы, дыбысталуы, жазылуы т.б. тілдің өзіндік табиғи заңдарына қайшы келмеуі норма болып саналады. 2003 жылы Мемтерминком бекіткен терминдердің жасалуында сөзжасамдағы негізгі тәсілдер басшылыққа алынғанын байқаймыз.

Академик Ө.Айтбайұлы бір кезде сөзжасамдық қабілеті шектеулі қосымшалар қатарына ығыстырылған -дама, 26 -деме, -нама, -неме, -лас, -лес, -дас, -дес, -ман, -мен тәрізді морфемалардың қисынын тапса, терминжасам жүйесінде бірден-бір өнімді қосымша болары сөзсіз деген болатын. Соңғы кездері қазақ тілінің бірқатар жұрнақтары жанданып, терминжасам шығармашылығында кеңінен қолданыла бастауының норма болып танылуы - осы үлгілердің (модель) тілімізде бұрыннан бар екендігінде жатса керек.
Терминологиялық норманың екінші өлшемі - терминдердің кәсіби қарымқатынас бірлігі ретіндегі қолданысы, яғни ғылыми орта дұрыс деп мақұлдап, ғылыми айналыста терминдерді дұрыс пайдалану, сауатты жазу, айту норма болып табылады. Бұл жерде нормалылық құбылысы ғылым мен техниканың даму кезеңіне, қоғамның саяси-экономикалық даму деңгейіне байланысты қаралады.

Мысалы, бұрынғы кеңестік кезеңдегі қоғамдық қатынастарды бейнелейтін көптеген терминдер қолданыстан шығып қалды: колхоз, совхоз, социалистік жарыс, жоспарды асыра орындау т.б. Тілдің сөздік қорында бар немесе шет тілінен енген кірме сөздердің мағынасы өзгеріп қайта өмірге келе бастады: кәсіпкер, бизнес, сауда, фирма, саудагер, делдал т.б. Аталған сөздердің кеңес үкіметі кезінде жағымсыз мағыналары болса, қазір жағымды мағынаға ие болды.