Терминологиялық норманың өлшемдері


Терминологиялық норма дегеніміз – ғылым тіліне қызмет ететін тілдік бірліктердің дәлдік, қысқалық, бірмағыналылық, ақпараттық толықтық т.б. талаптарға сай қолданылуын реттейтін қабылданған ережелер жи



бет3/7
Дата19.10.2022
өлшемі2,58 Mb.
#44286
1   2   3   4   5   6   7

Терминологиялық норма дегеніміз – ғылым тіліне қызмет ететін тілдік бірліктердің дәлдік, қысқалық, бірмағыналылық, ақпараттық толықтық т.б. талаптарға сай қолданылуын реттейтін қабылданған ережелер жиынтығы.

  • норманың кәсіби варианты
  • нормалау жұмыстары
  • кәсіби қарым-қатынас талаптары
  • Ғылым мен техника тілінде лексиканың ақпараттық жағынан барынша толық, барынша тұрақты болып келетін қабатымен, яғни терминологиялық лексика туралы сөз болатынын есте ұстаған жөн. Терминологиялық лексиканың нормасы жалпықолданыстағы сөздердің нормасымен сәйкес келгенімен, өзіне тән ерекшелігі де болады. Терминологиялық норманы қолданыс тілінде бекітілген немесе сөздіктер мен анықтамаларда және т.б. басылымдарда келтірілген стандарттар, нұсқаулар, заңдық актілер деп біржақты түсінуге болмайды. Егер терминологиялық норманың ең негізгі рөлі кәсіби қарым-қатынасты барынша толық қанағаттандыру қызметінде екенін ескерсек, онда бұл норма тек тілдік қолданысты тіркеуші ғана болмайтыны түсінікті болады. Демек, "норманың кәсіби варианты", "нормалау жұмыстары" және "кәсіби қарым-қатынас талаптары" арасында динамикалық сәйкестіктің үштағаны пайда болады. Бұл үштағанның ішінде "терминологиялық норма" орналасады.

Терминдік жүйені нормалау әрбір нақты ғылым саласында терминдерді бірыңғай қолдануға жетуге бағытталады. Терминнің мағынасына байланысты күмән туған жағдайда терминологиялық сөздікке немесе стандартқа қарау керек.

Терминдік жүйені нормалау әрбір нақты ғылым саласында терминдерді бірыңғай қолдануға жетуге бағытталады. Терминнің мағынасына байланысты күмән туған жағдайда терминологиялық сөздікке немесе стандартқа қарау керек.

Терминологияны нормалау тілдің табиғи даму заңдылықтары мен үдерістерін ескере отырып жүргізілген жағдайда ғана оң нәтиже береді. Терминологияны нормалау принциптеріне әдеби тілдің сөздерін термин түрінде пайдалануға басымдық беру, синонимдердің мағыналарын саралау және жүйелеу, шет тілінен енген терминдерді мүмкіндігінше аударып алу, термин жасауда шарттылықты мойындауды айтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет