174
ші, жылнама-шы, атқос-шы, негізін салу-шы, қолбас-шы,
қолқабыс-шы, өндіру-ші, қолөнер-ші, фототіл-ші тəрізді
терминдер қазір əдеби тіліміздің сөздік қорынан тұрақты
орын тепкен.
Сонда
байқап отырсақ, бұл қосымша жалғанған сөзіне
екі түрлі мағына телиді екен. Бірі – белгілі бір мамандық не-
месе кəсіп иесі (
тілші, жазушы, тəрбиеші) дегенді, сондай-
ақ оны жақтаушы (
стахановшы, динамошы, мичуринші)
дегенді меңзейді.
О бастан өнімді жұрнақтың
бірінен саналатын бұл
қосымша тек байырғы қазақ сөздерінің түбірлеріне ғана
жалғанып қоймай, көптеген кірме сөздерге де (
скрипкашы,
арматуршы, тракторшы) жалғанып, термин тудырудың
аса бір өнімді көзіне айналды.
Төңкерістен бұрын
жолаушы, қайыршы, темірші,
өтірікші, үйші, емші, сатушы сияқты бірен-саран сөздер
құрамында ғана кездесетін бұл қосымшаның сөзжасамдық
қызметі, əсіресе Қазан төңкерісінен былайғы жерде тіпті
күшейе бастайды. Мысалы, 20-жылдардағы баспасөз ма-
териалдары
69
мұны айқын аңғарта алады.
Кітапханашы,
тілші, нұсқаушы, бақылаушы, еңбекші, кəсіпші деген сөздер
осыған дəлел.
30-жылдары
-шы -ші қосымшасы
кірме сөздерге жал-
ғанып, терминологиялық лексиканың қарасын көбейте түсті,
дегенмен
капиталшы (капиталист),
оппортуншы (оппор-
тунист),
пайдашы (отходник) сияқты мысалдар терминжа-
сам принциптерінің əлі де принципті негізде жолға қойыла
алмағанын байқатады.
Ал 40–50-жылдары осы жұрнақ арқылы жасалған
мон-
тажшы, сəулетші, сайлаушы, заводшы, басқыншы,
егінші, нұсқаушы, зерттеуші, басшы, балташы (плотник),
қырғыншы (погромник),
тұтынушы тəрізді сөздер терминдік
69
Исаев С. Язык периодической печати 1920-х годов. Автореф. дисс. канд.
филол. наук. Алма-Ата, 1966.
175
жүйе қатарын молайтты. 70–80-жылдары бұл қосымшаның
өнімділігі тіпті күшейе түсті (
жүргізуші– ведущий; хабар-
шы – вестник; вкладшы, өктемші – властелин; газетші, іс
жүргізуші– делопроизводитель; жанршы, шапқыншы – за-
воеватель, басқыншы – захватчик; сайлаушы – избиратель;
хабаршы – информатор; орманшы – лесник т.т.).
-Шы -ші жұрнағы көбіне-көп орыстың
-ист, -ец, -ун,
Достарыңызбен бөлісу: