Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет62/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   124
-ші, -лық, -лік жалғауларын ауызға алады. 
Біз өнімділігі жоғары қосымшалар қатарына кейінгі 
кезеңдерде терминжасам процесінде актив мінез таныта бас-
таған -ма -ме, -ым -ім -м, -ыс -іс -с, -қы -кі -к жалғауларын 
да қосар едік. Соңғы екі он жылдық деңгейінде Мемтермин-
ком тарапынан жолдама алып, қолданысқа енген термин 
сөздерді еске алсақ жəне мерзімді баспасөз материалдарын 
қарап отырсақ, осы аталып отырған қосымшалардың, əсіресе, 
терминжасамдық қабілеті ашыла, айқындала түскен тəрізді. 
Мысалы, бастырма, қондырма, үйірме, құрама, мінбе, 
мінездеме, балама, жазба, баспа, қолтаңба, қырқым, ашы-
лым (открытие), басылым (издание), жазылым (подписка), 
қойылым (постановка), сұраныс, көрініс, үғыныс, тексеріс, 
отырыс, ұсыныс, табыс; басытқы (закуска), құрылғы 
(устройство), жылытқы (грелка), қондырғы (установ-
ка) т.т. тіліміздің терминдену мүмкіншілігінің шексіз 
екенін байқатады.
71
Ысқақов А. Қазақ тілінде кейбір жұрнақтардың қолданылу аясы мен 
қызметінің кеңеюі жайында // Тіл мəдениеті жəне баспасөз. Алматы, 1972; 
Бейсембаева З. Нормализация словообразующих аффиксов имен существи-
тельных в современном казахском литературном языке: Автореф. дисс. канд.
филол.наук. Алма-Ата, 1982.


178
Мұның түбір не туынды немесе біріккен сөз түріндегі 
модельдерін көрсетуге болады, яғни бұл қосымша төл сөзі-
міздің түр-түріне жалғана беретіні сияқты кірме сөздерді де 
таңдап, талғап жатпайды. Таңдау тек терминденуге бейім 
сөздер жайында, яки заттануға ыңғай білдіретін сөздер жай-
ында болуы мүмкін.
-Шыл, -шіл. Бұл жұрнақ арқылы əу баста адамдардың 
ерекше əрекетімен ерсі қылықтарын, бір нəрсеге тым 
əуестігін, бейімдігін білдіретін өзім-шіл, ұйқы-шыл, сəлем-
шіл, уайым-шыл тəрізді сөздер жасалатын. Ал ленин-шіл, 
қоғам-шыл, көп- шіл, өлең-шіл дегендер аталмыш жұрнақтың 
сөз тудырғыш қызметіндегі аздаған мағыналық өзгерісті 
байқатады. Бұл терминдер мұратшылдық мəн арқалап, 
қоғамдық сипатталды.
Бір кезде сөзжасамдық қабілеті шектеулі қосымшалар 
қатарына ығыстырылған -дама -деме, -нама -неме, -лас 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет