Терминологиясы


ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖƏНЕ



Pdf көрінісі
бет93/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖƏНЕ
ОНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ҚАТЫСЫ
«Терминологиялық жүйені мемлекеттік тілдің жонар-
қасы» (Ə. Қайдар) ретінде əңгімелеудің жөні бар. Тілдердің 
өрелі бір биікке көтерілген, дамыған сəтінде бой көрсететін 
лексикалық қабаттардың тақылеті өте күрделі де қызық. 
Мұнсыз ешбір тілдің бүгінгі болмысын, болашағын болжау 
мүмкін емес. Əсіресе ғылым, білім, мəдениетке қатысты 
салалрдың қай-қайсысында да термин сөзге мұқтаждық 
қатты сезіліп отыр. 
ХVIII ғ. француз Сенан де Мейанның «өзге тілде сөй-
лейтін ұлт біртіндеп өзінің төл болмысын жоғалтады» 
деген сөзі бар. 
П.А. Симон дейтін тағы бір француз: «Тілі – əрбір 
ұлттың өзіндік төл болмысын білдіретін, тарихтағы орнын 
анықтайтын, өмірлік жəне шығармашылық қайталанбас-
тығын паш ететін құрал, тіл – сол елдің тағдыры» депті. 
Бір кезде орыстың ұлы ойшылы А.Н. Толстой «… біздің 
сөз сөйлеуіміз бен жазуымыз орысша болмай барады» деп 
күйінген екен. Соның кері бізге де келгелі қашан. Мұның 
бастамасын сонау 20-30-жылдардағы рухани, мəдени талас-
тартыстардан іздеу керек. Араб жазуын латынға, латын жа-
зуын кириллицаға алмастыруда тілдің табиғи даму желісіне 
орасан зор зиян келгенін енді-енді байқай бастадық. Кезінде 
біздің бұл əрекеттер тіл дамуына қаншалықты нұқсан 
келтіретінін айтқан Ахмет Байтұрсынұлы сынды көреген-
дер пікіріне соңғы елу-алпыс жыл бойы құлақ аспай келдік 
емес пе? 
Бұл, əсіресе қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру бары-
сындағы əрекеттерден айқынырақ аңғарылды. 
Біз діттеп отырған мəселелер туралы негізгі ойымызға 
көшпес бұрын мемлекеттік тіл мен термин жəне терминоло-
гия деген ұйымдарға сəл тоқтап, түсініктеме бере кеткен жөн. 
Неге десеңіз, терминдік ұғымдар қауызына нені сыйғызып, 


291
нені жатқызудың мəнісін біле бермейтін жəне мемлекеттік 
тілдің қызметі қандай болу керек дегеннен хабары шамалы 
жандар бар. 
Мемлекеттік тіл туралы əңгіме жай еріккендіктен шық-
қан нəрсе емес. Ол əбден шегіне жетіп, шиыршық ата, енді 
болмаса жарылғалы тұрған мəселе болатын. Бұл, ең алды-
мен, əбден тынысы тарылып, құрып біткелі тұрған тілді аман 
сақтап қалудың амалы еді. Қазақстан сияқты алып елдің 
ұйтқы-тірегі болып отырған негізгі ұлттың тілін мемлекет 
қамқорлығына алып, оның өзінің заңды даму арналарын 
айқындап беру дегендік болатын. Яғни қазақ тілінің өмірге 
қажеттілігін ең алдымен өзімізге-өзіміз дəлелдеуіміз керек 
болды. 
Бірақ ешбір талас тудырмауға тиісті осы мəселенің 
төңірегінде күні бүгінге дейін қаншама дау-дамайлар 
өрбітіліп, сөзбұйдаға салынып келеді. 
Мемлекеттік тіл деген ұғым туралы энциклопедиялық 
сөздіктерде (Советский энциклопедический словарь. М., 
1980) мынадай анықтама беріледі. Түпнұсқаны дəл жеткізу 
үшін орысшасын келтірейін: «Государственный язык в бур-
жуазнонациональный государственный язык, объявленный 
обязательным для ведения документации в госучреждени-
ях, преподавания в школах и т.п.». Мұнда айтылмай ұғыны-
латын мəселелер тағы сол сияқтының ішіне енгізілген болу 
керек. Сол себеппен бұған біз ғылым тілі деген бір тармақты 
арнайы қосар едік. Өйткені мемлекеттік тіл ауқымының 
бұл т.б. қатарында емес, оның негізгі көрсеткіштерінің бірі 
ретінде өз алдына дербес сала болып енуге тиіс. Осыдан 
келіп шығатын бір түйін, тілді мемлекеттік деп жария-
лағанымен, ол тілде ғылыми ізденістер жүргізілмейтін бол-
са, ол ғылым тілі ретінде қалыптаса қоймаған болса, онда 
оның əлі мемелекеттік тіл болып жарытпағаны. 
Белгілі бір тілде жүйені қалыптастыру тіпті де оңай ша-
руа емес. Əсіресе ғылыми əлемі əрідегі жалғастығынан 
үзіліп қалып, соңғы 70 жыл бойы өзге ірі тілдің ықпалында 


292
болып келе жатқан қазақ тілі сияқты тілдің терминология-
лық қабатын қатарға қосу тіпті қиын болды. 
Егемендік еркіндік бергелі тіліміздің осы бір орасан зор 
арнасында алапат əрекеттер болып жатыр. Орны толмас 
олқылықтар есесін қайтсек қайырамыз деп қаламын оңды-
солды сілтеп, жөні келсін-келмесін жаңа сөздер мен жаңа 
қолданыстарды бұрқыратып жатқан қазақ журналистерінің 
тегеурінді əрекетіне үрке қараушылар көп. Бір ғасырға таяу 
уақыт бойы өз тіліміздің өзегін қуалап, оны іске жарата ал-
сақ, өлшеусіз мол мүмкіндігі мен байлығын жарыққа 
шығарудың орнына оны тұмшалап, тұншықтырып, ұмыт-
тырып, интертерминдер мен русизмге еміне ұмтыла дағды-
ланып, қасаңдана қалыптасып қалған ағайынның көбіне кеш 
те болса көрініс бере бастаған терминжасам процесіндегі 
əлгіндей əрекеттер оғаш көрінетіні хақ. 
Өзің терминолог болған соң, бұл жөніндегі пікірталасы-
нан қалыс қала алмайсың. Жұрт қалыс қалдырмайды да. 
Олай дейтінім, осы жақында ғана болған бір сəткі əңгіме 
естен шықпай қойды. Тау жақтағы үйден түскі үзілістен 
соң қызметке кетіп бара жатқан бетім еді. Аялдамада бір 
топ адам арасында тұрған ақ шашты ағаны көзім шалып 
қалды да көлігімді тежедім, тоқтадым. Бұл кісі бір кезде 
бізге дəріс оқыған адам еді. Сауатты, білімді ұстаз болатын. 
Арбаға отырғаны сол, амандықтан соң «тілді неге бүлдіріп 
жатырсыңдар, интерминде не шаруаларың бар. Бұл сұмдық 
қой. Əбден қалыптасып, сіңіп кеткен атауларды қайта 
көңірсітіп, қайдағы жоқ бірдеңелерді тықпалаумен қазақ 
тілін көгертпейміз, қойыңдар мұндай көтензорлықты!» деп 
екіленіп, бастырмалатып əкетпесі бар ма. Бар «пəлеге» жауап-
кер мендей-ақ, менің бір нəрсе деп жауаптасуыма мүмкіндік 
берген жоқ. Сол «өзімдікі дұрыс» деген күйі бір шаруаны 
қатырдым дегендей боп діттеген жерінен түсті де қалды. 
Ештеңе деп пікірталасына кіре алмадым. Тіпті тыңдағысы 
келген ол кісі жоқ. Сонымен, өз ойыммен өзім əлек боп, кете 


293
бардым. Ал бұл шынында, көптеген ой-пікірдің саралануын 
тілейтін өте өзекті проблеманың бірі. 
Осыдан көп ұзамай-ақ Алматы санаторийіне келіп 
жайғастық. Мұнда бұрынғысы, қазіргісі бар қазақтың бір де-
ген көзі ашық, көңілі сара жайсаңдары жиналатын əдеті, сон-
дай бір сыйлы азамат ағамызбен шүйіркелесіп, аман-есендік 
сұрасып, жаңалық атаулының біразын жібергенбіз. Бір 
мезет, əлгі кісі «осы сендердің «Ана тілдерің» (газетті айтып 
тұр) ылғи бір жаңа атауларды беріп, елдің басын қатырып 
барады. Онысы несі, дұрыс емес қой. Тоқтатпайсыңдар 
ма? Мұндай əрекеттеріңмен жұртты тілден безіндіресіңдер 
ғой, əсіресе əлгі 40% деп жүрген өз қандастарымызды. 
Əбден етене боп сіңісіп өзіміздікі боп кеткен сөздерді сол 
күйінде қалдырған жөн…» т.б. ойларын топ адамның ішінде, 
дəрігерге кезекте тұрғанда бастырмалатып жібергені. Өзі 
сыйлас, жасы үлкен аға ойындағысын айтты да тастады. 
Жөпелдемде, ат жалы, атан қомында ем-дом кезінде тұрғанда 
не айтып үлгересің. 
Ал жалпы айтып тұрғаны елдің бəрін алаңдатып отырған 
өте күрделі мəселе. 
Мұндай пікірдегі адамдар қатары баршылық. Бұларды 
түсінуге əбден болады. Тілге, елге, жерге жаны ауырып, 
солардың жағдайы қайтсе жақсарар деп жүрген жандар 
бұлар. Əйтсе де, бала күнімізде қариялардан естіген «оқу 
өтіп кеткен» дейтін сөз осындайда еріксіз ойға оралады. 
Неге десеңіз, əлгі ел қадірлейтін ағалардың өмір бойғы алған 
тағылым-тəрбиесі, өмірлік тəрбиесі қазақ тілінің əлемдегі 
ұлы тілдер қатарын толықтыратын орасан зор байлығы, жа-
ратылмай жатқан ішкі қуаты бөлек тіл екеніне бейіл қойып 
қарауға мұршасы болмаған. Міне, сол дерт сүтпен бірге 
сүйекке де сіңе жаздаған кеңестік ілім түсінігі əлі күнге өз 
тіліне перзенттік сүйіспенділікпен үңілуге жібермей тұр. 
Тəрбиенің өтіп кеткендігі соншама, орайы, жөні, қисыны 
дөп келіп тұрған қазақы баламалардың (құжат, жарғы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет