Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет102/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126
Ачун – йир йүзі. Махмуд Қашқари ачун сөзін чығыл тайпасының сөзі деп көрсеткен. Ачунда парсы даптарлариң бар 48 (Дүниеде парсыша дәптерлерің бар). Тарихи ескерткіштерде ачун сөзінің ажун, азун, ад'з'ун, ажун варианттары ұшырасады екен. Ачун сөзі қазіргі қазақ тілінде қолданылмайды. Бұл синонимдік қатардың екінші сыңары йир йүзі тілімізде фонетикалық жағынан өзгешілігі болмаса мағынасында ешқандай айырма жоқ. Валикин йир йүзинда аты қалды 378 (Бірақта жер жүзінде аты қалды).

Ескерткіште синонимдік қатардың түркі тілдерінде жер жүзі вариантымен осы мағынада жұмсалатын арабтың әлем және парсының жиһан сөздері жарыса қолданылған. Ескерткіш тілінде араб-парсы тілдерінен енген жехан – ´алам сөздері өзара синонимдер құрайды. Жеханға хүснүңиз чавын йайайын 72 (Жаһанға сұлулығыңыздың даңқын жаяйын). Айа көрк ичра ´алам падишахы 185 (Ей, сұлулық әлемінің падишаһы). Демек, қазақ тілінде ачун тұлғасы сақталмағанымен оның орнына жер жүзі, дүние жүзі, жиһан деген ұғым беретін араб сөзінің жуан варианты ғалам, дүнийа және парсының жиһан атауы да көркем әдебиетте жарыса қолданылады. Бұл – кірме лексиканың тілімізде терең орныққанын білдіреді. Қазіргі тілімізде бүкіл жер шарын қоршап тұрған аймақты атау үшін әлем, дүние, жиһан, жер-көк, дүние жүзі, жер жүзі, жер-жиһан, ғалам варианттары жұмсала береді [87, 115 б.].



Йахшы – егү. Көңілге ұнайтын, оңды, тәуір деген мағынаны береді. Сабурдин йахшы йоқтур пиша қылсам 283 (Ойлап тұрсам, сабырдан жақсысы жоқ). Жеханға егү атыңны йайайын 58 (Жаһанға игі атыңды жаяйын). Қазақ тілінде игі, ізгі [87, 286 б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет