Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет99/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Ерин – дудағ – лағыл. Бұлар ауыздың астыңғы және үстіңгі екі жақ жиегі деген ұғымды береді. Бұл синонимдік қатардың алғашқы сыңары ерин сөзі қазіргі қазақ тілінен фонетикалық жағынан ғана ерекшеленді. Шакар ерниң набаты Хызра охшар 221 (Шекер ерніңнің тәттілігі Хызраға ұқсайды). Ерин сөзі қазіргі қыпшақ, қарлұқ-ұйғыр тілдерінде кездеседі. Ал екінші сыңары дудағ сөзін қазақ тілі тұрғысынан архаизм деп қарастырамыз. Дудағыңдин көңүл жан хасыл етмас 457 (Ерніңнен көңілім де, жаным да дәме етпейді). Дудағ тұлғасы түркі тілдерінің оғыз тобында айтылады. Соңғы сыңары көркем шығармада автордың өзіндік стиль ерекшелігіне байланысты туындаған болуы мүмкін. Бұндай синонимдердің кейбіреулері ғана жалпы халықтық сипатқа ие бола алады.

Ишик – қапуқ. Үй мен бөлменің ашып-жауып, кіріп-шығатын орны. Бұл – есік атауының қазақ тіліндегі мағынасы. «Мухаббат-наме» ескерткіші тілінде де осы мағынада: Ишикиң топрағы Каусар булағы 248 (Есігіңнің топырағы – Кәусар бұлағы). Қуйаш хар күн йүз урур ол қапуққа 453 (Ол қақпаға күн сайын күн жүзін бұрады). Ишик қазіргі оғыз тілдерінде есіктің екі жақтауы деген мағынада жұмсалады екен. Бұндай мағынаны қазақ тілінде босаға атауы береді.

Қазіргі түркі тілдерінде есік атауының қызметін оғыз тілдерінде қапуқ сөзі атқарса, ескерткіште қапуғ қақпа және есік мағынасын береді. Қазіргі қазақ тілінде қақпа және есік сөздерінің мағыналары мен білдіретін ұғымдары әр басқа болғандықтан олар синонимдер ретінде танылмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет