Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет98/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   126
Синонимдер. Синонимдер формасы мен мағынасы жағынан да омонимдерге қарама-қарсы тұрған лексика-семантикалық топқа жатады. Синонимдер – кез келген тілдің байлығын көрсететін негізгі белгілерінің бірі. Синонимдес сөздер мағыналық жағынан бір-біріне жуық болғанымен, олардың аз да болса бір айырмашылығы болады. Осы қасиеті арқылы ұғымның нәзік қырларын ашады. Ғалым Ә. Болғанбаев синонимдерге мынадай анықтама береді: «Әртүрлі айтылғанымен көбінше жақын болып келетін, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стильдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар сөздерді синонимдер дейміз» [86, 11 б.].

Синонимдерді зерттеуші ғалымдар синонимдердің бір-бірінен үш түрлі: 1) мағыналық, 2) стильдік, 3) валенттілік немесе өзге сөздермен қарым-қатынасқа түскенде пайда болатын қолданыстық (тіркесімділік) белгілері бойынша ерекшеленетінін айтып жүр.

Тілде синонимдердің мол болуы сол тілдің сөздік құрамының бай, әрі көркем екендігін көрсетеді. Орта ғасырда жазылған «Мухаббат-наме» дастанында араб, парсы, түркі тілдеріндегі сөздердің синонимдік қатарлары әдемі өрнектелген. Ақын синоним сөздерді жете білудің үлкен мәні бар екеніне баса назар аударған. Лексиконы синонимдерге бай Хорезми сөз мағыналарының арасындағы нәзік айырмашылықтарды дөп басып, шебер қолданған. Өз ара мәндес сөздердің мағыналық нәзік айырмашылықтарын жете меңгерген шайыр синоним сөздердің сыңарларының айтылатын ойға дәлме-дәл келетінін тауып қолдануының арқасында дастанның тілі әрі келісті, әрі мәнерлі болып шыққан.

«Мухаббат-наме» ескерткішінде араб-парсы, түркі сөздерінен болған синоним сөздер кездеседі. Ескерткіштегі синонимдес сөздерді талдау қазіргі кездегі синонимдік қатарлардың ерте кезден қалыптасқандығын аңғартады.

Синонимдік қатарға енетін сөздер сан жағынан әртүрлі болады. Жәдігер мәтінінде синонимдік құрайтын сөздер тобын: 1) түркі сөздерінен болған синонимдер; 2) түркі және араб-парсы сөздерінен синонимдік қатар түзетін деп екіге бөліп қарастыруға болады.

Мн-де түркі сөздерінің араб-парсы сөздерімен синоним бола алатындығы байқалады. Түркі сөздері өзара синоним болғанда жалпы түркі, оғыз, қыпшақ, қарлұқ-ұйғыр элементтері аралас келетіндігі анықталды. Сонымен қатар синонимдердің бір сыңары қазіргі қазақ тілі тұрғысынан архаизм болып келуі ескерткіш тілінің өзіндік ерекшелігін аңғартады.

Енді Мн-дегі синонимдердің мағыналық реңктерін байқау үшін бірнеше сөйлем салыстырып көрейік. Ескерткіш тілінде синонимдік қатарлар әр сөз таптарынан болған. Зат есім, сын есім, үстеу, етістіктерден құралған синонимдердің қатары молынан ұшырасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет