Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


-УҒ (-УҚ, -ҮК, -ИГ, -ЫҚ/-ИК, -Ғ/Г, -Қ/К) жұрнағы



бет39/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

-УҒ (-УҚ, -ҮК, -ИГ, -ЫҚ/-ИК, -Ғ/Г, -Қ/К) жұрнағы. Бұл жұрнақ арқылы ескерткіш тілінде зат есім де, сын есім де жасалады. Мынадай грамматикалық мағыналарда жұмсалған:

1 Деректі, нақты заттық мағына беретін сөздер: қудуқ (құдық), қапуғ (қақпа, есік), ишик (есік), чериг (әскер), елик (қол).

Жамалиң салды Йүсүпни қудуққа 454 (Жамалың Жүсіпті құдыққа салды). Қуйаш хар күн йүз урур ол қапуққа 453 (Ол қақпаға күн сайын күн жүзін бұрады). Ишикиң топрақы даулатли даргах 56 (Есігіңнің топырағы – дәулет сарайы). Черикта қан тамар қамчың учиндин 124 (Ұрыста қан тамады қамшыңның ұшынан). Аның дек йирга қол сунды елик ким 315 (Сондай жерге қол создым жетемін деп).

2 Дерексіз (абстракт) ұғымды білдіретін сөздер: билик (білім).



Билик билмак ичинда жаухари син 451 (Білік-білмек ішінде гәуһарсың сен).

3 Субъектінің мінез-құлқына, іс-әрекетіне байланысты туынды зат есім жасалған: тапуғ (қызмет).

Меңа тапқуңда харгез болмады сан 371 (Маған қызмет етуге әр кезде сан тимеді).

4 Сын есімдер жасалған: куруқ (құрғақ, бос), қатық (қатты), тирик (тірі), есрүк (мас, есіру), артуқ (артық), ачық (ащы), кичиг (кішік).



Қуруқ найдин қылур шаккарни пайда 16 (Қу қурайдан қылар шекерді пайда); Қатық ташдин қылур гаухарни пайда 15 (Қатты тастан қылар гаухарды пайда); Тирик болсун, шаха, дауран барынча 475 (Тірі болсын, шаһым дәурен барында); Жеханның фитнаси есрүк көзүңда 519 (Жаһанның алдап-арбауы сенің есірік көзіңде).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет