Ат І зат. адамға қойылған есім, ныспы. Сениң атың ишиткач йирлар өпкай 120 (Сенің атыңды есітіп, жерді өбер еді).
Ат ІІ зат. үйірге түспейтін, піштірілген, ақталған жылқы. Ашар йилдин сениң йилганда атың 117 (Сенің атың желгенде желден озады).
Ат ІІІ ет. оқ шығару, оқ жұмсау, от беру. Агар оқ атсаңыз бағрым нишана (Егер оқ атсаңыз бауырым нысана). Бұл омонимдік қатар қазіргі қазақ тіліне мағына және дыбыстық тұлғалануы жағынан ешқандай өзгеріске түспей жетіп, әбден тұрақтанған.
Ал І ет. алу. Көңүл сиздин алыб, кимга берайин 472 (Көңілімді сізден алып, және кімге берейін).
Ал ІІ сын. қызыл, қанық қызыл, ашық қызыл, қызыл сары. Қара мең ал йаңақыңда йарашур 191 (Қара меңің ал қызыл өңіңе жарасып тұр). Омонимдік қатардың екі сыңарлары да, тұлғасын да, ұғымын да сақтаған.
Аз І сын. аз, көп емес. Айыт, ей мехриң аз, ишваң фараван 251 (Ей, мейірімің аз, қылымсуың көп де).
Аз ІІ ет. аздыру, жолдан тайдыру. Хирадыны аздурур ғамзаң хумары 339 (Қылығыңа деген құмарлық ақылымды аздырады). Бұлар – бір буынды сөздің көп мағыналарының дамуы нәтижесінде пайда болған омонимдік қатарлар. Сын есім – етістік мағыналы синкретикалық түбірлер болып саналады.
Күн І зат. әлемге жарық, қызу беретін планета. Агар күн тоғмаса хам йақту қылғай 63 (Егер күн шықпаса етер еді жарық).
Күн ІІ зат. жиырма төрт сағатқа тең уақыт, тәулік. Йаратты алты күнда хақ-та´ала 8 (Жаратты алты күнде Хақ тағала). Қазақ тіліне фонетикалық тұлғалануы мен мағынасы жағынан өзгеріске түспей тұрақтылық танытқан.
Бұл омонимдер орта ғасырдың өзінде-ақ бастапқы шыққан тегінен алшақтап жаңа мағынаға ие болғанға ұқсайды. Сөз мағынасының дамуы көп мағыналы сөздерге әр алуан мән, мағына жүктелу себебінен бұрынғы мағыналық байланысын жоғалтып, қолданылу аясын кеңейтіп әртүрлі сөзге айналған.
Қыл І сын. қылдырықтай, жіп-жіңішке, нәзік. Бойуң сарв-о санавбар тек, белиң қыл 193 (Бойың тіп-тік қарағайдай, белің қылдай).
Қыл ІІ ет. қимыл-әрекет жасау, істеу, ету. Вафа қылған кишиларга вафа қыл 194 (Опа қылған кісілерге опа қыл).
Бар І. үст. жоқ емес, бар болушылық. Талим гүлчехра наргис көзлилар бар 557 (Гүл жүзді көп нәркес көзділер бар).
Бар ІІ. ет. бару. Сарайдин барды Чин-Мачинға чавың 201 (Сарайдан жетті дабылың Шын – Машынға). Бұлардың формасы да, ұғымы да өзгеріске түспеген.
Қой І зат. күйіс қайыратын, тығыз жүнді, уақ мал; төрт түлік малдың бірі. Берүр қой күтмага Мусаға суғбан 27 (Қой күтуге Мұсаға аса таяқ берген).
Достарыңызбен бөлісу: |