Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет91/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Қой ІІ ет. қолындағы затты бір жерге орналастырып қою; орналастыру, тұрғызу. Жахан бунйадыны сөз үзра қойған 6 (Жаһанның жаратылуын сөз жүзіне қойған).

Ескерткіште қой сөзінің бір сыңары зат есім болса, екінші сыңары етістік болып омоним сөздердің қатарына енеді. Қазақ тілінде осы қой етістігінің тура мағынасы – «қолыңдағы затты бір жерге орналастыру; тұрғызу». Қаламды үстелге қойды. Осы сөзден ары қарай алты мағына туындайды. 1) Бір нәрсені тастау, істемеу. Ондай мінезіңді қой! 2) Тоқтату, доғару, тиылу. Сөзді қой. 3) Қалдыру, сақтау. Сыбағасын қалдырып қойды. 4) Өсіріп жіберу. Сақал, мұрт қойды. 5) Бағалау, баға беру. Оқушыға бес қойды. 6) Жерлеу, көму. Сол күні денесін жерге қойды. Бұлардың өзара жақындығы, ұқсастығы, бір негізден шыққандығы, бір сөздің әртүрлі мағынасы екендігі анық білініп тұр.

Ескерткіште төрт түлік малдың бірін білдіретін қой зат есімінде жоғарыдағы мағыналармен ешқандай мағыналық байланысы болмағандықтан таза омоним болып тұр.

Қазақ тілі мен ескерткіште де мағынасы жақын сөздер бар. Бұлар кейде номинативті туынды мағыналы атаулар болып есептелсе, өз алдарына жеке қолданылатындықтан кейде омоним ретінде танылып жүр.



Ай І түнде жерге жарық сәуле беріп тұратын планета. Толун ай та´бийа сарв үзра қылды 87 (Толған айды түп-түзу сәру [ағашының] үстінен қаратып).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет