Ұлығ ↔ кичик. Ұлығ – ұлы, үлкен деген мағынада. Кичик – кіші деген мағынада. Кичик йашдин улығларның улуғы 108 (Кішік жастан ұлықтардың ұлығы).
Белгілі бір тілде антонимдес болған бір тектес ұғымды білдіретін сөздер екінші тілде антонимдес болмауы мүмкін. Ал қазақ тілінде кіші деген сөз ұлы деген сөзге антонимдес бола алмайды, оның антонимі – үлкен. Бұның себебі бір ұғымды білдіретін сөздің мағынасы әрбір тілде, тіпті туыстас тілдердің өзінде, бір-біріне көп жағдайда тепе-тең бола алмайтындығында.
Зерттеу барысында аңғарғанымыздай, антонимдік жұптар ескерткіштерде өзінің тегінің бір буындылығымен де антонимдік жұптың компоненттері түркі тілінің өз сөзімен болғаны жағынан да ерекшеленеді. Ескерткіш тіліндегі ұшырасатын бір-біріне қарама-қарсы сөздердің кейбір фонетикалық ерекшеліктері болғанымен олардың беретін мағыналары қазақ тілінде орныққан.
Омонимдер. Қазақ тіл білімінде дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер омонимдер деп аталатыны белгілі. М. Белбаева қазақ тілі лексикасындағы омонимдерді 5 түрге бөліп көрсетеді: 1. Түбір сөзден болған омонимдер; 2. Сөздердің әртүрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырып, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда болған омонимдер; 3. Кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда болған омонимдер; 4. Сөздердің түбіріне (немесе негізге) омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы жасалған омонимдер; 5. Сөздердің бірігуінен жасалған омонимдер [84, 5-10 бб.].
Ескерткіште кездесетін омоним сөздердің саны аз. Алдымен орта ғасыр мен қазақ тіліне ортақ омоним сөздерді қарастырсақ. Олар формасы мен мағыналық жағынан қазақ тілімен салыстырғанда еш айырмашылығы байқалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |