Тоғ ↔ өл. Тоғ – ана құрсағынан шығу, дүниеге келу мағынасында. Тағы миң йылда сендек тоғмағай ай 518 (Тағы мың жыл өтсе де сендей ай тумайды). Өл – жүректің соғуы тоқталып, өмірдің таусылуы; қаза болу, дүние салу мағынада. Киши қайда өлардин билса болмас 567 (Кісі қайда өлерін біле алмайды).
Көк ↔ йер. Көк – түпсіз тұңғиық әлем, аспан. Агар мадхиң битиса көк дабири 135 (Егер саған мақтау жазса, көк жазғышы). Йер – өз осінен және күннен айналатын, өзінде тіршілік бар планета. Йүрүрмин йерда изни көрмак үчүн 424 (Жүрермін жерде барша ісіңді білмек үшін).
Йаз↔ қыш. Йаз – көктемнен кейін келетін жыл маусымы деген мағынада. Қыш – күзден кейін келетін, ең суық жыл мезгілі деген мағынада. Хамиша йаз ерүр жаннат хауасы 146 (Жаз бойы мұнда еседі жаннат ауасы) Қыш ортада бахарийат оқуйын 144 (Қыс ішінде көктемгі өлең оқиын).