Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


Қаратпа сөз. Қолжазба мәтінінде ей (ей) қаратпа сөзі отыз алты рет қолданылған. Шылау



бет122/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Қаратпа сөз. Қолжазба мәтінінде ей (ей) қаратпа сөзі отыз алты рет қолданылған.

Шылау. Ескерткіштегі шылау саны – 16. Олар: не (не), тек (сияқты), текин (дейін), үчүн (үшін), бирла, била, ким (кім), соң, соңра (кейін), үзра (үстінде), ичра (ішінде), ичинда (ішінде), йаңлығ (сияқты, секілді), му (сұраулық шылау), йана (және). Бирла демеулігі бирла, била түрінде екі вариантта берілген. Бұл варианттар р дыбысының редукциялануына байланысты қалыптасқан.

Жәдігер мәтінінде қолданылған шылаулар септік формасында кездеседі. Атау септік меңгеретін септеуліктер: үчүн (үшін), бикин (сияқты), йаңлығ (сияқты), йаңлық (сияқты). Ескерткіште үчүн (үшін) сөзі себепті, істің мақсатын білдірген. Қазіргі түркі тілдерінде үчүн (үшін) мынадай фонетикалық өзгерістерімен сақталған: түрк., için; әзірб., üçün; башқ., ösön; қырғ., üçün; өзб., üçün; тат., öçin., түркм., üçin; ұйғ., üçün; қаз., үшін.

Барыс септік меңгеретін септеуліктер: текин (дейін). Шығыс септік меңгеретін септеуліктер: соң (содан соң), соңра (содан кейін). Ескерткіште соңра «кейін, соң» деген ұғымда жиі кездеседі, бұл сөз қазақ тілінде «біраз уақыттан кейін, сәл кейінірек» деген ұғымдарды білдіреді. Ыңғайластық жалғаулықтар: била (бірле), бирла (бірле), тағы (тағы). Бұл форманың екінші варианты дағы (тағы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет