Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


Етістік сөздер. Бір буындылар. Ақ



бет75/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Етістік сөздер. Бір буындылар. Ақ. Су, жас, тер, қан, сілекей сияқты сұйық заттардың сорғалауы, құйылуы, төгілуі. Сениң ´ишқыңда бағрымдин ақар қан 461 (Саған ғашық болғаннан бауырымнан қан ағады). Ат. Оқ шығару, оқ жұмсау, от беру. Агар оқ атсаңыз бағрым нишана 494 (Егер оқ атсаңыз бауырым болсын нысана). Арт. Молаю, көбею, асу. Хусн худ пакдаманлықтин артар 522 (Сұлулығыңның пәктігі асыл тастан артады). Бас. Жүру, адымдау. Басар хардам ишикиң топрақы 356 (Әрдайым есігіңнің топырағын басып өтеді). Бер. Белгілі бір затты біреуге табыс ету, тапсыру. Мухаббат ганжини адамға берган 4 (Махаббат кенішін адамға берген). Бол. Есім сөздермен тіркесіп бар, бар екен, бар еді мағынасында қолданылады. Сениндек гул магар ужмақда болгай 524 (Сендей гүл, егер болса, жұмақта ғана болады). Де. Айту, сөйлеу. Чечак дермин йүзүңүзга, қамар хам 365 (Жүзіңді дер едім мен гүл менен ай). Ес. Соғу, желпу. Қачан зүлфүң насими Рума ескай 511 (Бұрымыңның хош исі Румға дейін еседі). Ет. Істеу, қылу, жасау. Қачан ким шад есаң ғамгина рахм ет 417 (Көңілің шат болса, қамыққанға рақым ет). Кел. Өзіне қарай шақыру. Кел, ей ужмақ гүли, чимганга чық қыл 155 (Кел, ей жұмақ гүлі, көгалға шық). Кес. Бір нәрсені өткір құралмен қию, тілу, бөлу. Ким ол йа қашларың зүннар кескай 512 (Садақтай қасыңның талшықтары зуннарды тіліп түскендей). Кет. Бір арадан қашықтау, алыстау, ұзау. Отурсаң олтурур фитна, кетар ғам 395 (Сен отырсаң, ессіздік азайып, қайғы кетеді). Көр. Көзбен байқау, бағдарлау, байыптау. Көрар йүзүңда Хоразми жеханны 534 (Хорезми бүкіл жаһанды жүзіңнен көріп тұр). Күй. Жаны ашу, күйіну. Күйар көңлүм сабаның ол ишидин 357 (Ішім күйеді самалдың сол ісіне). Күл. Адамның көңіл күйінің көтереңкі болуы, қуану, шаттану. Күлар чехран чечак тек арғаванға 198 (Арғаван гүліндей жүзінде күлкі ойнаса). Күт. Бағу, баптау, өсіру, тәрбиелеу, қарау. Берүр қой күтмага Мусаға суғбан 27 (Қой күтуге Мұсаға аса таяқ берген). Қал. Бар болу, сақталу. Валикин йир йүзинда аты қалды 378 (Бірақ жер жүзінде аты қалды). Қой. Бір нәрсені орналастыру. Жехан бунйадыны сөз үзра қойған 6 (Жаһанның жаратылуын сөз жүзіне қойған). Қон. Жарасып кету, үйлесу мағынасында. Хатың тутысы ла'л үзра қонуп бар 387 (Лағыл тісің үстінде тоты тілің). Қыл. Қимыл-әрекет жасау, істеу, ету. Қатық ташдин қылур гаухарни пайда 15 (Қатты тастан қылар гаухарды пайда). Өл. Жүректің соғуы тоқталып, өмірдің таусылуы; қаза болу, дүние салу. Қачан өлсам сеңа қадрим билүргай 465 (Қашан өлсем, саған қадірім білінеді). Сал. Затты, нәрсені бір жерге қою, орналастыру. Утарид көрди, салди хамасини 584 (Жазғыш Утарид көріп, қаламын қоя салды). Сол. Қуару, сему, шөгу (өсімдік). Әгар көрса сени хам лала солғай 523 (Сені көрсе, қызғалдақ та солып қалады). Сүй. Ерінді тигізіп, мейірлене өбу. Сүйүрмин көзни сизни көрмак үчүн 423 (Көзімді сүйермін сізді көрмек үшін). Там. Сұйық заттың сыздықтап, ақырын созалаңдап ағуы. Қамуқ шакар тамар душнамыңыздин 560 (Келемеждеп күлгеніңіздің өзінен балдай шекер тамады). Тап. Қолға түсіру, кездестіру, кезіктіру. Ким ол хазратта бир күн тапса бары 260 (Бір күні бір сәтте бәрін тапса). Тарт. Адамды қызықтыру, ынтықтыру. Сениң ишқың каманди бизни тартар 367 (Сенің ғашық еткен тылсымың бізді өзіне тартады). Тат. Тамақтың дәмін көру, ауызға салып байқау, ішу, жеу. Көңүл татмады бағың меуасини 550 (Көңілім татпады бағыңның мәуесін). Екі буындылар. Айрыл. Бөліну, ажырау; ажырап қалу, жоқ ету. Хақиқат йарыдан айрылса болмас 568 (Ақиқат жарынан айрылса [өмір] болмайды). Ойна. Сауық-сайран салу, көңіл көтеру, асыр салу. Күла-ойнайу ичсүнлар бу асхаб 230 (Күліп-ойнап ішсін қанып мына жұрт). Оқы. Оқығыл фатиха дур қыбла йаны 619 (Бетіңді құбылаға беріп, дұға оқы). Тоқу. Санадин өзга нав´ атлас тоқуйың 143 (Мақтау сөзден тағы да атлас тоқиын). Сайра. Әнші құстардың шырылдап, әдемі үн шығаруы. Чечак сен, банда сайрар булбулундур 429 (Сен – гүлсің, пендең – бұлбұл сайрайтұғын). Қайна. Ыза кернеу, қатты ашулану. Көңүлниң қаны қайнаб барча тасқай 217 (Көңілдің қаны қайнап баршасы тасты).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет