Шылау сөздер. Екі буындылар. Тағы. Және, бұдан басқа, мұның үстіне, әлі де болса. Жафа сиздин, тағы биздин мухаббат 580 (Жәбір сізден, тағы бізден махаббат). Не шылауы сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын жалғаулық қызметін атқаруымен ескі тіл мен жаңа тіл арасындағы сабақтастықты аңғартады.
Көмекші сөздер. Төрт буындылар. Арасында. Арасында, аралығында. Тиканлар арасында гүл төратти 14 (Тікендер арасында гүл жаратты).
Орта ғасырдағы сөздер қаншама ғасыр өтсе де еш өзгерместен келіп жеткен. Яғни бұл лексемалардың барлығы фонетикалық, морфологиялық, семантикалық жағынан да ескерткіш пен қазақ тіліне ортақ сөздер болып табылады. Алайда қыпшақ тобының бір тармағы болып есептелінетін қазақ тілінің ескерткіш тілімен көп ұқсастық бар екеніне жоғарыдағы талқыланған лексемалардың фонетикалық жағынан да, мағыналық жағынан да ешбір ерекшеленбейтіндігі айғақ бола алады. Бұны ескерткіш тілінің қазіргі қазақ тіліне жақын екеніне тағы да бір дәлел ретінде ұсына аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |