Таш І зат. таудың қатты жынысы, соның үлкенді-кішілі бөлшектері. Қатық ташдин қылур гаухарни пайда 15 (Қатты тастан қылар гаухарды пайда).
Таш ІІ ет. ағын судың жағадан, ернеуден көтеріліп асуы, басқа жерге жайылуы. Көңүлниң қаны қайнаб барча ташкай 217 (Көңілдің қаны қайнап баршасы тасты).
Ич І зат. ішек-қарын орналасқан жер, құрсақ. Ичим-бағрым қамуқ савда толуп тур 464 (Іші-бауырым – құмарлыққа толып тұр).
Ич ІІ ет. сұйық затты сіміре жұту, ұрттау. Хош ичкил рахны райхан ичинда 148 (Рақаттанып шарап іш райхан гүлдің ішінде).
Ачық І ет. тамақтан тарығу, аштық күйге ұшырау, қарны ашу. Ачықмыш бөри қойға кирү йаңлық 132 (Аш бөрінің қойға тигеніндей тиеді).
Ачық ІІ сын. уытты, зәрлі, өткір деген мағынада. Ачық сөзи Қырым шахдиға охшар 507 (Ащы сөзіңнің өзі Қырымның балына ұқсайды).
Келесі бір омонимдік қатарлардың бір сыңарлары қазіргі қазақ тілінде мүлдем қолданбауымен ерекшеленеді. Дегенмен тіл қойнауының терең қатпарларынан олардың ізін табуға мол мүмкіндік бар.
Достарыңызбен бөлісу: |