Қосымша материалдар
Көрсетілген әдебиеттерден басқа оқылатын көркем шығармалар бар. Сондай-ақ әртүрлі ғылыми мақалалардың көшірмелерімен жұмыс істейміз. Барлық қосымша материалдар Moodle жүйесіне енгізіледі.
Методология
Курс жартылай лекция, жартылай практикалық сипатта жүргізіледі. Біз бұл курста – студенттермен бірге нені ойлау дегенге қарағанда, қалай ойлау керектігін үйренеміз.
Нәтижеге бағытталған білім оқу процесінде студентті бірінші орынға шығаруды талап етеді. Ал бұл ұстаным әрбір оқытушыға студенттерді белсенділендіретін оқу/оқыту әдістемелерін қолдануды міндеттейді. Интербелсенді оқу/оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Мәселен: бірлескен жұмыстар(жұптық, топтық, бүкіл аудитория), жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары, ситуативтік және рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау, шығармашылық жұмыстар т.б.
Шығарманың тақырыптық, проблематикалық ерекшелігіне байланысты түрлі дебаттар, дискуссиялар өткізіледі.
Студенттің сабаққа дайындығы мен белсенділігі:
Студент сабаққа дайындықпен келуі тиіс. Берілген материалмен танысып, оны аудиторияда талқылауға дайын болуы керек. Студенттің әр сабақтағы белсенділігі, әсіресе оқығаннан алған әсерлерімен бөлісуі, өз ойларын толық және нақты жеткізе білуі, топтық, жұптық жұмыстарға, талқылауларға қатысуы оның семестр бойы жұмысының қорытынды бағасын құрайды.
*Тапсырмалар мен өздік жұмысын орындау:
Тапсырмаларды (презентация, эссе, жоба) орындауда студенттің шығармашылығы, ой ұшқырлығы ескеріледі. Тапсырмалар белгіленген мерзімде, сол күнгі сағат 23.59-ден кешіктірілмей тапсырылуы тиіс. Белгіленген мерзімнен себепсіз кешіктірілген жұмыс үшін қойылатын баға 50%-ға төмендетіледі. Себепті жағдайлар ескеріледі: алдын ала хабарлау, дәлелді анықтама болуы қажет.
Академиялық этика
Барлық жазбаша тапсырмалар плагиатқа тексеріледі. Плагиатқа қатаң тыйым салынады. Көшірілген жұмыс ӘжГҒМ-нің тәртіп комитетіне жіберіледі. НУ-да қалыптасқан академиялық этиканың жоғарғы стандарттарын бұлжытпай орындаған жөн.
Бағалау
Курс бойынша Сіздің үлгеріміңіз бен материалды меңгергеніңіз төмендегідей анықталады:
Сабаққа қатысым – 7 %:
Студенттердің аудиториядағы белсенділігі(шығарма талдау). Студенттер аудиторияда орындалатын барлық интербелсенді оқыту әрекеттеріне қатысуы керек. Ол үшін күнделікті тапсырма орындалып, берілген шығармалар, ғылыми әдебиеттер оқылып, талқылануы тиіс. Бір семестрде 8-10 шығарма оқылады. Студенттер тақырыпты игергені бойынша күнделікті бағаланып отырады.
Сабақтағы белсенділік - 25%: (1-6 апта – 15%; 6-12 апта – 10%)
Тест тапсырмасы. 1-7аптада өтілген материалды қорытындылау мақсатында тест алынады - 10%:
Аралық бақылау. Студенттер білімінің ілгерілеу деңгейін бақылау мақсатында 1 аралық бақылау (ауызша презентация) жұмысы жүргізіледі. Тапсырылатын күннен кейін кешіктірілген әр күн сайын 5% пайыз шегеріліп отырылады. Презентацияның бағалау критерийлері қосымша беріледі - 10%:
Топтық жұмыс. (Студенттерді топқа бөліп, оқытушы тарапынан арнайы жұмыс беріледі. Топтық жұмыстағы әрбір студент ең жоғары 8 балл ала алады. Топтық жұмыс студенттердің қалауы бойынша подкаст, бейнебаян, презентация форматында алынады. Семестрде 1 топтық жұмыс орындалады) - 8%:
Жазба жұмысы (эссе, рецензия). Студент семестр барысында бір көлемді жазба жұмысын орындайды. Бірінші жазба жұмысы 1200 сөзден кем емес эссе түрінде алынады (10%) . Екінші, үшінші жазба жұмыстары Padlet, google.doc. арқылы аудиторияда орындалатын 300 сөз көлеміндегі шағын эссе (5%) . Жазба жұмыстары – 15%:
Қорытынды емтихан: 25%. Қорытынды емтихан 25% ғылыми-зерттеу жұмысынан тұрады. Семестр соңында турнитин арқылы қабылданатын жазбаша жұмыс 2500 сөз көлемінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |