Тәуелсіздік – қазақтың сан – ғасырлық арманы



бет1/11
Дата05.07.2022
өлшемі192 Kb.
#37506
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2022 spring KAZ 371 (7)


2021–2022 оқу жылы, көктем
Сейсенбі, бейсенбі.


KAZ 371- Қазіргі қазақ әдебиеті
(ContemporaryKazakh Literature).


Дайындаған: Адаева Ермек Сабырбайқызы
Офисі: 9510
Телефоны: 70-62-67 ұ.т.: 8-702-179-66-77
Е-mаіl: Yermek.Adayeva@nu.edu.kz

КУРС СИПАТТАМАСЫ
Қазақ әдебиеті тарихының қомақты да салмақты бөлігін – қазіргі қазақ әдебиеті құрайды. Қазіргі уақытта аталған кезең әдебиетінің өзіндік даму жолы мен жаңашыл сипатына айрықша назар аударып, ақын-жазушылар шығармашылығына жаңа уақыт талаптары тұрғысынан әділ баға беру – басты мұрат. Сондықтан, ұлт тарихында айрықша орын алатын ХХ ғасырдың 1991 жылдарынан қазіргі уақытқа дейінгі тарихи-әлеуметтік өзгерістердің қоғам дамуына тигізген әсерін саралау, осы дәуірдегі әдебиеттің жалпы хал-ахуалына сипаттама бере отырып, негізгі ерекшеліктерін студент жастарға жан-жақты түсіндірудің маңызы айрықша. Бұл курста Қазақ елінің 1991-2020 жылдар аралығындағы сөз өнерінің басты бағыттары, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы, тақырып пен жанр т.б. мәселелер кең көлемде сөз етіледі. Курс барысында қазіргі қазақ әдебиетінің ең танымал авторларының шығармалары ғана оқытылады, талданады. Шығармаға сыни талдау барысында автордың идеясын, ұлттың ұлттық болмысын шынайы бере алу қабілетіне көздерін жеткізеді.
Курс студенттерге аталған кезеңдегі ұлттық мұрат пен мәдени-рухани құндылықтарды оқып-үйренуге мол мүмкіндіктер береді. Олар халқымыздың бай да мазмұнды, әдеби мұрасын танып біледі. Әдебиет пен өнерге деген қызығушылықтары еселеп артады. Курста оқылған әдебиеттердегі білім мазмұны студенттің танымдық, интеллектуалдық, креативтік қабілеттерін дамытатын болады.

  1. Бұл курстың негізгі мақсаты – Тарихи, әлеуметтік және саяси оқиғалардың әдебиетке ықпалын зерттей отырып, әдеби шығармаларға сыни тұрғыдан шолу. (KazLT: 1,2,3,4) (SSH: 1,2,4) (NU: 1) 


  1. Әдеби мәтіндерді түрлі аспектіде сыни тұрғыдан оқу және талдау дағдыларын, оның әдістері мен техникаларын дамыту. (KazLT: 2,3) (SSH: 1,2) (NU:2) 


  2. Жанашырлық, адалдық пен эстетикалық дүниетанымды насихаттау (KazLT: 4,6, 7) (SSH: 3,4) (NU:3,6,7,8) 


  3. Студенттердің академиялық жұмыстары үшін электронды портфолио жасау (KazLT: 5,6, 8) (SSH: 3,4) (NU:4,6,7,)

  4. Ең негізгісі, әрине студент жастар тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиетінің басты мұраттары мен ерекшелік сипаттарын оқып-үйреніп, өмір мен еңбекте қолдана білуі керек.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет