Қосымша №2. Жоба жұмысының безендірілуі:
Барлық жазбаша жұмыстар (зерттеу эссе) APA форматы мен үлгісін ұстануы керек. Егер ол жайында білгіңіз келсе, мына сілтеме арқылы қарауыңызға болады: https://owl.english.purdue.edu/owl/resource/664/01/
Барлық жазбаша жұмыстарға міндетті:
Times New Roman, 14 пт
Аралық 1 интервал
үстіңгі және астыңғы жақтарынан – 2 см; сол жағынан – 2 см және оң жағынан – 2 см қалдырылып теріледі.
Қосымша №3. Ауызша презентацияны бағалау параметрлері:
Слайд саны – 5-10, баяндау уақыты – 5 минут
жұмыстың нақты құрылымға негізделуі: жоспар, кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім;
соңында әдебиеттер тізімі.
Баяндау шеберлігі – 5 %
тақырыпты негіздеу тапқырлығы: шығармашылық қабілеттің байқалуы, сандық (статистикалық) ақпарат беру немес мониторинг жасау;
негізгі бөлімнің дәйектелуі: ақпараттық талдау қабілетінің байқалуы;
қорытынды бөлімнің тұжырымдалуы: түйіндей білу қабілетінің байқалуы;
сауатты ұсыныстардың дайындалуы: біліктілікті таныту қабілетінің байқалуы;
мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді, тұрақты тіркестерді қолдану;
паразит сөздерді қолданбау, басқа тілдердегі сөздерді араластырып шұбарламау маңызды.
Слайдтар мен видеожазбалардың сапасы –4 %
слайдтардағы жазуды анық көрсету;
тақырып мазмұнына сәйкес суреттер мен кестелер қолдану;
видеожазбалардың сапасы мен тақырыбы жоба мазмұнына сәйкес болуы маңызды (уақыттың 5 минут екенін ескеру керек!)
Аудиториямен байланыс орната білу – 1 %
тақырыпты мазмұндаудың алдында сұрақтар қою;
викторина ұйымдастыру;
жобаны қорғау аяқталған соң 4-5 сұрақтан тұратын ойын түрінде (тест нұсқасы: дұрыс/бұрыс жауапты таңдау, төрт жауаптың бірін таңдау, қысқа жауап алу және т.б.)
Эссені бағалау
Бағалау әдеби эссе түрлерінің барлығын қамтиды.
Балл
|
Сыни ой/ Анализ
|
Тіл сауаттылығы
|
9-10
|
• тақырыпты өте жақсы
түсінгенін көрсетеді;
тақырыптан еш ауытқымайды;
• тезисті(ұстаным, негізгі идея)
тақырыпқа сәйкес өте жақсы
қояды;
• тезиске қатысты өте жақсы пікір білдіреді (сыни ой,
көзқарас);
• сыни пікіріне өте жақсы нақты дәлелдер (аргументтер)
келтіреді;
• анализ жасау үшін алған
дәлелдерді, автор қолданған
тәсілдерді өте жақсы
талдайды;
• әдеби терминдерді,
деректерді өте орынды
қолданады;
• әдеби шығармаға өте жақсы сыни сараптама жасайды;
• ойдың логикалық бірізділігін
|
Достарыңызбен бөлісу: |