5-параграф. Білім беру құралдары 420. Білім беру құралдарының нақты анықталған бағыты болуы және қарастырылатын мәселе бойынша қауіпті бір мағыналы анықтауды, осындай қауіптерді төмендету мақсатында денсаулық сақтау жүйесінің персоналы және/немесе емделушілер қабылдағуы тиіс аталған қауіптің (-тердің) және нақты әрекеттердің сипаттамаларын қамтуы тиіс. Бұл ақпараттың назары қауіптерді төмендету тұрғысында қауіпсіздік жөніндегі спецификалық мәселелерге қатысы бар нақты анықталған әрекеттерге аударылады және оған қауіпсіздік жөніндегі мәселеге тікелей қатысы жоқ және медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта немесе қосымша парақта тиісінше ұсынылған ақпарат кірмейді. Білім беру құралдарына/әдістерге енгізуге арналған ақпарат элементтері мыналарды қарастырады: пациенттің таңдауын, маңызды таңдаулы қауіптерді төмендетуға бағытталған бақылау мен мониторингілеуді қоса, дәрілік препаратты тағайындау жөніндегі нұсқаулық; осындай қауіптерді басқару жөніндегі нұсқаулық (денсаулық сақтау жүйесінің персоналы, пациенттер немесе күтімді жүзеге асыратын адамдар үшін); белгілі бір қауіпті сипаттау үшін ерекше қызығушылық тудыратын анықталған жағымсыз реакциялар туралы ақпарат ұсыну жөніндегі нұсқаулық. 1. Денсаулық сақтау жүйесінің персоналы үшін кез келген білім беру құралының/әдісінің мақсаты төмендегілерді қоса, дәрілік препараттармен және қауіптерді төмендету жөніндегі қосымша шараларды қажет ететін спецификалық қауіптермен байланысты қолдану (жасау керек) және (немесе) қолдануға болмайтын (жасауға болмайды) және/немесе сақтандырулар (жағымсыз реакцияларды қалай басқаруға болады) жөніндегі ұсынымдардың спецификалық аспектілерін беру болып табылады: 1) емделушілерді таңдау; 2) емдеу әдістемесі, дозалау режимі, бақылау және мониторинг жүргізу; 3) арнайы әкімшілік рәсімдері немесе дәрілік препаратты босату; 4) емделушілерге берілуі тиіс егжей-тегжейлі ақпарат. Білім беру құралдарының/әдістерінің форматын таңдау ұсынылатын ақпаратқа байланысты. Мысалы, егер жеке емделушіге рецепт жазып беру алдында белгілі бір мөлшердегі әрекеттерді жасау керек болса, онда қолайлы формат бақылау парағы болуы мүмкін. Брошюра форматы жағымсыз реакцияларды ерте анықтау және басқаруға баса назар аудара отырып, мамандардың нақты қауіптерді сезінуі үшін барынша қолайлы болуы мүмкін, ал плакаттар пайдалы емдік нұсқаулықтарды немесе дәрілік препаратты қабылдау сызбаларын қамтуы мүмкін. Бағытталуына, ақпараттың көлеміне, мақсатты аудиторияға және басқа факторларға байланысты басқа факторларға басымдылық берілуі мүмкін. 2. Емделушілерге арналған білім беру құралдары/әдістері қауіптерді төмендету, сондай-ақ емделушіні ары қарай емдеуді оңтайландыру жөніндегі қосымша шараларды қабылдауды қажет ететін спецификалық жағымсыз реакцияларды ерте анықтауға маңызды белгілер мен симптомдарды емделушілердің немесе күтім жасайтын тұлғалардың түсінуін жақсартуға бағытталуы тиіс. Егер бұл орынды болса, білім беру құралы/әдісі ақпарат беру және емделушіге маңызды әрекеттер, мысалы, дәрілік препараттарды дозалау немесе дәрілік препаратты тиімді пайдалануға қажетті кез келген сатының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау жүйесінің персоналымен кейін талқылай отырып тіркелуі немесе емделушінің орындауы тиіс диагностикалық емшаралар жөніндегі жазбаларды жүргізу туралы еске салу үшін пайдаланылуы мүмкін. 3. Емделушіге арналған жадынаманың мақсаты емделушіні ағымдағы емдеуге қатысты және қауіптерді емдеумен байланысты (мысалы, басқа дәрілік препараттармен әлеуетті өзара әрекеттесулер) арнайы ақпарат үнемі емделушінің қолында және денсаулық сақтау саласының тиісті персоналына қолжетімді болатынына кепілдік болып табылады. Ақпараттың ішінде қауіптерді төмендету жөніндегі негізгі нұсқаулықтарды және кез келген, соның ішінде жедел жағдайда жай-күйді жеңілдететін қажетті әрекеттерді беруге қажетті ең төменгі деңгей болуы тиіс. Аталған құралдың негізгі сипаттамаларының бірі портативтілік болуы тиіс.