Тіл – ҚҰрал сөздің жүйесі мен түрлері ІІ тіл танытқыш кітеб Түзетіліб, толықтырылыб, жаңа імлә мен 6-ыншы басылыуы А. Байтурсунов Грамматика киргизского языка «Тиль-курал» Кн. ІІ. Этимология Издание 6-ое Государственное издательство К



бет24/42
Дата19.02.2023
өлшемі224,91 Kb.
#69225
түріДерексіз
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
Байланысты:
Сөздің жүйесі мен түрлері

Ортақ тәуелдеуді сыпайы жіктеу.



Жекеше:

сонымыз

соныңыз

сонысы

1-жақ
2-жақ
3-жақ


сонымызсыз
сонымыз

соныңызбыз

соныңыз

сонысымыз
сонысысыз
сонысы



Көбше:

соларымыз

соларыңыз

солары

1-жақ
2-жақ
3-жақ


соларымызсыз
соларымыз

соларыңызбыз

соларыңыз

соларымыз
соларысыз
солары




Жекеше:

осымыз

осыңыз

осысы

1-жақ
2-жақ
3-жақ


осымызсыз
осымыз

осыңызбыз

осыңыз

осысымыз
осысысыз
осысы



Көбше:

осыларымыз

осыларыңыз

осылары

1-жақ
2-жақ
3-жақ


осаларымызсыз
осыларымыз

осыларыңызбыз

осыларыңыз

осыларымыз
осыларысыз
осылары




Жекеше:

неміз?

неңіз?

несі?

1-жақ
2-жақ
3-жақ


немізсіз?
неміз?

неңізбіз?

неңіз?

несіміз?
несісіз?
несі?



Көбше:

нелеріміз?

нелеріңіз?

нелері?

1-жақ
2-жақ
3-жақ


нелерімізсіз?
нелеріміз?

нелеріңізбіз?

нелеріңіз?

нелеріміз?
нелерісіз?
нелері?




Жекеше:

өзіміз

өзіңіз

өзі

1-жақ
2-жақ
3-жақ

өзімізбіз
өзімізсіз
өзіміз

өзіңізбіз
өзіңізсіз
өзіңіз

өзіміз
өзісіз
өзі



Көбше:

өздеріміз

өздеріңіз

өздері

1-жақ
2-жақ
3-жақ

өздерімізбіз
өздерімізсіз
өздеріміз

өздеріңізбіз
өздеріңізсіз
өздеріңіз

өздеріміз
өздерісіз
өздері

5) Етістік.


Етістік дегеніміз – заттардың еткен-етбеген істерін көрсететүн сөздер.
«Бұлт торлады», «күн жауды», «сұу тасыды», «бұлт торламады», «күн жаумады», «сұу тасымады» дейміз. «Бұлт», «күн», «сұу» – заттар. «Торлады», «жауды», «тасыды» деген сөздер болған істерді көрсетеді. «Торламады», «жаумады», «тасымады» деген сөздер болмаған істерді көрсетеді. «Торлады – торламады», «жауды – жаумады», «тасыды – тасымады» деген сөздер етістік болады.
Дағдыландырыу. Болған істі де, болмаған істі де көрсететүн етістіктер табқызыу.
Етістік болған-болмаған істі көрсетуіне қарай, 1) болымды істі, 2) болымсыз істі етістік болыб екі айырылады.
Онан кейін өзгеріу түрлеріне қарай, 1) жай түрлі, 2) көсемше түрлі, 3) есімше түрлі етістік болыб, үш айрылады.
Етістіктің жай түрі: сөйле, кел, оқы.
Етістіктің көсемше түрлері: сөйлей, сөйлеб, сөйлегелі; келе, келіб, келгелі; оқый, оқыб, оқығалы.
Етістіктің есімше түрлері: 1) зат-есімше түрі: сөйлеу, келіу, оқыу; 2) сын-есімше түрі: сөйлеуші, сөйлеген, сөйлейтүн; келіуші, келген, келетүн; оқыушы, оқыған, оқыйтұн.


Етістер.

Етістіктің түрлерінің қайсысында болса да, етіс түрі мынадай: 1) сабақты етіс, 2) салт етіс, 3) ортақ етіс, 4) өздік етіс, 5) өзгелік етіс, 6) беделді етіс, 7) ырықсыз етіс, 8) шағыс етіс, 9) дүркінді етіс, 10) өсіңкі етіс.


Ескертіу. Бұл етістіктердің негізділері – сабақты етіс бен салт етіс. Басқалары солардан шыққан тұуынды етістер.


1) Сабақты етіс.


Сабақты етіс дейміз – еткен іске бір нәрсе сабақтаулы болса, мыйсалы: қат жаздым; шөб шабтым; қармақ салдым дегенде: жаздым, шабтым, салдым – істер. «Қат жаздым» дегенде жазыу ісіне қат сабақталыб тұр. «Шөб шабтым» дегенде шабұу ісіне шөб сабақталыб тұр. «Қармақ салдым» дегенде салыу ісіне қармақ сабақталыб тұр. «Жаздым», «шабтым», «салдым» деген сыйақты нәрсе сабақталатұн істі көрсететүн сөздерді сабақты етіс дейміз.
Дағдыландырыу. Қыйрағат кітебіндегі мақаланың бірін алыб, соның ішіндегі сабақты етістерді көрсеткізіу.


2) Салт етіс.


Салт етіс дейміз – еткен іске сабақталыб, байланыб тұрған еш нәрсе болмаса, мыйсалы: мен жүрмін; сен тұрсын; ол отыр.
Менің жүргеніме, сенің тұрғаныңа, оның отырғанына сабақталыб тұрған еш нәрсе жоқ.
Ержан күлді, Нұрман жылады, Бірман жүгірді. Ержанның күлгеніне, Нұрманның жылағанына, Бірманның жүгіргеніне сабақталыб тұрған еш нәрсе жоқ. «Жүрмін», «тұрсын», «отыр», «күлді», «жылады», «жүгірді» деген сыйақты сабақсыз істі көрсететүн сөздерді салт етіс дейміз.
Дағдыландырыу. Қыйрағат кітебінен бір мақала алыб, сондағы салт етістерді көрсеткізіу.


3) Ортақ етіс.


Ортақ етіс дейміз – іс жеке істелмесе, мыйсалы: бала жарысты, жау соғысты, балыуан күресті.
Бала жалғыз жарысыуға болмайды, біреумен жарысады; жау өзімен өзі соғысбайды, біреумен соғысады; балыуан өзімен өзі күресбейді, біреумен күреседі; осындай жеке істелмейтүн, екі жақтаб істейтүн істерді көрсететүн сөздерді ортақ етіс дейміз.
Дағдыландырыу. Қыйрағат кітәбінен бір мақала алыб, сондағы ортақ етістерді көрсеткізіу.


4) Өздік етіс


Өздік етіс дейміз – істеуші басқаға істерлік ісін өзіне істесе, мыйсалы: мен жұуындым; сен тарандың; ол мақтанды. «Жұудым» десе, басқаны жұуған болар еді, «жұуындым» дегенде өзін жұуған болады, йағный істі басқаға емес, өзіне істеген болады. «Тарадым» десе, басқаны тараған болар еді, «тарандым» дегенде істі басқаға емес, өзіне істеген болады.
«Мақтады» десе, басқаны мақтаған болар еді, «мақтанды» дегенде басқаны емес, өзін мақтаған болады. «Жұуындым», «тарандым», «мақтанды» деген сыйақты басқаға істерлік істі өзіне істеуді көрсететүн сөздерді өздік етіс дейміз.
Дағдыландырыу. Қыйрағат кітәбінен бір мақала алыб, сондағы өздік етістерді көрсеткізіу.


5) Өзгелік етіс


Өзгелік етіс дейміз – біреудің ісіне себебкер болыуды. Мыйсалы: атты жүргізді, қойды өргізді, түйені тұрғызды дегенде аттың жүріуіне, қойдың өріуіне, түйенің тұрыуына себебкер болғанды көрсетеді. Олар өздігінен істесе, ат жүрді, қой өрді, түйе тұрды болар еді.
«Жүргіздім», «өргіздім», «тұрғыздым» деген сыйақты біреудің ісіне себебкер істі көрсететүн сөздерді өзгелік етіс дейміз.
Дағдыландырыу. Қыйрағат кітәбінен бір мақала алыб, сондағы өзгелік етістерді көрсеткізіу.
6) Беделді етіс


Беделді етіс дейміз – істі біреу арқылы істеуді; мыйсалы: қат жаздырды, өлең айттырды, үй салдырды, кітаб алдырды. «Жаздырды», «айттырды», «салдырды», «алдырды» дегенде бәрі де біреу арқылы істеген іс болады. Осындай сөздерді беделді етіс дейміз.
Дағдыландырыу. Қыйрағат кітәбінен бір мақала алыб, сондағы беделді етістерді көрсеткізіу.


7) Ырықсыз етіс


Ырықсыз етіс дейміз – істеліу ырқы істеушіден басқада болған істі. Мыйсалы: ат жегілді, қойан құуылды, қозы сойылды дегенде ат ырықсыз жегіліб тұр, қойан ырықсыз құуылыб тұр, қозы ырықсыз сойылыб тұр. «Жегілді», «құуылды», «сойылды» деген сыйақты сөздерді ырықсыз етіс дейміз.
Дағдыландырыу. Қыйрағат кітәбінен бір мақала алыб, сондағы ырықсыз етістерді көрсеткізіу.


8) Шағыс етіс


Шағыс етіс дейміз – ортақ істі істеуге себебкер болыуды. Мыйсалы: балаларды күрестірдім, елді табыстырдым, екі жағын соғыстырдым. «Күрестірдім» дегенде күресіулеріне мен себебкер болғанмын; «табыстырдым» дегенде табысыуларына мен себебкер болғанмын; «соғыстырдым» дегенде соғысыуларына мен себебкер болғанмын. «Күрестірдім», «табыстырдым», «соғыстырдым» деген сыйақты сөздерді шағыс етіс дейміз.
Дағдыландырыу. Қыйрағат кітәбінен бір мақала алыб, сондағы шағыс етістерді көрсеткізіу.


9) Дүркінді етіс


Дүркінді етіс дейміз – қайта-қайта істелетүн істі, мыйсалы: қат жазғыладым, мылтық атқыладым, қолынан жұлқыладым. «Жазғыладым», «атқыладым», «жұлқыладым» деген сөздер істің бір ірет емес, бірнеше ірет істелгенін көрсетеді. «Жазғыладым», «атқыладым», «жұлқыладым» деген сыйақты сөздерді дүркінді етіс дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет