ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
78
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
ең алдымен тілдің ішкі заңдылығына икемделу керек. Сонан соң
жазу тілдің дыбыс жүйесіне нұқсан келтірмейтін, керісінше, оның
әдеби үлгісінің қорғанышы болу керек. Осы екі мақсатты орындау
үшін жазудың емле-ережесі көшірінді болмау керек. Таңбада (әріпте)
тұрған ешнәрсе жоқ.
Компьютерді қазақ тіліне икемдеудің оңай да жалған-жасанды
жолы көп, ал ауыр да ақиқат жолы біреу-ақ. Оңай болатын себебі –
одан-бұдан өгей дыбыс жинап, таңба талғамай қиып-құрап, жамау-
жасқау әліпбиді әркім-ақ түзе береді. Қиыны – бір ғасыр бойы
баса-көктеп, қордаланып қалған көп дыбыстың ішінен төл дыбысты
танып-біліп, жиып-теріп, өлшеп-пішіп, қазақ тіліне лайықты төл
әліпби жасау. Соның нәтижесінде қазақ тілінің төл дыбыстарына сай
төл әріптер қалыптасады. Қазіргі тіліміздегі басы артық 40-50 жаңсақ
емле-ережелер өзінен өзі жойылып, басы артық және жүйесі бөлек
кірме әріптердің тіл бұзар машақатынан құтыламыз.
Жоба ұсынуға кіріспес бұрын, алдымен қазақ тілінің төл дыбыс
құрамы ғылыми тұрғыдан анықталып, төл дыбыстар өз алдына, қазақ
тіліндегі кірме дыбыстар мен әріптер өз алдына топтастырылу керек.
Бірінші кезекте төл дыбыстардың әріп таңбалары анықталып, қазақ
тілінің төл «Әліпбиі» түзіледі. «Әліпби» төл дыбыстар құрамын түгел
қамтып, олар үйлесімді орналастырылуға тиіс.
Қазақ тілінің төл дыбыс құрамы:
a,
ә,
б,
ғ(-г),
д,
e,
ж,
з,
й,
қ(-к),
л,
м,
н,
ң,
o,
ө,
п,
р,
с,
т,
у(w),
ұ,
ү,
ш,
ы,
i
Мұндағы у таңбасының дыбыс мәнін латын әліпбиінің құра-
мындағы w әрпімен белгілеп беріп отырмыз. Өйткені қазақ тілінде
ерін-ріндік,
жуысыңқы, үнді
дауыссыз бар. Ол дауыссыз халықара-
лық дәстүрде осы таңбамен белгіленеді. Ондай дыбыс ағылшын тілінде
де бар. Ағылшын тілінде сауатты өсіп келе жатқан жас ұрпақ оны тез
аңғарып, жеңіл қабылдайды. Ал орыс тілінде ондай дауыссыз дыбыс
жоқ. Олардың Көкшетау дегенді Кокчетав деп өз тіліндегі
тіс-еріндік,
жуысыңқы,
ұяң
в дауыссызымен алмастыратындығы сондықтан.
Қазақ тіліндегі дауыссыз у[w] мен орыс тіліндегі дауысты у дыбыста-
рын естілім ұқсастығына қарап өзара шатастырып жүргеніміз сон-
дықтан.
Қазақтың төл сөздерінің жазылымындағы кірме әріптер түгел
шығарылып тасталады. Олар: Ии Уу Яя Юю Щщ Хх Hh.
Өкінішке орай, қазіргі кезде орыс тілінің емле-ережесі арқылы
қазақ тілінің төл сөздерінің жазылымына еніп кеткен
и, у, я, ю
таңбаларының (дыбыстарының емес) әрқайсысын өз алдына дербес
дауысты дыбыс деп қабылдау дәстүрі санамызға сіңіп қалған.
Көпшілік, тіптен тіл мамандары мен қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мен
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
79
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
оқытушылары, осыған әбден ден қойып, психологиялық тұрғыдан
мойындап алған. Олай етпеске амалы да жоқ, өйткені, жоғарыда
айтқандай, мектептен бастап, жоғары оқу орнын бітіргенше оларды
дауысты дыбыс деп санасына құя берсе, кімде болса сеніп қалады.
Оның үстіне оқу бағдарламалары мен оқулықтар түгелдей осы ережені
құптап отыр. Қазақ тілі дыбыстарының құрамына зорлықпен енгізіліп
отырған «дауысты таңбалардың» жөнін табу үшін
− олар «дауыстыдан
кейін дауыссыз болады, дауыссыздан кейін дауысты болады» деген
(Қожанасырдың тапқырлығы тәрізді)
− әлеми жұртқа күлкі болатын
ереже ойлап таптық.
Оның зардабын әлі көріп келе жатырмыз. Кейбір тіл мамандарының
өзі өздері ұсынып отырған әліпби жобаларында осы жалған қағиданы
ұстанып отыр. Мысалы, орыс жазуының ережесімен жазып келген
ми, ти
т.б. сөздерді латын негізінде де
ti, mi
деп жазып,
ми, ти
деп оқуды
ұсынып отыр. Сонда осы тәрізді сөздер қазіргі орыстақы емлеміз
бойынша да
ми, ти,
жаңа латыншада да
[mі], [tі]
болып қайталанғалы
тұр. Жоба авторлары осы жолмен жазу желісін үнемдеуге болады,
яғни екі таңбаның орнына бір таңба ғана жазамыз деген дәйектемені
алға тартады. Бұл арнайы статистикалық зерттеудің нәтижесі емес,
көз жоба ғана.
Жоба авторларының дәйектемесіне көз жеткізу үшін «Абай жолы»
романы, Әнұран т.б. мәтіндерге есеп-қисап жүргізіп көрдік. Сондағы
үнем 0,5-0,7 % ғана болып шықты. Сонда түкке тұрғысыз үнем үшін,
егемендіктің арқасында ғана құтылғалы отырған, тілбұзар емле-
ережелерді тағы несіне қайталаймыз деген ой туады. Оның үстіне
өздері ұрынған шым-шытырықтан шығу үшін үш рет қайталанатын
таңбалар ұсынады. Мысалы,
ы [
ɪ], і [ï], й [i]
немесе
ұ [
û], ү [ü], у [u]
деп, үстеме белгілердің санын көбейтіп жібереді. Мұндай шешім
әдістемелік тұрғыдан өте тиімсіз. Өйткені ұқсас таңбалардың саны
екіден (жұп болу керек) аспау керек, таңбалар үстіне үстеме белгілерді
орынсыз қоя беруге тағы болмайды. Себебі сауат ашуды қиындатып
жібереді. Ал, жазу реформасының басты мақсаты орыс тілінің тіл
бұзар ережелерінен арылып, қазақтың
мый
деген сөзінің айтылуына
лайық
мый [m
ɪy]
деп жазып жуан айтқызу,
тій
деген сөзін айтылуына
лайық
тій [tiy]
деп жазып жіңішке айтқызу үшін жасалып отырғанын
ескерсек, әріптестеріміздің бұл әрекетіне қалай «жол болсын»
демекпіз?!
Кез келген жазу тілдің ішкі өзіне тән құрылымы мен табиғи
айтылымына нұқсан келтірмеу керек. Керісінше, тілдің әдеби
айтылымының қорғанышы болу керек. Ол үшін:
1. Жазу сөздің дыбыс құрамын дәл бейнелегенде ғана дұрыс жазу
болады. Ендеше қазақ жазуы қазақ сөзінің үндесім әуезін дұрыс
көрсетіп отыруы керек, басқаша айтқанда, жуан айтылатын сөздің
таңбасы мен жіңішке айтылатын сөздің таңбасының арасында көрнекі
айырма болсын.
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
80
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
2. Жазу қазақ сөзінің буын құрамын бұзбау керек. Мысалы,
ми-ы,
су-ы
болмау керек,
мы-йы [m
ɪ-yɪ], сұ-уы [su-wu]
болу керек.
3. Жазу қазақ сөзінің тасымал ережесіне сай болу керек. Сонда
ми-ы, су-ы
болып тасымалданбау керек,
мы-йы [m
ɪ-yɪ], сұ-уы [su-wu]
болып тасымалдану керек.
4. Жазу қазақ тілінің морфем (түбір мен қосымшалар) желісін үзбеу
керек. Мысалы, қазақ тілінің «егер түбір дауыссызға бітсе, қосымша
дауыстыдан басталады» деген іргелі заңдылығы бар. Сонда талас
тудырмайтын
мың=мың+ы [m
ɪŋ+ɪ]
қалай болса, күмәнді боп жүрген
ми-ы
сөзінің латын баламасы
m
ɪy=[mɪy+ɪ]
да дәл солай тіл жүйесін
бұзбайды. Арандатып жүрген
и, у
әріптерінің дыбыс мәні
ый/ій [ɪy/
iy], ұу/үу [uw/üw],
яғни соңғы сыңарының дауыссыз
[y], [w]
дыбыстары
екенінің бұлтартпас дәлелі осы болып табылады.
Төмендегі «әліпби» үлгісінің (қазақ тілінің төл дыбыс құрамын
дұрыс қамтыған, сөздің айтылым әуезін сақтаған, буын құрамын
дұрыс көрсететін, тасымал ережесіне лайық, морфемалар ережесін
үзбейтін) емле-ереже саны ықшам болғандықтан «Ұлттық әліпби» деп
атап отырмыз (1-кесте).
1-кесте. Қазақ латын ұлттық әліпбиі
№№
кирил.
латын.
аты
№№ кирил. латын. аты
1
а
a
а
14
ң
ŋ
ың
2
ә
ә
ә
15
о
o
о
3
б
b
бы
16
ө
ö
ө
4
ғ(-г)
ǧ (-g)
ғы(-гі)
17
п
p
пы
5
д
d
ды
18
р
r
ыр
6
е
e
e
19
с
s
сы
7
ж
j
жы
20
т
t
ты
8
з
z
зы
21
у
w
ұу
9
й
y
ый
22
ұ
u
ұ
10
қ(-к)
q(-k)
қы(-кі)
23
ү
ü
ү
11
л
l
ыл
24
ш
ş
шы
12
м
m
мы
25
ы
ɪ
ы
13
н
n
ны
26
і
i
і
Алайда бұл жоба үшін арнайы компьютер бағдарламасы керек
болады. Сонымен қатар ерін үндестігін жазуда ескеру-ескермеу
мәселесі де кейінге қалдырылып отыр.
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
81
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Ұлттық латын әліпбиінің мәтін үлгісі.
Üş kündik joldɪŋ büɡinɡi, soŋɡ̆ɪ künine bala şәkirt barɪn saldɪ. Qorɪqtan
kün şɪɡ̆a atqa mineyik dep asɪqqan-dɪ. Bunɪ qaladan alɪp qaytqalɪ barɡ̆an
aɡ̆ayɪnɪ Baytastɪ da taŋ atar-atpasta özi oyatɪp turɡ̆ɪzɪp edi. Kün uzɪn attan
da tüspey, özɡe jürɡinşilerden oq boyɪ alda otɪrɡ̆an. Key-keyde özine tanɪs
Köküyirim men Buwratiyɡen, Taqɪrbulaq sɪyaqtɪ qonɪs-qudɪqtardɪŋ tus-
tusɪna kelɡende bala oqşaw şɪɡ̆ɪp, astɪndaɡ̆ɪ jaraw qula bestisin aɡ̆ɪzɪp-aɡ̆ɪzɪp
ta aladɪ…
-Mɪna balanɪŋ awɪlɡ̆a asɪɡ̆uwɪn-ay!
Егер латын үлгісіне сүйенетін болсақ, онда қазақ тілінің әліпби
құрамы 28 таңбаға барып тіреледі, өйткені қазақ тілінің үндесім
дауыстыларын жеке-жеке белгілеу қажет болады. Ол үшін кейбір
дауысты таңбалардың үстіне қосалқы белгі қондыруға тура келеді. Бұл
жағдайда қажет таңбаның бәрін қазіргі компьютер түйметақтасынан
таба алмаймыз, сондықтан арнайы компьютер бағдарламасын іздеуге
тура келеді. Оның үлгілері өзімізге жақын
түрік
немесе
неміс, француз,
испан
т.б. тілдерінің жазуында бар. Бірақ бір ескеретін жай бар. Европа
тілдерінде бір дауыстының сөз құрамында екі не одан көп кездесуі
– өте сирек құбылыс. Ал біздің тіліміз – жалғамалы (агглютинатив)
және үндесім (сингармонизм) тіл. Бір дауысты бір сөздің құрамында
бірнеше рет кездесе береді. Бір сөздің ішінде қосалқы (диакритик)
таңбалы дауысты-дауыссыз бірнеше рет қайталанып жатса, жазу
дағдысын былай қойғанда, көзтанымға ауыр болады.
Ал, Ахаң үлгісіне оралатын болсақ, онда, біріншіден, компьютер
түйметақтасындағы таңбалардың құрамынан шықпайтын боламыз,
екіншіден, олардың бірнешеуі артылып та қалады. Ахаң үлгісінің
сыйымталдығы мен ықшамдылығы осылай жасауға мүмкіндік береді.
Осы жерде Байтұрсынұлының тағылымына тоқтай кетейік. Біздің
жерден жеті қоян тапқандай болып «апостроф» деп әріптің бір шекесін
шертіп сәндеп, «диакритика» деп әріпті төбесіне сызықша қойып
шендеп, о әрпінің белінен тартып ө жасап белдеулеп, а мен е-ні қосақтап
ә деп егіздеп жүргеніміздің бәрі Ахаңнан қалған үлгінің көрінісі.
Ендеше, қазіргі жоба авторлары қабылдап отырған жуан-жіңішкелік
белгілер (әртүрлі нұсқасына қарамай) – сол А.Байтұрсынұлы
ұсынған
дәйекші
. Арабы таңбалар негізінде туындаған дәйекші
дауыстылардың жуан-жіңішке таңбасына таңылып, кирилшеге көшті.
Енді, міне, кирилшеден «апостроф, қос нүкте, сызықша, қосақ әріп
болып», мың құбылып, латынша жобаларда да жүр. Қалай құбылса да
бәрінің мазмұны, яғни емле қызметі – сол бір дәйекші.
Ендеше Ахаң ұсынған үрдіс бойынша әліпби жобасының екінші
үлгісін ұсынуға болады (бұл бағытта информатика мамандары әртүрлі
ұсыныстар жасап жатыр). Бұл жобаның артықшылығы ретінде оған
арнайы компьютер бағдарламасының қажет болмайтындығын, яғни
қазіргі латын әліпбиі негізіндегі компьютер түйметақтасындағы
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
82
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
таңбалар жетіп жатыр. Сондықтан Ахаң үрдісіндегі үлгіні «Интернет
әліпби» деп атап отырмыз (2-кесте).
2-кесте. Қазақ интернет (техникалық) әліпбиі
№№
кирил.
латын. аты
№№
кирил.
латын.
аты
1
а//ә
a//(ә)
а//ә
13
н
n
ны
2
б
b
бы
14
ң
n’
ың
3
г//ғ
g(
ǧ)
гі//gы
15
о//ө
o//(
ö)
о//ө
4
д
d
ды
16
п
p
пы
5
е
e
e
17
р
r
ыр
6
ж
j
жы
18
с
s
сы
7
з
z
зы
19
т
t
ты
8
й
y
ый
20
у
w
ұу
9
қ
q
қы
21
ұ//ү
u//(
ü)
ұ//ү
10
к
k
кі
22
ш
ş
шы
11
л
l
ыл
23
ы//і
і//(
ɪ)
ы//і
12
м
m
мы
24
дәйекші (‘)
Интернет латын әліпбиінің мәтін үлгісі.
‘Uş kundik joldiŋ ‘buɡinɡi, son’gɪ kunine bala ‘şakirt barin saldi. Qoriqtan
kun şiga atqa ‘mineyik dep asiqqan-di. Buni qaladan alip qaytqali bargan
aɡgayini Baytasti da tan’ atar-atpasta ‘ozi oyatip turgizip edi. Kun uzin attan
da ‘tuspey, ‘ozge ‘jurɡinşilerden oq boyi alda otirgan. Key-keyde ‘ozine tanis
Kokuyirim men Buwratiygen, Taqirbulaq siyaqti qonis-qudiqtardin’ tus-
tusina kelgende bala oqşaw şigip, astindagi jaraw qula bestisin agizip-agizip
ta aladi…
-Mina balanin’ awilga asiguwin-ay!
Бұл екі жобаны бәсеке-бәйгеге қосып отырған жоқпыз. Негізгі
жоба ретінде «Ұлттық жоба» қалады. Ал «Интернет жобаны» кейбір
техникалық мұқтаждықтарға лайық ішінара (факультатив) іске асып
қалуы мүмкін.
Қорыта келгенде, егер латынға қазақтың төл дыбыстарын баптап
өте алсақ, қазіргі жазуымыздағы тіл бұзар басы артық таңбалар мен
емле-ережелер жол-жөнекей өзінен-өзі түсіп қалады. Оның үстіне
емле-ереже жаттандылықтан арылады. Жазу реформасы дегеніміз
– осы. Ал кірме сөздерді қалай жазамыз деген мәселеге бұл жерде
тоқталмаймыз, ол – өз алдына мәселе. Бірінші кезектегі шешілетін
мәселе – қазақтың төл сөздерін өз айтылымына лайық жазып алу.
ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
83
«Тіл жəне қоғам» №3 (41) / 2015
Қ
азақ тілі мұғалімінің педагогикалық мақсаты мен оқушының
тілді үйрену мақсаты бір-бірімен дәлме-дәл келмеуі мүмкін.
Өйткені оқушының тілді үйрену үдерісі өзінің жеке таным әлемінде іске
асады. Оқушының санасында тіл туралы жүйелі білім таным үдерісінің
заңды нәтижесі ретінде қалыптасуы керек. Ал қазіргі қалыптасқан
оқу үдерісінде нақты жағдайда мұғалім ақпаратты дайын түрінде
оқушыға ұсынады. Оқушы берілген ақпаратты дербес өзіндік ойлау
деңгейлерінен өткізбей дайын күйінде қабылдайды. Білім ұзақ уақытқа
сақталып, белсенді құралға айналуы үшін ақпарат баланың танымында
ойлау процестері негізінде табиғи түрде қалыптасып, жүйеленуі керек.
Алайда, қазақ тілін үйретуде қазақ тілі оқулықтарын дайындауда, оқу
бағдарламаларын құрастыруда оқытудың психологиялық негіздері
толық ескіріле бермейді. Сондықтан болуы керек қазақ тілі пәні
бойынша қалыптасқан тілдік білім тіл үйренушінің белсенді құралына
айналмай отыр. Белсенді құрал деген сөзді тек тілдің қарым-қатынас
құралы ретінде қызмет етуін түсінбеу керек. Дайын модельдерді
жаттау арқылы да шектеулі сөйлеу жағдаяттарында қарым- қатынасқа
түсуге болады. Бірақ, ол тіл үйренушіде жүйелі, іргелі, ойлау процесінен
өтіп, құрылым ретінде қалыптасқан ақпарат, білім қоры негізінде
қалыптаспайды. Қысқа уақытқа жадыда сақталған дайын, ойсыз
қолданылатын формалар ретінде қолданысқа түседі. Білім алушыда
тілдік білім қалыптасуы үшін оның таным белсенділігін арттырып,
дайын ақпаратты қабылдаушы ғана емес, ойланушы, сараптаушы
Зәуреш ЕРНАЗАРОВА
КИМЭП Университетінің профессоры,
филология ғылымдарының докторы
Қазақ тілін оқытудың
когнитивті бағыты
(етістіктің өткен шақ категориясы негізінде)
ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
84
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
тұлғаға айналдыру керек. Сондықтан оқыту әдістемесіндегі когнитивті
бағытты жаңа инновациялық үдеріс деп қабылдамай, табиғи таным
процесінің орын алуына мүмкіндік беру деп қабылдау керек. Оқыту
тәжірибесі тілді үйретудің адам миында ментальды құрылымдар табиғи
түрде құрылғанда, белгілі бір нәтиженің болатынын көрсетіп отыр. Ал
егер миға дайын құрылымдарды ғана ұсынатын болсақ, оның тежеуіш
реакциясы басым болатынын көрсетіп отыр. Алайда, практикада
мұғалімдер бұндай әдістерді қолдануды қолдамайды. Олардың ойынша,
сатылы жұмыс түрлерін орындап отыруға уақыт керек. Ал баланың
өзіне зерттеу жұмысын жүргізіп отыруға сабақ уақыты жете бермейді.
Сабақ уақыты дағды мен іскерлік түрлерін қалыптастыруға жұмсалуы
керек. Шындығында, егер бала алғашқы сабақтарда- ақ тіл туралы өз
түсінігін, концепциясын құратын болса, әрине, оған көп уақыт керек.
Алайда келесі деңгейлерде жаңа материалдарды меңгерту, тіл туралы
жаңа мәліметті ұсыну көп уақыт алмайды. Өйткені жаңа мәліметтер
қалыптасқан білім негіздеріне сүйенеді де, баланың оны түсінуі,
қабылдауы қиындық туғызбайды. Сондықтан тіл туралы білімді
ақпарат ретінде ұсынбай, баланың дербес ізденісі мен ойлауының
нәтижесі ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін оқыту әідстемесін
құру керек.
Когнитивті ұстаным оқыту әдістемесіне енгенде, адамның әлемді
тану механизмін басышылыққа алады. Яғни адам сыртқы дүниеден
ақпаратты қалай алады, қалай оны қорытады? Қалай білім ретінде
жинақтайды? Бұның бәрі - адам миында жүзеге асатын процестер.
Адамның ақпаратты қабылдауы, өңдеуі, сақтауы - өз заңдылығы
бар процесс. Адамның сыртқы дүниені қабылдау модельдерін шарт-
ты түрде қалпына келтіру негізінде тілді оқыту әдістемесін де
модель түрінде жүйелеуге болады. Когниция немесе таным процесі
қабылдау, көңіл аудару, жадыда сақтау, әрекет, шешім қабылдау,
елестету сияқты компоненттерден тұрады. Қазақ тілі грамматикасын
ұсынуда осы таным процестерінің өту механизмін басшылыққа алу
керек.
Қабылдау танымның күрделі үдерісі болып табылады. Адам алынған
ақпаратты өз миының ішкі құрылымдарынан сүзгіден өткізеді.
Қабылдау адамның вербальды коммуникативті қызметін іске асыруда
маңызды рөл алады. Бұл қызмет перцептивті моторлы деңгей арқылы
іске асады. Бұл деңгейде белгіні өңдеу, кодтан өткізу іске асады.
Акустикалық кодтан нервтік кодқа ауысады. Және керісінше, нервтік
кодтан акустикалық кодқа ауысады. А.А.Леонтьев қабылдау процесі
деп адам санасында заттың сыртқы белгілерінің берілуін атайды.
Сыртқы белгілерді қабылдау негізінде адам санасында заттың бейнесі
қалыптасады. Қабылдау - бірнеше операциялардан тұратын күрделі
үдеріс. Қабылдау адам санасында затқа тән белгілердің жай ғана
бейнеленуі емес. Адам танымындағы категоризация, концептуализация
үдерістерінің де жүзеге асуы болып табылады.
ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
85
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Қабылдау когнитивті процестердің бастапқы сатысы болып
табылады. Келесі кезекте ақпараттың, заттың дұрыс қабылдануы
адамның тітіркендіргішті адам санасында қалыптасқан кодтар
жүйесімен дұрыс сәйкестендірумен байланысты. Сондықтан үйрету
дегеніміз заттардың ерекше белгілерін көрсету арқылы ақпаратты
ұлғайту емес, кодтау тәсілдерін меңгеруге негізделуі керек. Қабылдау
білім қорын салыстыра отырып, ұқсата, отырып, орналастыру немесе
категориязациялау болып табылады.Енді осы айтылған ғылыми
ұстанымдар негізінде етістіктің шақ түрлерін қарастырып көрелік.
Қазақ тілі грамматикасын оқытуда, грамматикалық категорияларды
түсіндіруде мұғалімдер алдында көптеген қиындықтарға кездеседі.
Ең бірінші қиындық септік жалғауларының екі түрлі септелу тәртібі
орыс тілді оқушының өз ана тілі бойынша қалыптасқан когнитивті
моделімен толық сәйкестенбейді. Өйткені орыс тілінде септелу бір ғана
нұсқада жай септеу түрінде жүреді. Ал қазақ тілінде жақ түріне қарай
тәуелдік жалғауы, сонан соң септік жалғауы жалғанады. Оқушыға
осы айырмашылықты құрылымдық тұрғыда үйрету көп нәтиже бере
бермейді. Өйткені берілетін ақпарат оқушының санасында, жадыда
қалыптасқан метатілдік ақпаратқа (метатілдік ақпарат деп адам сана-
сында жадыда қалыптасқан білім қорын айтамыз) қайшы келеді.
Және тәуелді септеу туралы бұрыннан қалыптасқан ақпараттың
болмауы жаңа ақпаратты салыстыру арқылы жадыда сақтауға мүм-
кіндік бермейді, жаңа ақпарат жадыда жаңа байланыстар орна-
туды қажет етеді.
Келесі бір мәселе - өткен шақ түрлері. Жедел өткен шақ пен
бұрынғы өткен шақтың қатысым барысындағы қолданысында үлкен
айырмашылық көрінбейді. Сондықтан оқушылар жедел өткен шақтың
- ды/ді формаларының орнына көп жағдайда есімшенің - ған /ген
формасын жиі қолданады. Әрине, тіл иелері бұндай құрылымдарды
естігенде, бір сәйкессіздікті, қайшылықты сезеді. Өйткені метатілдік
білімде қалыптасқан ақпарат пен естілген ақпарат сәйкестенбей
жатады. Метатілдік қордағы когнициялық кеңістік сөйлемнің дұрыс
құрылмай жатқанын хабарлайды. Ал екінші тіл ретінде қолданып
тұрған адам бұл қайшылықты сезбейді. Өйткені оның жадында
бұндай ақпарат когнитивті модель түрінде сақталмаған. Мысалы, Мен
кеше келдім - Мен кеше келгенмін деген екі сөйлемнің қолдануында
семантикалық айырмашылық бар. Бұл сөйлем мазмұнындағы праг-
матикалық компонентпен байланысты. Сөйлеу жағдаятымен бай-
ланысты пресуппозиялары екі сөйлемде екі түрлі. Бұны тіл иесі толық
түсінбегенімен, екі сөйлемді екі түрлі жағдайда қолдану керек. Неге
оқушылар қазақ тілінде өткен шақтың бірнеше түрлері барын біле тұра,
есімшенің өткен шақ жұрнақтарын жиі қолданады? Неге есімшенің
жұрнақтары жылдам қолданысқа түседі? Өйткені, орыс тілінде шақтың
үш түрі барын білетін оларға өткен шақтың өзін бірнеше түрге бөліп
қабылдау оларға қиындыққа түседі. Өйткені аталан грамматикалық
|