АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
53
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
келгенде, тіл арқылы көрініс табатын кез келген ойлау формасы да,
ғылыми ойлау формасы да қай тілде ойланса, сол тілде тұжырым
жасауға бейім болып тұрады.
Қазіргі аударма тіліне бет бұрған, онымен кәсіби тұрғыдан
айналысып отырған мамандардың өзі осы терминдерді, аударылған
сөздерді қазақ тілінде қалыптастырудың, оны қабылдаудың тілдік
санамен байланысты екендігін ескере бермейді. Өйткені олардың
өзі сол аударып отырған, қазақша нұсқада жасаған терминдерінің
өзіне күмәнмен қарайды. Ал аудармашылардың тілдік санасындағы
құбылыс осындай жағдайда болғанда, оны қолданушылардың тілдік
санасындағы терминді қабылдауға деген жағдайының қандай деңгейде
екендігін бағамдауға болады. Бұл шын мәнінде, аударма саласында да,
термин жасау, қалыптастыру ісінде де қазіргі кезде кеңінен жүзеге
асып отырған, қазақтілділердің, мамандардың, аудармашылардың өзі
байқай бермейтін құбылыс. Қазақшаланған аударманың өзін тілдік
санасы қазақша ойлай алмайтын басшыларды түзеумен әуре болып,
түсінуге ұмтылып, бірақ түсіне алмай, соңында бастапқы кірме
нұсқасын қалдыруды бұйырып жататын жағдай Қазақстандағы кез
келген мекемеде, компанияда, тілді, терминдерді қолданушы жеке
адамдар арасындағы қарым-қатынаста күнделікті болып жатқан
шындық. Тіпті, терминдердің қолданысына байланысты даулар
мен пікірталастардың, әртүрлі көзқарас тұрғысынан туындаған
субъективті пікірлердің көп болып жататыны да сондықтан. Бұл
шындық – ұлт тілінде термин қалыптастыру ісінде кері әсер етуші
тілдік құбылыс болып саналады.
Бұдан шығатын қорытынды – қазақ тілінде атау, сөз, термин
жасауға орыстілділердің тілдік санасымен бірге қазақ тілін білетін,
түсінетін тілді қолданушылардың өзінің тілдік санасының таза
болмауы кері әсерін тигізіп отыр. Терминдерді аудару ісі мүмкіндігінше
жүргізілуде екендігі баршамызға белгілі. Бірақ таза тілдік сананың
болмауы сол аударылған термин алмауда. Мұнда қазақ тілінде
сөйлейтін, жазатын, тіпті қазақ тілінің қазіргі кез келген маманының
тілдік санасы таза қазақ ұлтының санасы деп айта алмаймыз. Әрине,
сана да қоғамға байланысты өзгеріп, дамып отыратын шығар.
Мүмкін, сондықтан қазіргі қазақтардың барлығының санасын,
ойлау жүйесін ХІХ ғасырдағы, тіпті одан беріректегі қазақтардың
санасымен салыстыруға болмайтын шығар. Бірақ өркениетті елдердің
тілдеріне көз жүгіртсек, термин қабылдау, жасау, қалыптастыру
ісіне мән берсек, тілдің, терминологияның дамуы ұлт тілінде, ұлттың
ғылыми ойлауынан арылумен өлшенбейтіндігі анық. Сол тұрғыдан
келгенде, қазақтардың тілдік санасындағы өзгерістер, ғылыми ойлау
жүйесіндегі, терминдерді қабылдаудағы, қолданысындағы өзгерістер
құптарлық жағдайда емес.
Егер тілдік, терминологиялық санамыздың өзгерісін ғылыми
тұрғыдан, тілдік мысалдармен, нақты дәйектермен дәлелдеу қажет
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
54
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
болса, оған да мысалдар келтіре кетуге болады. Мысалы, кез келген
қазақ тілін білетін жеке тұлғаның сөзіне, уже, сразу, может деген
сияқты сөздерді қоспай сөйлей алмауы немесе терминологиялық
тұрғыдан өзге тілдің терминдерін, кәсіби арнаулы сөздерін қолдануға
бойлары үйреніп қалғандығының өзі дәлел бола алады. Айталық,
жүргізушілер мен көлік жөндеушілер бөлшек атауларын өзге тілдегі
нұсқасында атап үйренген.
Ал аудармашылардың немесе терминдерді қолданушылардың тер-
минологиядағы шарттылықты ұмытып, кез келген терминнің қазақша
аудармасынан оның ұғымды 100 пайыз беруін іздеп, кемшілігі бар,
дұрыс аударылмаған термин деп шектен тыс бағалап жатуы осы
құбылысқа, тілдік санадағы өзгерістерге дәлел бола алады. Қысқасы,
әр сөздің этимологиясын қазбалап, бұрынғы кірме нұсқасына қайта
алып келу – жаңа сөздер қолданысындағы тұрақсыздыққа алып
келері анық.
Әрине, мәселенің екінші жағын да жоққа шығаруға болмас.
Ол біреу білсе, біреу білмейтін аударма нұсқалардың көбеюі.
Бұл, нақтырақ айтқанда, термин шығармашылығындағы жұмыс
сатыларының атқарылмай, зерттелмей, мониторинг жүргізілмей
қолданысқа енгізуімізбен байланысты. Көпшіліктің ұсынысына
жіберіп алып, қолданушылардың пікірін зерттеп, осымен байланысты
шығармашылық жұмыстарды жүзеге асырып барып қана, жасап
отырған сөзімізді жұртшылыққа танытып барып қана оны термин
ретінде қолдануға, жаңа сөздер ретінде пайдалануға ұсынған орынды
жол болмақ.
Тілдік сананың термин қалыптастыру, тілдегі жаңа атаулар мен
сөздерді қалыптастыру істерімен тығыз байланысты екендігіне көз
жеткізу қиын емес. Дегенмен, оны түзетуге, қалпына келтіруге
ұсыныс жасап, дәлел келтірудің өзі де қиын мәселе. Өйткені ол ең
алдымен, ұзақ уақыттық үрдіс болып табылатындығы анық мәселе.
Қалай болғанда да, тілдік сана өзгерісі – қазіргі терминологияның
ұлт тілінде қалыптасуына ықпал етуші маңызды психолингвисти-
калық факторлардың бірі болып табылатындығы анық.
СӨЗ ТӨРКІНІ
55
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Б
үгінгі таңда еркін дамып, толыға да, молыға түскен қазақ тілінің
сөз байлығын, оның сан алуан сыры мен сипатын жан-жақты
зерттеу, табиғатына үңіле, өзіндік ерекшелігін анықтай беру – сол
тілдің қадір-құрметін біле-білген жанкүйер қауымның зерделі де,
зейінді сөз зергерлерінің, әсіресе, тамырын тап басып, табиғатын
танитын тіл мамандарының алдында тұрған жауапты да ардақты
міндеттердің бірі. Оның үстіне, халқымыздың бағзы заманнан бері
көне тарихын арқалап, оның барша рухани-мәдени өмірінен сыр
шертіп, ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға ауысып келе жатқан асыл
мұра – ана тіліміздің тұла бойында әлі де талай сыр жатыр, біз үшін
беймәлім жұмбақтар аз емес.
Ол қандай сыр, қандай жұмбақ? Бұл сұрақты қоюшылар: «Ана
тіліміздің біз үшін қандай қыр-сыры болуы мүмкін? Ол біздерге
анадай жақын, жан дүниемізден, бүкіл табиғи болмысымыздан
бөліп алып, жеке-дара болмайтын біртұтас, етене нәрсе емес пе? Ол
Қазақ тілі
этимологиясынан
этюдтер
Әбдуәли ҚАЙДАР
ҚР ҰҒА академигі, филология
ғылымдарының докторы, профессор
СӨЗ ТӨРКІНІ
56
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
ананың ақ сүтімен емізіктеп кіріп, тұла бойымызға түгел тараған, ой-
санамызды түгел билеген асыл қасиет болса, сол арқылы біз дүние
танысақ, оқысақ, білім алсақ, ойлануды, ойымызды басқа біреуге
жеткізуді үйренсек, сезінсек, тебіренсек, сонда да бұл тілдің біз үшін
беймәлім сыры, біз білмейтін құпиясы болғаны ма?» - деген дәлел
айтуы ықтимал. Орынды сөз.
Солай бола тұрса да, ана тіліміздің сол тілде сөйлеуші қауымға,
тіпті, оны жіті білетін ділмар-шешендерге де, сөз өнерін машық
еткен зергерлерге де белгісіз жақтары аз емес. Жеке сөздің немесе
сөз тіркесінің, мақал-мәтелдердің тіл қауымындағы қолданылатын,
беретін лексикалық мағынасы, жалпы мазмұны жұрттың бәріне таныс
болуы мүмкін. Бірақ осы ыңғайда қолданылған кейбір сөздерді жеке-
дара алып қарайтын болсақ, олардың лексикалық, грамматикалық
және басқа сөздерге қатысты мағынасын ажырату, тұлғалық
жағынан түстеп тану, шығу төркінін анықтау, тілдік табиғатын ашып
беру – кез келген адамның қолынан келе бермейтін дүние. Сөзіміз
дәлелді болуы үшін мысал келтірейік. Мәселен, қазіргі қазақ тілінде
күнделікті қолданылып жүрген мына тәрізді тұрақты сөз тіркестері
мен мақал-мәтелдерді алайық:
жұрдай болу, түйедей жасты, міз
бақпау, мысы құру, сағы сыну, ту сырт, қоқан-лоқы, оқасы жоқ,
қан базар, зығырданы қайнау, құрақ ұшу, аза бойы қаза болу, сөзге
қонақ бермеу, үл болмасаң, бүл бол; басы бапандай, аяғы сапандай//
басы – бапан, аяғы – сапан; бармасаң бадал, қара жерге қадал; жер
астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты; құмырсқаның да ауыры
бар; оралыңның барында ойна да күл; байтал түгіл, бас қайғы; қонақ
кәде; арыстанның аузында, түрікпеннің түбінде, сауран айналып келу;
бәледен машайық қашыпты
т.б. Дәл осы тәрізді фактілерді жүздеп
келтіруге болады.
Осы мысалдардағы курсив және үзік сызықпен терілген сөздерге
назар аударайық. Оларды жеке-дара алып қарайтын болсақ,
мағына жағынан да, тұлға жағынан да тіліміздегі басқа сөздермен
байланыстыру, төркінін анықтау біз үшін оңайға түспейді. Өйткені
бұл сөздердің мағынасы әртүрлі себептермен күңгірттелінген, сөздің
өзі сақталса да, халықтың есінде, жадында оның бір замандағы айқын-
анық лексикалық мағынасы ұмыт болған.
Осы тәрізді сөздерді мұндай «жағдайға» келтірген объективтік
себептердің бірі – тұрақты тіркес шеңберімен шектелуіне бай-
ланысты, олардың тілдегі қолданылу жиілігінің азаюы. Сирек
қолданылуының салдарынан бұл тәрізді сөздердің лексикалық
мағыналары күңгірттенеді, бара-бара архаизм категориясына
ауысып, этимологиялық объектіге айналады. Жеке лексикалық
элементтердің кейінгі буындар үшін ұмыт бола бастауына екінші бір
себеп – олардың тұлғалық, дыбыстық өзгерістерге душар болуы.
Бұл жағдай көбінесе шеттен кірген кірме сөздерде байқалады.
Тұлғалық, дыбыстық өзгерістер де мағыналық өзгерістер тәрізді,
СӨЗ ТӨРКІНІ
57
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
белгілі морфологиялық және фонетикалық заңдылықтар негізінде
пайда болып отырады.
Ана тіліміздің біздерге беймәлім сыры мен сипаты дегенде, біз оның,
міне, осы жақтарын айтқымыз келеді. Мақаламыздың мақсаты да осы
мәселеге байланысты.
Алайда, бұл мәселе жөніндегі пікірімізді айқындай түсу үшін,
этимологиялық этюдтерге көшуден бұрын, тағы бір жағдайды айта
кеткіміз келеді. Өз ана тілін жақсы түсінетін, ол тілде жақсы сөйлейтін,
жазатын адамға: «Ана тіліңде қанша сөз бар және өз басың сол сөздер-
дің қаншасын білесің?» – деп сұрақ қойсақ, бұл сауалға берілетін
жауап Қожекеңнің есегінің түгін аспандағы жұлдыздармен шама-
лағандай, әзіл-қалжыңның ар жақ-бер жағынан шыққан болар еді.
Өйткені тілдік қордағы сөз байлығымызды дәл айтып беру қандай
қиын болса, жеке бастың лексиконын анықтау да сондай қиын. Бұл тек
ғылыми зерттеу арқылы ғана анықталатын мәселе және оны жобалап
айтпаса, дәлме-дәл, нақтылы есептеп шығу да оңай емес. Лексиколог
ғалымдардың анықтауы бойынша, ұлы Абай өзінің қолтумаларында
6 мыңдай жеке-дара сөз қолданылған екен. Әрине, бұл оның ретіне
қарай қолданып, қағазға түсірген (не кейін түсірілген) сөздерінің
ғана мөлшері. Сөз жоқ, Абай білген сөздің саны бұдан әлдеқайда көп.
Дегенмен, Абай осы 6 мың сөздің өзімен-ақ кешегі қазақ даласының
жағдайын, әлеуметтік өмірін жан-жақты жыр етіп, жетер жеріне
жеткізіп суреттеп берген жоқ па еді? Олай болса, жеке бастың
қажетіне орта есеппен 5-10 мың сөздің өзі де жетіп асады деп жүрген
ғалымдардың пайымдауының да жаны бар сияқты.
Бұл мәселе туралы сөз қозғағанда, біздің айтайын деп отырғанымыз
басқа: жеке адамның лексиконы, сөз қолдануы жалпы тіл байлығын
толық қамтымайды және қамтуы да мүмкін емес. Қанша ділмар-ше-
шен, сөз шебері болса да, ана тілінің өз арнасынан асып-төгіліп,
толассыз толығып, ағыл-тегіл болып жатқан сөз байлығын түгел мең-
гердім, оны бес саусағымдай жіті білемін деп айта қоймас, айта қалса,
ол әбестік болар еді. Өйткені жалпы тілдің лексикалық қоры жеке
адамның лексиконынан әлдеқайда мол дүние. Оны алысқа бармай-
ақ, бір томдық болып шыққан «Абай тілі сөздігі» мен он том болып
шығатын (қазір екі томы баспадан шыққан) «Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігін» сырттай салыстыру арқылы да байқауға болады. Ол шамамен
50 мен 100 мыңның мөлшеріндегі сөз байлығын қамтуы ықтимал.
Сонда ана тілінде сөйлейтін әрбір азаматтың лексиконында көп
дегенде жалпы сөздік қордың оннан бірі ғана белсенді түрде қолданыс
табады екен. Қалғанын ол сөз жүйесіне, сөйлеу ыңғайына қарай
түсінуі мүмкін. Жоғарыдағы біз келтірген мысалдар осы тәрізді
сөздердің қатарына жатады. Оның үстіне ескеретін бір жағдай: тілдің
соншама бай сөздік қорын ғасырлар бойы төкпей-шашпай жадында
жаттап, есінде сақтап келе жатқан халықтың өзі оны әрдайым белгілі
бір деңгейде, мөлшерде ұстауға тырысады.
СӨЗ ТӨРКІНІ
58
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Тілдегі сөз байлығының белгілі бір деңгейде тұруына, сөйтіп, оның
қоғамдағы коммуникативтік қызмет атқару міндетін ақтауына екі
түрлі себеп болады: бір жағынан ол жаңа пайда болған, сырттан енген
ауыс-түйіс сөздер арқылы байып, толығып жатса, екінші жағынан
қажетті өтеп барып, көнерген, ескірген сөздердің есебінен азайып
отырады. Тілдің табиғатына тән осы бір толассыз қимыл-қозғалысты,
өзгерісті организм клеткаларындағы болып тұратын «өлу-тірілу»,
жаңалану процесімен салыстыруға болатын тәрізді.
Бірақ тілдің лексикалық құрамындағы өзгерістердің өзіндік
бір ерекшеліктері де жоқ емес. Көнерген, ескірген сөздердің бәрі
бірдей біржола қолданыстан шығып қалмайды: олар бейне бір тіл
тұлғасындағы ескінің елесі, көненің көзі іспетті өз нақыш-сәнімен,
өз жарасымдылығымен көпке дейін сақталып қала береді. Бүгінгі
буындардың біле бермейтін ана тіліміздің сыр-жұмбағы дегенде,
біз оқырмандарды тілдік қордың осы жақтарына меңзейміз, оның
осындай ерекшеліктеріне назар аударамыз.
Бұл тәрізді сөздердің төркіні мен сырын ашу үшін жобалап ай-
тып, тұспалдап соғудан да, байыпты түрде жүргізілген ғылыми зерт-
теулердің, тарихи-салыстырма әдістің ең тиімді, нақтылы жақтарын
пайдалана отырып жасалған этимологиялық талдаулардың маңызы
зор деп білеміз. Айта кететін бір жағдай, аталмыш әдісті қолдану
дегенді біз тек құр фактіге сүйену ғана деп білмейміз. Бұл жерде
ең абзалы – әрбір тілдік фактінің астында жатқан семантикалық,
фонетикалық, морфологиялық, стильдік, тарихи-этнографиялық т.б.
социолингвистикалық заңдылықтарға сүйену.
Осы тұрғыдан қарастыра келіп, біз оқырмандар назарына қазақ
тілі этимологиясынан бірнеше этюдтер ұсынбақшымыз. Олар,
негізінен, фразеологизмдер құрамында кездесетін –дай/-дей
формалас сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерде ұшырайтын мағына
жағынан күңгірттенген, дербестігін жоғалтқан кейбір сөздер негізінде
жасалмақшы.
Фразеологизмдер құрамындағы мағынасы күңгірттенген сөздерден
этимологиялық этюдтер. Мысалы:
Мысы құру
фразеологизмінің
жалпы мағынасы елдің бәріне де түсінікті. Сонда
мысы
дегеніміз
не? Бұл сөз осы тұрғанында тәуелдік форма түрінде келгендіктен,
оның негізгі түбір тұлғасы мыс болмақшы. Бірақ бұл
мыстың «медь»
мағынасындағы
«мыспен»
еш қатысы жоқ. Қазақ тілінде
мыс
тек
осы фраза құрамында ғана сақталып қалған да, оның бұрынғы
лексикалық мағынасы ұмыт болған. Алайда бұл сөздің көне түркі,
бірқатар қазіргі түркі тілдерінде де әртүрлі фонетикалық тұлғада
(
біс
~быс~пыс~мыс~міс,
т.б.) сақталып, о баста да, қазір де пышақ,
қылыш, селебе тәрізді кесетін аспаптардың
өткір жүзін
білдіретіндігін
тарихи-салыстырма әдіспен толық дәлелдеуге болады. Сонда
тіліміздегі
мысы құру // мысы қайту
фразалары басқаша айтқанда,
«жүзі қайту, жүзі қайырылу, мұқалу»
деген нақтылы мағынаның
СӨЗ ТӨРКІНІ
59
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
негізінде жасалып, идиоматикаға айналған. Ол
«амалы таусылу», «беті
қайту», «айла-шарғысы жетпеу», «амалсыздану»
тәрізді мағыналарда
қолданылғандықтан, о бастағы
«жүз»
мағынасынан мүлдем алыстап
кеткен және ұмыт болған.
Біз сөз етіп отырған
мыс
сөзі, сонымен, түркі тілдерінің өзіне
ғана тән төл түбірі. Оның арғы төркініне барсақ, тілімізде күнделікті
қолданылып жүрген пышақ, пішу, пішен тәрізді сөздердің өздерімен
тарихи түбірлес екенін көреміз. Басқаша айтқанда,
мыс
та,
піш
те бір түбірден өрбіген сан алуан этимологиялық варианттардың
бір көріністері ғана. Дәл осы сөз, мысалы, қазіргі ұйғыр, тува т.б.
тілдерде
бис
түрінде жеке-дара қолданылып жүр. Бұл түбір сөз түркі
тілдерінде етіс және етістік мағынасында қатар айтыла беретін көне
синкретикалық түбірлер қатарына жататыны өзінен-өзі көрініп
тұр:
піш
бірде пышақтың жүзі, кесетін жағы да, бірде кесу, пішу
қимылының өзін білдіріп тұр.
Ал этимологиялық анализді ары қарата тереңдете түссек,
піш/
біс
түбірлерінің өзі Махмұт Қашқари заманында туынды түбір
болып есептелген; көне ұйғыр жазу ескерткіштер тілінде
бі [bi]
«пышақтың жүзі, пышақ сияқты аспап» мағынасында қолданылған.
Мәселен,
bi bϊčpu деген қос сөз «қол қаруы» (холодное оружие) деген
мағынада жиі кездесетіндігі ғалымдарға мәлім. Егер бес ғасыр бұрын
бі деген сөз пышақтың кесетін жүзін, пышақ тәрізді қаруды білдір-
се, кейінгі дәуірлердегі
пыш
~піс~быс~біс~мыс~міс
тәрізді тұлғалар
-с//-ш
форманты арқылы жасалған туынды түбір. Дәл осы дәуірде
олар қимылды да, затты да білдіретін синкретикалық қасиетке ие
болған.
Мыс
түбірінің тарихы, міне, осы.
Оқасы жоқ
немесе
Еш оқасы
жоқ
. Бұл фразеологизмнің жалпы
мағынасы бәрімізге де түсінікті. Бірақ осындағы оқасы деген қандай
сөз, қандай сөздермен қатысты? Ол жағы біздерге беймәлім. Оны
тек туыстас тілдердің дәл осы тәрізді фразеологизмімен салыстыру
арқылы ғана анықтауға болатын сияқты. Мысалы, қазіргі ұйғыр
тілінде
һеч вәқәси йоқ
тіркесі бар. Ол да «абыржуға, алаң болуға
тұрарлық уақиға болған жоқ» деген мағынада қолданылады. Сонда бұл
фразеологизмдер құрамындағы
оқа>оқа+сы
(қаз.) мен
вәқә>+си
(ұйғ.) екеуі бір сөз және ол, пайымдап қарасақ, араб тілінен ауысқан
väq’iä сөзінің қазақ және ұйғыр тілдерінің фонетикалық жүйесіне сай
өзгеріске душар болған екі түрлі варианты болып саналды. Басқаша
айтқанда, бұл сөздің екінші буынындағы [айн] – жоғарыдағы тілдерде
бірде [ғ] дыбысы түрінде қалыптасса, бірде мүлдем айтылмай, түсіп
қалуына байланысты екі түрде қалыптасқанын көреміз: қазақ тілінде
–
оқиға
және
оқа
, ұйғыр тілінде –
вәқия
және
вәқә
. Бұлардың
екінші варианты ауысып, тіл дәстүріне байланысты жоғарыдағы
фразеологизмдер құрамында ғана сақталғанын көреміз.
І
ш а й деспеу
немесе
і ш ә й десіп көрмеу
. Бұл фразеологизм
құрамындағы
ішай // ішәй
сөзі жеке-дара қолданылмайтын тәрізді.
СӨЗ ТӨРКІНІ
60
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Бұл сөзді біз екі морфеманың, яғни парсы тілінен енген
һеч
және
ай/ей
одағайының жымдаса бірігуінен пайда болған біріккен сөз деп
білеміз. Сонда бұл фраза о баста:
«бір-біріне еш «ай»(«айқайласу»,
«дауыс көтеру» мағынасындағы анайы естілетін одағай)
десіп көрмеген
түрінде айтылған да, кейін сөйлеу тілінің ыңғайына байланысты
құрамындағы
еш+ай
қысаң
ішай/ішәй
вариантына ауысқан.
Ш ы қ бермес Ш ы ғ а й б а й.
Тұрақты тіркеске айналған бұл
күрделі (анықтауышты) жалқы есімнің құрамындағы
шық
пен
шығай
сөздерінің мағынасы біз үшін күңгірт, беймәлім тәрізді. Алдымен
шық сөзін қарастырып көрейік. Бұл сөздің түркі-моңғол тілдерінде
жиырмадан астам варианты бар да, олардың бәрі «сырость/сырой»,
«влага/влажный», «мокрота/мокрый», «неспелый», «зеленый» мағына-
сында қолданылады екен. Олар мыналар:
шық
~шік~чық~чік~чіг~шы
й
~шій~чый~чій~зік~зық~зақ~зәқ~зах~зай~зәй~сыз~сіз~саз~сөз~сұй~
сүй
~жый~жій~жу~жү~жып~жіп,
т.б. Бұл қатардағы түбірлердің бәрі
де белгілі бір фонетикалық заңдылықтар, яғни [
ш
~ч~з~с~ж
], сондай-
ақ [
й
~к~қ~г~х~з~у~б~п
] дыбыстарының өзара алмасуы негізінде пайда
болып, түркі тілдерінің көпшілігінде не жеке, не туынды сөз құрамын-
да сақталғандығын көреміз. Тек қазақ тілінің өзінде ғана сақталған
шық
– «салқын түнде шөп басына тұрып қалатын дымқыл, су
тамшысы»;
сыз
– «ылғал, ызғар, дымқылды жер»; говорлардағы: зай/
зәй/зәк – «дым, дымқыл, дымқылдық, сыз»;
ши > шикі – «піспеген,
дымқыл, суы бар»
(өсімдік, нан, ет, т.б.);
жіб > жібіту, жіпсіп терлеу
(мұнда да беттің, дененің дымқылдануы);
сұй > сұйық
тәрізді сөздер-
дің төркіндес екеніне этимологиялық тұрғыдан күмән тудырмау керек.
Сонда
шық бермес
тіркесі о бастағы
«дым берместің»
синонимі.
Ал енді
шығай
сөзіне келсек, ол ерте замандарда қазіргі кедей,
кембағал сөздерінің орнына қолданылған, түркі тілдеріне ортақ
дербес сөз. Мысалы, «Күлтегін» ескерткішінде «кедей халықты бай
қылдым» дегенді
с’Cpaj budunuj baj gilt’im деп берген. Сол замандағы
шығай
~ чығай
сөзі, біздің пайымдауымызша, қазақ тілінде екі түрлі
формада сақталған: біреуі – жалқы есім құрамындағы шығай >
Шығайбай (дәл аударсақ, Кедейбай.
Шық бермес Шығайбай
– «дым
татырмайтын кедей, жұтаған бай») болады да, екіншісі –
шыған
;
ол қазақ тіліндегі
шығаннан шыққан кедей
деген фразеологизм
құрамында ғана кездеседі. Сонда ол – «кедейден шыққан кедей»,
немесе «кедейдің кедейі» деген мағынаны білдіреді деген сөз. Ал
шығай
мен
шыған
төркіндес, бір сөздің екі түрлі этимологиялық
варианты екенін «Көне түркі сөздігінен» анық көруге болады.
Мұндағы айырмашылық – көне түркі тілдеріне тән сөз аяғындағы
[й
~ н]
дыбыстарының фонетикалық сәйкестігіне байланысты
(мысалы:
қой – хон
варианттарын салыстыруға болады).
Зығырданы қайнау.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» бұл
фразеологизмді «ыза кернеу, ашулану» деп түсіндіреді және оның
«зығыры қайнау» түрінде айтылатынын ескертеді. Біздің ойымызша,
|