қызметкері, жазушы
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
70
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
дағдысы ережелерге сүйеніп емес, табиғи танымға қарай орнығып,
ереже, тұжырымдар адамзат тарихымен салыстырғанда, осы бертінде
ғана, сол заманалар бойғы сөйлеу, жазу тәжірибелерін қорыта отырып
жасалған ғой.
Міне, көресіздер ме, бізге ренжудің еш орыны жоқ. Әрине, біз
мұны тілші ғалымдарға бір тәжірибе жасап берейікші деген сана-
лы ниетпен, ойластырылған түрде жасаған жоқпыз. Бізді жағдай
мәжбүр етті. Уақыттың жақсылы-жаманды дуылы, ұлттық бостан-
дық, қалайда белең алған демократия ой еркіндігін оятты. Еркін ойды
айту үшін сөз де еркіндеуі керек болды. Бұрынғы тұсаулы, шілдер-
леулі, өрелеулі, арқандаулы сөздер босатылды. Өйткені, саясат толқы-
нында қылт еткенді алдымен көріп, сарынды жұрттан бұрын естіп,
көпке жедел жариялап, отқа да, суға да түсіп жүрген жорналшылар-
дың күйдім-жандымда тіл мүмкіндігін барынша пайдалануларына
тура келді. Жорналшының «ер қаруы бес қаруының» бастысы тіл
болса, майдан қызған шақта енді қайтпек? Керегінше сілтеді. Қалай
болғанда да біз, жорналшылар, талмаусырап жатқан ұлт тіліне дем
салып, оған тәуелсіздік шапағының нұрын түсірдік. Тіл жанданды,
ол түлеу үстінде. Алайда, әлі жүйеленген жоқ. Сөз қолданыстағы,
сөйлем құраудағы, емледегі, тыныс белгілеріндегі қайшылықтар
ызы-қиқу, орфография у да шу. Бүгінгі қазақ тілінің орфография-
лық, тұтастай лингвистикалық кереғарлықтары көп деген сөзге сый-
майды, өрескел десек болады. Әрбір газет-жорнал, тұтастай ақпарат
тарату редакцияларының, баспалардың, әрбір қалам ұстаған жанның,
тіпті қазақ тілін пайдаланатын әр адамның өз жазу, сөйлеу «тілі» бар
ма дерсің! Қызды-қыздымен кейбір әріптестеріміздің, тіпті «Азаттық»
радиосының «тіліне» де еліктеп кететіні байқалады.
Біздің осындай істерімізге қапа болған тілші ғалымдар қатты өкпелі.
Жариялаған мақалаларында, әртүрлі орталардағы сөздерінде, пікір
алысуларда: – Біз ережелерді өзгертіп, оқулықтарды жаңартып болға-
нымызша, тек бұрынғы қағидаларды ғана басшылыққа алып жазыңдар,
– дегенді айтады. Ал, ол жаңа ережелерді олар «латын әліпбиіне көшіп»
болғаннан кейін барып қана жасамақ ойда көрінеді. Бұл деген «қашпаған
қашардың уызына қарату» ғой. Мына қайнаған өмірде сайраған тіл
бұған енді көнер ме, сандыққа қайта шөгер ме?! Ескі күйреп, жаңа
түлеп жатқанда қайта қанаттанған қазақ сөзін енді тежеудің, қайыра
тосқауылдап, бетін қайырудың жөні жоқ. Дұрысы – бабын тапқан.
Біз өз тіліміздің дыбыстық тұрғыда түркі текті басқа әулеттерімізден
басқашалау, айқын, анық естілетініне көңіл аударуымыз керек. «Бізде
анау әріп артық, мынау таңбаның керегі жоқ» деген сөз орынсыз,
бұл тек саясатқа сайғандық қана. 42 таңбалы осы әліпбиіміздің
шыңдалғандығы сонша, мұнымен қай ел, қай жұрттың дыбысталуы
күрделі қандай сөзі болсын, бұлжытпай бейнелеуге болады. Осы
жазудың бастауындағы сонау Ыбырай Алтынсариннен бермен
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
71
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
қарай осы әліпбидің қалыптасу жолына, әрбір дыбыстың қосылу
тарихына, таңбалардың жетілдірілуіне зер салсаңыз, біздің ата, әке
буын лингвистерімізге бас иесіз. Бұлар әлемдік тіл ғылымының барша
заңдылығын игерген, һәм бүкіл түркі тілдері тармақтарының үнін,
славян, һәм араб жазулары мен тіл қағидаларын зерделей отырып, ұлт
әріптерінің дыбыстарын анықтап, жазылу емле-ережелерін жасаған
тұңғыш ұстаз-лингвист Ахмет Байтұрсынұлының сараптауынан өтіп,
кейінгі толқын жетілдірген ақаусыз дыбыстар. Кез келген басқа тілде
сөйлей алатын қазақтың сол тілді бұзбай, яғни акцентсіз сөйлеуі, болса
болмаса да, орыс тілін орыстың өзінен де өткізіп жіберуі – осы дыбыс
байлығының, тіл төселгендігінің нәтижесі.
Иә, Ахаң ұлт тәуелсіздігін қандай арман етсе, ұлт тілінің азаттығын
да солай тілек қылды. Сол шақтың өзінде ұлт тіліне көлеңкесін түсіріп
үлгірген орыс тілінен қатты қауіптенді. «Шошқа деп жазып, ит деп
оқып не керек» деп латынды да қолдамады. Бұның екеуін де тегі бір
таңба санап, ұлттың тарихи қалыптасқан үрдісі мен сол шақтағы
азаттық тілеген рухына сәйкес келетін араб қарпіне негіздеген қазақы
таңбалар жасады. «Ахметтің төтеншесі» атанған бұл жазу
− дәйекші
қызметі арқылы аз таңбамен қазақ дыбысын түгел беруді қарастырған.
Ахаң қазақ тілінде «43 түрлі дыбыс» болуы мүмкіндігін мегзейді.
Дыбысқа Ахаң қатты ден қойған. Осыған жазылған еңбектерінен
тысқары бір мысал, «І»-ге қатысты мынадай әңгіме бар. Ахаңның
жоғары оқу орнында сабақ беріп жүрген, ал белгілі тілші-ғалым Ісмет
Кеңесбаевтың оқып жүрген кезі екен. Ахаңның сынға түспеген шағы
бар ма, сондай бір беталыстың салқыны болып тұрған тұс болса керек.
Ахаң сабағы басталар алдында Ісмет студенттердің алдына шығып,
−
Ахмет қате айтады, қазақта «І» дыбысынан басталатын сөз жоқ,
− деп
сынап жатқан үстіне кіріп келіп,
− «Ісмет шырағым, кәнекей, алдың-
дағы тақтаға ісік деген сөзді жазшы»,
− депті. Тақтаға қолын соза беріп,
Ісмет қалт тоқтапты. Сол күннен бастап ол өз есімін бұрынғыдай Смет
демей, Ісмет деп жазатын болыпты.
Ол кезді айтасыз-ау, осы күні бүгін де Олжас Сүлейменов «қазақ
тілінде мұндай дыбыс жоқ» десе («Каз.правда» №54, 1996 г.), оған
үндес сол газетте Самиғолла Омарұлы «Қазақта «ы»деген әріп жоқ
деп» (02.03.1996 г.) «Ы»-ны ыңқ еткізіп екі теуіп, әріп қатарынан
ытқытып жібере жаздады. Ал, сол кездегі «Казахстанская правда»
газеті болса, осыны кәдімгідей басшылыққа алып, ережедей ұстана
бастады («Ана тілі». №27. 1996 ж.). Ал ы-сыз сөйлеп, жазып көріңізші,
қандай қойыртпақ шығар екен?!
Бізге қазақ тілінің дыбысталуы, қазақ тіл ғылымы алыптарының
құлақ бұралуын дұрыс қоюлары арқасында, бапты жетті. Қазақ тілі
− шіңкілдемей, мыңқылдамай, тыңқылдамай, бұратылмай, құмықпай
ашық айтылатын тіл болып қалыптасты. Тілдің қалыбы
− дыбыс. Бұл,
яғни қазақ тілінің дыбыстары әріптермен дөп таңбалаған. Қазақ тілі
−
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
72
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
дыбысы толық бейнелеген, тынысы кең тіл. Жазу әріптері табиғи сөй-
леу үрдісіне жақсы жымдаса отырып, тіліміздің ашық, анық дыбыс-
талуын орнықтырған. Егер бұл жүйе бұзылар болса, қазақ жазбаша
біртүрлі жазып, ауызша басқаша сөйлейтін болады. Сөзді белден
бұрап, бунап жазып, бұлдырата, былдырлай айтуға айналады. Қазақта
«в» дыбысы жоқ деп, оны басқа дыбыстарға алмастырып жазып
жүргендер бар. Мәселен, Европаны – Еуропа, вагон
− багөн, автор –
аутор дегендей. Ал бұлайша да, басқаша да еш өзгертуге болмайтын
қаншама химия, биология, физика, математика т.б. ғылымдар сала-
ларының терминдері, географиялық, әкімшілік-аймақтық атаулар,
тарихи тұлғалар есімдері бар. Мысалға, ватт, ваттметр, ватт-сағат,
вольт, вольтметр, вольтампер, вольфрам, ваннадий, висмут, вирус,
Вюрм мұздануы дегендей, қалайда соқпай тұра алмайтын, жүздеген,
мыңдаған сөздер бар. Әріпті де өзіміз білетін 5-6 сөзбен шектеп
бағаламай, мемлекеттік деңгейдегі тұтастықта, ұлттың дүние жұрты-
мен қарым-қатынасы, ғылым мен техниканы игеру және пайдалану
өресінде қарастырған абзал.
Тіпті, кейбіреулер компьютер бағдарламасына келмейді деп біздің
қандығара тоғыз әрпіміз – ә, ғ, қ, ң, ө, ү, ұ, һ, і-лерді «емдеу» керек деп
те соққандар (мысалы, «Новое поколение» №14. 1997 ж.») 42 таңбалы
әліпбиден арабтан, орыстан келген әріптерді алып тастап, 26 таңбаға
дейін түсіру керек дегендер де көп болды. Қытайдың несан иероглифін
хаттаған компьютер қазақтың 42 таңбасын түсіре алмайды деген не
сөз? Не болса соны далбасалап, жұртқа күлкі болатынымыз осын-
дайдан-ау. Біз тәуелсіз ел, дербес мәртебелі мемлекет болып, оның
мемлекеттік тілі қазақ тілі болғандықтан, халықаралық қарым-
қатынастағы барлық ресми құжаттар, қандай болсын бізбен қатынасқа
келіп, хаттамаласқан елдің тілі мен қазақ тілінде ғана жасалады.
Мәселен, Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы
арасында тек қана ағылшын-қазақ тілдерінде, Ресей-Қазақстан ара-
сындағы міндетті түрде орыс-қазақ тілдерінде дегендей. Бұл – эти-
кет, тәуелсіздік нысаны, тарихи қалыптасқан қағида. Оны тек өзін-
өзі қорсынған, өз тілінен жерінген, әлдебір елге жалпақтағандар
ғана бұзады. Міне, осы тұрғыдан келе отырып, біздің мемлекетіміз
дүние жұрттарына қайсысымен қай салада, қандай деңгейде келісім
жасап, хаттамаласатын болса да, өз ана тілімізде сол сөздерді толық
бейнелей алуымыз қажет. Сондықтан да біз тіліміздің бай дыбысын
жоғалтпауымыз, кемітпеуіміз керек. Барыңды бұтарлап тастап,
өз тіліңнің қандай әуезді үнін мыңқылдатып қойғандағы табарың
не, бәтір-ау? Тіл тағдырын технократтық тұрғыдан да саясатқа
салынушылықпен де, дүрмекке ерген желбуаз қиялдарымен де
шешуге болмайды. Өйтсек, қазақ тілі мен мәдениетін құрдымға
сіңіріп, Қазақстанды екінші Америка жасамақ ниеттегі батыстың
ыңғайына қарай бал ашатын Нора тәрізді көріпкелдердің («Ковчег»
№2. 1999) жетегінде кеткеніміз. Өз үнімізге өзіміз құм құйып, тілімізді
тұншықтырып алмайық.
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
73
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Дұрыс әліпбидің емле-ережесі ешқашан
бұрыс болмайды.
Бұрыс әліпбидің емле-ережесі ешқашан
дұрыс болмайды.
Е
лімізде латын әліпбиі үлкен қоғами пікірталас тудырып барып,
қазіргі кезде ептеп сабасына түскен тәрізді. Ендігі әңгіме «өтеміз
бе, өтпейміз бе» дегеннен арылып, «қалай өтеміз» дегеннің төңірегіне
топтасып отыр. Басы ашық мәселені талқылап арпалыса бермей,
негізгі іске көше бастағанымыз құптарлық жай. Әңгімені латын
әліпбиіне бағыштай бермей, қазақ жазуының кешенді реформасына
бұрсақ, бәрімізге ортақ оң нәтижеге жеткен болар едік.
Әрине, қазақ жазуын латын әліпбиіне ауыстырудың жақтаушы-
лары да жеткілікті, қарсыластары да аз емес. Жақтаушылар мен қарсы
болушылардың өз дәлел-дәйектемелері бар.
Бүгінгі күннің өзекті
мәселесі – жазу
реформасы
Әлімхан ЖҮНІСБЕК
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институтының
бас ғылыми қызметкері,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
74
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Жақтаушылар латын әліпбиін әлеми ақпарат кеңістігіне шығатын
бірден бір төте жол және ғылым мен техника саласындағы жоғары
технологияны игерудің ең тиімді амалы деп санайды. Сонымен қатар
орыс жазуы мен оның емле-ережесінің (орыс тілінің емес) қазақ тіліне
тигізіп отырған зардабын көрсетіп, жаңа әліпбиді қазақ тілінің ұлттық
нақышын сақтап, оны әрі қарай дамытудың амалы, яғни лингво-
мәдени ұстаным ретінде ұсынады. Сондықтан да әліпби мәселесін кең
қамтып, кешенді жазу реформасын (әліпби, таңба (әріп), емле-ереже)
жүргізуді қалайды. Жазу реформасын белгілі бір тілге қарсылық емес,
күшпен таңылған (тоталитарлық, өктем) емле-ережелерден арылып,
қазақ тілінің төл айтылым құрылымына лайық жазу қағидаларын
қалыптастырып алуды көздейді.
Қарсылар кирилл негізіндегі жазба мұрағаттардың қамын ойлап,
оның үстіне көпшіліктің сауатсыз болып қалу мүмкіндігін алға тартады.
Қол жаттығып, көз үйреніп қалған орыс жазуының дағдысынан
арылғысы келмейді. Саяси ахуалдың ушығып кетуінен де қауіптенеді.
Қалай болғанда да, бүгінгі таңда латын әліпбиінің ондаған жобасы
жарияланды, тағы сондай жобалар әркімнің қолында жүр. Жобаны
жеке автор немесе ұжым болып ұсынып жатыр. Жоба авторларының
мамандығы (мұғалімдер, оқытушылар, техника мен жаратылыстану
ғылымдарының өкілдері, тіл мамандары, журналистер, информатик
т.б.) мен әлеуметтік мәртебесі (зейнеткерлерден бастап академиктерге
дейін) түрлі-түрлі. Арнайы патент немесе куәліктермен жабдықталып
қойылған жобалар да жоқ емес. Алайда, жоба ұсынушылардың басым
бөлігі әліпби ауыстыруды бір таңбаны (кирилшені) екінші таңбамен
(латыншамен) алмастыру ғана деп түсініп отыр. Сондықтан жоба
авторларының ең алдымен әліпби құрастырудың тарихи дәстүрі мен
жазу теориясынан тиянақты ғылыми білімі болу керек.
Өкінішке орай, тағы қайталай түсуге тура келеді, жоба автор-
ларының барлығы дерлік әліпби ауыстыруды бір таңбаны екінші
таңбамен алмастыру ғана деп түсінеді. Бұл – әліпбиді ауыстырудың
бас қатырмайтын ең оңай тұсы. Тіптен қазақ тілінде қанша дыбыс
және қандай дыбыстар бар екенін білмей жатып, жоба ұсынып
жатқандар бар. Қазіргі әліпбиіміздегі 42 таңбаны қайтсем компьютер
түйметақтасының 26 түймешесіне сыйғызамын деп әлек болып
жатқандар тағы бар. Сондықтан да ұсынылған жобаларда ешқандай
тілдік дәйектеме жоқ. Себебі әліпби ауыстыру бір таңбаны екінші
таңбамен алмастыру ғана емес. Ең бастысы, әліпби ауыстыру деген
соқыр (механикалық) көшірме емес.
Дұрысында жазу реформасы қазақ жазуының үш құрамды бөлігі
әліпби (алфавит), таңба (әріп) және емле-ережені (орфография) өзара
байланыстыра шешіп беруге тиіс.
Ең алдымен қазақ тілінің төл дыбыс құрамы дұрыс анықталып,
төл дыбыстар өз алдына, қазақ тіліндегі кірме дыбыстар мен әріптер
өз алдына топтастырылу керек. Бірінші кезекте төл дыбыстардың
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
75
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
әріп таңбалары анықталады, сөйтіп қазақ тілінің төл әліпбиі түзіледі.
Әліпби төл дыбыстар құрамын түгел қамтып, үйлесімді түзілетін
(тізбектелетін) болу керек.
Жаңа қазақ әліпбиін тіліміздің төл дыбыс құрамын анықтаудан
бастаудың себебі бар. Өйткені қазіргі 42 таңбалы әліпбиімізді «қазақ
әліпбиі» деп атаудың еш реті жоқ. Өйткені ол «қазақ әліпбиі» емес,
«қазақ-орыс әліпбиі», тіптен ақиқатын айтып «орыс-қазақ әліпбиі»
десе де болады дегенді бұрын да айтқан едік. Өйткені әліпбиіміз бір
тілдің емес, әлдеқашан қос тілдің әліпбиі болып орнығып алды. Ешбір
мемлекет, ешбір ғылыми жұртшылық әріп санының (құрамының)
көптігін айтып мақтанбайды. Әріп саны көп болды деген сөз – ол
тілдің әліпбиінде бір кемшілік бар деген сөз. Әріп саны неғұрлым кем
болса, ол соғұрлым жетілген әліпби болып саналады.
Егер әліпбиге байланысты бүгінгі науқанды жазу реформасына
айналдыра алсақ, онда қазіргі қазақ жазуының емле-ережесінің
көптеген жаңсақ тұстарынан арылар едік. Себебі кезінде араб
дәстүрімен, кейіннен орыс жазуының ықпалымен енген бір топ
кірме әріптер мен емле-ережелер қазақ тілінің ішкі айтылым
заңдылықтарына кереғар келіп жатыр. Соның нәтижесінде жазумен
тілі шыққан кейінгі жас ұрпақтың, тіптен, жас ұрпақ қана емес,
ересектердің де тілі бұзылып барады. Мысалы, мектептен бастап
«мынау – и» деп орыс тіліндегідей жіңішке айтқызып үйретіп,
сонан соң жартыкеш емлеге сүйеніп, қазақ сөзін
ми
деп жазып
қоямыз. Сөйтіп қазақтың
ый, ій
деген дыбыс тіркесін орыстың
и
деген дауысты таңбасына байлап беріп,
ми
деп жазып, кейінгі
ұрпақты
мый
деп айтқыза алмай әлек болып келеміз. Осыдан кейін
баланың қазақтың
мый
деген сөзін
ми
деп жіңішке айтпасқа амалы
жоқ. Бүгінгі күндері солай айта да бастаған тәрізді. Жас ұрпақ
тілінен мұндай мысалдарды көптеп табуға болады. Тіл мамандары
орыс жазуының мұндай тіл бұзар әсерін көрмей отырған жоқ. Қазақ
жазуына жасалар болашақ реформаны (тек қана әліпби ауысты-
ру емес) тіл бұзар емле-ережелерден құтылудың бір амалы деп тү-
сініп отыр. Сондықтан орыс тілінің ықпалы дегенде, орыс тілінің
өзін емес, оның төркіні бөлек емле-ережесінің туыстығы бөлек қазақ
тіліне орынсыз тықпаланғандығын айтамыз. Табиғаты бөлек орыс
әліпбиін орыс тілінің емле-ережесімен қоса алғандықтан, қазақ
сөзінің айтылым үлгісі сол жазу келген тілдің қанжығасында кеткені
рас. Бұл – дәлелдеп, тарих көрсетіп отырған жай. Ол дәлелді алыстан
іздемей-ақ, орыс жазуының үлгісімен қалыптасқан қазіргі ұрпақ
тіліне көңіл бөліп көрейікші.
Әліпби ауыстырудың үш деңгейі бар: бірінші – әліпби деңгейі,
екінші – таңба (әріп) деңгейі, үшінші – емле-ереже деңгейі. Егер біз
әліпби құрамын өзгертетін болсақ, онда оның ар жағындағы таңба
(әріп) және емле-ережелеріне де өзгеріс ендіруіміз керек. Таңбаға
өзгеріс ендіретін болсақ, онда оның емле-ережеге әсері қандай
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
76
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
болмақ, алдымен соны ойлап алуымыз керек. Бұл – тіл мамандары
мен әдіскерлердің шешетін мәселесі. Әрине, әліпби мәселесіне әртүрлі
мамандардың қатысы болады.
Сондықтан әркім өз орнын біліп араласса дейміз. Мысалы:
тіл мамандары тілдің әліпби құрамын анықтап, емле-ережесін
құрастырады; математиктер әрбір әріп пен таңбаның кездесім жиілігін
есептеп шығады; информатиктер компьютер түйметақтасына оңтайлы
орналастырудың амалын қарастырады; сызбашылар әріп сұлбасының
қолтанымға икемді үлгісін іздейді; әдіскерлер оның сауат ашу
дағдысын бағалайды; көз дәрігерлері көзтанымға әсерін байыптайды;
психологтар бала жүйкесіне шақ келу жағын пысықтайды т.с.с. Көріп
отырсыз, бәріне жұмыс табылады. Тек, тағы да қайталап айтамыз,
әркім өз орнын білу керек.
Мәселенің ең қиын тұсы – «айтулы қырық екімен» байланып
қалған көпшілік санасын оятып, «өзіміздікі деген – мынау, өзгенікі
деген – анау» деп түсіндіріп алу. Біздің ойымызды дұрыс түсінген
жөн. Өйткені басқаларды былай қойғанда, қазақ тілі пәнінің мектеп
мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының өздері төл
дыбыстардың басын ажыратып ала алмай жүр. Әрине, бұл олардың
кінәсі емес. Мектептен бастап, жоғары оқу орнын бітіргенше, бір
ұрпақтың жарты өміріне жуық, «қазақ тілінде 42 дыбыс (әріп) бар»
деп тоқпақтай берсе, кімде болса сеніп қалады. Сеніп қалған соң
бұрыстың өзі дұрыс көрініп, дұрыстың өзі бұрыс көрініп жатады. Біз
бәріміз қазір осы күйді бастан кешіп отырмыз. Өз ағайындарымыздың
өзінен қазақтың бар дыбысын жоқ деп, жоқ дыбысын бар дейтін уәжді
әлі көп еститін боламыз. Құлақ үйренген орыс тілінің дыбыстарынан,
көз үйренген орыс тілінің әріптерінен арылтып алу оңай болмайды.
Сонымен, бірінші кезекте, мамандар анықтап берген қазақ тілінің
төл дыбыс құрамын танып-біліп, қазақ сөзінің дыбыс тұрқына көз
үйретіп, оны бәріміз түгел мойындауымыз керек. Турасын айтқанда,
қайта сауаттануымыз қажет. Ол үшін қазақ жазуының бүгінгі
«бейнесіне» көз жүгіртіп өтейік. Сонымен,
Морфем талданым:
- оқы етістігінің көсемше түрі оқи болса, сонда көсемшенің
көрсеткіші дауысты и дыбысы болғаны ма? Онда көсемшенің бір
«көрсеткіші дауыссыз й [y]» деген ереже қайда қалады?
- оқы етістігінің тұйық рай түрі оқу болса, сонда тұйық райдың
көрсеткіші дауысты у дыбысы болғаны ма? Онда тұйық райдың
«көрсеткіші дауыссыз у [w]» деген ереже қайда қалады?
Ең сорақысы, осы жердегі «дауысты ы дауысты у-мен алмасады»
деп түсіндіретін ереженің барын қайтерсің! Ал оқы етістігі дауысты
ұ-ға (жарайды, тіптен, көз елес ы дауыстысы бола қойсын) аяқталып
тұрғаны, оған келіп дауыссыз у [w] тіркесіп, тұйық рай оқұу [oquw]
жасалатыны қаперімізге кірмей-ақ қойды.
Қазақтың ұу дыбыс тіркесінің естілімі орыстың у дауыстысының,
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
77
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
қазақтың ый (-ій) дыбыс тіркесінің естілімі орыстың ы (-и) дауысты-
сының естілімімен жалған ұқсас екеніне сеніп қалғанбыз.
Буын талданым:
- миы сөзінің буын құрамы ми-ы болып, алғашқы буын дауысты и
дыбысына аяқталып, келесі буын дауысты ы дыбысынан басталып тұр
ма? Онда қазақ сөзінің ішінде «буын дауысты дыбыстан басталмайды»
(А.Байтұрсынұлы) деген ережені қайда қоямыз? Оның үстіне сөз
соңында «дауысты буын тұрған деген не?» деп, аң-таң боламыз.
- суы сөзінің буын құрамы су-ы болып, алғашқы буын дауысты у
дыбысына аяқталып, келесі буын дауысты ы дыбысынан басталып
тұр ма? Ендеше қазақ сөзінің ішінде «буын дауысты дыбыстан
басталмайды» деген ережені тағы еске сала кетеміз. Оның үстіне «сөз
соңында дауысты буын неге тұр?» деп, тағы аң-таң боламыз.
Тасымал талданым:
- жиын сөзі жи-ын болып тасымалданып, тасымал жігі екі
дауыстының арасынан өтіп тұрады ма? Онда «қазақ сөзінің ішінде екі
дауысты қатар тұрмайды» деген ережені қайда қоямыз? Оның үстіне
«сөз соңында тұйық буын тұрған деген не?» деп, әрі-сәрі боламыз.
- суық сөзі су-ық болып тасымалданып, тасымал жігі екі дауыстының
арасынан өтіп тұрады ма? Ендеше «қазақ сөзінің ішінде екі дауысты
қатар тұрмайды» деген ережені тағы қайталаймыз. Оның үстіне
«сөз соңында тұйық буын неге тұр?» деп, әрі-сәрінің үстіне дел-сал
боламыз.
Көріп отырғанымыздай, аттаған сайын сұрақ белгісі алдымыздан
шығып отыр. Бұл – бүгінгі қазақ жазуының, жұмсартып айтқанда,
күмәнді тұстары көп деген сөз.
Қызық үшін,
аюы сөзін тасымалдауға тура келіп қалды дейік:
а-юы деп тасымалдай алмаймыз, өйткені «алғашқы жолда жалғыз
дауыстыны қалдыруға болмайды» деген ережеміз бар; аю-ы деп
тасымалдай алмаймыз, өйткені «келесі жолға жеке дауыстыны
шығаруға болмайды» деген ережеміз тағы бар. Шешімі жоқтың
шешімін әркім өзі тауып көрсін.
Ендеше «қазақ жазуына реформа керек пе, жоқ па?» деген
сұрақтың жауабы біреу-ақ – керек! Сонда жоғарыдағы «жұмбақ» оп-
оңай шешіледі: a-yu-wu.
Ең жақсы жазу деп ереже-ескертпелері мейлінше аз жазу-
ды айтады. Ондай жазу үлгісі тілдің төл дыбыстары мен төл таңба-
лар (әріптер) үйлесімін тапқанда ғана құрастырылады. Ендеше әліп-
би құрамы дұрыс анықталып, оның таңбалары қазақы реттелсе,
емле-ережені жөнге салудың төте жолы ашылады. Сонан соң, сауат
ашуды тек сауатты жазу деп түсінбеген жөн, сауат ашу сауатты
қазақы сөйлеудің де (сөздерді дұрыс дыбыстаудың) амалы болып
табылады. Ал сауатты сөйлеу үшін емле-ереже дұрыс болу керек.
Кез келген жазуды кез келген тілге жамап-жасқап пайдалана
беруге болады. Алайда, мақсат «әйтеуір жазу» болмау керек. Жазу
|