ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
19
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
«Иртыш» газеті 1990 ж. - 83650 дана, ал «Семей таңы» - 27360 дана
болып қана тараған екен.
Қазақ КСР Оқу министрілігінің мұғалімдерге арналған «Қазақ тілі
мен әдебиеті» ғылыми-әдістемелік журналы 1958 жылдың наурызынан
1959 жылдың қарашасына дейін айына бір рет шығып тұрды. Ана
тілі мен әдебиетті оқытып үйретудің методикасына жете көңіл бөліп,
оның теориялық, практикалық мәселерін жан-жақты талқылап
отырды. Тың игерудің кері әсері осындай журналдың да жабылуына
әкеліп соқтырды. Ұзақ үзілістен кейін, 1990 жылдан журнал қайтадан
шығарылуда.
Американ социологтары Стефэн мен Этель Данның пікірінше
бұрынғы кеңес Одағындағы ұлт тілдерін аздырып-тоздырудың және
орыстандырудың аса ықпалды құралы тап осы мектептер болып
табылады. Аралас орыс-қазақ мектептерін ашуға құмарлық сонау
патша өкіметі заманында қолданылып келе жатқан тәсілдердің бірі.
Мәскеудің тіл саясаты горбачевтік қайта құру тұсында да
айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Демократия, жариялылық деген
сөздер көп айтылғанмен олардың әкелген жақсылығын көрген қазақ
болмады. 1989 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті
мен Қазақ КСР Министрлер кеңесі «Республикада қазақ тілін оқып-
үйренуді жақсарту туралы» және «Республикада орыс тілін оқып
үйренуді жақсарту туралы» қос қаулы, ал сол 1989 жылы Қазақ КСР
Министрлер кеңесі осы қаулыларды орындау жөніндегі қосымша
шаралар туралы қаулы қабылдады. Осылайша аралас мектептердің
екінші бір баламасы «қостілділік» проблемасы туындады. Әрине, бұл
қаулылар қазақ тілін ұшпаққа шығармаса да, көңілге медет еді: қазақ
тілін үйренушілерге арналған үйірмелер ашылып, мерзімді баспасөз
беттерінде екі тілде сабақтар ұйымдастырылды, орысша-қазақша
сөздіктер шығарыла бастады. Сонымен бірге жаппай ашыла бастаған
орыс-қазақ аралас мектебінің бұлжытпас заңдылығы «қостілділік»
болып, олардағы оқу-тәрбие жүмысы орыс тілінде жүргізілгендіктен
орыс тілі үстемдік құра берді. Қазақ тілінің қолданылу аясы
тарылды, саны азая түсті. Қазақстанда 1980/81 оқу жылында барлық
оқушылардың 64%, ал 1988/89 оқу жылында 67% сабақтарды орыс
тілінде оқыпты. Сондай-ақ сабақтар қазақ тілінде оқытылған мектеп
оқушылары 1980/81 оқу жылында 33% болса, 1988/89 оқу жылында 30%
болыпты. Яғни ана тілінде оқитын шәкірттер саны бірте-бірте азайған.
1986 жылы желтоқсан оқиғаларына байланысты КОКП Орталық
Комитетінің 1987 жылғы шілде айында қабылдаған «Қазақ
республикалық партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық
және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы» қаулысында
«қазақ ұлтшылдығы» жайлы орынсыз айыпқа жол беріліп, мұның
зияны қазақ тілі мен қазақ мектебінің жай-күйінің төмендеуіне әкеп
соқты. 1990 жылы ғана бұл қаулы күшін жойып, жіберілген қателер
мойындалды.
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
20
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Қазақ тілінің көптеген объективті себептерге байланысты
беделінің төмендеуі, қолданылу аясының тарылып, атқаратын
қоғамдық қызметінің ауқымы тұрмыс аясымен шектелуі ұлтжанды
зиялылардың жанына батты. Халқының қолдауына ие болған
олар қазақ тілін Қазақстанда мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге
бағышталған қозғалысты бастап жіберді. Міне, осындай себептердің
нәтижесінде және Кеңестер Одағының ыдырай бастаған шағында
Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1989 жылғы қыркүйектің
22-де Қазақ ҚСР Тіл туралы Заңын қабылдап, оның 1-ші бабында
қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Осы занды нақты шаралар
жүйесі арқылы іске асыру мақсатында 1990 жылдың шілде айында
«Қазақ тілін және Қазақ КСР-індегі басқа да ұлт тілдерін дамытудың
2000 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы»
қабылданды.
Тіл туралы Заң күшіне енгеннен кейін республикада қазақ
тіліне жете көңіл бөлініп, ұлттық мектептер көптеп ашылайын деді.
Жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес бұрынырақта
жабылған мектептердің орнын толтыру ісі қолға алынды. Айталық,
1988/89 оқу жылында қазақ мектебінің жалпы саны 2530 болса,
1990/91 оқу жылында 2766-ға жетті. Бұл бір оқу жылында 236 қазақ
мектебі қалпына келтірілді деген сөз. Ал 1993 жылы оқу қазақ тілінде
жүргізілетін мектептер саны 3173-ке жетіп, орыс мектептерімен
деңгейлес болды. Алматыда 1988/89 оқу жылында не бары 3 қазақ
мектебі болса, 1992/93 оқу жылында 19 қазақ мектебі жұмыс істеп
тұрды.
Он екінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі-
нің тоғызыншы сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан
Республикасының Конституциясы қабылданып, оның «Конститу-
циялық құрылыс негіздері» бөлімінде «Қазақстан Республикасында
мемлекеттік тіл –қазақ тілі» деп айқын жазылды.
Мемлекетіміздің Ата Заңында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде
танылуына шовинистік пиғылдағы орыс зиялылары алғашқыда
қарсылық білдіріп, орыс тіліне де осындай мәртебе беру талабын
қойды. Президентіміз Н. Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында
мұндай бұра тартулар сабасына түсті. Қазақ тілінің мемлекеттік
мәртебесі Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған
Конституциясында да бекемделді. 1997 жылғы 11 шілдеде Президент
Н. Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан
Республикасының Заңына» қол қойды.
Қазақ тілі бүкіл дүние жүзі таныған қазақ ұлтының, Біріккен Ұлттар
Ұйымына мүше болып қабылданған Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі болып табылады. Тарих шырғалаңынан енді ғана азат
болған қазақ тілін тәуелсіздік шыңына көтеру үшін әлі талай тер төгуге
тура келеді. Мұнсыз ол ұлт тірегіне айналмайды. Бұған баршамыз
атсалысуға міндеттіміз.
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
21
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Сары ұйғырлардың дәстүрлі мәдениеті
М
әдениетаралық қарым-қатынас түрлі тарихи оқиғалар
қатпарынан тұратын күрделі үдерістер негізінде дамитын-
дықтан бірнеше факторлардың ықпалын қамтиды. Этномәдени
кеңістіктің ұлғаюы немесе ықшамдалуы, этностардың өз атамекенінен
ығыстырылуы, өзінің ата-жұртында отырып-ақ ассимиляцияға
ұшырауы, тіпті тұтастай жойылып кетуі де тарихи-эволюциялық
үдеріс. Мұндай тарихи оқиғалардан түркі халықтары да тыс
қалмағаны белгілі. Ежелгі замандардан бері дербес тайпалық одақтар
мен хандықтарға бөлінсе де, өзара ұласып, сабақтасып жататын түркі
кеңістігі ыдырап, араларына басқа мәдениеттер орнықты. Бұл негізін
жалпытүркілік тілден алатын, сан ғасырлық даму жолынан өтсе де
жалпытүркілік табиғатын сақтап келе жатқан түркі тілдерінің дамуы
Гүлғайша САҒИДОЛДА
Л.Н.Гумилев атындағы
ЕҰУ профессоры,
филология
ғылымдарының докторы
Мағрипа ЕСКЕЕВА
Л.Н.Гумилев атындағы
ЕҰУ профессоры,
филология
ғылымдарының докторы
Сары ұйғырлар этнотарихы
және лингвомәдени
үдерістер толқынында
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
22
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
мен функционалдық әлеуетінде, түркілік бастауларға негізделген
дәстүрлі мәдениетінде белгілі бір дәрежеде із қалдырды.
Ассимиляциялық үдеріс өтіндегі сары ұйғырлар (йоғурлар немесе
ойғурлар) Орхон бойын мекендеген тоғыз оғыздардың ұрпағы [1, 4]
ретінде қарастырылады. Көне дәуірлердегі оғыз, қыпшақ тәрізді ірі
түркі тайпаларының арасына шек қойып, бір-бірінен мүлдем ажыратып
қарауға болмайтынын бүгінгі түркітану ғылымы негіздеуде. Өзара туыс
түркі тектес ірі тайпалардың атауын білдіретін
qïpšaq және оγuz этно-
нимдері белгілі бір дәрежеде жалпылама мәнде
türk/türki этнонимінің
баламасы ретінде қолданылуы да мүмкін. Себебі мемлекеттік деңгей-
дегі ірі тайпалық құрылымдар тек генеалогиялық негізде ғана емес,
географиялық-аумақтық негізде де қалыптасқаны, олардың құрамында
бірнеше түркі тектес ру-тайпалардың болғаны, оғыздар мен қыпшақтар-
дың тайпалық одақтарына шоғырланған түркі ру-тайпаларының қазіргі
түркі халықтарының этникалық құрамына шашырай таралғаны белгілі.
Сондықтан
jоγur этнонимін оγuz, оγur этнонимдерімен этимологиялық негізі
бір гомогенді лексемалар ретінде қарастыру лингвистикалық тұрғыдан
қайшылық тудырмайды. Бұл жағдайды
j фонемасының анлаут жағдайдағы
протезалық сапасының түркі тілдеріне тән заңдылық екеніне негіздеуге
болады. Ал
jоγur және оjγur атаулары j
D
о метатезалық құбылысының
нәтижесінде орныққан фонетикалық варианттар. Сонымен қатар
оγuz
және
оγur этнонимдерін бір тайпаның әртүрлі хронологиялық кезеңдегі
атауы деп есептеу де түркітануда тарихи және лингвистикалық тұрғыдан
дәйектелген пікір болып саналады. Мұнда түркі тілдеріне ғана емес, алтай
макротілдік тобына тән заңдылық – инлаут және ауслаут позицияда орын
алатын
r≈z сәйкестігі ескеріледі.
Бір өңірді мекендеген халықтар арасындағы лингвомәдени кон-
тактологиялық үдерістердің қарқынды жүруіне орай бір бөлігі моңғол
тілі мен мәдениетінің ықпалына, келесі бөлігі қытай-тибет тілі мен
мәдениетінің ықпалына ұшыраған сары ұйғырлардың бір бөлігі
ғана түркі тілін сақтап қалды. Лингвистикалық тұрғыдан үш топқа
ыдыраса да этникалық біртұтастығын, халықтың таза түркілік атауын
(этнонимді) сақтап келе жатқан йоғурлардың дәстүрлі мәдениетінің
өзегінде жатқан түркілік дүниетаным айқын аңғарылады.
Дiни сенiм.
Тарихи-қоғамдық өзгерістер мен мәдени контактоло-
гиялық үдерістерге сәйкес о бастағы Тәңірлік наным-сенімнен,
шаманизмнен манихейлік, буддистік ламаизмге ден қойған йоғур-
лардың негізгі тәу ету ошағы – Лхасу немесе Цинхайдағы Таэрсы
ғибадатханасы. Йоғурлардың үйлерінде тәу ететін арнайы орындар
болады, тағзым ету орны (алтарь) ағаштан жасалып, екі топшалы есік
салынады. Тағзым ету орнына екі қатар будда құдайының мүсіндері
(йоғур тілінде –
pïrqan) қойылып, сол жағына көк түсті, оң жағына ақ
түсті мата (йоғур тілінде –
katak) ілінеді.
Дін иелері білімді ғибадатханалардан алады, белгілі бір діни
білім деңгейіне жету үшін ғибадатханаға бірнеше қайтара келіп
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
23
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
тәлімдемеден өту қажет, әр деңгейдегі шәкірттің өз атауы бар:
1) panda (тиб. vanda) – будда дінінің қарапайым қағидаларын
үйренуші шәкірт немесе ғибадатхананың шаруашылық істері
бойынша ұстаздың (дінбасы) көмекшісі; 2)
ïrkesul (тиб. ïrkesul) –
дін ережелерін білетін, халыққа қызмет ете алатын шәкірт;
3)
remtsamba немесе karem kxarči (тиб. remtsamba, karem kxarči) – екі-
үш шәкірт тәрбиелеуге құқығы бар бастапқы оқытушылық дәреже;
4)
čurtsi (тиб. čurtsi) – дін қағидалары мен ережелерін (канондарын)
толық меңгерген, отызға дейін шәкірт тәрбиелеуге құқылы дін
қызметкері, ұстаз; 5)
čijreïrten (тиб. čijreïrten) – тірі буддамен (тиб.
gegen, йоғурлар жіңішке е дауыстысын қысаң э дыбысымен айтады:
gэgэn) қатар отыруға құқы бар жоғары діни лауазым иесі. Гэгэн
өмірден өткен соң екі-үш жылдан кейін осы аралықта дүниеге келген
барлық сәбилерді тізімдеп, олардың ішінен үш, бес немесе жеті
баланы іріктеп алады. Таңдап алынған балалар Таэрсы немесе Лхасу
ғибадатханаларына діни білім алуға жіберіледі. Балалар оқуларын
бітіріп келгеннен кейін олардың ішінен жаңа гэгэн анықталады,
жас гэгэн өзінің алдындағы гэгэннің атын иеленеді. Жас гэгэндер
өмір бойы білімін жетілдірумен болады (Діни білім жайлы деректер
сары ұйғыр этносының өкілі, мәдениеттану ғылымының докторы,
профессор Хы Уей Гуангтың айтуы бойынша жазылып алынды.
Ляньжоу қаласы 22.09.2012).
Будда дінін ұстанатын сары ұйғырлардың тарихи санасында
сақталған тәңірлік дүниетанымның, шаманизмнің кейбір элементтері
синкретті түрде жалғасып келеді. Түркілердің Көк Тәңірі мен Ыдуқ
(қасиетті) Жер-Суына тағзым ету жылына екі рет жүргізіледі, йоғур
ақсақалдары (тиб.
oxčutpa) Тәңір қағанға (йоғур тілінде – Qan Tеŋir/
Qan Dеŋir) арнап қой сойып, етін жегеннен кейін сүйектерін түгелдей
далаға шашып, Тәңірден халықтың береке-бірлігін, мал-жанның
амандығын тілейді.
Суға тәу ету бесінші айдың бірінші күні өзен-көлдің жағасында
өткізілетін болған. Сары ұйғырлар арасында тасаттық берудің өзіндік
үлгісі қалыптасқан. Императорлық Орыс географиялық қоғамының
тапсырмасы бойынша 1883-1886 жылдар аралығында Орталық Қытайға
ұйымдастырылған экспедиция барысында Ганьсу провинциясының
аумағын, Ордостан Тибетке дейінгі аймақты аралап, сары ұйғырлар
жайлы да мол деректер жинақтаған Г.Н. Потанин: «Ёгуры Джадалана,
т.е. совершают обряд, привлекающий с неба дождь. Для этого они
делают из снадобьев колобок, приносят из ключа в дом воду в ведре,
колобок опускают в ведро и читают «ном» (священные книги), когда
дождь прольется, воду относят и выливают в тот же ключ, из которого
она была взята» [2, 482] деп көрсетеді. Бұл дәстүр қазір де, әсіресе,
құрғақшылық жылдары ара-тұра қолданылады.
Амандасу дәстүрi
. Йоғурлар амандасу дәстүріне айрықша мән
береді, қатар-құрбылар, туыстар кездескенде бір-біріне құшақ
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
24
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
жайып, емен-жарқын амандасады. Дінді берік ұстанатын қариялар,
ғибадатханаға барған адамдар алақанын жоғары қаратып, екі қолын
алға созып сәлемдеседі. Бұл – «қолымда қаруым жоқ, у да жоқ, ниетім
таза» деген ұғымды білдіру үшін екі қолын созып, тілін шығаратын
тибеттіктердің амандасу дәстүрінің әсері. Йоғурлардың тибеттіктерше
амандасуы будда дінін қабылдаумен байланысты орныққан дәстүр.
Алыстан құрметті қонақтар келгенде екі қолға ұзынша келген ақ, көк,
қызыл түсті үш матаны (йоғур тілінде –
katak) жайып, оның үстіне
ыдысқа салынған дәм алып шығу дәстүрі қолданылады. Алыстан келе
жатқан жолаушылардың, көштің алдынан бауырсақ, қымыз, құрт,
ірімшік, кесек ет алып шығу қазақтардың дәстүрінде де болған.
Yйлену дәстүрi.
Түркі халықтарына тән ұл мен қызды сәби кезінен
аттастыру, қалың мал төлеу (йоғур тілінде:
qalïn «қалың мал»), он үш,
он төрт жастағы жасөспірімдерді ерте үйлендіру дәстүрі йоғурлардың
тарихында да болған. Күйеу жігітке қалыңдық таңдау да ата-аналардың
келісімімен жүзеге асқан. Қалың малға төрт түлік малмен қатар қымбат
бағалы заттар, алтын, күміс және ақша бірліктері төленген. Қалың мал
өлшемі қазақтардың дәстүріндегідей жылқы санымен бағаланған.
Қазақ халқының қалың мал төлеу дәстүрінен қалған «қырық жылқы»
тіркесі қыз бала дүниеге келгенде әлі қолданылатыны белгілі.
Жастарды үйлендіру тойы әдетте екі күнге созылады, бірінші
күні қалыңдықтың үйінде ұзату тойы тойланады. Қалыңдықтың ата-
анасының үйіне туыстары, жора-жолдас, дос-жарандары жиналып,
қалыңдықты ұзатуға дайындайды. Қалыңдықтың әшекей бұйымдары
көрнекі жерге ілініп, түрлі тамақ әзірленеді. Күйеу жігіттің туыстары
қалыңдық пен оның ата-анасына, туыстарына сыйлықтар алып келеді.
Мол дастархан басына жиналған қалыңдықтың туыстары мен күйеу
жігіттің туыстары, дос-жарандары таң атқанша ән салып, би билейді.
Таң ата қалыңдық қымбат әшекейлерін тағып, шашын үш бұрым етіп
өретін болған, екі бұрымын алдына, бір бұрымын арқасына жібереді.
Бұл «жалғыздықтың артта қалғанын, алдағы уақытта жұптасып өмір
сүрудің басталатынын» бейнелейді. Әдетте қыз бала он екі жасқа
дейін шашын бір бұрым етіп өріп, он екі жастан кейін жеті бұрым етіп
өріп, жеті бұрымды да жон арқасына жіберген.
Қалыңдықтың киімін киіп, әшекейлерін таққан қыз ата-анасымен,
бауырларымен, құрбы-құрдастарымен қоштасу жырын айтады.
Зарлы, мұңды әуенмен айтылатын қоштасу жырына қыздың ағасы
жауап қайтарып, жұбату жырын айтады. Бұл дәстүр қазақ тілінде
sïŋsuw деп аталады. Ел-жұртымен, туған-туысқандарымен қоштасқан
қалыңдықты ұзату тойына келген күйеу жігіт пен оның туыстарымен
бірге күйеу жігіттің ауылына шығарып салады. Екінші күні той күйеу
жігіттің үйінде жалғасады. Келін түсірген үйдегі үйлену тойы айрықша
салтанатпен қуанышты жағдайда өтеді.
Йоғурлардың (сары ұйғыр) дәстүрі бойынша бірнекелік (моно-
гамды) жүйе қалыптасқан, неке бұзу күнә болып саналатындық-
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
25
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
тан бұрындары ажырасу болмаған. Әйелі бала көтермесе де күйеуі-
нің одан ажырасуға немесе екінші әйел алуына құқық берілме-
ген. Ерлі-зайыптылар бір шаңырақтың астында тұра алмайтындай
жағдай болса олардың екі бөлек тұруына мүмкіндік берілген, бірақ
некелі ерлі-зайыптылар құқығы сақталған және екінші рет некеге
тұруға құқықтары болмаған. Йоғурлардың некелесу дәстүрі белгілі
бір шектеуліктерге негізделген экзогамиялық жүйеге құрылған,
жігіт өз руының қызына үйлене алмайды, бұл дәстүр қазір де
сақталған. Жеті атаға дейін қыз алыспайтын қазақ дәстүріне
ұқсайды.
Дүниеге келген бала әкесінің руына жатады. Туыстық қарым-
қатынаста нағашылардың орны ерекше, ананың туыстары үлкен
құрметке ие. Ұлы жоқ отбасында өскен қыз баланы ата-анасы бетінен
қақпай «ұл бала» сияқты тәрбиелеген, қыз бойжеткеннен кейін
kembes/kembeš «сүйектен, маржан түймелерден жасалған өңірге тағатын
әшекей» тағып, өзіне ұнаған ер-азаматпен көңіл қосуға рұқсат еткен,
олардан туған бала анасының тегін, руын иеленген. Әке шаңырағына
ие болатын мұндай қыздарды
surukčin «тірекші» (suruk «уық, тірек»),
esïk tutkan «босаға (есік) ұстаушы, ұрпақ жалғастырушы» деп атаған
(Сары ұйғырлардың бұрынғы үйлену дәстүрі жайлы деректер Йоғур
Төмөрден жазылып алынды. Сунань қаласы. 09.07.2012). Бұл дәстүр
қазіргі йоғурлар арасында сақталмаған.
Үйлену тойын күзде өткізу сары ұйғырлардың ежелгі дәстүрі, бұл
дәстүрді қазіргі уақытта сақтайтындар да бар. Мал төлдету, жас төлді
өсіру, қойқырқым, жер жырту, егін егу, бау-бақша күтімі, жиын-терін
науқандарын өткізіп алып, үйлену тойын өткізу сары ұйғырлардың
шаруашылық ыңғайына қарай қалыптасқан үрдіс.
Қазіргі таңда жастар кәмелеттік жасқа (18-20) толмай үйленбейді,
жар таңдау да өз еріктерінде, үйлену тойларын да заманауи үлгіде
өткізеді. Сары ұйғырлардың ата-бабаларынан қалған үйленудің ежелгі
әдет-ғұрыптары қазіргі таңда толық сақталмағанымен аға буынның
жадында, кейбір ырым-салттарының элементтері әлі де қолданылады.
Йоғурлардың ата дәстүрін жас ұрпақ санасынан өшірмеу үшін
ұлттық мерекелерде қыз ұзатуға, үйлену тойына байланысты
театрландырылған көріністер қойылады.
Ас м
әзiрi. Сары ұйғырлар қонақжай халық.
Қарқынды лингво-
мәдени-контактологиялық үдерістердің өтінде отырған сары ұйғыр-
лардың ас мәзірі заманауи жағдайға байланысты өзгерістерге ұшы-
рағанмен дәстүрлі ас мәзірінде түркілерге тән ұлттық тағамдары
сақталған. Йоғурлардың дәстүрлі дастархан мәзірі ет, ұн, көкөніс,
дәнді дақылдардан, сүт өнімдерінен әзірленеді. Қодас және қой еті
кеңінен қолданылады, етті сүрлеу, ыстау дәстүрі бар. Күнделікті
пайдаланылатын тағам түрлері: mensemen «қайнатпа сорпа» – етті
қайнатып, сорпасына кеспе, көкөніс және қайнатылған етті турап
қосып дайындайтын сұйық тамақ. Бұл тағам түрі
soqpa «сорпа» деп те
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
26
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
аталады;
čaomijan «кеспе» – етті, көкөністі алдымен қуырып алып, одан
кейін су құйып, қайнағаннан соң жіңішке етіп кесілген кеспе қосып
пісіретін ұлттық тағам;
mutan «быламық» – күрішті суға қайнатып,
май қосып дайындалатын қою тамақ. Суын көбірек құйып, сұйық
тамақ түрінде де жиі ұсынылады; soqpa semen «ботқа» – тарыдан
немесе басқа да жарма түрлерінен май қосып дайындалатын жеңіл
тағам түрі;
talq «талқан» – қуырылған бидайды, тарыны келіге түйіп
дайындайды. Talqï лексемасының қазақ тіліндегідей talqan нұсқасы
йоғур тіліндегі
talqan čaa «талқан шай» тіркесінде сақталған. Нанның
бірнеше түрлері әзірленеді:
kümzi «нан», буға пісірілген нан да, арнайы
пешке немесе табаға пісірілген нан да
kümzi деп аталады; bawïrtsïγ
«бауырсақ» – ашытылған қамырды жайып, қиықшалап кесіп немесе
жайылмаған қамырдың шетінен үзіп алып, жұмырлап ыстық майға
қызарғанша қуырып пісіреді.
Йоғурлардың сүт өнімдерінен дайындайтын ұлттық тағамдарының
бірі –
čerme «ірімшік», жаңа туған төлдің мәйегі қосылған сүтті баяу
отқа ұзақ қайнату арқылы дайындалады;
joγurt «айран»– пісірілген
жылы сүтке арнайы ұйытқы қосып әзірлейді;
aγ jaγ – «сарымай»
(сөзбе-сөз «ақ май»), піскен сүттен ұйытылған айранды күбіге пісіп,
бетіне шыққан майды қалқып алады. Қазіргі қазақ тілінде жалпы-
түркілік
jaγ «май» лексемасын maj «май» сөзі ығыстырғанымен, мәдени
лексика жүйесінде осы мағынаны сақтай отырып,
žaw нұсқасында
қолданылады: көздің жауы «көз майы»; жау бүйрек «бүйректі майымен
қосып пісіретін ұлттық тағам».
Йоғурлардың сүйікті сусындары –
čaa «шай». Сүт, талқан, сарымай
қосылған шай
talqan čaa «талқан шай» әрі сусын, әрі құнарлы тағам.
Йоғурлар құрметті қонақтарына мал сойып, қонақасын береді.
Малды бауыздап сояды. Жаңа бауыздалған малдың алғашқы қанын
ағызып жіберіп, одан кейінгі қанын малдың ішегіне құйып, күріш
және түрлі дәмдеуіштер қосылған шұжық тәрізді тағам дайындайды.
Сыйлы қонаққа тартылатын
et «ет» мүшелей асылып, қамырсыз
ұсынылады, үлкен табаққа үйіп салынған еттен кейін,
soqpa «сорпа»
беріледі. Жаңа сойылған марқаның барлық мүшелерін (сүйектерін)
сындырмай тұтастай қазанға салып, баяу отқа бұқтырып дайындайтын
сары ұйғырлардың ұлттық тағамы да сыйлы қонақтарға ұсынылады.
Бұл асты қазақтар
sirne деп атайды. Будда дініндегілердің малды
бауыздамай соятыны белгілі. Йоғурлардың (сары ұйғырлардың)
малды бауыздап сою дәстүріне қарағанда, қазіргі ислам дініндегі
түркілердің малды бауыздауы исламға дейін-ақ қолданыста болған,
ежелгі түркі тайпаларынан қалған дәстүр екеніне көз жеткізе
түсеміз. Мүшелеп тартылған ет VІІ-ІХ ғасырлардағы түркілерге де
тән екенін археологиялық зерттеу нәтижелері де көрсетуде [3,186].
Түркі халықтарының бәрі бірдей сыйлы қонаққа бас қойып, мүшелеп
ет тартпайтынын ескерсек, қазақ, қырғыз, йоғур т.б. халықтардың
қонақ күту дәстүрі көне түркілерден қалған мұра екеніне, дәстүр
|