«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата16.02.2017
өлшемі2,59 Mb.
#4204
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

МЕРЕЙТОЙ
100
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
орыстың  өзгерткенін  біз  тағы  өзгертсек,  ақырында  Аурупа  сөзі 
орынсыз  танымастай  болып  кетіп,  аурупаша  да  болмай,  орысша  да 
болмай  шатақ  болуы  мүмкін.  Копенгаген  дұрыс  емес,  Көпен-һаген 
я  Көпенһаген  болуы  керек.  Гелсингфорс  дұрыс  емес,  һелсинк-Форс 
болуы керек. Мұндай үлгілер көп.
Жасында ұлт мектебінде дұрыстап оқыған адам ана тілінің заңын 
ұмытпайды,  бөтен  тілдің  сөздерін  ана  тілінің  заңымен  айтамын  деп 
шатасады.  Әксент  туады,  бөтенше  сөйлеуге,  бөтен  елдің  адамынан 
айырылмастай  болып  сөйлеу  бұларға  өте  қиын  болады.  Бұлардың 
жат  тілде  сөйлегенде жаттығы  білініп  тұрады.  Өз  тілін  жақсы  білген 
түрікке Аурупа тілдерінде сөйлеу қиын болса керек.
Мектепте  ана  тілін  жақсылап  оқыған  балаға  орыс  сөздерін  көпке 
дейін дұрыстап сөйлеу мүмкін емес. Біздің айтайын дегеніміз мынау: 
бөтенше жақсы сөйлеймін деп мақтану керек емес, ойлаңқырау керек. 
Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш; 
ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш. Өз 
тілін білмей тұрып жат тілді еліктей беруі зор хата. Бұл оқығандардың 
һәм оқушылардың есінен шықпауы керек.
(Автордың Қазақ-қырғыз тіліндегі  
сингармонизм заңы еңбегінен алынды)

МЕРЕЙТОЙ
101
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Т
іл  –  адам  жанының  тілмашы.  Тілсіз  жүрек  түбіндегі  бағасыз 
сезімдер,  жан  түкпіріндегі  асыл  ойлар  жарық  көрмей,  қор 
болып қалар еді. Адам тіл арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, 
басқалардың  жан  сырын  ұға  алады.  Ойлаған  ойын  сыртқа  шығарып 
басқаға  ұқтыра  алса,  адамның  не  арманы  бар.  Жазушы,  ақын  деген 
сөз  –  ойлаған  ойын  әдемілеп  жарыққа  шығара  алатын  адам  деген 
сөз. Тілі кем болса, адамның қор болғаны. Ойың толып тұрып, айтуға 
тілің жетпесе, іш қазандай қайнайды да. Қысқасы – адамның толық 
мағынасы мен адам аталуы тіл арқасында. 
Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшін де қымбат. 
Тілсіз  ұлт,  тілінен  айырылған  ұлт  дүниеде  ұлт  болып  жасай  алмақ 
емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі 
болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағандығын көрсетеді. 
Ұлтқа тілінен қымбат ешнәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол 
ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақ 
тілінде  қазақтың  сары  сайран  даласы,  біресе  желсіз  түндей  тынық, 
біресе  құйындай  екпінді  тарихы,  сар  далада  үдере  көшкен  тұрмыс, 
асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың 
сар  даласы  кең,  тілі  де  бай.  Осы  күнгі  түрік  тілдерінің  ішінде  қазақ 
тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлеймін деген түрік 
балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші. Қазақ тілін 
қолданбақшы. Осы күнде-ақ айналып келе жатыр. Татардың әдебиет 
тілі жыл-жыл сайын қазақ тіліне жақындап келеді. Күндерде бір күн 
түрік  балаларының  тілі  біріксе,  ол  біріккен  тілдің  негізі  қазақ  тілі 
болса,  сөз  жоқ,  түрік  елінің  келешек  тарихында  қазақ  ұлты  төрден 
орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік. 
 
 
(Автордың Тілдің адам өмірінде һәм ұлт өмірінде 
алатын орны еңбегінен алынды)
Мағжан ЖҰМАБАЕВ

МЕРЕЙТОЙ
102
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Ә
рбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі 
әдебиеттің  қадір-қасиеті,  мәні,  нәрі  қандай  болатынын  қысқа 
сөз  көлемінде  таратып  айтпай-ақ  қоямыз.  Ол  даусыз  айқын  ақиқат 
дәрежесіндегі  қымбат  шындық  болғандықтан  жалпы  жайға  тоқтау 
орнына  нақтылы  сөзге  келейік.  Ана  тілі  мен  ана  тілі  әдебиетін  әрбір 
жас  буынға  екі  алуан  жолмен  жақын  етіп  білдіру  бар.  Бұның  сара 
жолы – мектеп арқылы оқытып білдіру. Екіншісі, ұзақ болса да кейде 
өнімді,  қонымды  болатын,  әр  адамның  өздігінен  оқу-іздену  арқылы 
сол ана тіл әдебиетін баурай білуі бар.
Бірталай қызметкерлер, олардың үй іші кейде тіпті қазақ әдебиетін, 
ол  әдебиеттің  көрнекті  нұсқаларын,  орысша  аударылған  түрде  ғана 
оқиды.  Оны  да  дәстүрі  зор,  мәдениеті  мол  орыс  оқушысы  құптап, 
мақтағаннан  кейін  ғана  амалсыздан  оқығандай  оқитындары  да 
жоқ  емес.  Осындай  оқушының  да  бар  екені  даусыз.  Әрине  бұл  жәй 
ол  адамдар  үшін  сорлылық!  Біздің  білуімізше,  ондай  мамандар, 
қызметкерлер  және  олардың  кітап  оқуға  жарарлық  үй  іштері  орыс 
әдебиетін де жетістіріп оқып жүрген жандар болмауы керек. Бұндай 
адамдар мемлекеттік – бір сала істің, басы-қасында болса да, арнаулы 
мамандықты ұстап жүрсе де және тігінші тіккен костюм мен платье, 
пальто  әкеп  қондырған  сырт  мәдениеті,  көрініс  көркі  болса  да, 
шынында жоғарыда аталғандай, толық интеллигенттік сипатқа ие деу 
қиын. Кей уақыттарда оқытушылар арасында әдебиет тіл жайы емес, 
математика, физика сияқты сабақтарды оқытатын қазақ мұғалімдері 
арасында да, ана тіл әдебиетін онша біле қоймайтын жайсыз көріністер 
байқалатын тәрізді.
Қысқа мақала көлемінде осы жоғарыда аталғандай жайлы, жайсыз 
күйлерді еске ала келе айтарымыз: қазақ мектебіндегі бала келешекте 
қай  мамандыққа  барам  десе  де,  ең  алдымен  өзінің  ана  тілін,  ана  тіл 
әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығынан аттаған 
соң да мамандық білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да, асыл 
қасиетіндей сақтау керек. 
(Автордың Ана тілі әдебиетін сүйіңдер еңбегінен алынды)
Мұхтар ӘУЕЗОВ

ЖЫЛ ЖЕМІСІ
103
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Қазақ елінің тәуелсіздікке ие болуы –
 
оның  саяси  мәртебесін,  экономикалық 
дербестігін  ғана  емес,  сонымен  қатар 
жаңа 
мемлекеттің 
мәдени-рухани 
келбетін  де  қалыптастыруда  осы 
үдерісте  қазақ  тілінің  орны  аса 
айрықша. 
Тілімізге 
мемлекеттік 
мәртебе  берілуі  оның  саяси-қоғамдық, 
әлеуметтік  өрісін  кеңейтіп,  оған  соны 
қызметтер  жүктеуде.  Қазақ  тілі  енді 
қоғамның  барлық  саласына  еніп,  басқару,  реттеу,  жұмылдыру, 
ақпарат,  ғылым  тағы  да  басқа  салалардың  негізгі  тіліне  айналу 
үдерісіне  енді.  Әлбетте,  бұл  қазақ  тілінің  барлық  стильдік 
тармақтарының  жетілуіне,  сөзжасам  мен  терминжасам  үдерісінің 
күшеюіне  алып  келеді.  Қазіргі  кезде  тіл  кеңістігінде  осындай  ішкі 
сапалы өзгерістер жүруде. Әрине, олар белгілі бір шаралар, мақсатты 
жұмыстар  арқылы  жүзеге  асады.  Елімізде  тіл  саясатын  жүргізудің 
уәкілетті  органы  –  Мәдениет  және  спорт  министрлігі  осы  бағытта 
көптеген жұмыстар жүргізуде. Министрліктің Тілдерді дамыту және 
қоғамдық-саяси  жұмыс  комитеті  және  оның  жанындағы  Ш. 
Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-
әдістемелік  орталығы  үстіміздегі  жылы  мемлекеттік  тілдің  қолданыс 
аясын  кеңейту  және  еліміздегі  өзге  тілдерді  қолдау  мақсатында 
бірқатар  шаралар  өткізді.  Мұндай  шаралар  өзінің  ұйымдастырылу 
мазмұны жағынан ғылыми-әдістемелік, көпшілік, насихаттық сипатта 
болды. 
Еліміздегі  тіл  насихаты  және  осы  бағыттағы  өзге  де  жұмыстар, 
негізінен алғанда, мемлекеттік тілмен сабақтасатыны түсінікті. Қазақ 
тілінің басқа тілдерге қарағанда ерекше мәртебесі, мемлекетқұрушы 
ұлттың тілі болуы оған осындай айрықша басымдық береді. Тілдің ұлт 
тарихында алатын орны, оның ділі мен руханиятын қалыптастырудағы 
маңызы,  халықтың  танымын  түзудегі  және  оны  ұйыстырудағы  рөлі 
қашанда тағдырлы мәселе болған. Сондықтан ұлттың барша болмысын 
жасаудағы тілдің ерекше ықпалы қашан да жоғары бағаланған. Елбасы 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың:  «
Ғасырлар  бойы  қазақтың  ұлт 
Тіл мәртебесін көтеру – 
маңызды міндет

ЖЫЛ ЖЕМІСІ
104
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ретіндегі  мәдени  тұтастығына  ең  негізгі  ұйытқы  болған  –  оның 
ғажайып тілі» деген сөзі осы ойымызды айғақтайды. 
  Еліміздегі тіл саясаты ұлт пен мемлекет 
өміріндегі 
тілдің 
барлық 
маңызды 
қырларын  ескере  отырып  жүргізілуде. 
Еліміздегі  тіл  саясатының  басты  бағдар- 
лары Ата заң - Конституциямызда, Тілдер 
туралы  заңда  көрсетілсе,  оны  нәтижелі 
іске асыру жолдары Тілдерді дамыту мен 
қолданудың мемлекеттік бағдарламасын- 
да толық айқындалған. Осы бағдарламада 
айқындалған талаптарды орындаудағы Тілдерді дамыту және қоғамдық 
саяси жұмыс комитетінің және оған қарасты Ш. Шаяхметов атындағы 
тілдерді  дамытудың  республикалық  үйлестіру-әдістемелік  орта- 
лығының 2015 жылы атқарған жұмыстары әр алуан. 
2006 жылғы қазан айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 
XII  құрылтайында  Елбасы  Н.Назарбаев  «Үштұғырлы  тіл»  туралы 
идеяны  жариялап,  2007  жылғы  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан» 
атты халыққа Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени 
жобаны  кезең-кезеңмен  іске  асыруды  ұсынған  болатын.  Болашағы 
біртұтас ұлт институционалды реформасында да осы мәселе көтерілді. 
Үстіміздегі  жылдың  10  сәуірінде  ҚР  Премьер-Министрінің 
орынбасары,  ҚР  Мәдениет  және  спорт  министрлігінің  өкілдері,  ҚР 
Парламенті  Мәжілісінің  депутаттары,  БАҚ  өкілдері,  облыстардағы 
тілдерді дамыту басқармаларының, мемлекеттік тілді оқыту орталық- 
тарының, мемлекеттік мекемелердегі және ұлттық компаниялардағы 
Тілдерді  дамыту  бөлімдерінің  басшылары,  арнаулы  және  ЖОО, 
Тіл  саласындағы  қоғамдық  бірлестіктер,  үкіметтік  емес  ұйымдар 
өкілдерінің  қатысуымен  «Тіл-татулық  тірегі»  республикалық  кеңе- 
сі  өткен  болатын.  Республикалық  кеңес  мемлекеттік  тіл  саясатын 
насихаттау,  Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен 
қолданудың  2011–2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарла- 
масын жүзеге асыру, республикадағы Тілдерді оқыту орталықтарының 
жұмысын біріздендіруді мақсат етті. 
Аталған  кеңестің  қорытындысына  сәйкес  «Оқыту  әдістемесін 
біріздендіру,  Тіл  оқыту  орталықтары  оқытушыларының  біліктілігін 
арттыру, мамандардың беделін көтеру және еңбектеріне мемлекеттік 
қолдау көрсету, басқа да жұмыстар бойынша нормативтік-құқықтық 
базасын  реттеу,  терминологиялық  жұмыстарды  жандандыру 
бойынша  негізгі  үйлестіруші  орган  ретінде  Ш.Шаяхметов  атындағы 
тілдерді  дамытудың  республикалық  үйлестіру-әдістемелік  орталығы 
белгіленсін»,  -  деп  атап  көрсетіліп,  Орталыққа  бірқатар  маңызды 
міндеттер артылды.
Бүгінгі таңда Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комите- 
тінің  қолдауымен    орталықтың  ғылыми-әдістемелік  әлеуеті  көтеріліп 

ЖЫЛ ЖЕМІСІ
105
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
келеді. Орталықта комитеттің тапсырысымен шығатын оқу-әдістемелік 
құралдар мен оқулықтарға сараптама жасайтын ғылыми кеңес жұмыс 
істейді.  Ол  кеңеске  әдістеме  саласындағы  жетекші  ғалымдар  мен 
мамандар  топтастырылған.  Республикалық  ұлттық  мәдени  бірлестік- 
тердегі жексенбілік мектептер арқылы этнос тілдерін және мемлекеттік 
тілді  оқыту  курстарын  ұйымдастыруға  мемлекеттік  қолдау  көрсету, 
аталған  мектептердің  қызметін  әдістемелік  жағынан  қамтамасыз  ету 
мақсатында әдістемелік құралдарды баспаға ұсынып отыр.
Өңірлердегі орталықтар дай ындаған оқу құралдары республикалық 
орталықтағы  ғылыми-әдістемелік  кеңестің  сараптамасынан  өтіп, 
солардың  оң  қорытындысын  алғаннан  кейін  комитеттің  қарауына 
ұсынылады.  Жалпы,  өңірлердегі  тіл  оқыту  орталықтарының  басты 
мақсаты  –  мемлекеттік  қызметшілерді  мемлекеттік  тілге  үйрету, 
соларға  арнап  оқу-әдістемелік  құралдар  шығару  болғандықтан, 
республикалық орталықтан бекітіліп ұсынылған бағдарлама бойынша 
жұмыс  жасағаны  әлдеқайда  тиімді  болар  еді.  Биыл  осы  бағыттағы 
жұмыстар біріздендіріле бастады.
Орталық 
қызметінің 
бір 
қыры
 
жоғарыда тоқталып өткен оқу-әдістемелік 
жұмыстар  болса,  екінші  қыры  ұлттық 
терминология 
мәселесіне 
қатысты 
жүргізілетін жұмыстар тізбесін құрайды. 
Халқымыздың  ғылым  мен  техника, 
мәдениет  пен  экономика  салаларындағы 
жетістіктерін  байқататын  рухани  және 
саяси  маңызы  зор  факторлардың  бірі  - 
ұлттық  терминология  болып  табылады. 
Терминология, әсіресе салалық терминдерді аудару проблемаларына 
қатысты нақты мемлекеттік көзқарас орнығып келеді. Осыған сәйкес, 
Орталық терминологиялық лексиканы біріздендіру, терминологияның 
нормативтік-лексикалық қорын  жетілдіру, салалық терминологиялық 
жұмыстарды жандандыру бағытында нақты тапсырма алып, ғалымдар, 
сала  мамандары,  практик  аудармашылармен  бірлесе  іс-шаралар 
атқаруда. Орталықта Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы 
Республикалық  терминология  комиссиясына  қарауға  ұсынылған 
терминдерге, атауларға, жеке сөздерге, сөз тіркестеріне және басқа да 
лингвистикалық  сипаттағы  жобаларға  лингвистикалық  сараптама 
жасап, қорытынды беретін сарапшылар тобы құрылған. Сарапшылар 
жекелеген  азаматтардан,  министрліктер  жанынан  ашылған  салалық 
терминологиялық  секциялардан,  тілдерді  дамыту  басқармаларынан 
келген  хаттар  бойынша  лингвистикалық  сараптамалар  жасаумен 
айналысады.
Сонымен  қатар,  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  Ғылым  коми- 
тетінің  тапсырысымен  Әлеуметтік  және  қоғамдық-гуманитарлық 
ғылымдардың  өзекті  мәселелері  мен  пәнаралық  зерттеулері  нысаны 

ЖЫЛ ЖЕМІСІ
106
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
бойынша  2015-2017  жылдарға  арналған  ғылыми  зерттеулерді 
гранттық  қаржыландыру  негізінде 
ауқымды  жобалардың  орындалып 
жатқандығын  да  айта  кету  керек. 
Ертеңімізді  болжап,  бүгінімізге 
сын  көзбен  қараған  сәтімізде 
халықтың  рухын  көтеріп,  тіліміз 
бен  ділімізді  сақтап  қалуға  көмек- 
тесетін  құралдардың  бірегейі  – 
ата-бабаларымыз 
мирас 
еткен 
мәдени  игіліктер  екендігі  сөзсіз. 
Жас  ұрпақты  өз  елінің  патриоты 
етіп  тәрбиелеп  шығару,  жас  өркеннің  шабыты  мен  дарынының 
ашылуына жағдай жасау, сондай-ақ оларды бәсекеге қабілетті азамат 
етіп дайындау – аға буынның басты бағыты. Бұл мақсатқа жету үшін 
берілетін  тәрбие  ұлттық  дәстүрлерге  сүйеніп  жүргізілуі  тиіс.  Ұлттық 
құндылық  мәселесі  сөз  болғанда  халықтың  сан  ғасырлар  бойы 
жинақтаған  алтын  көмбесі  –  халық  ауыз  әдебиетіне  тоқталмай  өту 
мүмкін емес. Өйткені «сөз қадірін – өз қадірім» деп ұққан ата-бабамыз 
тілі мен діліне, ұрпақ тәрбиесіне қатысты көрген-түйгендерін, насихат-
өнегесін  халық  ауыз  әдебиеті  арқылы  жеткізіп  отырған.  Аты  айтып 
тұрғандай халық ауыз әдебиетінің асыл мұрасы атадан балаға ауызша 
жеткізіліп, қасиетті кілті жатқа айту арқылы табыс етіліп келді. Бертін 
келе, ел ішіндегі көкірек көзі ашық сауатты азаматтар бұл көмбені хатқа 
түсіріп,  ғасырлар  қойнауында  тасада  қалмауының  жаңаша  жолын 
тапты. Қазіргі электронды ақпарат алудың желілері кеңейіп, кітап оқу 
жағы кенжелеп отырған заманда «ел қазынасы – ескі сөзімізді» замана 
көшімен бірге алып жүру үшін том-том кітап етіп шығару жеткіліксіз. 
Бүгінгі  фольклортанушылардың  алдында  құнды  мұраларымызды 
жастардың санасына сіңіртудің тың жолдарын табу міндеттері тұр.
Бүгінгі  балалардың  басым  көпшілігін  электронды  ақпарат  құрал- 
дары тәрбиелеп жатқаны баршаға аян. Онда қазақша өнімдердің үлесі 
өте аз екені де белгілі. Шет елдік мультфильмдер мен хабарларды көріп 
өскен қазақ баласы төл фольклорлық кейіпкерлеріміздің барынан да 
бейхабар десек, артық айтқандық болмас. Шет ел фольклорының бас 
қаһармандары  немесе  батыстық  аниматорлардың  қиялынан  туған 
құбыжық кейіпкерлерді кез келген қазақ баласы қайдан көрсе де тап 
басып, түсін түстеп айтып береді. Бұған жас ұрпақты кінәлай алмаймыз. 
Өйткені,  Қазақстандық  бүлдіршіндерді  ғаламтор  бетінен  де,  көгілдір 
экраннан да, баспа өнімдерінен де, ең аяғы күнделікті жарнамалардан 
да  халық  ауыз  әдебиетіндегі  желаяқ,  көлтауысар,  таусоғар
  тәрізді 
халықтық  қаһармандары  емес,  шет  елдік  аниматорлардың  өнімдері 
қаумалап жатыр. 
Баланың  санасына  мультфильмдер  арқылы  сіңіп  жатқан  жат 
образдар  ойыншық  түрінде  қолына  ұсынылып,  қиял  әлемін  жаулап 

ЖЫЛ ЖЕМІСІ
107
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
алады.  Балаларға  арналған  баспа  өнімдеріндегі  түрлі-түсті  суреттер 
арқылы  сәбидің  дүниетанымына  араласып,  сүйікті  кейіпкеріне, 
еліктейтін піріне айналады. Хат таныған жеткіншек, әрине, тәрбиелік 
мәні  зор  қазақ  фольклорының  нұсқаларын  емес,  сәби  күнінен 
санасына таныс болған кейіпкерлер туралы ақпараттарды іздеп оқиды. 
Сөйтіп, түрі қазақ болғанмен танымы жат ұрпақтар легі қалыптасады. 
Ғылым мен техника қарыштап дамыған бүгінгі өркениетті заманда 
өткен  құндылықтарымыздан  қол  үзе  бастағанымыз  ащы  шындық. 
Мұның  бір  себебі  қазақ  фольклорлық  мұраларының  ғаламтор 
бетінен, интернет кеңістігінен тиісті орнын ала алмай жүргендігінде. 
Инновациялық  технологиялардың  жетістігін  пайдалана  отырып, 
қолда  бар  мұраларымызды  жастар  арасында  насихаттау  бүгінгі 
таңдағы  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Фольклорлық 
кейіпкерлердің  суретшілер  сомдаған,  бірізге  түскен  бейнесінің 
негізінде  түрлі  мульфильмдер  қойылса,  әртүрлі  материалдардан 
жасалған  қуыршақтар  сомдалса,  түрлі-түсті  көз  тартарлық  кітаптар 
шығарылса  бүгінгі  бүлдіршін  хат  таныған  уақытында  фольклорлық 
мұраларды қызығып оқыр еді деген ойдамыз. 
Қазақтың  ұлттық  болмысы,  тілі,  мәдениеті,  тарихы  атадан-балаға 
жалғасып  келе  жатқан  аңыз-әңгімеле- 
рінде,  батырлық  жырларында,  ертегі- 
лері мен шешендік сөздерінде, жұмбақ- 
тары мен жаңылтпаштарында сақталған. 
Фольклорлық  кейіпкерлердің  портрет- 
терін  жасау  жастардың  ғана  емес, 
ұлттың  рухани  мұрасын  танып-білсем 
деген  кез  келген  адамның  қиял  әлемін 
қанаттандырады.  Қазақ  фольклорының 
түрлі жанрларындағы кейіпкерлердің сипаттамасы берілген мәтіндер 
мен олардың түркі халықтарының фольклорындағы инварианттарын, 
фольклортанушылардың  еңбектерін  зерделей  келе,  жаңа  инно- 
вациялық  технологияларды  пайдалана  отырып,  қазақ  халқының 
рухани  мол  қазынасы  -  фольклорлық  мұраны  ондағы  басты 
қаһармандардың бейнесі арқылы танытуға болады деген ой туындады. 
Осы  идеяның  негізінде  «Инновациялық  технологияларды  пайдалану 
арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты ғылыми жоба 
іске асырылып жатыр.
Комитет  пен  орталықтың  оқу-әдістемелік  және  ғылыми  жұмыс- 
тарынан  басқа  тағы  бір  маңызды  бағыты  –  қазақ  тілінің  байырғы 
бастауларын,  төл  табиғатын,  бүгінгі  қолданылу  деңгейін  таныту  мен 
насихаттау.
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  2012 
жылғы  27  қаңтардағы  Қазақстан  халқына  Жолдауында  жастарға 
білім беру кезінде оның тәрбиелік жағына, атап айтқанда, патриоттық 
пен  адамгершілік,  ұлтаралық  татулық  және  толеранттылық,  рухани 

ЖЫЛ ЖЕМІСІ
108
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
даму жағына баса назар аудару керектігін атап көрсетті. Осы орайда, 
орталық ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және 
қоғамдық-саяси  жұмыс  комитетінің  тапсырысымен  халықаралық 
және республикалық деңгейдегі бірқатар шараларды ұйымдастырды.
Орталық  қызметкерлері  Қазақ  хандығының  550  жылдығына 
арналған шаралардың да басы-қасынан табыла білді. Тараз қаласында 
атап  өтілген  «Түркі  жазбалары  мен  мәдениеті  күндерінің»  аясында 
өткізілген «Қазақ хандығы мен түркілердің рухани мәдениеті: тіл және 
тарих»    атты  республикалық  ғылыми-практикалық  конференцияға 
Қазақстанның  түкпір-түкпірінен,  Әзербайжан  мен  Қыр ғызстаннан 
танымал  ғалым дар  жиналып,  түркі  жазбаларына  қатысты  зерт теу 
нәтижелерін ортаға салып, пікір алмасса, Қазақ хандығының 550 жылдық 
мерекесі мен айтыс өнерінің алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлының 200 
жылдық мерейтойына орайластырыла Алматы облысы Жамбыл ауданы 
Ұзынағаш  ауылында  өткізілген  «Текті  сөздің  төресі  –  терме»  атты 
республикалық жыршы-термешілер байқауында қазақ фольклорының 
інжу-маржаны жыршы-термешілік өнер ұлықталды.
Тілімізді  кемелдендіретін,  жетілдіретін,  оның  бейнелілігі  мен 
тереңдігін  көрсететін  саланың  бірі  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
болып  табылады.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қай  сала- 
сы  болмасын  тұрғындардың  тіл  мәдениетін,  сауаттылығын 
қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Бұқаралық ақпарат құралдарының 
ақпараттық қызметі мен экпрессивті – әсер ету қызметіне сәйкес бұл 
саланың стилі қазақ әдеби тілінің жай-күйін, әдеби тілдің нормаларын 
танытуда жетекші стиль ретінде қалыптасып отыр. 
Соңғы  жылдардағы  БАҚ  материалдарына  назар  салсақ,  біршама 
жанрлық-стильдік  жаңалықтар,  өзгерістер  бар  екенін  байқаймыз. 
Ұлттық  коммуниканттың  назарын  қалайда  өзіне  аудару  үшін 
прагматикалық  қуаты  күшті  экспрессиялық  сөздерді  қолдану  – 
бүгінгі БАҚ-тың тіліне тән сипат. Өкінішке орай, радиодан берілетін 
хабарларда  сөз  қолданыстағы  қателер  кездессе,  теледидар  немесе 
баспасөз бетінде стильдік қателерге қоса емле қателеріне дейін кездесіп 
жатады. Міне, БАҚ тіліндегі әдеби нормадан ауытқушылықтарды, емле 
немесе  тыныс  белгісінен  жіберілетін  қателерді  жібермеу  жолдарын 
қарастыру мақсатында өткізілген іс-шаралар да сан алуан. Бұлардың 
қатарында «БАҚ және тіл мәдениеті» семинар-тренингін, «БАҚ және 
тіл нормасы мәселелері» дөңгелек үстелін атап өтуге болады.
Дөңгелек  үстелде  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қоғамдық-
әлеуметтік  қызметіне,  тілдік-жанрлық  ерекшелігінің  әралуандығы 
мен  күрделілігіне  сәйкес  әдеби  тіл  нормаларын  танытудағы  рөлін 
жетілдіру  мәселесі  көтеріліп,  күнделікті  баспасөз  тілінің  стильдік 
айырым белгілеріне әсер етіп отырған басқа да факторлар жан-жақты 
талқыланса,  семинар-тренинг  БАҚ  өкілдері,  оның  ішінде  телеарна, 
радио  тілшілерімен  кездесу  ұйымдастырып,  олардың  сөздік  қорын, 
сөз саптауын, тіл мәдениетін жетілдіруді мақсат етті.
Семинар-тренингте  кәсіби  мамандар  дәріс  оқып,  шеберлік 
сабақтарын  көрсетсе,  дөңгелек  үстел  жұмысына  ҚР  Парламентінің 

ЖЫЛ ЖЕМІСІ
109

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет