«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата16.02.2017
өлшемі2,59 Mb.
#4204
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ОНОМАСТИКА
82
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ұсыныстар  түскен  жағдайда  дәрілік  өсімдіктер  немесе  денсаулыққа 
қатысты қазақша ұғым-түсінік атаулары таңдалады. Мысалы, 
Демеу, 
Шипагер,  Саламат,  Тасжарған,  Көкемарал,  Мыңжапырақ  т.б.  4.Кісі 
есімдерін беру, бектіліген тізім бойынша, мемлекеттік ономастикалық 
комиссия тарапынан ұсынылады. Негізінен оқу орындарына болмаса, 
денсаулық мекемелеріне кісі есімін беру жағымды әсер қалдырмайды. 
Сондықтан бұл мәселеде тереңірек ойлана түсу керек деген ұсыныстар 
айтылды. 
Үшінші топ: 
білім мекемелері, жоғары оқу орындары, орта арнаулы 
оқу  орындары,  мемлекет  қатысатын  басқа  да  заңды  тұлғалар, 
әкімшілік-аумақтық  бірліктер(елді  мекендер),  олардың  құрамдас 
бөліктері  (көше,  даңғыл,  көпір,  алаң,  саябақ  т.б)  бойынша  атау  беру 
және  қайта  атау  мәселелеріне  тоқталды.  Біршама  ұсыныстар  ортаға 
салынды.  Білім  мекемелері  өзінің  тұрған  жерінің  (ауыл,  қала,  елді 
мекен  т.б.)  атауымен  аталғаны  дұрыс.  Егер  бір  жерде  бірнешеу 
болған  жағдайда  нөмірленіп  беріледі:  «Астана  қалалық  №48  мектеп-
лицей»,  «Астана  қалалық  №  55  орта  мектебі»,  жалғыз  болғанда  ішкі 
мазмұнымен  аталады«Дарынды  қыз  балаларға  арналған  қазақ-түрік 
лицей-интернаты».  Ауылдық  мектептер:«Амангелдіорта  мектебі», 
«Қызылтуорта  мектебі»  «Ш.Уәлиханов  орта  мектебі»,«Майшұқыр 
негізгі мектебі» т.б. Бұл мектептердің атауынан Жалпы білім мекемесі 
екені,  қай  жерде  тұрғаны  туралы  ақпараттарды  алып  отырмыз. 
Осы  секілді  орта  арнаулы  және  ЖОО-лардың  атауында  да  тұрған 
жері,  берілетін  білімнің  бағыты  немесе  мазмұны  туралы  ақпараттар 
қамтылуы тиіс.
Мемлекет қатысатын басқа да заңды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық 
бірліктер (елді мекендер), олардың құрамдас бөліктері (көше, даңғыл, 
көпір,  алаң,  саябақ  т.б)  де  осы  ұстанымдағы  тәртіпке  бағынуы  тиіс. 
Ең бірінші кезекте тарихи атау беру дәстүрі ескеріледі: тұған жерінің 
тарихи  атауы,  болмағанда  географиялық  принцип  басшылыққы 
алынады. Сонымен қатар, тілімізде атау ретінде қалыптасқан тарихи-
географиялық терминдер және ішкі мазмұны лайықты ұғым-түсінік 
атаулары  беріледі.  Мысалы,  Жезқазған  облысыныңЖездіауданын; 
Жезқазған  облысының  Жездіжұмысшы  поселкесі;  Жамбыл 
облысының  Жамбылқаласы;  Жамбыл  облысының  Жамбылауданы; 
Жамбыл облысының Шуқаласы, Шу ауданы т.б. 
Қазіргі  таңда  мемлекеттік  ономастика  комиссиясы  мен  жергілікті 
атқару орындарының белсенді жұмыстарының нәтижесінде біршама 
тәжірибенің  жинақалғаны  белгілі,  дегенмен  алдағы  жұмыстардың 
жүйелі  әрі  қайшылықсыз  болуы  үшін,  ілгеріде  атап  өткеніміздей, 
қауқарлы  құжатымыз  болуы  тиіс.  Бұл  құжатта  мемлекеттік  мүдде 
мен  халық  дәстүріндегі  атау  беруге  қатысты  тарихи  құндылықтар 
сабақтастықтығы 
сақтала 
отырып, 
халықаралық 
кеңістікке 
ықпалдасудың  оңтайлы  тетіктері  де  қамтылуы  тиіс.  Қазірге  дейінгі 
жұмыстарымызда  жетістіктер  болғанмен,  қайшылықты  жақтары  да 

ОНОМАСТИКА
83
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
аз емес екен. Солардың ішінде талай білікті де, білімді ұлт зиялысын 
тығырыққа  тірегені  –  нысандарға  кісі  есімін  берудің  шарттарын 
белгілеу  болды.  «Көкемнің  аты  –  көшеге,  атамның  аты  –  ауылға» 
дейтін мысқыл нақыл да осы жағдайға байланысты туған еді. Бізде қазір 
батыр  да,  ақын  да,  данышпан  да,  би-шешен  де  көп.  Кешегі  Кеңестік 
жүйенің  сойылын  соққан  қайраткерлер  мен  «геройларымыз»  да 
жетіп артылады. Қазақ елінің біртұтас тарихын жасай алмай отырып, 
тарихи тұлғалар туралы нақты қандай пікір болуы мүмкін. Мысалы, 
біз  негізінен  Қазақстан  Республикасы  шекарасының  ішіндегі  елдің 
тарихы туралы ғана айтамыз да, сыртта жатқан ағайынның басынан 
кешкен  тағдыр-талайы  ұлттық  тарихымыздан  қаншалықты  орын 
алды  дегенге  келгенде  ойланамыз.  Сондықтан,  қазірге  ұлттық 
тұлғаларды  ұлықтауымыз,  олар  туралы  нақты  фактілерге  сүйенген 
монографиялық  сипаттағы  зерттеу  еңбектер  жазу,  магистрлік, 
докторлық  (PhD)  диссертациялар  қорғау  деңгейінде  жүргізілсе  тым 
қораш  болмас  еді.  Атау  берудің  бағытын  өзгертпей,  осылай  кете 
берсек,  күңгірт  тарихтың  қойнынан  суырып  алынатын  «тұлғалар» 
саны да азаймайтын түрі бар.
«Мәңгілік  ел»  идеясы  дәл  осы  тұста  ойымызды  селт  еткізгендей 
болды.  Өткенімізге  көз  жіберсек,  Адам  ата  мен  Хауа  анадан  бері 
үзілмей  жалғасып  келе  жатқанымыз  ақиқат.  Солардың  ішінде 
қазіргімен  салыстырғанда,  халыққа  он  есе,  мың  есе  артық  қызмет 
еткен  тұлғалар  болуы  мүмкін.  Қайсысы  қалды  тарихымызда? 
Мыңдаған  жылдардан  жеткені  санаулы  ғана.  Ал  біз  өткен  бірер  жүз 
жылдық пен алдағы жиырма-отыз жылдың айналасынан ұзай  алмай 
жүрміз.  Тіпті  атын  ұсынып  жүрген  кей  тұлғаларымыз,  бар  болғаны 
–  кешегі  Кеңестік  идеяның  қызығын  көргендер  ғана  екен,  соны 
да  міндет  қылатын  сияқтымыз.  Қазіргі  атау  беруіміздің  барысы, 
көп  жағдайда,  алдағы  күнге  қолдан  дайындалып  жатқан  проблема- 
ның  сипатын  аңғартатындай.  Сондықтан,  дөңгелек  үстелге  жинал- 
ғандар нысандарға кісі есімін берудің шарттарына баса назар аудар- 
ды.
Кісі  есімін  беруге  көп  ұрыну  тарихи  құндылықтарымыздың 
жаңа заман сұранысынан кенжелеп қалуына ықпал етеді. Атау беру 
ұлттық  дәстүрімізде  бар  құбылыс.  Сол  атаулардың  аясында  ұлттық 
дүниетанымымыз  бан  арман-тілегіміз,  дүниеге  көзқарасымыз  т.б. 
қамтылған. Енді міне жаһандану заманында көшпелілікке негізделген 
сол  бір  ғажайып  рухани  әлеміміз  уақытпен  бірге  санамызда 
көмескіленетін  түрі  бар.  Сондықтан  атау  беру  мәселені  тереңнен 
түсінетін мамандардың, арнайы комиссияның шешімімен ғана жүзеге 
асуы тиіс. Бұл орайда, әсіресе, кісі есімінің төменнен емес, жоғарыдан 
ұсынылғаны  абзал.  Бұл  атаудың  беделі  үшін  де,  елдің  біртұтастығы 
үшін  де  аса  маңызды.  Екіншіден,  түрлі  салалар  бойынша  ғылыми-
зерттеу  институттарының  ұсыныстары  басшылыққа  алынғаны  жөн. 
Нағыз ұлттық тұлғалардың солай ғана анықталуы мүмкін. 

ОНОМАСТИКА
84
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Нысандарға  атау  беру  және  қайта  атауда  басшылыққа  алынатын 
екінші  мәселе  –  ұлттық  атаулар  мен  ұғым-түсініктер  мүмкіндігін 
барынша  пайдалану.  Атаудың  негізгі  мақсаты  –  белгілі  бір  нысан 
туралы  ақпарат  беру,  сондықтан  атау  ретінде  таңдалған  сөздің 
мағынасы  оның  ішкі  мазмұнын  ашып  тұруы  тиіс.  Екінші  сөзбен 
оны  нысан  мен  атаудың  байланысы  деп  атауға  болады.  Қазіргі 
жағдайларды  ескере  отырып,  атау  беру  мәдениетінің  қалыптасуына 
арнайы  мамандар  тарапынан  ұсыныстар  жасау  арқылы  ықпал  ету 
мақсатында атаулар сөздігі дайындалуы тиіс. Түрлі салаларға арналған 
атауларды  қамтитын  бұл  сөздікті  ресми  мекемелер  бекітеді.  Ілгеріде 
аталғандай, ғылыми-зерттеу институттары ұсынған кісі есімдерінің де 
тізімі белгіленіп, осы тәртіппен сәйкес мекемелерге беріледі.
Қазіргі  кезде  қазақ  ономастикасын  қамтитын  ауқымы  жағынан 
қала ономастикасы және ауыл ономастикасы деп екіге бөлуге болады. 
Қала ономастикасы өзінің сәулеті, сан қырлылығымен ерекшеленеді. 
Тұрғын  үй  кешендері,  әкімшілік  мекемелер,  шағын  аудандар, 
тағамханалар  және  т.б.  түрлі  халыққа  қызмет  көрсету  орындары. 
Бұл  жағынан  алғанда  ауыл  ономастикасы  қала  ономастикасының 
құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Қазіргі  кезде  ауыл  ономастикасы 
ұлттық  белгілерімен  ерекшеленіп  отыр,  алайда  қала  мәдениетінің 
ауылға ықпал етпей қоймайтыны белгілі. Қала мен ауыл арасындағы 
байланыстың  артуы  және  ақпарат  құралдарының  мол  мүмкіндігі 
арқылы  ононмасткалық  атаулардың  да  бірдейлесуі  мүмкін  дейтін 
болжам  бар,  атау  берудің  шарттарында  бұл  да  ескерілуі  тиіс.  Бізде 
қалыптасқан  «мемлекеттік  мекеме»  және  «жекеменшік  мекеме» 
дейтін  ұғымдар  бар.  Ал  құқықтық-нормативтік  актілерде  бұндай 
айырмашылық болмауы тиіс. Өкінішіке қарай, жеке меншік нысандар 
атауларының мемлекетік мүддеге, моральдық құқыққа, мемлекеттік 
тілдің жазу және мәдени нормаларына т.б. сәйкестігін реттеп отыратын 
құқықтық құжаттар бізде болмай отыр. Егер арнайы «ҚР Ономастика 
туралы»  Заңын  қабылдайтын  болсақ,  осы  құрылымдардың  барлығы 
қамтылар  еді.  Атаудың  берілу  тәртібі,  жазылу  ережелері:  қазақша 
нұсқасы,  транскрипция,  транслитерация  ұғымдарының  жүйесі, 
дүниежүзі  елдеріне  ұсынылатын  стандарттары  т.б.,  кісі  есімдерінің 
мәдени сапасы мен жазылу ережелері, құжаттарымызда таңбалануы 
т.б.  құқықтық-нормативтік  шешімі  жөніндегі  арнайы  құжаттың 
қажеттілігі  уақыт  өткен  сайын  айқындалып  келеді.  Себебі,  бұл 
филология,  тарих,  география,  құқық,  халықаралық  қатынастар  т.б. 
секілді  бірнеше  сала  мамандарының  атсалысуымен  жүзеге  асатын 
күрделі мәселе болып табылады.

ОНОМАСТИКА
85
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Қазіргі  күнде  экономикалық  және  әлеуметтік  өмірде  көптеген 
өзгерістер болуда. Мұның бәрі тілден өз көріністерін табуда. Бәсекелесік 
пайда  болысымен  бұрынғы  мекеме,  фирма,  қоғамдық  ұйымдардың, 
дүкендердің  бір  типтегі,  бір  сарындағы  атаулары  келмеске  кетті  де, 
көптеген  кәсіпкерлер  өз  кәсіпорындарының  атауларын  өзгелерге 
ұқсамайтындай және бір көргеннен, бір естігеннен ұмытылмайтындай, 
сонымен қатар мекемені жарнамалайтындай етіп таңдап қоя бастады. 
Осындай сауда саттық мекемелерінің, олардың тауарлық белгілерінің 
аттары, бұқаралық ақпарат құралдарының және т.б. атаулары қазіргі 
күнде  ғалымдар  тарапынан  зерттелетін  тақырып  ретінде  үлкен 
қызығушылық тудырып отыр [1; 2.].
Қазіргі  күнде  эргонимдер  саласындағы  зерттеулер  Қазақстанның 
жекелеген қалаларының тілдік материалдары негізінде қолға алынып 
зерттеліп жатыр [3; 4.]. Біз осы мақаламызда эргонимдерді Қызылорда 
қаласының мысалында қарасырамыз.
Қызылорда қаласының 
эргонимдері
Аман АБАСИЛОВ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Мадалхан Д.,
Ж.Қизатов атындағы №23 
мектеп-лицейі

ОНОМАСТИКА
86
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Қызылорда қаласы эргонимдерінің кеңістігі көпсалалы. Біз жиналған 
эргонимдерді (463 атау) іріктеп және жүйелеп қарастырғанда негізгі 5 
мағыналық топқа біріктірдік. Енді осыларға жекелей тоқталайық.
1.Кісі аттарынан немесе жанды сияқты түсінілетін зат атауларынан 
жасалған  эргонимдер.  Бұлар  Қызылорда  қаласындағы  кең  тараған 
эргонимдер  тобы  болып  табылады.  Олар  біздің  жинастырған 
эргонимдердің  33,0  пайызын  құрады.  Бұл,  әсіресе,  қаладағы  сауда 
нысандарында  өте  көп  кездеседі.  Мысалы  дүкендер:  «
Мейіржан», 
«Гүлнаурыз», «Индира», «Пірмағанбет», «Ерлан», «Бекжан», «Анар», 
«Ұлжан»,  «Гүлназ»;  сауда  үйлері:  «Күлпаш»,  «Ақниет»,  «Азамат», 
«Айтбек»,  «Жайна»,  «Ажар»,  «Сұлтан»;  мейрамханалар:  «Қуаныш», 
«Адема»,  «Жанетта»,  «Меруерт»;  кафелер:  «Айбек»,  «Даурен», 
«Айжан»,  «Айман»,  «Нұрмағанбет»,  «Мунира»,  т.б.  Көптеген 
жағдайда мұндай атауларды таңдау нысан иелерінің жеке мүддесімен 
анықталады, олар дүкендерінің атауын өз есімімен немесе баласының 
не жақын туыстарының атымен атайды. Бұл - Қызылорда қаласында 
ғана емес, жалпы елімізде кеңінен етек алған дәстүр. Ерекше айта кетер 
жағдай,  біздің  зерттеуімізде  Қызылорда  қаласында  ер  адамдардың 
есіміне қарағанда әйелдердің есімімен аталатын сауда орындары өте 
көп. Бұл, біздің ойымызша, сауда өнімдерін тұтынатын не керісінше 
соны сатуға ұсынатын әйелдердің көп болуынан болуы да мүмкін. 
Бұлардан  кейінгі  маңызды  орында  алатындар  мифонимдерден, 
яғни  миф,  эпос,  ертегі,  аңыздардағы  ономастикалық  кеңістіктің  кез 
келген саласының аттарынан жасалған эргонимдер: 
«Алладин» (кафе), 
«Қыз Жібек» (мейрамхана), Байтерек (мейрамхана), Волшебная лампа 
Алладина  (дәмхана),  «Самрук»  (қонақүй),  «Ертөстік»  (балабақша), 
«Алпамыс»  (балабақша),  «Толағай»  (балабақша),  «Три  богатыря» 
(кафе), 
«Золатая  рыбка»  (кафе),  «Золатой  дракон»  (мейрамхана), 
«Али  баба»  (кафе),  т.б.).  Бұл  әдеби-мифологиялық  тақырыптың 
өзектілігін көрсетеді. Мұнда ат берушінің тұтынушыға оң ассоцация 
қалдыру  үшін  атауға  немесе  мәтінге  ден  қойғандығы  байқалады. 
Қызылорда  қаласында  осындай  көркем  шығармалардан  алынған 
образдармен  тұтынушының  мәдени  әлеуетін  көтеретіндей  атаулар 
өте аз. Менің ойымша, бұлар әр уақытта жағымды сипатты білдіретін, 
балалықтың символымен байланысты келетін атаулар. Бұл - жоғарыда 
аталған  «
Ертөстік»,  «Алпамыс»,  «Керуен  сарай»  т.б.  эргонимдер. 
Бұл  тұтынушының  назарын  аударататын  әдістің  бір  түрі.  Алайда 
Қызылорда  қаласы  кәсіпкерлері  өз  нысандарына  ат  қоюда  осындай 
эргонимдерді аз таңдайды.
Осы  топтағы  тағы  бір  назар  аударатын  эргонимдерге  нысанның 
кең  танымдылығы  мен  беделдігін  таныту  мақсатында  шетелдік 
анторопонимдерді, кейбір брендтік атауларды да қою жатады. Өйткені 
тұтынушы қалай да болсын белгілі бір идеалға ойша ұмтылады, сөйтіп 
шетелдік модаға ассоцация беретін дүкендегі тауарды таңдайды. Олар: 
«Angela» (сән салоны), «Adidas», «Reebok», «Nokia», т.б.

ОНОМАСТИКА
87
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Қызылорда  қаласы  көшелерінде  сондай-ақ  әйгілі  тарихи  тұлға- 
лардың  аттарын  да  кездестіруге  болады: 
«Төле  би»  (дүкен),  «Ибн 
Сина»  (дәріхана),  «Бейбарыс»  (мейрамхана),  «Томирис»  (кафе)  , 
«Наутилиуст» (кафе).б.
2.Жансыз  заттар  атауларынан  жасалған  эргонимдер.  Мұны 
мағынасы  тек  «тауарлық  ассортоментті»  ғана  білдіретін  атаулар  деп 
те  атауға  болады.  Бұл  тәсіл  бойынша  эргонимдер  жасау  дәстүрге 
айналған.  Олар  біз  жинастырған  эргонимдердің  ең  көп  бөлігін, 
яғни  барлық  атаулардың  45,1  пайызын  құрады  Бұл  кәсіпорынның 
не  сауда  орнының  ұсынатын  ассортементіндегі  тауар  атауларына 
байланысты эргонимдер («
Білім», «Киімдер», «Аяқ киім», «Кілемдер», 
«Тағам»  «Автобөлшектер»  т.б.).  Бұлардың  негізгі  бөлігі  –  бұл 
тауар  мен  қызмет  ассортиментін  тіке  көрсететін  немесе  ассоция 
беретін атаулар. Бұл эргонимдер әр алуан, олар тұтынушылар тобын 
анықтайды.  Мұндай  дүкендер  тұтынушының  уақытын  үнемдейді 
және  жүйкесін  тоздырмайды.  Мысалы,  құрылысшы  өз  қажетін 
алу  үшін 
«Стройматериал»  дүкеніне,  жүргіуші  өз  көлігіне  қажетті 
бөлшекті іздеу үшін 
«Автобөлшектер» дүкеніне барады.
Бұл  атауларда  сондай-ақ  тұрмыстық  бұйымдар:  тағам,  сусын 
атаулары;  киімдер  мен  оған  қажетті  заттар  т.б.  туралы  мәліметтер 
бар.  Бұл  эргонимдерде  ақпараттық  қызмет  маңызды  рөл  атқарады. 
Мұндай  эргонимдердің  басым  көпшілігі  тауар  немесе  қызмет 
түрлеріне қатысты атауларды қамтиды: 1) интерьер, тұрмыс заттары 
дүкендері - 
«1000 сан ұсақ-түйек», «Комфорт», «Жиһаз», «Уют», т.б.). 
Қарастырып  отырған  осы  топқа  шартты  түрде  «әлем»,  «орталық», 
«үй»  мағынасындағы  атауларды  қосуға  болады.  Осындай  атаудағы 
дүкендер  тұтынушылар  үшін  әрқашан  орасан  тауарлар  әлеміне 
ассоцация береді: 
«Балалар әлемі», «Ыдыстар әлемі», «Кілемдер әлемі», 
«Сауда орталығы», «Сауда үйі» т.б. Мұндай дүкендер тұтынушы үшін 
өте ыңғайлы, өйткені онда олар тауарды өзі ұстап шыққан мерзімін, 
өндірушісін  т.б.  мұқият  қарайды  және  оны  таңдауға  асықпайды.  2) 
тамақ,  сусын  түрлері,  дүкендер: 
«Арзан  балық»,  «Алтын  балық», 
«Мандарин», «Халал ет», Халва, «Жеміс-жидек»; кафелер: «Дом пива», 
«Аral-beer»,  «Вeer-лога»;  дәмханалар:  «Тағам»,  Дастархан,  Бауырсақ, 
«Лаваш»,  «Сластена»,  «Кофе  До»,  «Арай  фаст-фуд»,  «Қуырдақ»,  т.б. 
3) киімдер мен қосалқы заттар (аксессуарлар), дүкендер: 
«Башмачок», 
«Гардероб», «Каблочек», «Мир обуви», «Спорт тауарлары», «Трикотаж 
әлемі»,  «R.A.M.JEANS»,  «Сөмке»,  «Fashion»,  «Евростиль»,  т.б..  Бұлар 
эргонимдердің ақпараттық қызметінің маңызды екендігін дәлелдейді.
Осы  топта  топонимдерден  жасалған  эргонимдер  саны  да  едәуір. 
Олар есте қалдыру (мемориалды) және көбінесе мекенжайлық қызметі 
атқарады  (ат  қоюшы  топонимді  пайдалана  отырып,  комерциялық 
өнеркәсіптің белгісін топонысан ретінде көрсетеді). Ал бұл маңызды 
белгі  болып  табылады.  Аталмыш  факті  географиялық  тақырыптың 
өзектілігін  танытады.  Мысалы: 
«Астана»  (мейрамхана),  «Алатау» 

ОНОМАСТИКА
88
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
(мейрамхана), 
«Стамбул» (сауда үйі), «Пекин» (мейрамхана), «Токио» 
(кафе). 
«Прага-7» (кафе), «Қызылорда» (қонақүй), т.б. 
Гидроним-атауларды  да  бір  топ  ретінде  көрсетуге  болады. 
«
Сырдария»  (сауда  үйі),  «Sарқырама»  (дизайн  орталығы),  «Оазис» 
(кафе), 
«Мелиоратор» (ЖШС), «Құмкөл транссервис» (АҚ), т.б.
Сөз  болып  отырған  топқа  флора  мен  фаунаға  байланысты  болып 
келетін  эргонимдерді  жатқызуға  болады.  Мысалы: 
«Қалампыр» 
(дәріхана), 
«Қызғалдақ» (дәріхана), «Жалбыз» (дәріхана), «Ромашка» 
(дәріхана),  «Байтерек»  (мейрамхана),  «Жасмин»  (кафе), 
«Ласточка» 
(кафе), 
«Алма», (сауда үйі), «Акация» (гүл орталығы), т.б.. 
Осы  топқа  сондай-ақ  космонимдерден: 
«Уркер»  «мейрамхана), 
«Шолпан» (дүкен), «Жұлдыз» (дүкен), «Сатурн» (кафе), «Сириус» (кафе), 
«Спутник» (дүкен) «Миркурий», (кафе), т.б. жасалған атаулар да бар.
3.  Күрделі  аталымды  нысандар  атауынан  жасалған  эргонимдер 
(А.ВСуперанский  оларға  мерзімді  баспасөз  органдарының,  мереке 
атауларының, әдеби және өнер туындылардың атауарын жатқызады). 
Олардың  ішінде  түрлі  өнер  түрлері  –  әдебиет,  телеарна,  музыка, 
театр  аттарымен  байланысты  болып  келетін  эргонимдер  анық 
байқалады. Бұл топтағы эргонимдер біздің жинастырған атаулардың 
6,9  пайызын  құрады.  Мұндай  атаулар  білімділікті,  ассоциативтілікті 
көрсетеді. Мысалы: дүкендер - 
«Академкітап»,«Канцтауар»,«Мұстафа 
Шоқай  кітап  үйі»,  мекемелер  -  «Нартай  Бекежанов  атындағы  қазақ 
музыкалық  драма  театры»,  «Сәбира  Майқанова  атындағы  мәдениет 
үйі»,  «Қорқыт  ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университеті», 
«Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана». 
4. Адамдарды, мекемелерді және т.б. сипаттайтын сөздерден жасалған 
эргонимдер.  Қызылорда  қаласындағы
  аталмыш  топтағы  эргонимдер 
онша  көп  емес,  бірақ  бар.  Біздің  жинастырған  эргонимдердің  9,9 
пайзын құрады. Олардың ішінде адамды сипаттайтын атауларға: 
«Сыр 
сұлуы»  (кафе),  «Гүлмира  доктор»  (тіс  емханасы),  «Шакир-дантист» 
(тіс емханасы), 
«Доктор-Мом» (дәріхана), «Бай Сара» (короке-кафе), 
«Сұлтан  сүйрік»  (сән  солоны),  т.б.  жатады.
 
Сондай-ақ  өнеркәсіпті 
сипаттайтын 
«Шоқ  су»  (ЖШС),  «Селена-star»  (қонақүй),  «Алтын 
Орда»  (қонақүй,),  «Алтын  сарай»  (мейрамхана),  «Имперал  Строй» 
(сауда  үйі), 
«Строй  люкс»  (дүкен),  «COPY  EXPRESS»  (дүкен),  «Сыр 
қуаты» (ЖШС), т.б. эргонимдер бар. Бұл атаулар әрі ақпараттық, әрі 
жарнамалық сипатпен сәтті қойылған.
5.  Астарлы  мағыналы  эргонимдер.  Мұндай  сипаттағы  эргонимдер 
көбінесе  құрылтайшылар  мен  олардың  жақын  туыстарының 
есімдерінің  алғашқы  дыбысы  не  буынынан
 
құралған  қысқарған 
атаулар
 
болып  келеді.  Бұл  топтағы  эргонимдер  қалада  ең  аз  санды 
атаулар  тобына  жатады.  Біздің  жинастырған  эргонимдердің  5,1 
пайызын  құрады.  Нысан  иелерімен  жүргізілген  сұхбаттар  мұндай 
эргонимдер ат қоюшының «өзіндік бір айласы» екенін және ол оның 
өзіне ғана түсінікті болатындығын көрсетті. Көбінесе мұндай атаулар 

ОНОМАСТИКА
89
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
құрылтайшылардың және олардың жақын туыстарының есімдерінен 
алынған  қысқартулар 
«ЖанРос»  (Жандос  –  үлкен  ұлының  аты  + 
Россия – мемлекет атауы), 
«Ибрайхан и К» (Ыбрайхан және Кенжебек 
–  мекеме  иелерінің  атауы), 
«ВАВ-групп»  (Боранбаев  Әскербек 
Болатұлы – мекеме құрылтайшысының атыжөні), 
«Жан и Ш» (ЖШС), 
«
Ырыс-НГ» (ЖШС), «К-групп» (ЖШС), «Абзал и К» (ЖШС), «Венера 
и  К»  (дүкен),  т.б..  Енді  бірі  жай  ғана  дыбыс  тіркестерінен  алынған 
атаулар  болуы  мүмкін,  оны  ат  қоюшы  ол  эргонимнің  мағынасын 
түсіндіре де алмайды. Мысалы, 
«Ергош» (кафе), «Гемакасис» (ЖШС), 
т.б..  Жалпы  мұндай  эргонимдер  әдетте  өте  аз  кездеседі.  Мұнда  ат 
қоюшы эргонимнің негізінен адресатқа жеңіл қабылдануына, есінде 
тез  сақталуына  көңіл  бөледі.  Тағы  бір  топтағы  эргонимдер  сатып 
алушыларға  ешқандай  ақпарат  бермейді.  Бұл  кәсіпорын  иесінің 
эргонимнің мүмкіндігін біле бермеуінен жіберілетін қателігі. Жалпы 
қандай  да  бір  эргоним  болмасын  ол  фирманың  имиджін  жасайтын 
және  оны  тауар  мен  қызмет  көрсету  нарығында  алға  сүйреуге 
көмектесетін сыртқы жарнаманың бір тәсілі болып табылады.
Жүргізілген  зерттеу  аясында  біз  жоғарыдағыларға  қосымша 
полиэтникалық сипатты танытатын эргонимдер тобын да анықтадық. 
Жалпы  эргонимдер  сол  жерде  қолданылып  отырған  тіл  немесе 
тілдер  базасында,  сол  халықтардың  ерекшелігін  көрсететін  атаулар 
негізінде  қалыптасады.  Қызылорда  қаласында  көптеген  этностар 
мен  диаспоралар  өмір  сүреді.  Міне,  осы  жағдай  көптеген  дүкен, 
мекеме,  фирма,  мейрамхана  атауларының  әралуан  тілде  болуына 
себепші болып отыр. Мысалы, түрік тілдері тобынан алынған атаулар: 
«Регистан»,  «Шахноза»,  «Мунира»,  «Узбечка»,  «Алишер»,  «Азия», 
«Шаһар»,  «Шайхана»,  «Шейх-S»,  «Стамбул»,  «Анкара»,  «Кишлак», 
т.б.; орыс тілі незінде жасалған эргонимдер - мейрамханалар: «Золотой 
дрокон»,  «Арбат»,  «Кристал»;  кафелер:  «Фортуна»,  «Насталгия», 
«Ласточка»;  дүкендер:  «Оптовик»,  «Нородный»,  «Башмачок»; 
дәмханалар: 
«Волшебная  лампа  Алладина»,  «Минутка»;  сән  салоны: 
«
Принцесса», шеберхана: «Татьяна», т.б.; корей тілі негізінде жасалған 
эргонимдер: 
«Чосон», Кореана (кафе), «Асон» (кафе) т.б.; шешен тілі 
негізінде  жасалған  эргоним: 
«Дашо  сай»  т.б..  Сондай-ақ  Қызылорда 
«Сыр – алаштың анасы» деп аталған үш жүздің басы қосылған, рулық 
құрамы  әртүрлі  өңір  болып  табылады.  Бұл  қаладағы  осы  топтағы 
эргонимдерде  біршама  орын  алған.  Мысалы: 
«Қыпшақ»  (орта  жүз 
руы), 
«Ер Шоштан» (орта жүз руы найманның бір атасының атауы), 
«Дөйт» (кіші жүз руы), «Алаша» (кіші жүз атауы), т.б.. 
Бүгінгі  таңда  тілімізге  өзге  тілдердің  элементтері  еніп,  тіліміздің 
жүйелері ішінара болса да өзгерістерге түсуде. Жалпы бір тілге өзге 
тілден  енген  сөздерді  зерттеу  отандық  лингвистердің  ғана  емес, 
онымен  қатар  шетел  лингвистерінің  де  өзекжарды  мәселесі  болып 
саналады. Шет тілінен енген сөздер деп өзге тілдің сөздік қорына тиесілі 
сөздерді  айтамыз.  Олардың  бірі  біздің  сөздік  қорымызға  ешқандай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет