«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата16.02.2017
өлшемі2,59 Mb.
#4204
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ОНОМАСТИКА
90
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
баламасыз дәл өзінің сол мағынасында еніп жатса, кейбірінің тілімізде 
аудармасы болғанымен оны өзіміз өзара қарым-қатынаста қолданып 
жатамыз.  Өйткені  ол  сөздер  өзге  елдің  мәдениеті  арқылы  енуде. 
Ал  мәдени  тұрғыда  елімізде  жаһандану  үрдісі  жүріп  жатыр,  демек 
біз  әртүрлі  дамыған  елдермен  мәдени  және  жан-жақты  тәжірибе 
алмасудамыз. Тілімізде шет тілі элементтері өз қалпында қолданылуы 
ономастиканың  эргонимика  саласында  қатты  сезілуде.  Бұның  ең 
негізгі себептерінің бірі ол атаулардың мемлекеттік тіл басқармасына 
қарасты болмағанынан туып отыр.  Әрбір номинатор өз кәсіпорнына 
өзі  қалаған  есімді  атау  етіп  беруде.  Кәсіпорын  иелері  үшін  немесе, 
басқаша айтқанда, ат қоюшылар үшін маңыздысы тілдік саясат емес, 
адресатқа эргонимнің жағымдылығы болып отыр.
Қазақстан  Республикасы  бүгінгі  таңда  егемен  ел  ретінде  әлемнің 
көптеген елдерімен мәдени, саяси, экономикалық байланыста дамып 
келеді.  Бұл  оның  лингвистикалық  кеңістігіне  де  өз  әсерін  тигізеді. 
Қазақстанның  барлық  қалалары  мен  аудандарында,  соның  ішінде 
зерттеу нысаны болып отырған Қызылорда қаласында өзінің шеттілдік 
атауын (брэнділерін) көрсететін көптеген белгілі шетелдік фирамалар 
атаулары  мен  шетел  сөздерінен  ғана  тұратын  көптеген  эргонимдер 
бар. Мысалы, фирмалық дүкен 
«АDIDAS» (дүкен), «NOKIO» (дүкен), 
шаштараз-салон 
«WELLA,  «Ti-tech  сервис»  (ЖШС),  «Esperanza» 
(кафе), 
«Oasis» (турситік агенттік), «City jeans» (киім дүкені), «Sonata» 
(кафе), 
«GALLA» (түрік жиһазы), «R.A.M.JEANS» (ерлер киім дүкені), 
«Fashion» (киім дүкені), «Camellia» (гүл орталығы), «Evim» (түрмыстық 
тауарлар  дүкені), 
«COPY  EXPRESS»  (компьютерлік  техника  дүкені) 
«TEKSAN»  (дүкен),  «TEXNOMAN»  (дүкен),  «PLATINA»  (зергелік 
шеберхана), 
«MAXSMUM»  (жарнама  агенттігі),  «NEXUS»  (дизайн 
студиясы), 
«SUPERMATIK» (интернет клуб), «Royal» (интернет клуб), 
«ANGELA» (сән салоны), т.б.
Қаланың  экономикалық  және  өндірістік  өмірдің  орталығы  ретін- 
де  танытатын  атауларды  «техногендік
 
эргонимдер»  деп  атайды.  Техно- 
гендік  эргонимдердің  мынадай  түрлері  бар:  -құрылыс,  -авто,  -сауда 
және трейд (ағыл. to trade – сауда жасау), -техно және -тех, -энерг және 
-энерго, мұнай және oil (ағыл. мұнай, май), - инвест, -холдинг, -газ, -хим, 
-жөндеу, металл. Оларға: 
«Торғай-Петролиум» (АҚ), «АйДан Мұнай» (АҚ), 
«Қуат Амлон Мұнай» (ЖШС), «КазПетрол Групп» (ЖШС), Құмкөл Транс 
Сервис»  (ЖШС),  «КазРосМұнай»  (ЖШС),  «ЭкоҚұрылысМаркетинг» 
(ЖШС), 
«Ай-дан-инвест» (ЖШС), «АсарХолдинг» (ЖШС), «Бест сервис» 
(ЖШС), 
«Батт Ойл» (ЖШС), «Дорстрой» (ЖШС), «Строй-Мода» (Сауда 
үйі), 
«Отырар  travel»  (туристік  агенттік),  т.б.  Әрбір  атау  сол  халықтың 
тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі туралы белгілі бір ақпарат береді. Сонымен 
Қызылорда қаласының эргонимдік кеңістігі мекеме, компания, өнеркәсіп, 
фирма,  қоғамдық  ұйым  атауларының  өзіндік  жүйесін  білдіреді. 
Ғалымдарды аймақтық деңгейдегі осы заманғы эргонимдер проблемалары 
және ылғи да даму үстіндегі лексикалық бірліктер қызықтырады.

ОНОМАСТИКА
91
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Сонымен  Қызылорда  қаласындағы  эргонимдер  туралы  ақпаратарды 
жинап және оларды жүйелей келе дүкен иелері өз сауда нысандарының 
атауын беруде бірінші және екінші топтағы эргонимдерді таңдайды екен:
1. Мағынасы тек «тауарлық ассортоментті» ғана білдіретін атаулар.
2. Антропоним-атаулар.
Бірінші  топ,  біздің  ойымызша,  ең  сұранысқа  ие  атау,  өйткені 
тұтынушы егер ол дүкен болса, оның атынан оның не сататынан нақты 
ақпарат ала алады. Мұндай эргонимдерді таңдап қана қою жеткіліксіз, 
оған  осымен  қоса  аздаған  қиял  мен  шығармашылық  ізденіс  керек. 
Мысалы, тек 
«Азық-түлік» емес «Ең балғын азық-түліктер», «Киімдер» 
ғана  емес 
«Сіздің  киіміңіз»  деген  сияқты  т.б.  Антропонимдердің  де 
жиі  пайдалануы  түсінікті.  Қызылорда  үлкен  қала  емес  және  оның 
жекелеген  шағын  аудандарындағы  тұрғындар  сол  жердегі  дүкеннің 
кімге  тиесілі  екені  ғана  емес,  атауды  кімнің  құрметіне  қойылғанын 
да  жақсы  біледі  (мысалы
,  «Индира»  дүкені  оның  иесінің  қызының 
атына, 
«ЖанРос» компания иесінің баласының атына, «Ажар» сауда 
үйінің әйелінің атына қойылған). Жалпы алғанда Қызылорда қаласы 
эргонимдерінде  шығармашылық  ізденіс  бастауы  мен  креативтілік 
мүлдем жоқ деп айтуға болмайды.
Қала  эргонимдердің  сөзжасамдық  ерекшеліктерін  қарастырғанда 
біз  олардың  екі  түрлі  тәсіл  арқылы  –  семантикалық  және  атаулық 
сөзжасам тәсілдер арқылы жасалуына көңіл бөлеміз:
1.Сөзжасамның семантикалық тәсілі арқылы жасалған эргонимдер. 
Олар: 1) эргоним сөздер, олар өз ішінен мынадай жолдармен жасалған: 
а)  трансонимдену  (бір  атаудың  екінші  нысанға  атау  ретінде  көшуі) 
(дүкендер – «
Рахат», «Арай»; сауда үйлері – «Сырдария», «Торғай», 
«Стамбул»;  мейрамханалар  -  Қыз  Жібек,  Жанетта  т.б.);  ә)онимдену, 
бұл негізгі екі типі арқылы метафорамен (сән салондары – 
«Шарм», 
«Принцесса»;  күзет  агенттіктері  «Найза»,  «Арлан»,  т.б.)  және 
метонимиямен 
(«Арзан баға» - «Арзан» базары т.б.), өзге тілден енген 
атаулар 
(«Кореана»,  «Виола»,  «Версаль»,  т.б.)  және  т.б..  2)  эргоним 
сөз  тіркестері,  құрамы  әр  түрлі  сөз  таптарынан  болған,  мысалы: 
зат 
есім+зат есім (құрылыс компаниялары - «Асар Құрылыс», «Адем Жан»; 
мұнай компаниясы 
«Торғай-Петролиум», «Қуат Амлон Мұнай»), сын 
есім+зат есім (мейрамханалар – «Алтын сарай», «Золотой дракон», 
«Жас  отау»),  сан  есім+зат  есім  (дәмханалар  -  «Жеті  қазына»,  «Три 
поросенка»). 3) эргоним сөйлемдер, жалпы мұндай эргонимдер өте аз 
кездеседі, мысалы бұл орыс тілінде көбінесе этикеттік формалармен, 
одағайлардан  жасалған  (дүкендер: 
«Браво»,  «Вива»)  және  бұйрық 
райлы етістікпен келетін сөйлемдер (дәріхана: 
Будьте здоровы!). Біздің 
ойымызша, мұндай эргонимдер қазақ табиғатына тән емес және осы 
сипаттағы  кірме  эргонимдер  де  біз  зерттеу  нысаны  еткен  қалада 
мүлдем кездеспейді.
2.Атаулық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған эргонимдер. Бұлар өз 
ішінде  үш  түрлі  жолмен  жасалған:  1)  буынның  қысқаруы  жолымен 

ОНОМАСТИКА
92
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
жасалған  эргонимдер  (мұнай  компаниялары: 
ЖандосРоссия  – 
«ЖанРос»;  Қазақстан  Россия  мұнай  –  «КазРосМұнай»;  Фармация 
Сервис  –«ФармСервис»,  т.б..  2)  қосарлану  арқылы  жасалған 
эргонимдер  («
Эко-фам»,  «Ай-дан-инвест»,  «Аңсар-Сервис»,т.б.).  3) 
сан  және  өзге  де  символдар  қоса  жазылғандар 
(«Жайна  -2»,  «Прага 
-7», «Азия +», «Шейх-S» т.б.).
Қызылорда  қаласындағы  эргонимдерге  сөзжасамдық  тұрғыдан 
талдау  жасау  барысында  біз  семантикалық  тәсілдің  өнімді  екенін 
көрдік. Оның ішінде ең өнімдісі эргоним сөздер, оның ішінде 
онимдену 
жолымен  жасалғандары.  Бұл  тілдік  материалды  үнемдеуге  қатысты, 
өйткені метафора мен метанимия тұтынушынының көңілін аудартуға 
септігін  тигізеді,  атау  берушіге  қысқа  да  нұсқа,  образдық  ат  қоюға 
көмектеседі.  Саны  жағынан  келесі  орынды  эргоним  сөз  тіркестері 
алады.  Бұл  тәсілді  атау  берушілер  бойына  барынша  көп  ақпарат 
жинақтайтын  көпқызметті  эргонимдер  жасауда  жиі  пайдаланады. 
Жоғарыда  айтын  өткеніміздей,  эргоним  сөйлемдер  зерттеу  нысаны 
болып отырған қала тілінде кездеспейді.
  Қаладағы 
әртүрлі 
кәсіпорындарының 
маңдайшаларында 
мүлдем  жіберуге  болмайтын  түрлі  қателіктерін  жиі  көретін 
болдық.  Біз  бұларды  сондай-ақ  жарнамалардан,  афишалардан, 
хабарландырулардан  т.б.  көреміз.  Бұл  не?  Бұл  сауатсыздық  сөзді 
дұрыс  айта  алмаудан  ба,  әлде  дұрыс  жаза  алмаудан  ба  немесе  әдейі 
бөлектеніп  көрініп,  назар  аудартудан  ба?  Біздің  көзқарасымыз 
бойынша,  Қызылорда  қаласы  эргонимдерінде  осы  заманғы  жазу  өз 
бейнесін  тапқандай.  Эргонимдерден  біз  көбінесе  орфографиялық 
нормалардың  саналы  түрде  бұзылғандығын  кездестіреміз.  Мысалы, 
бас  әріптерді  нормаға  сәйкес  қолданбау,  ат  қоюшы  сөздің  алдыңғы 
бөлігін бөлектеп көрсетеді 
(«АВТОбөлшектер»), кейде бас әріптер сөз 
тіркесінің  ортасында  қолданылады 
(«Ыдыстар  Әлемі»,  «Сыр  Әлемі»-
«Мир  Красок»),  (жалпы  Ыдыстар,  Кілемдер,  Киімдер  деп  көптік 
жалғаумен жазу да қазақ тілінің табиғатына жат), тіпті сөздің соңын да 
бас әріптермен саналы түрде жазу кездеседі 
(«МастерОК», «ТурАН» 
«ӘлемТУР» «ШоқСУ»).
Тағы  бір  тілдік  норманы  бұзушылыққа  сөзбен  бірге  әріптік  емес 
таңбаларды пайдалану жатады 
(«Азия+», «Прага- 7», «
Ѽптовик», ).
Кейбір  эргонимдерден  шетелдік  әріптердің  (латын  алфавиті) 
араласуын  жиі  көреміз 
(«Sарқырама»,  «ШейхS»  «Лаборотория-S», 
«Империя –s»).
  Қазақтың  біртуар  азаматтарының  есімдерін  қала  көшелеріне 
беруге  болғанымен,  оларды  сол  көше  бойындағы  нысандарға  беруге 
болмайды.  Мұндай  келеңсіздіктерге  тиім  салынуы  керек.  Мысалы, 
«Төле  би»  дүкені,  «Baistrit»  (Байтұрсынов  көшесінгегі  мейрамхана), 
«Бейбарыс» сауда үйі, т.б.
Қаланың  лингвистикалық  ландшафтында  шетелдік  лексиканың 
белең  алғандығын  айтпай  кетуге  болмайды.  Мұндай  шетелдік  сөз-

ОНОМАСТИКА
93
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
эргонимдер  тек  өзі  ғана  жазылып  қоймай,  енді  қазақ  сөздерімен 
бірге  араласа  қолданылатын  болды 
(«Алма-dent»,  «ДостарМед-
lain»,  «Отрар-travel1»  «БАТ-OIL»,  «МК-  OIL»,  «Baistrit»»).  Сондай-ақ 
қала  көшелерінде  жеке  адам  есімдерінің  де  әдейі  саналы  түрде  қате 
жазылуы  да  көбейіп  барады 
(«Адема»  -  Әдемі,  «Ақ-Ерке»  -  Ақерке, 
т.б.). 
Мұны тілге менсінбеушілік танытудың белгісі, тіпті мемлекеттік 
«Тіл туралы» заңды өрескел бұзу деп түсіну қажет. Басқа ұлт өкілдерін 
былай  қойғанда,  бұл  өзіміздің  тілге  деген  немқұрайлығымызды 
байқатады. 
Қала  эргонимдерінің  дұрыс  жазылуы  –  бұл  қала 
халқының  сауаттылық  көрсеткіші.  Басқаша  айтқанда,  сауаттылық 
- бұл тұтынушыға кәсіпкердің көрсеткен сыпайлығы, сауаттылық – 
бұл табысқа жетудің маңызды қадамы. Кәсіпкер тұтынушыны тілдік 
заңдылықты,  норманы  саналы  түрде  бұзу  арқылы  емес,  көрсететін 
қызметі мен тауарын жарнамалайтын басқа әдіс-тәсілдерді табуы тиіс.
Әдебиеттер:
1.Подольская Н.В. Словарь русской ономастической терминологии. 
 - Москва: «Наука»,1988. - С.151.
2.Суперанская А.В. Общая теория имени собственного. / А.В. 
 Суперанская. – Москва, 2007.
3.Иманбердиева С. Қала ономастикасының кейбір мәселелері. 
 - Алматы: Арқас, 2004. 
4.Какимова  М.Е.  Типология  эргонимов  Северо-Казахстанской 
области. 
 Автореф. канд. филол. наук. - Алматы, 2004, - С.12.
 
 
 
 
 
 

МЕРЕЙТОЙ
94
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
...  Қазақ  деген  қашаннан  өз  алдына  ұлт  болып,  Еділден  Ертіске, 
Оралдан  Ауғанға  дейін  тұтас  тұрған  халық  еді.  Арамызға  әртүрлі 
жұрт кіріскенде солармен қатар, атымыз жоғалмай, қазақ ұлты болып 
тұра аламыз ба? Осы біздің төсекте дөңбекшітіп ұйқымызды бөлетін 
нәрсе. Басқа жұртпен араласқанда өз алдына ұлт болып, өз алдына тілі 
бар, өз тілінде жазылған сөзі (әдебиеті) бар жұрттарға не тұрады. Өз 
тілімен сөйлескен, өз тілімен жазылған жұрттың ұлттығы еш уақытта 
адамы  құрымай  жоғалмайды.  Ұлттың  сақталуына  да,  жоғалуына  да 
себеп  болатын  нәрсенің  ең  қуаттысы  –  тіл.  Сөзі  жоғалған  жұрттың 
өзі  де  жоғалады.  Өз  ұлтына  басқа  жұртты  қосамын  дегендер  әуелі 
сол  жұрттың  тілін  аздыруға  тырысады.  Егерде  біз  қазақ  деген  ұлт 
болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де 
сақталу  қамын  қатар  ойлау  керек.  Қазақтың  осы  күнгі  ісінің  бетіне 
қарағанда һәм мұнан былай ісіміздің беті осы болса, қазақ тілі азып, 
жоғалуға ықтимал. Біз келімсек жұрттан кем болмас үшін оқымай тұра 
алмаймыз. Оқымасақ басқалармен қатар тіршілік ете алмайтынымыз 
сүттей  ақ,  күндей  жарық.  Оқығанда  ісіміз  осы  қалпында  болса, 
тіліміздің азып жоғалуы да анық. Қазақтың балалары қалай оқып жүр? 
Елде оқыса, он жыл оқып хат жазуды білмейтін ескі жолмен оқиды. 
Тарихымызда тілдің ұлтты ұйыстырушы құрал 
екендігін ең алғаш аңғартқан Алаш зиялылары болды. Олар 
қазақ тілінің тарихи һәм табиғи осы миссиясын негіздеумен 
бірге тіл білімінің де бастауында тұрды. Біз журналымыздың 
«Мерейтой» айдарында ұлт зиялыларының тіл туралы 
айтқан өміршең де өзекті ойларын ұсынуды жөн көрдік. 
Өйткені, 1905 жылы «Қарқаралы құзырхатынан» өріс алған 
Алаш қозғалысының басталғанына биыл 110 жыл толып отыр.
Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

МЕРЕЙТОЙ
95
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Шаһарда оқыса, я сарт, я ноғай медреселерінде оқиды. Рус школында 
оқитыны  русша  кітап,  үйренетіні  русша  жазу,  қазақша  көбі  оқи  да, 
жаза  да  білмейді.  Мұсылман  медреселерінде  оқығандардың  естігені 
әдеби тіл, оқығаны әдеби тілмен жазған кітап, жазғаны да сол кітаптың 
тіліне салып еліктеу. Ол әдеби тіл деген қандай тіл? Араби, фарсы сөздер 
көп кірген тіл. Неғұрлым араби, фарсы сөздер көп қосылса, неғұрлым 
қара халық түсінуге ауыр, тіпті түсінбейтін болса, әдебиырақ болады 
деп  тұтынған  жолдан  шыққан  тіл.  Бұл  тіл  халықтан  тумаған,  жаны 
жоқ тіл. Мұсылманша оқығандарымыз әдеби тілмен сөйлейміз, әдеби 
тілмен жазамыз, қазақша жазсақ, әдеби тіл болмайды деп қазақ тілімен 
жазуға  ұялады,  қорынады.  Русша  оқығандарымыз  қазақ  тілімен 
пікірімізді толық айта алмаймыз, жетпейді, русша жазғанымыз оңай 
дейді.  Қысқаша,  русша,  мұсылманша  оқығандарымыз  қазақ  тілімен 
жазуға қорынып, біреуі русша жазады, біреуі әдеби тілмен жазады. 
Бұлардың  өз  тілінен  қорынып,  жиренетін  себебі  не?  Менің 
ойлауымша,  бұл  әдеттенуден  бірі  орысша,  бірі  әдеби  тілмен  оқып 
қазақша  жазу  әдетінде  болмағандық.  Әдетінде  жоқ  нәрсе  қалыптан 
тысқары  болып,  басында  ерсі  көрінеді.  Қазақ  тілі  мен  жазу  әдетінде 
болмаған соң русша һәм мұсылманша оқығандарымыз қорынады. Бір-
біріне жазған хаттарын да қазақша жазбайды. Бұлай істеулері ұнамды 
емес. Бірақ қазақ балаларын аталары осы күнгі оқытуына қарағанда 
«бұл  неге  солай»  деп  ғажаптанар  да  іс  емес.  Сегіз,  тоғыз  жасынан 
оқуға  түссе,  оқыған  тілі  басқа  болса,  жазғанда  сол  кітаптардан  үлгі 
алып  жазса,  олар  қайдан  қазақша  жазуға  әдеттенер?  Мұнан  былай 
да  осы  бетімізбен  жүре  берсек,  ақтығында  қазақ  тілі  азып-тозып, 
бірте-бірте тұтынудан шығып, әуелі қазақша жазу ұят көрінер, онан 
әрі  не  болары  белгілі.  Оқыған  жастарымыз  қазақ  тілінен  жиренсе, 
қарттарымыз  мың  жасауға  болмаса,  қазақ  тілі  жан  сақтайтын  орын 
жоқ. Сондықтан бұлтақтамай осы бастан істің бетін тура жіберу үшін 
анықтап  ашатын  нәрсе  мынау:  қазақ  тілін  сақтау  керек  пе,  болмаса 
русша  болсын,  басқаша  болсын  сөйлеуге  жараған  соң  бәрі  тіл  ғой, 
қазақ тілі жоғалса, жоғала берсін дейміз бе?
Біздің газетіміздің таңбасы «Қазақ» яғни қазақтығымызды сақтау. 
Қазақтың әрине аты мен тілі жоғалмаса сақталады. 
Бұл  айтқанымыз  русша,  я  басқаша  оқымасын  деген  емес,  русша 
тілін  де  білу  керек.  Бірақ  өз  тілінен  жиренбеске  керек  деген  сөз. 
Тұтынбаған нәрсе жоғалады. Он жыл, он бес жыл еңбек етіп, қиналып 
рус  яки  әдеби  тілдерді  үйренгендерге  өз  тілімен  жазуды  үйрену 
қиын  деп  ешкім  айта  алмас.  Русша  біздің  де,  әдеби  тілді  білудің  де 
орындары  бар.  Біздің  қарауымызша  оларды  өз  орындарына  жұмсау 
тиіс.  Ақырында  айтатынымыз,  әдеби  тілді  сүйетін  бауырларымызға 
газеттегі  қазақтың  қара  тілімен  жазғанымыз  ұнамсыз  көрінсе,  ол 
кемшілігімізге кешу өтінеміз. Жұрт үшін шығарылған нәрсе жұртқа 
жақын  болуы  тиіс.  Аспандағанмен  жерден  алыс  кете  алмаспыз. 
Артылдық дегенмен елден алыс кете алмаспыз. 
(Автордың «Қазақ» газетінде осы басылымның
 бас мақаласы ретінде жарияланған еңбегінен алынды)

МЕРЕЙТОЙ
96
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
...Бір  халықтың  өз  тілінде  білім-өнері  болмаса,  ол  халықтың  тілі 
бұзылып  өзгереді  һәм  көршілес  күшті  халықтың  тілімен  әсірелеп,  . 
.  .  соған  қол  болады,  оның  ішінде  жаңалықтар  көбейеді.  Ол  кішкене 
ұлттарды  жаңартып,  жандандырылмаған  ескі  тілі  өзінің  барлық 
маңызын  жояды  һәм  жылдам  ұмытылады.  Мұның  мысалын  тарих 
бетінде  бек  көп  ұшыратамыз,  бұрын  да  бірнеше  халықтар  болған, 
қазір біз олардың бірін де көре алмаймыз, һәм олар жоқ. Міне бұлар 
– сол тілдері жойылып кеткендер. 
Тіл болмаса, ұлт та болмайды. Яғни ол ұлт бүтіндей өлген, жоғалған 
ұлт болады. Патшалық заманында көп ұлттар осындай халдерге душар 
болды.  Мінекей,  залым  патша  үкіметі  қолында  айырма  уақ  ұлттар 
осылайша  ойыншық  болып  жүрді.  Ұлы  өзгерістің  қуатты  күшімен 
патша  үкіметінің  негізсіз  ұясы  быт-шыт  болып  таралды.  Ол  өзгеріс 
бізге сөз бен дінге үлкен бостандық берді. Һәм бүтін ұлттарға бірдей 
құрдастық,  тегістік  жолын  ашты.  Міне,  қазір  бізге  айнала  кеңшілік, 
қай жағымызда да тоқталыс беретін кедергі жоқ. Ұлтымыздың білім, 
өнерін, әсіресе, ана тілімізді қалайша һәм өсірсек те жолымыз ашық. 
Өнер,  әдебиетімізді  көркейту,  шаруашылық  жағымызды  ілгері 
бастыруға  еріктіміз.  Осы  айтылған  мақсаттарды  жарыққа  шығар- 
ғанның  соңында  бізде  де  күшті  ұлттармен  қатар,  ұлы  өзгерістің 
үстімізге жүктеткен зор міндеттерін атқарған боламыз. Жалпы өнер-
білімнің  ішіне  ана  тілі  болуы  да  кіреді  һәм  мұның  керісінше  ана  тілі 
болудан ұлттың білім-өнері табылады. Ана тілін білмей тұрып, ешбір 
білім-өнерді  таратуға  мүмкін  емес.  Ең  әуелі  ана  тілі  қажет.  Егер  ана 
тілін  білмесең,  онда  сен  ол  ұлттың  баласы  емессің.  Ана  тілін  білмей 
тұрып  ұлт  білімін  ала  алмайсың.  Ұлт  білімі  болмаса,  онда  әдебиеттің 
болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді. 
Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тисі. Біз тілімізді қанша 
сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз. 
МЕРЕЙТОЙ_97_«Тіл_және_қоғам»'>Ғұмар ҚАРАШ

МЕРЕЙТОЙ
97
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Ұмытпаңыз.  Өзімізді  басқа  ұқсас  халықтан  айыратын  белгіміз 
болған  ана  тілімізді  білсек  қана  осы  мақсаттаршға  жетпекпіз.Егер 
ұлттың  ешбір  білім-өнері  болмаса,  оның  кәсіп-харакеті  де  нашар 
болады.  Мұның  соңында  ол  күшті  ұлттың  қолтығына  түседі,  һәм 
солайша  біраз  уақыт  өткен  соң  ол  ұлт  бүтіндей  жоқ  болып  кетеді. 
Осы  айтылғандардың  бәрі  де  білім-өнері  болмаған  ұлттың  ұлт  емес 
екендігіне дәлел. Яғни ұлтшылдықтың нағыз белгісі болып табылады. 
Тіл  мұнан  басқа  айырмаларда  ұлттардың  бәрі  де  бірдей.  Тіл  ешбір 
уақытта  өзге  нәрселерге  бас  имеске  тиіс.  Біз  оны  бегірек  те  сүюге 
һәм түрлі жұқпалы шет тілдерден сақтауға борыштымыз. Тіл – айна, 
оның ішіне бүтін халықтың тұрмысы түсіп тұрады. 
Бала  анасының  құрсағында-ақ,  өз  ұлтының  тілімен  ауызданады, 
бүтін денесі сонымен азықтанады. Өскеннен соң бала тілді жарыққа 
шығарушыға, өршітуге борышты. 
Қазақ  халқының  келешектегі  ұрпағының  жазымы  да  осыған 
тіреулі.  Біз  ана  тілімізді  оқып  білсек,  соның  арқасында  ұлтымыздың 
білім-өнерін  алға  жібереміз,  өршітеміз.  Білімі  ілгері  болған  жақта 
тұрмыстың тірегі болған кәсіпөнер жолының кең болатындығы шексіз 
мәлім, онда шаруашылық жағы да орасан күшті әм өте сенімді болады.
Осы  айтылған  істерді  орнына  келтіргенде  ғана  өз  ұлтымызға 
айырым басқалықтар даулай аламыз.
 
(Автордың Ұлт һәм туған тіл
(Патшалық һәм бостандық заманында) еңбегінен алынды)

МЕРЕЙТОЙ
98
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Е
лдің  тілі  бұзылуына  ең  алдымен  оқығандары  себеп  болады. 
Бұлар  жат  әсерлерге  бағынғыш  келіп,  ана  тілін  өзгеруге  жол 
басшы болады. Оқығандар өзіне ылайық әдебиет тілі деген тіл түзейді. 
Түзеген жаңа тілін ел ішінде жая бастайды, көбіне зорлап кіргізеді.
Әдебиет  тілі  дұрыстап  түзелмесе,  қара  тілдің  заңымен  жүрмесе, 
әдебиет  тілі  көп  бұқараға  түсініксіз  жат  тіл  болады,  елге  сіңбейді; 
сондықтан  жер  жүзіндегі  жұрттың  көбі  әдебиет  тілін  қара  тілге 
жақын қылып елге түсінікті қылуға тырысады. Әдебиет тілінің қаруы 
–  баспа  мен  мектеп.  Баспа  мен  мектеп  деген  –  адам  шошынарлық 
өте қайратты қару. Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында 
сіңбей  қалмайды.  Мектеп  пен  баспаның  тілі  дұрыс  тіл  болса,  елдің 
тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған 
тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай 
қалмайды.
Қазақтың  әдебиет  тілі  жаңадан  басталды.  Елдің  қара  тілі  әдебиет 
тілімізге негіздікке алынды. Әдебиет тіліміздің табаны дұрыс салынды 
деуге болады. Табаны дұрыс салынғанмен, үйді көркем болып түзеледі 
деп айтуға болмайды. Үйдің керегесі (дуалы), төбесі, есік-терезелері, 
түрлі әшекейлері көп болады. Осылардың бәрі дұрысталып салынғанда 
ғана, әр қайсысы өз орнына қойылғанда ғана үйді түзеліп бітті деуге 
болады.
Осы күні әдебиет тіліміз өте қарқындап өсіп барады. Бір жағынан, 
өз сөзінен сөз тудырып байыса, екінші жағынан, жат сөздерді кіргізіп 
байып баратыр. Тілдің өз сөздерінен туған сөз тілдің негізгі заңымен 
тууы керек, тілдің нағыз өз баласы болуы керек. Бұған ешкім таласпас 
та, таласпайды да.
Жат  сөзді  қолдаушылар  екі  түрлі.  Жат  сөздерді  туғандағы 
айтылуынан  өзгертпей  кіргізу  керек,  жат  сөздерді  өзгерту  күнә  деп 
Халел ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ

МЕРЕЙТОЙ
99
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
жат  сөздерді  тілімізге  әдейі,  жорта,  қалыбынан  бұлжытпай,  кіргізіп 
отырғандар  бар.  Бұл  –  бір.  Екінші  –  не  себепті  екенін  өзі  білмей, 
ойламай,  бір  сөзді  бір  жерден  қалай  естісе  я  оқыса,  сол  сөзді  сол 
күйінше  бұлжытпай  тілге  кіргізіп,  қолданып  отырғандар  бар.  Жат 
сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге ылайықтап 
алу  керек.  Жат  сөзді  өзгертпей,  бұлжытпай  алатын  жер  дүниеде  тіл 
жоқ  деп  айтса  да  болады.  Бұл  туралы  Аурупа  тілдерінен  алдымызда 
үлгі  келтіреміз.  Жат  сөздерді  өзгертпестен  алып,  бастапқы  жат 
қалыбымен тілге сіңіреміз дегендік – шатасқандық. Бұ жолда жүрген 
адамдар тілімізге орасан зиян келтіреді. Жат сөздерді өзгертпейінше 
жүргіземіз деп қазақтың тілін бұрағандар да, «мәдениетке үйретеміз, 
өнер шашамыз» деп арақ пен шылым, жұқпалы ауру таратқандар да бір 
есеп. Арақ, шылым, аурулар адам денесін бұзса, зорлықпен кіргізген 
жат сөздер елдің түп қазығы болған тілді бұзады. Қайсысының күнәсі 
көп?!
Тілімізге  жат  сөздер  екі  жақтан  кіріп  жатыр.  Бірі  –  араб,  парсы 
сөздері,  молдаға  оқығандар  арқылы.  Екіншілері  –  Аурупа  сөздері, 
ордаға оқығандар арқылы. Араб-парсы сөздері тілімізге дінмен бірге 
кіре бастады. Молдалар қаншама дін сөздерін дұрыс айтқызамыз деп, 
[тіл] бұраса да ел болмады. Жат сөздерді өзінше айтып, тілінің заңына 
ылайықтап  қолданатын  болды.  Дін  тілімізді  бұза  алмады.  Бұған 
себеп  –  көшпелі  салтымыз  һәм  елге  тым  кәдірлі  болған  орасан  бай 
ауыз  әдебиетіміз.  Көшпелі  елге  жазу-сызу  оңайлықпен  таралмады. 
Жазба  әдебиет  жоқтық  бізді  сақтады.  Жазба  сөз  қазақ  арасына  он 
тоғызыншы әсірдің екінші бөлімінде пайда болды десе болады. Онан 
бұрынғы есепке алынбайды. Жазба сөз бізге, бір жағынан, Қазаннан, 
бір  жағынан,  Бұхардан  келді.  Араб-парсы  сөздерінің  де  көбі  осы 
көршілер арқылы келді.
Тілімізді  байытайын  деп  тұрған  екінші  түрлі  жат  сөздер  Аурупа 
сөздері,  бұ  сөздердің  жаңғыз-жарымы  болмаса,  елге  сіңгені  жоқ. 
Бұларды қолданып, елге ықтиярсыз кіргізейін деп тұрған – әдебиет 
тіліміз. Аурупа сөздері соңғы заманда әдебиет тілімізге жапа-тармағай 
кіріп жатыр. Соңдықтан бұлар туралы да біраз ғана сөз айтпақшымыз.
1)  Аурупа  сөздерін  алғанда,  сөзді  қазақ-қырғыз  тілінің  заңымен 
өзгертіп,  сіңуге  қолайлап  алу  керек.  Аурупа  тілінен  бізге  әсері  көп 
тиетін  тіл  –  орыс  тілі,  орыс  сөздері  ықтиярсыз  қолдануға  керек 
болатын  дәуірде  тұрмыз.  Сондықтан  орыс  сөздерін  қолданғанда  өте 
сақтық керек.
2)  Күнбатыс  Аурупа  сөздерін  алғанда  түбін  тексеріп,  шамадан 
келгенше  сөзді  түпкі  иесінің  сөйлеуіне  жақындатып  алу  керек.  Сөз 
франсоздікі  болса,  франсоздың  айтуына,  немістікі  болса,  немістің 
айтуына  жақындатып  алу  керек.  Көпке  дейін  Аурупамен  біздің 
арамызға орыс тілі дәнекер болады. Орыстар Аурупа сөздерін өзінше 
өзгертіп  алады.  Мұны  үнемі  ұмытпасқа  керек.  Аурупа  сөздерін 
орыс арқылы алғанда өте сақтық керек. Аурупа сөзін орыс өзгертіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет