11
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
волюция, станция, фабрика, рентген, орбита, композиция, ракета, спут-
ник, механика, алгебра т.т қазақ тілінің байлығына қосылып отырған қазына
ретінде насихатталды.
Іргелес отырған елдер тілі бірінебірі әсер етпей тұрмайтынын талай
тарихи деректер растайды. Мәселен, түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ
тілінің көптеген сөздері орыс тілінің игілігіне айналған. Бұл жайында
ертелі–кеш шығып жатқан екі тілді түсіндірме және сөздер төркінін баян
дайтын сөздіктер материалдарымен танысуға болады. Әсіресе, «Орыс тілі
құрамындағы түркизмдер» деп аталатын Е.Н. Шипованың еңбегін қарасақ,
толып жатқан мысалдар табасыз. Мысалы, орыс баспасөзі мен орыс жазу
шылары шығармаларының кез келгенінен мынандай сөздерді кездестіреміз:
адам, айтыс, ақын, аймақ, арғымақ, арқан, ауыл, база, бәйге, бауырсақ, беш-
пет, болат, жайлау, жігіт, жайран, домбыра, дастархан, доға, қазы, қазы-
на, қаймақ, қаракөл, қарға, қатық, кетпен, қанжар, кірпіш, қобыз, көш, көк,
сағыз, құймақ, құрт, маржан, марал, мата, нар, наурыз, орда, отар, сазан,
сайғақ, сақпан, сабан, сандық, сарай, сүйрік (севрюга), сел, сырға (серьги),
тос таған, тұлпар, тұмақ, түрме, ұлыс, өріс, хан,, шайхана, шапан, шекпен,
шо пан, сорпа, жарлық, жақұт т.б сөздер осыған дәлел.
Алайда кеңестік дәуірдің білімғылым саласында атап өтуге тұрарлық
жақ сы нышандармен қатар ұлт мәдениетінің дамуына кесірін тигізген тұстар
да болғаны тарихтан мәлім. Мұндай жағдай қазақ тілінде термин реттеу ба
рысында орын алып жатты. Мәселен, 30–жылдардың аяғынан белең ала
бас та ғын интертерминдерді орыс тіліндегі қалпынша жазып қабылдау ке
рек деген принцип 80жылдардың ортасына дейін қатып ұсталды. Осының
салда рынан тіл табиғатынан туындаған төл байлықты сарқа пайдалану дейтін
А.Байтұрсынұлы принципі көмескілене берді. Терминжасамдағы бұл теріс
көзқарастың қырсы ғынан әлі күнге арыла алмай келеміз.Тек 90жылдардың
басынан бастап қана қазақ терминологиясы өз негізінде лайықты жүйелене
түсті. Термин жасау көздері мен арналарын абай көзбен қарай бастады.
Осыдан шығатын қорытынды, тілдердің өзара байланысы, сөз алмасу,
яғ ни ауыстүйіс жасауы табиғи құбылыс. Тіл қашанда өзінің құрамына ке
рек тіні алып, керексізді қабылдамайды. Әрине, бұл процеске, өмірдің даму
заңдылығына қо ғам ның талап–тілегіне орай, саналы түрде араласып, оны
бел гілі бір жүйеге түсі ріп, қалыптастырып, отыратын кез болады. Қазақ тер
минологиясының даму, қалыптасу тарихынан біз осыны байқаймыз.
Ендеше, табиғи тіліміздің бүгінгі болмысында табиғи өріс және жақсы
жарасымдылық бар. Қазір ана тіліміздің мүмкіншілігінің бұрынғыдан да молай
ғаны соншалық, әлемде болып жатқан оқиғалардың қандайын болсын, кемеңгер
мұраттар мен ғылыми ой–пікірлердің қандайын болсын қа ла ғаныңызша баяндап
бере алатын, тіпті суреттеп бере алатын қуаты мол, дамыған тілдер қатарында 10
миллионға таяу халықтың қажетіне мүлтіксіз жарап отырған бұл тілдің болашағы
бүгінгіден де жарқын. Қазақстан тәуел сіздігінің 25 жылдығы қарсаңында масат
танып айтуға болатын қазақ тілінің бүгін гі болмысындағы бір жетістігіміз осы.
Терминдер әл
емі
12
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
САРҚЫТ ӘЛІСЖАН
Назарбаев Университетінің
қауымдастырылған профессоры,
филология ғылымдарының доценті
Түркі тілдеріндегі лингвистикалық
терминдер
Түркі әлемінде соңғы он шақты жылдың ішінде болған қоғамдықсаяси,
мәдени өзгеріс тілге, соның ішінде терминология саласына да өз ізін салғаны
бел гілі. Туыстас тілдер бірбірімен түсінушілікке, үйлесе дамуға ден қоюда. Бұл
құбылыс әсіресе, ғылым тілі саласында қатты байқалады. Олай болуы заңды да,
өйткені ғылыми ұғымдар мен түсініктерді ортақтастыру, үйлестіру саналы іс
әрекет ретінде ежелден болған және бола береді де. Алайда түркі тілдері үшін
бұл мәселе ерекше болмаса да, енді ғана шынайы қолға алынуда [1].
Академик Ә. Қайдаров қазақ тілі терминологиясын реттеу және ілгері дамы
ту жөніндегі тұжырымдамасында негізгі принциптердің бірі ретінде: “Термин
шығармашылдығында бұдан кейін туысқан түркі тілдерінің (әсіресе термино
логия дәстүріне бай жазба тілдердің) озық тәжірибелерінен, терминдік өрнек
үлгілерінен, оңтайлы да үйлесімді сөз жасау модельдерінен мүмкіндігіне
қарай пайдалануды” [2, 15] ұсынады. Түркі тілдеріндегі ғылыми терминдерді
үйлестіру мәселесімен түрік және өзге түркі елдерінің ғалымдары айналысуда.
Әуел баста туыстас түркі елдерге ортақ терминологиялық қор жасау
мәселесінің орындалуы екіталай алыпқашпа идея сияқты болып көрінуі ық
ти мал. Алайда ғылыми тұрғыдан терең зер салсақ, белгілі бір сала бойынша
түркі тілдерінің терминдер жүйесіне нақты талдаулар жүргізсек, көтеріліп
отыр ған мәселенің бұлжымас негізі бар екеніне және оған қол жеткізу мүмкін
бо ла тынына сеніміміз арта түседі.
Бұл мақалада түркі тілдеріндегі лингвистикалық терминдердің қолданы
луы, қалыптасу ерекшеліктері және ортақтығы мен оған жетудің кейбір
қырлары сөз болады.
Түркі тілдеріндегі ортақтық жалпы халықтық тілде негізінен сақталған.
Бі рақ бұл ортақтық пен ұқсастық түркі термин жасау тәжірибелерінде пай да
Терминдер әл
емі
13
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
ла нылмаған. Ә. Қайдаров мұның себебін сол кездегі саясаттан іздейді: “Өйт кені
түркі тілдерінің жазуы мен терминологиясы арқылы жақындасуы ке зіндегі тіл
саясатына онша қолайлы болмады. Себебі бөлініпбөлшектелген, басы қо сылып
тілі бірікпеген елдерді билептөстеу кімге де болса оңай болатын” [2, 16].
Қолда бар материалдарға жүгінсек [3], түркі тілдерінің өз топырағында лин
г вис тикалық терминдерді қалыптастыру бұл тілдердің әрқайсысында әр түрлі
жолмен жүзеге асқан. Соның өзінде туыстас тілдерге тән ұқсастық олар дан
байқалып тұрады. Енді осыған көз жеткізу үшін материалдарға назар аударалық.
Есім (исем) және ат (ад) сөздері жалпы түркілік сөз ретінде түркі тілдері
нің барлығында дерлік кездеседі. Бұл сөздер жалпы қолданыста бірбіріне
сино ним болып жұмсалады. Мәселе оларды бір ұғымды белгілейтін тер
мин қатарына тартуда түркі тілдерінде бірізділіктің болмауында. Айталық,
та тар тілінде “зат есім” мағынасын білдіретін термин есебінде исеме сөзі
іріктелген: ялгызылык исеме (жалқы есім), кумәклек//уртаклыкисеме (жалпы
есім). Әзірбайжан тілінде исим (зат есім), хусиси исим (жалқы есім), уму-
ми исим (жалпы есім) қолданылса, өзбек тіліндегі исм, ном, от мәндес сөз
дерінің ішінен “зат есім” және оның құрылымдық түрлерін белгілейтін лин
гвис тикалық термин ретінде от сөзі алынған: от (зат есім), отокли от (жал қы
есім), турдош от (жалпы есім), ал “қимыл есімі” терминін беруде аталған
тілде ном сөзі пайдаланылады: харакат номи. “Есім” сөзін келтірілген тіл
дер ден басқа түрік тілі (исим), башқұрт тілі (исем), ұйғыр тілі (исим) “зат
есім” мәнінде қолданылады. Қырғыз тілінде бұл термин ат сөзі арқылы бе
рі леді. Мысалы: зат атооч (зат есім), еншилүү ат (жалқы есім), жалпы ат
(жалпы есім), қыймыл атооч (қимыл есімі) және т.б. Ноғай, қарашай, балқар
тіл деріндегі жағдай да осыған ұқсас.
“Қимыл есімі” (немесе тұйық етістікті) түркі тілдерінің оғыз тобына жата
тын түрік, әзірбайжан тілдерінде мастар//мәсдер термині арқылы берілген,
бас қа түркі тілдері (өзбек, қырғыз тілдерін қоспағанда) негізінен “инфини
тив” кірме сөзін қолданады.
Келтірілген есім//исем//исим, ат//ад//от сөздерінің термин ретінде қолда
ны луында бірізділік жоқ дегеннің өзінде, олардағы түбір ортақтығы көзге
бір ден шалынады, бұдан жалпы халықтық тілде сақталған осы ортақтықты
тер мин қалыптастыруда кәдеге жарату керек деген пікірдің негізі бар екені
ай қындала түседі.
Сөз болған ат//ад түбірі орыс тіліндегі “номинация” терминінің түркілік
бала ма сы ретінде де қолданылып жүр. Қараңыз:
“номинация”
түрік тілінде:
адландырма
әзірбайжан тілінде: адландырма
Терминдер әл
емі
14
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
түркімен тілінде: атландырма
ұйғыр тілінде:
атач
башкұрт тілінде:
атама
Ал өзбек және татар тілдерінде ат//ад түбірі ном және исем сөздерімен
ал мас ты рылған, соған сәйкес “номинация” термині бұл тілдерде номлач
және исемләчү болып дыбысталады.
Қазіргі қазақ тілінде “термин” сөзі кейбір еңбектерде атау, атауыш, ата-
лым деген баламаларымен қатар қолданылып жүр. Мұндай жағдай өзге түркі
тілдерінде де ұшырасады:
өзбек тілінде:
термин//атама
ұйғыр тілінде:
термин//аталғы
татар тілінде: термин//атама
түрік тілінде: терим
Біз өз тарапымыздан түркі лингвистикалық терминологиясында термин
лексемасының қалғанын (мүмкін жеке түркі тілдерінің айтылу заңдылық тарына
сай ала отырып) қалар едік, өйткені ат//ад түбірінен тараған терминдер, терминдік
тіркестер, термин ыңғайында қолданылатын сөздер онсыз да жетерлік.
Түркі лингвистикалық терминологиясында жаңа ұғымды бір сөзбен
белгілеуде тәжірибе алмасудың болмағанын дәлелдейтін тағы бір факт – “шы
лау”, “шақ” т.б. терминдерге қатысты. Шылау грамматикалық қызметі жағы
нан көмекшілік қызмет атқарып, сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөй ле м
нің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылады, өздері тір кескен
сөздердің мағыналарына әр қилы реңктер үстейді [4, 362]. Демек, шылаулар
негізгі сөздердің шылауында жүреді, осы қасиетіне қарап А. Байтұрсынұлы
мұндай сөздер тобын “шылау сөздер” деп атаған және олардың “демеу”,
“жалғаулық” түрлерін қоса көрсетеді [5, 194196]. Дәл осын дай картинаны
өзге түркі тілдерінен де көреміз. Шылаудың негізгі сөз дерге тіркесімділігіне,
тіркестерде айқындалатын мағыналарына қарап, соған сәйкес атау беру бұл
тілдерде кездеседі. Мысалы: түрікше бағлаш, әзірбайжанша бағлаjычы,
өзбекше боғловичи, түркіменше баглайжы, татарша теркәгеч, башқұртша
теркәуеш, қырғызша байламта, ноғайша тіркеуіш т.т. Келтірілген термин
дер қазақ тілі тұрғысынан “байлау” (негізгі сөздердің байлауында жүретініне
байланысты), “тіркеуіш” (тіркесімділік қабілетіне байланысты) мағыналарын
беретінін түсіндіріп жату артық.
Түркі тілдерінде жалпы қолданыста мезгіл ұғымын білдіретін сөздер
мы на лар: вахт//вакыт//вақт//убакыт//уақыт, заман//замон, чағ//чак//чоғ//
шақ. Қимылқозғалыстың, ісәрекеттің мезгілге қатысын білдіруде қазақ
пен қырғыз тілінде шақ//чак сөзін пайдаланады, өзге түркі тілдерінде заман
сө зі іріктеліп алынған. Түрік, әзірбайжан, түркімен, ұйғыр, татар және т.б.
Терминдер әл
емі
15
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
тілдерде заман, ал өзбек тілінде замон. Айта кету керек, грамматикалық ка
тегорияларды түсінуде, тұжырымдауда қайсыбір сәйкессіздіктер түркі лин
гвистикасында кездеседі. Айталық, өзбек, қырғыз тілінде осы шақтың екі
түрі белгілі болса, татар тілінде бір ғана формасы бар, бұл терминологияға өз
бедерін салды: татар тілінде хәзерге заман (осы шақ); өзбек тілінде хозирги-
келаси замон (қазақ тіліндегі “ауыспалы осы шақ”), конкрет хозирги замон
(нақ осы шақ); қырғыз тілінде учур-келер чак (ауыспалы осы шақ), азыркы
учур чак (осы шақ).
Септеу мен жіктеу кейбір тілдерде бір ғана терминмен беріліп жүр. Бұл
жөнінде В.Н.Филюшина былай деп жазады: “... түркімен тілінің граммати
касында септеу мен жіктеуді білдіретін терминдер жоқ: есімдердің септелуі,
етістіктердің жіктелуі және жақ пен сан бойынша өзгеруі үйтгейші терминімен
беріледі...” [6, 44]. Дегенмен “Түркі дүниесі грамматикалық терминдері” (Ан
кара, 1997) сөздігінде бұл ұғымдар үшін йөңкеме//биленүйтгеме (түркімен
тілі бойынша) терминдері берілген. Бұған қарағанда, соңғы кезеңде түркі
тілдерінің грамматистері әрбір ұғымды саралап көрсетуге ұмтылып
отырғаны аңғарылады. Өзбек грамматистері турланши (септеу), тусланиш
(жіктеу) терминдерін қолданса, қырғыз тілінің маманы Б.О.Орузбаева осы
ұғымдар үшін жөнделүш және жакталуу терминдерін ұсынған [7]. Бірақ
Анкарада шыққан аталған сөздікте қырғыз тілі бойынша септеу мен жіктеуді
бір ғана жөнделүш терминімен берген. Х.Ф.Исхакова татар тілінде мұндай
жағдайларда төрленеш терминінің қолданылатынын келтіреді [8, 9].
Басқа түркі тілдерімен салыстыра қарағанда, қазақ тілі лингвистикалық
терминдер жасауда өзіндік кейбір ерекшеліктерге ие.
Зерттеуші О.Бекжанүбрі қазақ тіліндегі “көсемше” термині өзі білдіретін
грамматикалық мәнді толық аша алмайтынын, одан гөрі “үстеуше” сөзі
толыққанды балама болу мүмкіндігіне ие екенін айтқан. Дәлірек айтқанда,
көсемшенің негізгі етістікке жанасып, қосарланып айтылатынын, яғни
етістіктің үстеуге тән қызметін “көсемше” емес, “үстеуше” термині дәл
беретінін дәлелдеген [9, 1217]. Бұл пікір көсемшенің грамматикалық
табиғатын толық ескеруден туған және басқа түркі тілдерінде де “көсемшені”
сөзбен таңбалауда осы жайт ескерілген. Қараңыз:
“көсемше”
түрік тілінде:
зарф фиил
өзбек тілінде:
равишдош
түркімен тілінде: хал ишлик
татар тілінде:
рәвеш фигыль
Ал бұл тілдерде “үстеу” қалай айтылады, салыстырыңыз:
түрік тілінде: зарф
Терминдер әл
емі
16
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
өзбек тілінде:
равиш
түркімен тілінде: хал
татар тілінде:
рәвеш
Бұл салыстырудан шығатын қорытынды, түркі тілдерінің көбінде
“көсемше” терминін белгілеуде олардың үстеуге ұқсас жақтары ескерілген,
сондықтан “үстеу етістік” деген мәнге ие болған, қараңыз: рәвиш фигыль (та
тар) немесе зарф фиил (түрік), әзірбайжан тілінде фели бағлама.
Қазақ тілінде зат есім, сын есім, сан есім сияқты сөз таптарының атаулары
тіркес күйінде берілсе, түркі тілдерінің көбінде олай емес. Мысалы:
“зат есім”
түрік тілінде: исим//ад
әзірбайжан тілінде: исим
өзбек тілінде:
от
түркімен тілінде: ат
татар тілінде: исем
башқұрт тілінде:
исем
“сын есім”
түрік тілінде: сыфат
әзірбайжан тілінде: сифәт
өзбек тілінде:
сифат
түркімен тілінде: сыпат
татар тілінде: сыйфат
башқұрт тілінде:
сифат
“сан есім”
әзірбайжан тілінде: саj
өзбек тілінде:
сон
түркімен тілінде: сан
татар тілінде:
сан
башқұрт тілінде:
һан
Қырғыз тіліндегі көрініс біздің тілге (қазақ тілі) ұқсас: зат атооч, сын
атооч, сан атооч.
Түркі тілдеріндегі лингвистикалық атауларда кездесетін түбір ортақтығын
төменде келтірілген мысалдар дәлелдей түседі. Енді соған назар аударалық:
ТІЛ – дил (түрік, әзірбайжан, түркімен, гагауыз), тил (өзбек, ұйғыр,
қарақалпақ, қырғыз), тел (татар, башқұрт);
Терминдер әл
емі
17
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
ӘДЕБИ ТІЛ – едеби дил (түрік), адаби дил (әзірбайжан), едеби дил
(түркімен), адаби тил (өзбек), әдәби тел//йазма тел (татар), адаби тил
(қырғыз);
РЕСМИ ТІЛ – түркі тілдерінің барлығында дерлік ресми тіл;
ЕМЛЕ – имлә (түрік), имла (әзірбайжан), имло(өзбек);
ӘРІП – харф (түрік), хәрф (әзірбайжан), харп (түркімен), харф (өзбек),
хариф (татар, башқұрт), әрип (қырғыз);
СӨЙЛЕМ – жүмле (түрік), жүмлә(әзірбайжан), сөзлем (түркімен),
жумла//гап (өзбек), жөмлә (татар), һөйләм (башқұрт), сүйлем (қырғыз);
СӨЗ – сөз//кәлмә (әзірбайжан), сөз (түркімен), соз (өзбек), сүз (татар), һүз
(башқұрт);
ҚОСЫМША – госылма//аффикс (түркімен), кучимша//аффикс (өзбек),
кучымша (татар), jалғау//аффикс (башқұрт) және т.б.
Әрине, тірнектеп жинаған адам түбірі ортақ мұндай терминдердің қатарын
соза берері даусыз. Қазақ тілі тұрғысынан қарағанда т~д, і~и, с~һ, с~ж, ж~й
және т.б. дыбыс сәйкестіктері болмаса, бұл атаулардың бір негізден тарағаны
сезіліпақ тұр.
Түркі лингвистикалық терминологиясындағы ортақтық орыс тілі арқылы
енген еуропалық терминдерден де көрінеді. Бұл орайда қазіргі түркі
тілдерінің арасында түрік тілі ерекшеленеді. Енді осыған қатысты кейбір
материалдарға көз жүгіртелік.
Түрік тілі шығу тегі еуропалық терминдерді дыбыстық өзгеріске түсіріп
немесе өз сөздерімен аударып қабылдаған. Мысалы: “фонетика” термині
қазіргі түрік тілінде сес билгиши//фонетик нұсқаларымен жұмсалады. Осын
дай жағдайды басқа кірме терминдердің қолданысынан да көреміз. Қараңыз:
“фонология”
түрік тілінде:
сес билими
басқа түркі Фонология
тілдерінде:
“фонема”
түрік тілінде:
сес бирими//фонем
басқа түркі Фонема
тілдерінде:
Терминдер әл
емі
18
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
“грамматика”
түрік тілінде:
грамер
басқа түркі грамматика
тілдерінде:
“морфология”
түрік тілінде: чекил билгиши
басқа түркі Морфология
тілдерінде:
“синтаксис”
түрік тілінде: жүмле
билгиши//сентакс
басқа түркі синтаксис
тілдерінде:
Бұл мысалдардан байқалатыны, шет тілдік терминдерді қабылдауда түрік
тілі бұрынғы Кеңес Одағындағы түркі тілдерінен өзгеше жол ұстанған. Де
генмен кейбір кірме терминдерді өз сөздік қорындағы баламасымен беру
түрік тілінен басқа тілдердің тәжірибесінде де бар. Осы орайда әзірбайжан,
өзбек тілдері көзге түседі. Айталық, “акустика” термині әзірбайжан тілінде
һава ахини сөзімен берілген және ол термин ретінде әзірбайжан тіл білімінде
тұрақты қолданылып келеді. Өзге түркі тілдерінде “акустика” термині
ешқандай өзгеріс сіз қолданылады, түрік тілінде акустик болып жұмсалады.
Стилистикада жиі қолданылатын “троп” термині әзірбайжан тілінде мәчаз,
өзбек тілінде кучим//троп, “эпитет” термині өзбек тілінде сифлатлаш, “ме
тафора” әзірбайжан ті лінде истиарә, өзбек тілінде истиора; “гипербола”
әзірбайжанша мүбалиға, өз бекше муболаға, татарша улалтма//гипербола,
қазақша әсірелеу болып қол да нылады. Аталған кірме терминдер туыстас
тілдердің өзгелерінде орыс тілін дегідей қолданылады. “Говор” термині
түрік тілінде ағыз, әзірбайжан тілінде шәвә, татар тілінде сөйләч, башқұрт
тілінде һөйләч болып жұмсалады. Қазақ диалектологиясына қатысты соңғы
шыққан еңбектерде “говор” – сөйленім деген атаумен беріліп жүр. Жал
пы түркі лингвистикалық терминологиясында түркілік сөздер негізінде
қалыптасқан терминдер кірме (орысша) терминдермен синонимдік қатар
құруы қалыптасқан жайт, бұл ғылыми ұғымды түсінуге кері әсерін тигізген
емес. Мысалы: қазақ тілінде дыбыс//фонема, дауыссыз дыбыстар жүйесі//
консонантизм; татар тілі бойынша аваз//фонема, охшашлану//ассимляция,
тартык авазлар системасы//консонантизм т.т.
Алайда түркі терминологиясының тіл білімі саласындағы мұндай жарыс
Терминдер әл
емі
|