Тілі орыс бөлімдері студенттеріне арналған


II деңгей Сүрақтарга жазбаша жауап  қашан  Абай  қалай  неге не мақсатпен қашан



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата22.12.2016
өлшемі6,17 Mb.
#33
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

II деңгей
Сүрақтарга жазбаша жауап 
қашан 
Абай 
қалай 
неге
не мақсатпен
қашан 
не үшін
Әділ 
қайда 
орналасты?
қашан
I деңгей
Мақсат, 
молшер  үстеулерін  теріп 
жаз. 
Әрқайсысымен 
сөйлем  құра.
Себепсіз,  біраз,  қасақана,  бүгін,  кеше,  жақсы,  төменде,  баяу, 
жазбаша, осында,  жорта,  көп,  ең,  біле тұра.
бер.
келді?
149

Шоқан Уәлиханов
(1835  -  1865)
у   J  

J
Шоқан  (Мұхаммедқанафия)  Уэлиханов  -   қазақтан  шыққан
ең  бірінші  ғалым,  зерттеуші,  саяхатшы.  Ш оқан  1835  жылы
Көкшетау  облысының Сырымбет  деген  жерінде  туған.  «Шоқан»
деген  ат  әке-шешесінің  еркелетіп  қойған  аты.  ІІІокан  эжесінің
бауырында  өсті.  Ол  ерте  хат  таныды.  Кітал  оқуды  ете  жақсы 
көрді.
Ш .Уэлиханов  12  жасында  Омбыдағы  Кадет  корпусына 
оқуғатүсті.  Мұгалімдер Шоқанды  14-15 жасында болашақ ғалым, 
зерттеуші деп атады.
Ш.Уэлиханов  Семей,  Аягөз,  Алакөд,  Баянауыл,  Көкшетау 
жерлерінде  болып,  қазақ  халқының  ауыз  әдебиетінің  үлгілерін, 
тарихы мен этнографиясына байланысты материалдар 
ж инады .
Ыстықкөл 
аймағында  болып, 
қырғыз, 
қытай,  үйғыр 
халықтарының  өмірін,  тарихын  зерттеді.  Қырғыз  халқының  асыл 
мүрасы  «Манас»  жырын  алғаш  хатқа түсірді.  О ны ң  «Қыргыздар 
туралы жазбалар»,  «Жоңғария очерктері»,  «Ыстықкөл  сапарынын 
күнделігі» т.б. зерттеулері бар.
1857  жылы  Шоқан  22  жасында  Орыс  география  қоғамына 
муше  болып  сайланды.  Үлкен  галым  атанды.  Орыс 
халқынын 
озық 
ойлы 
ғалымдары 
П.П.Семенов 
Т ян-Ш анскийм ен, 
Ф.М.Достоевскиймен  дос  болды.  Шоқан  туған  халқының  жақсы 
тұрмысқа  жетуін  армандады.  Оның  еңбектерін  орьгс 
галымдарЫ 
жоғары  бағалады.  Атақты  ғалым  Веселовский  оны 
«ШыгыстыН 
құйрықты жүлдызы» деді.
Шоқанның  еңбектері  бірнеше  рет  қазақ,  орыс  тілдерінде 
жарық 
көрді. 
Алматы, 
Көкшетау 
қалаларында 
Шоқанға 
ескерткіштер  орнатылды.  Қазақстан  Ғылым  академиясыныН 
арих, 
археология  жэне 
этнография 
институтына 
Шокан 
Уэлпхановтың есімі берілді.
III деңгей
Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдыр.
1.  Ш.Уэлиханов  30  жыл  өмір  сүрген.  2.  Ш окан  акылды, 
парасатты  бала  болатын.  3.12  жасында  Ш окан  Омбыдағы  Кадет 
корпусына  оқуға  түсті.  4.  Ш .Уэлиханов  22  жасында  Орыс 
география  қогамына  мүше  болды.  5.  Ш оқан  туған  халкынык
150

жақсы  тұрмысқа  жетуін  армандады.  6.  Ш оқанның  аты  ғылыми- 
зерттеу институтына берілді.
II деңгей
Сұрақтарды 
пайдалана  отырып, 
Ш.Уәлиханов 
туралы 
әнгімеле.
І.Ш .Уәлиханов  қашан  туды,  қайда  тэрбиеленді?  2.Шоқан 
кайда  оқыды,  қандай  оқушы  болды?  З.Ол  мектеп  бітірген  соц 
қандай  қызмет  атқарды?  4.Ш .Уәлихановтың  қандай  еңбектері 
бар?  5.0ны ң  ғалым  достары  кімдер?  б.Ш .Уәлиханов 
қазак 
халқының ауыз эдебиеті  улгілерін қандай  аймақтардан жинады?
1 деңгей
1-тапсырма
Мэтінді мәнерлеп  оқып,  сөздік құрастырыңыздар
2-тапсырма
Қосымша  эдебиеттерді  пайдаланып,  Ш.Уәлиханов  туралы 
шагын  шыгарма жаз.
Күшейткіш, себен-салдар үстеуі
(наречия усш ения  и причины)
К ү ш ей ткіш   үстеулері  (наречия  усиления)  іс-әрекеттің 
сапасын  күшейтіп  көрсетеді  (обозначает  усиленное  действие) 
қалай?  қандай?  деген  сұрақтарға  жауап  береді.  Мысалы:  әбден 
(совсем),  ылги  (исключительно),  керемет  (необычайно),  тым 
(слишком),  сэл  (немного),  орасан  (очень),  ең  (самый),  тіпті 
(даже),  мүлдем  (совершенно),  аса  (очень),  өңкей  (сплошь), 
сэл-пэл  (чуть-чуть), нақ (точно) т.б.
С ебеп-салдар  үстеулері  іс-эрекеттің  себебін  білдіреді 
[наречия  причины  обозначают  причину действия).  Қалай  7  неге? 
не себепті? сұрақтарына жауап  береді.  Мысалы:
босқа (зря) 
себепсіз (без причины)
бекерге (зазря) 
амалсыздан (вынужденно)
Күр босқа  (только зря) 
шарасыздан  (из безысходности)
III деңгей
Жақша ішіндегі  үстеулерді  аударып, сөйлемді  окы.
151

1.  (Зря)  әуре  болма.  2.  (Зря)  жүмыс  токтап  гұр.  3. 
(Вынужденно)  қалаға  бара  жатырмын.  4.  Мен  ушін  (самый) 
жақын  адам  -   анам.  5.  Бұл  тапсырма  (очень)  кнын  екен.  6.  Олар 
жұмыска  (чуть-чуть)  кешігіп  кдлды.  7.  Әсел  мұгалімді  (немного) 
күтті. 8. Әншінің даусы  (очень) зор.
II деңгей
Көп  нүктенің орнына тиісті
1. Олар қашан қыдырады?
2. Олар не үшін келді?
3. Олар неге сүрады?
4. Олар қалай сөйлейді?
5. Олар қайда жүреді?
I деңген
Берілген үстеулерді  магынасына қарай топта.
мезгіл
мекен
сын-
мақсат мөлшер күшейткіш себеп-
қимыл
салдар 
J
Себепсіз,  өте,  көп,  нашар,  жазбаша,  жогарыдан,  ылги,  нак, 
біраз,  алға,  шапшаң,  қасақана,  амалсыз,  кейде,  керемет,  ілгері, 
әжептәуір,  әдейілеп,  жуырда,  кешке,  бекерге,  ең,  бері,  таңертең, 
жанаша,  казір,  әрең-эрең,  лезде,  мүлдем,  жорга,  бірталай,  күндіз, 
аса, төмен. эдейі, аз, көре тұра.
Қ ан ы ш  С этбаев
(18 8 9-  1964)
Қаныш  Имантайұлы  Сэтбаев  —  аса  көрнекті  галым, 
мемлекеттік 
сыйлықтың 
лауреаты, 
Қазақстан 
Ғ ылым 
академиясының президенті, қазақтың дарынды 
ү л д а р ы н ы н  
бірі-
Қаныш Имантайұлы  1899жылы 
12
 сэуірде қазіргі 
Павлодар
облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.
1921  жылы  Томскінің  технологиялық  институтын  бітіріп. 
еңбек  жолын  Атбасар  түсті  металдар  трестінде  инженер-геолог 
болып бастады.
1941 
жылдан 
Алматыда 
геологиялық 
ғылымдзр 
инстнтутының бастығы болып істеді.
Қ.И.Сэтбаевтың  өмір  жолы 
Қ а з а қ с т а н  
э к о н о м н к а с ы н ы н  
даму  жолымен  тығыз  байланысты.  Геолог  ретінде  ен 
а л ғ а ш к ь '
үстеуді  қойып,  сөйлемді аудар. 
Олар  (...) қыдырады. 
Олар  (...)  келді.
Олар  (...) сұрады.
Олар  (...) сөйлейді.
Олар  (...) жүреді.
152

зерпеу  жу:мыстарын  Қарсақбай,  Темір,  Жезқазған,  Атбасар, 
Спасск  кен  орындарын зерттеуден бастады.
Ол  -  640-тан  аса  ғылыми  еңбектің  авторы.  Қазақстанның 
метоллогения 
ғылымының 
негізін 
салушы. 
Қазақстан 
геологиясын 
осы 
заманғы 
биік 
сатыға 
көтерді. 
Жоңғар 
Алатауындағы 
биік 
шың 
мен 
мұздық, 
Қазақстан 
Республикасының  ¥лтты қ  Ғылым  академиясының  Геологиялық 
ғылымдар 
институты, 
Қазақ 
мемлекеттік 
технологиялық 
университеті,  Жезқазған  кен  металлургия  комбинаты,  орталық 
Қазақстандағы  бір  қала,  бірнеше  мектеп  пен  көшелер,  өзі  туған 
ауыл Сәтбаев есімімен аталады.
тұңгыш -  впервые 
шың -  лик
негізін салушы -  
мұздық — ледник
основоположник 
даму -  развитие
еңбек жолы -  трудовой  путь 
тыгыз байланысты -  тесно
кен  орны -  рудник 
связан
III деңгей
Сұрақтарды  қазақ 
оаганадагы тірек сөздерді
тіліне  аударып,  жолдасыңа  қой.  Оң 
пайдаланып жауап  беріңіз.__________
1.  Кем  являлся 
Қ.Сатбаев?
2.  Когда и  где  он 
родился?
3.  Где он  учился
4.  Где он  работал?
5.  Сколько трудов он 
написал?
6.  Что он  исследовал 
как геолог?
7-  Какие места  носят 
его имя?
¥л ы   галым,  мемлекеттік  сыйлықтың 
лауреаты,  ҚР  ГА  президенті,  инженер- 
геолог, 
Қазақстан 
метоллогения 
ғылымының негізін салушы 
1899  жылы, 
12  сәуірде,  Павлодар 
облысында,  Баянауыл ауданында 
Томск технологиялық институтында 
Қарсақбай  кен  комбинатында,  Алматы 
геологиялық  гылымдар  институтында, 
ҚР ГА-да 
640-тан аса
Қарсақбай,  Томір,  Жезқазган,  Атбасар, 
Спасск кен  орындары 
Жоңгар 
Алатауындагы 
шың 
мен 
мұздық, 
Геологиялық 
ғылымдар 
институты, 
Қазақ 
мемлекеттік 
технологиялық университеті, Жезқазған 
кен  металлургия  комбинаты,  өзі  туган 
ауыл, бірнеше мектеп, кешелер________
153

II деңгей
Сейлемдерді толықтыр.
1.  Қ .С әтб аев -.....
2.  Қ.С этбаев....   дүниеге келді.
3.  О л .... бітірген.
4.  Ол еңбек ж ол ы н .....бастады.
  5 
жылдан Алматыда 
......бастығы  .........
  6 
  ретінде  ең  алғашқы  зерттеу  жұмыстарын  .....
зерттеуден бастады.
7.  О л .... авторы,  Қазақстанның  ....... негізін  салушы.
8 ........ Сәтбаев  есімімен  аталады.
I деңгей
1-тапсырма 
Тіркестерді аудар.
Дарынды 
үл, 
еңбек 
жолы, 
геологиялық 
элементтер 
институтының  бастығы,  өмір  жолы,  тығыз  байланысты,  зерттеу 
жумьгстары,  кен  орындары,  ғылыми  еңбек,  негізін  салушы,  биік 
сатыға көтерді, ҚР ҰҒА, езі туған ауыл.
2-тапсырма
Қосымша  әдебиеттерді  пайдаланып, 
Қ.Сәтбаев  туралы 
шагын шығарма жаз.
Етістіктің рай категориясы. Бұйрық рай
(наклонения глагола,  повелительное  наклонение)
Рай  категориясы 
іс-әрекеттің  шындыққа  катысын  білдіреД' 
(с 
помощью  категории  наклонения  передается 
о т н о ш е н и е  
сообщаемого  к  реальности, 
п р е д с т а в л е н и е   о   в о з м о ж н о с т и , 
желательности и т.п.  действия). 
Рай  категориясы  4-ке 
бөлінедЬ 
ашық 
рай 
(изъявительное 
наклонение), 
бұйрык 
Ра^ 
(повелительное 
наклонение), 
қалау 
рай 
(
ж е л а т е л ь н о е  
наклонение), 
шартты рай 
(условное наклонение).
шық  Pait 
тұлғасындағы  етістік  қимылдың 
шындыкк3 
қатысын  білдіріп,  өткен,  осы,  келер 
ш ақтарда 
қолданылады- 
изъявительное 
наклонение 
используется 
для 
обозначен"* 
еиапвия  как  реального, 
осуществляющегося 
в  прошлой’

настоящем  и  будущем  времени  и  имеет  грамматические 
признаки трех времен: барачын,  бардым,  барармын).
Бүйрық  рай  сөйлеушінің  тілегін,  өтінішін,  бүйрығын 
білдіреді.  (повелительное  наклонение  выражает  приказание, 
пожелание,  просьбу,  призыв).
Бұйрық райдағы  етістік жекеше жэне  көпше турде  Ш  жақта 
жіктеледі.
*  I  жақта  етістіктің  түбіріне  жекеше  түрде  -айы н,  - 
ейін(дауыссыздан 
соң), 
-йын, 
-йін 
(дауыстыдан 
соң) 
жұрнақтарының,  ал көпше түрде -айы қ,  -ейік (дауыссыздан  соң),- 
йық,  -йік  (дауыстыдан  соң)  жұрнақтарының  жалғануы  арқылы 
жасалады._________________________________
Жекеше
Көпше
барайын
барайық
келеиін
келеиік
ойлайын
ойлайық
билейін
билейік
*11  жақта  жекеше  түрде  еш  қосымшасыз  етістіктің  тубірі 
қолданылады,  ал  көпше  түрде  етістік  түбіріне  -ыңдар,  -індер,  - 
ңдар,-ңдер  жалғауы  жалгануы  аркылы  жасалады.  11  жақта 
етістіктің  сыпайы  түрі  жекеше  түрде  -ыңыз,  -іңіз,  -ңыз,  -ңіз,  ал 
көпше  түрде  -ыңыздар,-іңіздер,  -ңыздар,  -ңіздер  қосымшасы
жекеше
көпше
бар
барыңдар
кел
келіңдер
ойла
ойлаңдар
биле
билендер
Сыиаііы  түрде
жекеше
көпше
барыңыз
барыңыздар
келіңіз
келщіздер
ойлаңыз
ойлаңыздар
^илеңіз
билеңіздер
*Бүйрық  райлы  етістіктің 
ill  жағы  жекеше  және  көпше 
тҮрде  етістік  түбіріне  -сы н,  -сін  жүрнағы  жалгану  аркылы 
жасалады:  барсын,  келсін,  ойласын,  билесін.  Бүйрык  райлы 
етістіктің 
болымсыз 
формасы 
етістік 
түбіріне 
алдымен 
олымсыздық 
жұрнақтарының, 
содан 
соң 
бұйрық 
рай 
*¥рнақтарының жалғануы арқылы  жасалады.
155

III денгей
Сөйлемдерді орыс тіліне аудар. Бұйрык, райлы  етістікті тап.
Есікті  аш.  Сен  мына  орындықка  отыр.  Ол  дәрігерге  бүгін 
барсын.  Мен  салқын  суга  жуынайын.  Сендер  таңертең  ерте 
тұрыңдар.  С һдер  жұмысқа  түстен  кейін  келіңіздер.  Сіз  дәптерге 
жазыңыз.  Тамағыңды  іш. Олар  инстнтутта күтсін.
II деңгей
Берілген  етістіктерге 
-ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз  косымшаларын 
жалгап, сөйлем құрыңыз.
Үлгі:  бер -  беріңіз.  Маган анальгин,  табиги бал жэне мақта 
беріціз.
Сана,  ойлан,  қара,  ал,  көр,  тұр,  сыпыр,  іш,  отыр,  жаз,  оқьгг, 
сөйлес.
I деңгей
Етістіктерге  бұйрық  райдың  жекеше  ж эне  көпше  түрдегі  ! 
жақ қосымшасын жалғап, сөйлемдер ойлап жазыңыз.
Үлгі: кілтте-кілттейін. Мен бөлменің есігін  кілттейін.
Жуыну, жүру, орналасу,  кездесу,шақыру, сену, демалу, сену, 
суыну,  араласу.
Шәкен Аймянов
(1 9 1 4 -  1970)
Шэкен  (Шаһкерім)  Кенжетайұлы  Айманов  —  режиссер,
актер,  халық  әртісі.  Ол  1914  жылы  Павлодар  облысы, 
Баянауыл
ауданында  дүниеге  келген.  Бала  кезінен  өнерге  жақын  Шэкен
көркемөнерпаздар 
үйірмесіне 
белсене 
араласады. 
Семей
мүғалімдер 
техникумында 
оқып 
жүргенде, 
1932 
жылы
Алматыдағы  Қазақ 
драма  театрына  Ғ.М үсіреповтің  арнайы
шакыруымен  актер  болып  қабылданады.  Өмірінің  ұзак  жыльі
театрда өтеді.  1947-51  жж.  Қазақ драма театрының бас режиссері 
болды.
^Бір-біріне  үқсамайтын  сан  алуан  рөлдерді  орындаған 
Ш.Айманов  шығармашылық  қабілетінің  мол 
е к е н д іг ін  
көрсете 
білді.  Табиги  дарын,  қабілетімен,  өткір  мінезі  әрі  сатиралык 
бейнелерімен  көрерменнің  қошеметіне  бөленеді.  ИсатайДЫН* 
Ақан  серінің  және  классикалық  драматургияда 
Шексп«рД>[і 
«Асауга 
түсау» 
комедиясындағы 
Петручионын 
сахналык
156

портретгерін  жасады.  1940  жылдан  бастап  Шәкен  киноға  түсіп, 
қазақ  кино  өнеріне  мол  үлес  қосты.  Ол  түсірген  «Жамбыл», 
«Алдар  көсе»,  «Махаббат  туралы  аңыз»,  «Біздің  сүйікті  дәрігер» 
және  т.б.  фильмдері  Қазақстан,  Орта  Азия  республикалары 
кинематографистерінің арнаулы дипломына ие болған.
Ш .Айманов 
Қазақстан 
Кинематографистер 
Одағын 
үйымдаетыруга  қатысты.  Алматының  бір  көрнекті  көшесіне, 
1984 жылы «Қазақфильм» студиясына Ш.Айманов есімі берілді.
III деңгей
Мэтіннен  етістіктерді  теріп  жазыи,  аудар,  бүйрық  рай 
түлгасында 3  жақта жікте.
II деңгей
Сұрақтарға жауап  бер.
1.  Ш .Айманов қашан,  қайда дүниеге келген?
2. Ол  Қазақ драма театрына қашан  қабылданды?
3. Ол  сахнада кімнің бейнелерін сомдады?
4.  Ш .Айманов қай  жылдардан бастап  киноға түсе бастады?
5. Ол  қандай  фильмдердің  режиссері?
I деңгей
1-тапсырма
Мәтінді  мәнерлеп  оқы.  Мазмұнын ауызша әңгімеле.
2-тапсырма
Қосымша  әдебиеттерді  пайдаланып,  Ш.Аймановтың  омір 
жолының хронологиялық кестесін  жаса.
«Ел тұтқа» энциклопедиясы.
арнайы  шақыру -  
специальное  приглашение 
белсене араласу -  активно 
участвовать 
көрермен -  зритель 
коркемонерпаздар 
үйірмесі -  кружок
художественной 
самодеятельности 
ұйымдастыру -  
организовывать 
үқсамайтын -   непохожие 
ұлттык ерекшелік -  
национальный  колорит
157

Шартты рай 
(условное наклонение) 
Қалау рай 
(желательное  наклонение)
Ш артты  рай  тұлғасындағы  етістік  іс-эрекетгің  орындалу 
шартын  білдіріп,  етістік  түбіріне  -с а ,  -се  жұрнактары  жалғануы 
аркылы  жасалады  (обозначает  действие,  служащее  условием  для 
совершения  другого  действия,  образуется  путем  присоединения  к 
основе глагола суффиксов -са, -се и личных окончаний для I  и Плица).
Қ алау  р ай   тұлғасындағы  етістік  іс-әрекеттің  орындалу  не 
орындалмауын қалауды, тілекті  білдіріп,  етістік түбіріне -ғы,-гі,- 
қы ,-кі  жұрнактары  мен  жіктік  жалғаулары  жалғанып,  кел 
көмекші  етістігінің  тіркесуі  арқылы  жасалады  (желательное 
наклонение  выражает  желание, 
намерение  говорящего  и 
образуется  путем  прибавления  к  корню  глагола  суффиксов
- гы/-гі,  -қы/-кі,  затем  следуют  личные  окончания  глагола  и 
вспомогательные  глаголы  келеді  для  будущего  переходного 
времени,  келді  для  прошедшего  времени  и  келіп  отыр  для 
настоящего времени).  Мысалы:
Менің театрға барғым келеді.  «Мне хочется в театр (вообще)»-
Менің  театрға  барғым  келіп  отыр.  «Мне  хочется  пойти 
в театр (сейчас)».
Менің театрға барғым келді. «Мне хотелось пойти в театр»-
[■
--------- Спряжение глагола ж азу в желательном 
н а к л он ен и и
Жекеще түрі______  
~
I.  Менің хат жаз-гы-м келеді
II. Сенің хат жаз-гы-ң келеді 
С
іід ің
 
хат жаз-ёы-цыз келеді
IIL  0
ньі
Көпше түрі
I.  Біздің хат жаз-гы-мыз келеді
Отрицательная 
форма 
образуется
II.Сендердің хат жаз-гы-Ң 
келеді
Сіздердің  хат ж аі-гы -ңы і 
келеді  _____
III.  Олардың  хат жаз-гы-сы 
келеді
...... 
ч~"’у-уіи 
ооразуется 
при 
помощи
отрицательных  суффиксов 
-ма/-ме,-ба/-6е,-па/-пе, 
которые 
присоединяются  к  корню  глагола  келеді:  жаз-ғы-м 
к е л -м е -й -Д
1
«.мне 
н е  
хочется  писать»,  айт-қы-сы  кел-ме-ді  « ш -  
н е   х о т е л о с ь  
говорить».
(См. 
Также 
раздел: 
«притяжательная 
форма 
W e>> 
существительных»).
158

III деңгей
Мына  етістіктерге  -цы/-кі,  -гы/-гі  жұрнақтарын  қосып 
жазыңыз.
Оқу,  үйрену,  шыгу,  алу,  сөйлесу,  апару,  әкелу,  ілу, 
әңгімелесу,  өсу,  бару,  жөндеу,  көну,  ішу,  деу,  салу,  білу,  танысу, 
басу,  көшіру,  есептеу,  дайындалу,  егу,  жабу,  зерттеу,  кету, 
тойлау,  жату,  көру,  сөну,  үйлену,  сезу,  кіру,  отыру,  арту,  ұнату, 
билеу,  қалу,  үйрету,  карау,  қуу,  өшіру,  қуану,  жану,  нану, 
орналасу,  өлшеу,  жуыну,  пісу,  сағыну,  кебу,  төгу,  сену,  жүгірту, 
сөйлеу,  табу,  шабу,  тебу,  үрысу,  болу,  жазу,  шөлдеу,  ұялу,  тұру, 
жағу, айту, үндемеу,  іздеу,  беру,  істеу, ашу, тексеру, ұялу.
Жекеше түрі
Көпше түрі
I. Менің хат жаз-гы-м келеді 
«Мне 
хочется 
написать 
письмо»
І.Біздің хат жаз-гы-мыз келеді 
«Нам хочется написать письмо»
II.Сеніц хат жаз-гы-ң  келеді 
«Тебе 
хочется 
написать 
письмо»
Сіздің хат жаз-гы-цыз келеді 
«Вам хочется  написать письмо»
II .Сендердің 
хат 
жаз-гы-ң 
келеді
«Вам хочется  написать письмо» 
Сіздердің 
хат 
жаз-гы-цыз 
келеді
«Вам хочется  написать письмо»
ИІ.0НЫ?/ хат жаз-гы-сы  келеді 
«Ему хочется  написать письмо»
ІП .Олардың 
хат 
жаз-гы-сы 
келеді
«Им хочется написать письмо»
II деңгей
Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. 
Оспанның  ...  келмейді. 2. Менің ...  келіп  отыр.  3.  Олардың 
•••  келеді.  4.  Сендердің  ...  келіп  жүр.  5.  Біздің  ...  келеді.
Сіздердің  ...  келмейді.  7.  Сенің  ...  келмей  отыр.  8.  Сіздің  ... 
келмей  ме?  9.  Олардың  ...  келе  ме?  10.  Біздің  ...  келмей  отыр. 
И-  Бапалардың  ...  келмейді.  12.  Сіздің  ...  келмей  отыр  ма? 
13. Сенің  ...  келмей  ме?
I деңгей
l -тапсырма.  Қазақ тіліне аударып жатқа жазыңыз.
1. 
Я  хочу  купить  яблоки  на  базаре.  2.  Мы  хотим  поехать 
летом  во  Францию.  3.  Мой  младший брат не хочет учиться. 4.  Вы
159

хотите  кушать?  5.  Хотите  его  увидеть?  6.  Мне  не  хочется 
танцевать.  7.  Вы  не  хотите  меня  понять.  8.  Я  не  хочу  с  Вами 
разговаривать.  9.  Он  никого  не  хочет  видеть.  10.  Мы  не  хотим 
сегодня  никого принимать.
•СуСЫН  1Ш1Н.13.
..кун жылынады.
2-тапсырма
Сөйлемдерді аяқта.
1.  Окысан,,.....
2.  Көп ұйы қтасаң,.....
3.  Көзің ау ы рса,.......  
.......қолыңмен сүртпе.
4.  Ш өлдесеңіз,......... 
.......басьгң ауырады.
5.  Жаз шықса,........ 
........ түсінесің.
Күләш Б ан сен іго ва
(19 1 2-  1957)
Байсейітова  Күләш  (шын  есімі  Гүлбаһрам)  Жасынқызы  аса 
көрнекті қазақ эншісі,  қазак опера өнерініц  негізін  салушылардьщ 
бірі,  когам  кайраткері,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  артисі. 
(1934).  КСРО  халық  артисі.  (1936)  Әкесі  Жасын  ел  арасында, 
ауыл-аймақтьщ  той-жиынында  эн  салған  белгілі  энші  болган. 
Күләш ес білгеннен экесінен естіген ән-жырларды  айтып жүреді-
1925-1928 жылдары мектепте,  қазак пед техникумында окып
жүрген  кезінде  көркемөнерпаздар  үйірмесіне  қатысып,  қала
жастары көркемөнерпаздарының байқауында энш ілік дарынымен
көзге  түседі.  1930  жылы  К.Бейісова  (қыз  куніндегі 
фамилиясы )
Қазақ  драма  театрының  труп пасы на  кабылданып, 
Агадова
Тихоновна  (Н.В.Гогольдің  «Үйленуінде»),  ГІүліш 
(Б.М айлинніҢ
«Майданында»), Зәуре (Қ.Байсейітов  пен 
А .Ш ан и н н ің   «Зәуресінде»),
Еңлік  (М.Әуезовтің  «Еңлік  Кебегінде»)  тэрізді 
бей н елерді
сомдады.  Күләш  халық  өнерпаздары  қатарында  1933  жылы
ұйымдастырылған  Қазақ  музыка  студиясына  (қазіргі  Қазак  опера
жэне  балет  театры)  қабылданды.  Онда  Күлаштың  эншілік,
актёрлік  шеберлігінің  жогары  екенін  кәрсетті.  Күлэш 
бейнелеген
Ж ібек  образы  қазақ  опера  өнері  тарихындағы 
ер ек ш е 
есте 
каларлық образ.
Күләш  Байсейітова  Еңбек  Қызыл  ту,  т.б.  ордендермен,
медальдармен  марапатталған.  Көшелерге, 
м е к т е п т е р г е  
есімі 
берілді.
160

энші -   певица
негізін салушы -  основоположник 
қыз күніндегі  фамилиясы -  девичья фамилия 
қабылданды -  был  принят 
марапатталған -  награжден
III деңгей
Мэтінді  мәнерлеп  оқы.  Етістіктерді  теріп  жазып,  қалау  рай 
тұлгасына қой.
IIд е ң г е й
Сұрақтарға жауап бер.
1.  К.Байсейітова кім?
2.  Ол қандай оқу орындарын бітірген?
3.  Ол  қандай бейнелерді  сомдаган?
4.  Оның еңбегі  қалай бағаланды?
I децгей
Тіркестерді  аударып, оларды  қатыстырып  сөйлем құра.
Өнер  тарихы,  есте  қаларлық  образ,  актерлік  шеберлік,  әншілік 
дарын,  белгілі  энші,  халық  өнерпаздары,  ел  арасында,  қоғам 
қайраткерлері, көркемөнерпаздар байқауы.
Нэтиже сабақ
1. Туынды үстеуді тап:
A)  кейін
B )төм ен
C) жоғары 
Д) кенеттен
2.  Мекен  үстеуін  тап:
A) кеше,  бүгін, ертең
B) алда, оңға,  жоғары
C) сонша, әжептәуір,  қыруар 
Д) ең, аса, тым
і
161

3.  Қашан?  Қашаннан  бері  сұрақтарына  үстеудің  қай  түрі 
жауап береді?
A)  мезгіл
B) мекен
C)  мөлшер
Д) сын-қимыл
4.  Тиісті үстеуді  қой:  Марат ауылдан  (кашан)  келді?
A) төмен
B) тым
C) кеше 
Д) нағыз
5.  Бұйрық рай түлғасындағы етістікті  тап
A) бардым
B) барамын
C) барармын 
Д)  барайын
6.  Қалау рай  қалай жасалады?
A) -ар , -ер жүрнақтары мен жіктік жалғауы арқылы
B)-ғы, -гі, -қы, -кі жұрнактары мен жікгік жалғауы аркылы
C) -сы н, -сін жұрнақтары арқылы 
Д) -са,-се жұрнақтары арқылы
7.  Сөздіктің  кемегінсіз  сөздер  мен  сөз тіркестерінің  орысша 
бапамасын тауып,  сөйлем  құра:  кезең,  егемендік,  өнд'Р'с’ 
іас   дэуірі,  ата  жүрт,  гылым,  болжам,  зерттеу,  багыт, 
коғамдық,  қүқық,  үйымдастыру, 
үлттық  ерекшелік, 
көрермен, энші.
8. 
Мәдениет, 
өнер 
қайраткерлері 
туралы 
косым u,a 
материалдарға сүйене отырып, реферат жаз.
162

Етіс.  Өздік, өзгелік eric
(залог,  возвратные  и  понудительные залоги)
. Ктіс  -   қимыл  -  эрекеттің  іс  істеуші  адамға  қатынасын 
оілдіретін  етістіктің  түрі  (залоги  передают  отношения  действия 
к субъекту и объекту).
Етістің 4 түрі бар:
]
.  өздік (возвратный)
2.  өзгелік (понудительный)
3.  ырықсыз (страдательный)
4.  ортақ (взаилтый)
Өздік  етіс  іс  -  әрекеттің  сол  істі  орындаушының  өзіне 
жұмсалғанын  білдіретін етіс (передает направленность  действия 
на  самого  производителя).  Өздік  етіс  етістіктің  түбіріне 
-лан,- 
лен,  -дан,-ден,  -тан,-тен,  -  ын,  -ін,  -  н
 
жұрнақтары  жалғану 
арқылы  жасалады.  Мысалы:  ки  +ін  (одень  -  одевайся),  тара+н 
(расчеши  - расчесывайся),  көр+ін  (посмотри  -  покажись),  пайда+ 
лан  (прибыль  -  пользуйся),  әдемі+лен  (красиво  - прихорашивайся), 
ецбек+тен  (труд - трудись) т.б.
Өзгелік 
етіс 
іс-әрекеттің 
басқа 
біреу 
аркылы 
орындалатынын  білдіреді  (передает  действие,  вызванное  одним 
и  осуществленное  другим лицом).  Өзгелік  етіс  етістіктің түбіріне 
-дыр,  -dip,  -тыр,  -mip,  -гыз,  -гЬ,  -қыз,  -кіз,  -ыр,  -ір,  -щ   -лат, 
-лет,  -дат,  -дет,  -mam,  -mem
 
жұрнақтары  жалғану  арқылы 
жасалады.  Мысалы:  күл+дір  (смейся  -  рассмеши),  оқы+т  (учи  - 
научи),  кет+ір  (уйди  -  заставь уйти),  отыр+ғыз  (сиди  -  посади), 
тез+дет (быстро  - побыстрее) т.б.
III децгей
Мына сөздерден  өздік етіс жасаңыздар.
Қыс, жаз, жу, қара,  қос, бер, сыла, ойла, қозға.
II деңгей
Мына етістіктерден өзгелік етіс жасаңыздар.
Айт,  қал,  кел,  жүр,  бат,  же,  тыңда,  шық,  сайла,  тоқта,  тус, 
панала, ал, таны.
I деңгей
Мэтіннен  етістерді тауып, түріне ажыратыңыздар.
Олжабек  ойланып  қалды.  Бірақ  өзгелердің  сөзін  токтатқан
I  *оқ.  Жамап  бар  қимылды  көзімен  өткізіп  тұр.  Күн  батып,  қара 
!  көлеңке  қоюланып  қаоыпты.  Тыста  қоңыр  күздің  сызы  білініп 
т¥ргандай.
163
1

Шара Жиенқүлова
(1921-1991)
Шара  (Гүлшара)  Баймолдақызы  -   қазақтың  атакты  бишіс], 
халық әртісі. Ол Алматы қаласында туған.
Биші  өзінің  өнер  жолын  казақтың  драма,  опера  жэне  балет 
театрынан  бастаган.  Б.  Майлинің  «Майдан»,  М.Әуезовтін,  «Еңлік- 
Кебек»,  «Қаракөз»  жэне  т.б.  пьесаларында  ойнап,  операларда 
ұлттық  билерді  орындады.  Қазақ  филармониясында  кызмет  ет|д, 
1962-1966  жылдары  эн-би  ансамбілін  баскарды.  Үлггык  би 
өнерін  дамыту  ушін.  ел  аралап  халық  билерін,  эдет  -   гұрпын, 
салт-дэстүрін зерттеді.
Ш.  Жиенқұлованың  жетекшілігімен  «Айжан  қыз»,  «Қара 
жорға»,  «Қырық  қыз»  жэне  т.б.  көптеген  билер  дүниеге  келді. 
Сахналық  бидегі  бейнелердің  ішкі  жан  сүлулығын  шебед 
шендестіре  білген  Шара  қазақ  би  өнерінің  дамуына  мол  үлес 
косты.
өнер -  искусство 
жол -  путь 
би -  танец
үлттық -  национальный 
басқарды -  руководила
III деңгей
Мәтінді 
орыс 
тіліне 
аударыңыздар. 
Асты 
с ы з ы л ғ а н  
сөздермен өз бетіңізбен сөздік қүрастырыңыздар.
II деңгей
Берілген 
сүрақтарға  сүйене  отырып, 
мәтінді 
ауызиіа 
мазмүндап айтыңыздар.
1.  Ш.Жиенқүлова кім  болған?
2.  Ол өзінің өнер жолын  қайда бастады?
3.  ¥лтты қ би өнерін дамыту үшін  Ш ара апамыз  не істеді?
4.  Би өнеріне қандай үлес қосты?
I деңгей
Ш.Жиенқұлованың  өмірі  мен  шығармашылыгы  туралы 
косымша  мәліметтер әзірлеңіздер.
зерттеді  -  исследовала 
сұлулық -  красота 
үлес -  вклад 
қосты -  внесла
164

Ырықсыз және ортақ етіс
(страдательный и взаимный за іо г)
Ырықсыз  етіс  іс-әрёкеттің  орындаушыеы  айтылмай  жүзеге 
асқанын білдіретін етістің түрі  (передает действие,  направленное 
на  объект  (объект  при  этом является  подлежащим).  Етістіктің 
түбіріне  -ы л,-іл,-л,  -ын,-ін,-н  жүрнақтары  жалғану  арқылы 
жасалады.  Мысалы:  бер+іл  (дай  -   сдавайся),  жи+ыл  (собирай  - 
соберись) т.б.
Ортақ  етіс  іс-әрекетті  орындаушының  біреу  ғана  емес, 
бірнешеу  екенін  білдіреді  (передает  действие,  производимое 
совместно  двумя  и  более  субъектами).  Етістіктің  түбіріне  —ыс, 
-іс,  -с,  -лас,  -лес,  -дас,  -dec,  -mac,  -тес  жүрнақтары  жалғану 
аркылы  жасалады.  Мысалы:  соқ+ыс  (ударь  -  война),  сөйле+с 
(говори - поговори), пікір+лес  (мнение -  единомышленник) т.б.
Ескерту: 
ортақ 
етіс 
түлғасындагы 
етістіктер 
көбіне 
заттанады 
(глаголы 
в 
форме 
взаимного 
залога 
часто 
подвергаются 
субстантивизации 
(переобразуются 
в 
существительные).  Мысалы:  тарт+ыс -  тартыс  (борьба),  жең+іс
-  жеңіс (победа) т.б.
III деңгей
М ына 
сөздерден 
ырықсыз 
етіс 
жасаңыздар, 
оларды 
қатыстырып сөз тіркесін құрастырыңыздар.
Сал, қой, апар, ал,  айт, тарт, баста, ора,  іл, әкел, аш.
II децгей
Мына  сөздерді  пайдаланып  ырықсыз  етіс  жасаңыздар, 
оларды қатыстырып  5  сөйлем  құрастырыңыздар.
Бөл, біл, сұра, ойла, ана, бақ, сыбырла, жібер, қалдыр.
Iдеңгеб
М әтіннен  ырықсыз жэне ортақ етістерді табыңыздар.
Күн  арқан  бойы  көтерілген  екен.  Міне,  екі  үзіліп,  бүктетіліп 
жатқан  жатысым.  Қонақ  жігіттерге  Мақыш  мал  алғызып,  сол 
үйдің  қойшы  жігіттеріне  сойғызып,  өзі  қонақтармен  әңгімелесіп
1  отырды.  Ж аңада  салынған,  қобдидай  кірпіш  үй.  Әуелі  біріне  -  
бірі  қалжың  айтып,  күлісіп,  артынан  жаңа  көрген  қыз  турапы 
пікірлерін  сұраса  бастады.  Үнсіз  -  түнсіз  тұрып  бұрылды  да,  өз 
Үйіне қарай жүре берді.  Тиісті  шара қолданылады.
165

Ә білхан  Қ астеев
(1904-1973)
Әбілхан  Қастеев  -   қазақ  бейнелеу  өнерінің  негізін 
салушылардың  бірі,  халық  суретшісі,  Қазақстанга  еңбек  сіңірген 
өнер  қайраткері.  Ол  Талдықорған  (казіргі  Алматы)  облысы 
Жаркент қаласында дүниеге келген.
1926-1936 жылдары  Алматыда жэне  М әскеудіц  көркемсурет 
студиясында 
оқыды. 
Бейнелеу 
енері 
бойынша 
көшпелі 
к®РмелеРге 
Қатысты. 
Қастеевтің 
қаламынан 
туындаған 
аилауда»,  «Медеу»  атты  шығармалары  туған  жерге  деген 
маха  аггы,  қазақ  аулының  өмірін 
және  әсем  табиғатты 
еинелеиді.  Оның  азамат  соғысына  арнаған  көркем  туындылары 
көпшілікке  танымал.  Суретші  қамтыған  басқа  д а  тақырыптар, 
мәдениег  қайраткерлерінің  портреттері  өнер  сүйер  қауымның 
көңшінен  шықты.  Көптеген  акварелдік  топтамалардың  авторы 
ооілхан  Қастеевтің  мывдаған  еңбектері  қазіргі  кезде де  бейнелеу 
өнерінщ озық үлпсі  болып табылады.
бейнелеу өнері -  
.  .
и™*.™,. 
еңбек сіңірген  -  заслуженный
изооразительное 
hckvcctro
 

rvr.PT,,.; 
ц ^ у сство  
қалам -  кисть
^У Р^ТЩ і  —  ХУЛОЖНИК’
канпяті^г. 
„ 
азамат согысы  -  гражданская
Қ аираткер-деятель 
ВОЙ 
война 
H Iдеңгей
жауаіГбфі^іздер  НШа  °¥РаҚТар  әзіРлеп,  оларга  өз  сөздеріңізбен
П деңгей
м әт ін т е ^ т Т у ы П Г ь Х е д а р   ҢЫЗДаР'  МЫНа  СӨЗдердің  ><азакшасьШ
п р о и ^ е д е т ^ ПеРп Х р 0ас н 1 7 ДЫ’ 
КулЬТура’  художественные
участвовал 
природа, 
изобразил, 
выставка,
I Деңгей
олаР т у ^ ^ с Ы к^ р " ң ^ гаН  ШЫҒармалаРдан  топтамажасап,
166

Шылау
(служ ебные слова)
Өз  алдына  толық,  дербес  мағынасы  жоқ,  сөз  бен  сөзді, 
сөйлем  мен  сөйлемді  байланыстырып  немесе  сөзге  қосымша 
мағына  үстеп  тұратын  көмекші  сөздерді 
шылау  деп  айтады. 
Шылаулардың  лексикалық  мағынасы  болмайды  жэне  сөйлем 
ішінде  шылау  сөйлем  мүшесі  бола  алмайды.  Ш ылау  сөздер 
білдіретін  мағынасы  мен  сөйлемде  атқаратын  қызметіне  қарай 
үшке бөлінеді:
1.  септеулік шылаулар (послеслоги)
2.  демеулік шьглаулар (частицы)
3.  жалғаулық шылаулар (союзы)
(союзами  (служебными  словами)  называют  служебные  части 
речи, 
которые 
выражают 
грамматическую 
связь 
и 
определенные 
смысловые 
отношения 
меж ду 
отдельными 
членами  простого  и  частями  сложного  предложений,  а  также 
между  самостоятельными  предложениями  связанного  текста. 
Служебные  слова  не  имеют  самостоятельного  лексического 
значения, 
не 
являются 
самостоятельными 
членами 
предложения. 
В  зависимости  от  функций  служебные  слова 
делятся на три группы: послеслоги,  союзы,  частицы).
167
1

Септеулік  шылаулар  атаушы  сөздер  арасындағы  мезгілдік, 
мекендік, 
максаттық, 
себептік 
қатынастарды 
білдіріп, 
байланастырушылық 
қызметте 
жұмсалатын 
шылау 
сөздер 
септеулік  шылаулар  (септеуліктер)  деп  аталады.  Септеуліктер 
белгілі 
бір 
септік 
жалғаудағы 
сөзбен 
тіркесіп, 
онын 
грамматикалық 
мағынасын 
нақтылап, 
толықтыра 
туседі 
(послеслогами 
называют 
неизменяемые 
слова, 
которые 
выражают  отношения  между предметами  и управляют каким- 
либо  из  именных  частей  речи.  Послеслоги  всегда  стоят  после 
управляемого  слова  и  этим  отличаются  от  предлога  русского 
языка.  Например:  Туралы,  арқылы,  жайында  (о,  обj,  дейін,  шейін 
(до),  арқылы  (через),  ұшін  (для,  ради),  бурын  (раньше),  баска 
(кроме)  и т.д.  Например: Қорңыт  ата туралы  ацыздар өте көп.
- Существует много легенд о Коркыт ата).
Септеулік шылаулар
Меңгерілетін 
септіктер (падежи)
Мысалдар 
(примеры)
1.  Атау
(Именительный)
Туралы, жайында,  жайлы, жөнінде,  сияқты, 
секілді,  арқылы,  тэрізді,  бойы,  бойынша, 
сайын,  үшін,  гұрлы, 
шамалы, 
шақты, 
қаралы, түгіл, екеш, т.б.
2.  Барыс
(Дательный)
Төмен,  қарай,  дейін,  шейін,  қарсы,  салым, 
тарта,  жуық,  бөлек,  астам,  артық,  өзгеше, 
ілгері,  шет, тыс, асыра, тыскары.  т.б.
3.  Шығыс
(Исходный)
Кейін,  соң,  бері,  бүрын,  карай,  бетер,  гөрі, 
эрі,  басқа,  белек,  астам,  артык,  өзгеше, 
ілгері,  шет. тыс. асыра.  тыскары.  т.б. 
_
4.  Көмектес 
(Творительны й )
Бірге,  қатар,  қабат,  коса, байланысты, т.б.
III деңгей 
н
Мына  септеулік  шылаулардың  қайсысы  қай  септі 
тіркесетінін ажыратып көрсет.
Үлгі: атау:  үшін, 
барыс:  ілгері, 
шығыс:
көмектес: 
ь(С
Кейін,  қатар,  жуық,  астам,  жайлы,  үшін,  байланысты,  т 
бойынша, екеш, бөлек, қоса,  шамалы,  ілгері, бірге, артық. тарта-
168

II деңген
Септеулік шылауларды  қатыстырып 5-6 сөйлем  кұрацыздар.
Iд е ң г е й
Септеулік  шылаулардың  қай  сөз  табына  тіркесіп,  қандай 
мағына беріп түрганын талдаңыз.
Қыстауға  қонғаннан  бері,  Абай  кеш  сайын  әжесімен  оңаша 
қалады.  М алы  биыл  Қоянды  жәрмеңкесінен  кейін  тіпті  көбейген. 
Қүсбек төре Алшынбайды  өкпелетіп  алған соң,  аға  сұлтандықтан 
айрылған.  Оқып  болғаннан  кейін  өзім  хабарласармын,  -  деді. 
Биеге қарай жөнелді.
Д ом бы ра
Домбыра  -   қазақ  халқының  арасына  өте  ерге  жэне  кең 
тараган,  ғасырлар  сырын  сақтаған  қос  ішекгі  шертіп  ойнайтын 
музыкалық  аспаптың  бірі.  Өзіне  тән  ерекшелігі  бар,  ішекті, 
шертпелі  аспаптар тобына жатады. Домбыра әр турлі улгіде тутас 
ағаштан  ойылып,  немесе  құрап  жасалады.  Мойнына  он  тоғыздан 
жиырма  екі  санына  дейін  пернелер  байланады.  Арнайы  құлақ 
күйге келтіріледі.
Домбыраның  екі  ішектісінен  басқа да  үш  ішекті,  қос  жақты, 
кец  шанақты,  қуыс  мойын,  шіңкілдек  деп  аталатын  түрлері  де 
бар.  Даусы  майда,  қоңыр,құлаққа жағымды.
кең тараған -  
ішекті -  струнный
распространенный 
үлгіде -  в форме
аспап -  инструмент 
даусы -  звук
ерекшелік -  отличие
III д еңгей
Мэтін  бойынша сүрақтар әзірлеңіз.
II деңгей
Мәтіннен  шылауларды  тауып,  қай  сөзбен  байланысыгі 
тұрғанын  көрсетіңіздер.  Мазмұндап  айтыңыздар.
Iдеңгей
Домбыра  туралы  қандай  аңыз  әңгімелер  білесіңіз,  айтып 
көріңіз.  Домбыра  туралы  қосымша  мәліметтер  әзірлеңіз,  оның 
шанагы неге ойық екені  туралы  аңызды еске түсіріңіздер.
169

Жалгау лык шылаулар
(союзы)
Ж а л ға у л ы қ  ш ы л ау л ар  сөз  бен сөзді, сөйлем  мен  сөйлемді, 
салалас  күрмаластың  сыңарларын  эр  түрлі  магыналык  қатынаста 
байланьгстырады.  Жалғаулық  шылаулар  жалғаулықтар  деп  те 
аталады.  Жалғаулық  шылаулар  алты  турге  жэне  саластырғыш, 
сабақтастырғыш 
болып  екі 
топқа  бөлінеді. 
Салыстырғыш  
жалғаулықтар: 
ыңғайластық, 
талғаулыкты; 
сабақтастырғыш 
жалғаулыктар; 
қарсылыкты, 
себеп 
-  
салдар, 
шартты, 
үштастыргыш 
(союзы 
связывают 
однородные 
члены 
предложения  или  части  сложносочиненного 
предложения. 
Союзы  делятся  на  шесть  типов  и  две  группы: 
с о ч и н и т е л ь н ы е  
(салаластыргыш) 
и 
подчинительные 
(сабацтастыргыш). 
Сочинительные 
союзы; 
соединительные 
(ыңгаіаастыц), 
разделительные 
(талгаулықты); 
подчинительные 
союзы: 
противительные  (царсылъщты),  причинно-следственные  (себеп • 
салдар), 
условные 
(шартты), 
присоединительные 
(уштастыргыш).  Например:  Қазір  біресе  суыц,  біресе  жылы.  -  
Сейчас  то  холодно,  то  тепло.  Егер  уацыт  болса,  серуеге 
шыгамыз.  -  Если будет время,  то мы пойдем на прогулку).
Түрлері
(типы)
Ж алғаулықтар
(союзы)
—— 
I. 
C a n
астырғыш (сочинительные)
шңғаилыстық
(соединительные )
Мен  (бен,  пен),  менен  (пенен,  бенен),  да 
(де,  та,  те), жэне,  әрі, тагы,  т.б.
Мен кеше Серік пен  Болатты  көрдім
  J алғаулықты 
(разделительные)
— -------  
Н.  С абаг
Біресе,  я,  бірде,  болмаса,  элде,  не,  немесе, 
мейлі,  кейде, т.б.
Гулмира, 
апаңа 
көмектес 
немесе 
сабазынды қара. 
гастырғыш (подчинительныр)
1  Қарсылықты 
(противительные)
г-* * 
^ -----------
-------- - _  —
  ____ _—-
------' —

ы рақ,  алайда,  эйтсе,  эйтседе, 
эйткенмен, 
эйтпесе,  эйткенде,  эйтпегенде, 
дегенмен, 
онда да, соңда да,  сейтсе де, болмаса, т.б. 
Ол кешке келу керек,  дегенмен  сіз 
е с к е р т с  
салыңыз.
170

2 Себеп-салдар 
(причинно- 
следственные )
Себебі,  өйткене,  неге  десең,  не  үшін, 
сондықтан,  сол  себепті,  сол  үшін,  соның 
үшін, т.б.
Гаунар  жауап  бермеді,  себебі  ол  сабақңи 
дайын емес.
3  Шартты 
(условные)
Егер, егер де, онда, әйтпесе, т.б.
Егер  Анар  мені  сүраса,  мені  жұмыста 
дерсің.
4 ¥ш тастырғыш  
(присоединительные)
Ал,  ендеше,  ал  ендеше,  олай  болса,  яғни, 
демек
Араліыздагы 
ең  білімді  жігіт  Еркін, 
ендеше оган сөз берейік.
171

III деңгей
Шылауларды  тауып,  қай  сөздерді  байланыстырып  тұрғанын 
көрсет.
Тайга  шығыс  пен  терістіктің  арасын  алып  жатыр.  Тайгада 
бүгьі  мен  марал  да,  аю  мен  қасқыр  да  бар.  Нұраш  пен  Болат 
шахмат  ойнап  отыр.  Ораз  бен  Сұлтан  ертең  іссапарға  кетеді. 
Ауылдан  атам мен әжем және қарындасым  келді.
IIдеңгей
Көп  нүктенің орнына тиісті жалғаулықтарды  {да,  де,  та,  те, 
пен, мен,  бен) қойып, көшіріңіздер.
Бөлмеде  үстел  ...  отырғыш  бар.  Қағаз  ...  қарындаш  сатып 
алдым.  Үміт  ...  Вера  келді.  Айша  ...  Ораз  ...  Әлім  ...  лекцияда 
отыр. Дүкенде сүт ... май  ... қаймақ ... бар.
I деңгей
Қазақ тіліне аударып, жалгаулыктарына кеңіл бөліңіз.
Студенты  сдают экзамены и  зачеты.  Вечер  был 
п р е к р а с н ы й ,  
и  мы  гуляли  по  берегу  моря.  Дни  были  теплые,  но  вечер  был 
холодный.  Погода  была  теплая,  но  дождливая.  О тец  Армана  -  
бизнесмен,  а мама -  врач.
172

Қобыз бен жетіген
Қыл  қобыз -  ерте заманнан  келе жатқан  қазак халқының  екі 
ішекті  ысқышпен  ойналатын  аспабының  бірі.  Өзіндік  жасырын 
сыры  мол,  адамның  еркіне  көне  қоймайтын,  күрделі  аспап.  Ішегі 
жылқыньщ қылынан  жасалады.  Қобыз аспабыньщ екі  ішектісімен 
бірге  -   үш,  төрт  ішектілері  жэне  «нар  қобыз»,  «жез  қобыз»  деп 
аталатын  түрлері  де  бар.  Қобызды  ағаштан  шауып  немесе  қүрап 
жасайды.  Беті  жартылай  терімен  қапталады.  Ол  дыбыстың 
жаңғырып  шығуы  үшін  керек.  Ерте  заманда  қобызды  тек  бақсы- 
бапгерлер  ғана үстаған.  Халық  аңызында  қобыздың  пайда  болуы 
Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.
Жегіген  -   қазақ  халқының  өте  ерте  заманнан  келе  жатқан 
жеті 
ішекті 
шертпелі 
музыка 
аспабы. 
Аспап 
ағаштан 
қүрастырылып  жасалады.  Құрылысы  өте  карапайым.  Жетіген 
аспабы  талай  жүздеген  жылдар  өтсе  де,  баяғы  қарапайым 
күйінде.
Жетілдірілген түрінде он үш  ішек байланып,  арнайы тиектер 
қойылады.  Аспаптың  үні  өте  нэзік,  қүлаққа  жағымды.  Ел 
арасында аспаптың  шығуы  жайында көптеген  аңыздар айтылады. 
Сол 
аңыздың  бірінде:  өткен  заманда  өмір  сүрген  бір  қарияның 
жеті  оаласынан  айрылған  қасіретті  қайғысынан  туындаган  әуен  -  
деседі.  Бізге «жетіген» деген атау осылай жегкен.
Қазіргі  кезде  жетіген  аспабы  көптеген  ансамбльдерде 
ойналып,  кеңінен насихапалы п  келеді.
III деңген
Сүрақтарға жауап  беріңіздер.
1.  Қобыздың шығу  тарихы  кімнің 
аіымен 
байланысты?
2.  Қобыздың бетінің жартылай терімен  қапталу себебі  неде?
3.  Қай аспаптың  ішегі  жылқының  қылынан жасалады?
4.  Жетігеннің шығу тарихы қандай аңызбен байланысты?
5.  Ж етігеннің жетілдірілген түрі  қандай?
6.  Жетігенді  неден  жасайды?
И Деңгей
Оқытушының  көмегімен  мәтінге сөздік эзірлеңіз.
I деңгей
Қобыз  бен  жетіген  туралы  қосымша  мәліметтер  әзірлеңіз, 
бүл аспаптар туралы  өзіңіз не білесіз.
173

Демеулік шылаулар
(частицы)
Демеулік 
шылаулар 
демеуліктер 
деп 
те 
аталады.
Демеуліктер өзі  тіркескен сөзіне  не күшейту,  не тежеу,  не сұрау,
болжалдық,  күмән  сияқты  қосымша  магына  үстейді. 
Д емеулік
шылаулырдьщ  алты  түрі  бар  (к  частицам  относятся служебные
слова, 
которые  придают  различные  смысловые  оттенки
отдельным 
словам 
или 
целым 
предложениям, 
которые
обозначают 
эти 
смысчовые 
и 
эмоциональные 
оттенки.
Например:  Сен бугін кітапханага бардың  ба? — Ты ходил  сегодня 
в  библиотеку?).
Түрлері 
(типы)
Демеуліктер
(частицы)
1
 
Сұраулық 
/
вопросительные)
Ма,  ме, ба, бе, па, пе,  ше
2
.
 
Кущейткіш 
(усилительные
)
-ақ, - ау, -ай, да (де, та, те)
5  Нақтылық 
ІШочнителъныеА
Қой 
(ғой),  -ДЫ  (д і, ты,  ті)
4  
Шектік
(ограничительные
)
Қана,  ғана, - ақ,  тек
5 Болымсыздық 
(отрицательны р 
1
ТҮ« іл, тұрсын,  тұрмақ
6 Ьолжамдық 
Оуэиблизытельные)
-мыс,  - міс,-  ау,  -екеш 
1
III деңгей
Демеулік  шылаулардың  тыныс  белгісін  қ о й ъ т,  көшіріп 
жазыңыздар.
Сол  кезде  қайық  аударылып  кетіп,  үстіндегі  адамдар  суға 
батады  мыс.  Біле  алмай  ақ  қойдым.  Таң  атсын  да, 
қарағым 
ау. 
ақ КӨРД™ ау көресімді. Үят болды  ау.  Әуре болмай  ак крй-
II деңгей
Демеулік  шылауларды  тауып,  мағынасына  карай 
топтап 
жазыңыздар.
(74

Мұнда  сағат  қана  емес  тарихтьщ  өзі  де  жылжымай  жатып 
алғандай  ғой.  Әй,  Мэкіш-ай,  өлеңім  желге  кетіп  жур  ғой.  -А х,- 
деді  Қатша мені  көріп, -  келіп-ақ  қалған  екенсіңдер ғой. -А пы рай 
-ай ,  Бэтес-ай,  сенде  осында  ма  едің?  Ол  бір  оқиға  соғыс 
біткеннен кейін іле-шала болган-ды.
I деңгей
Мәтіндегі шылауларға жалпы талдау жасаңыз.
Қарамоланың  жәрмеңкесі  тугіл,  елі  мен  жерін  бірдей 
билейтін  Елемеспен  құда  болуі  Молдажанға  да  теріс  көрінбейді. 
Өзінен  жасы  үлкен  ағалар  да,  болыс  сайланып  ұлықтыққа  қолы 
жеткен  оқыған  баласы  Сілэлш  да  бар.  Олардьщ  бэрін  былай 
қойып  сөз  кезегін  берер  ретін  білмеген-ді.  Тэрізі  жолдастары 
көніп  тұр  ма,  деді-ау  деймін.  Бөлмелеріңіз  жақсы  екен,  бірақ 
ыстық қой өзі, - деді.
Қүрманғазы Саіырбанүлы
(1818-1889)
Қазақ  халқының  классик  сазгері  Құрмағазы  есімі 
халық 
арасына 
кеңінен 
тараған. 
Ұлы 
күйші 
қазақтың 
аспапты 
музыкасын  өркендетуге,  оның  дамуына  шексіз  үлес  косты. 
Сазгердің 
жүрек 
жарды 
туындылары 
көршілес 
халықтар 
арасында да танымал.  Сондықтан оны «Күй атасы» деп  атайды.
Құрманғазы 
Сағырбайүлы 
-  
халқының 
мүң, 
арман, 
қуанышын  өз  күйлерінде  көрсете  білген  күрескер  күйші.  Оның 
күйлерін  тыңдаган  эрбір  адам  тебіренбей  қоймайды.  Белгілі 
«Адай», 
«Сарыарқа», 
«Серпер», 
«Кішкентай»  сияқты,  т.б. 
туындылары - халкымыздың баға жетпес рухани байлығы.
Қүрманғазының  ғұмыр  кешкен  кезі  патшалык  Россия 
жүргізген  отаршыл  саясаттың  ең  бір  қарқын  алған,  әбден 
Кұнықкан,  шектен  шыга  бастаған  кезі  еді.  Мұндай  озбырлыққа 
жан  -   жүрегімен 
қарсыласу  Құрманғазының  өмірбаянына 
айналып,  күй  тілінде  көрініс  тауып  отырған.  Ол  өзі  беттескен 
заманның  тарихи-элеуметтік  болмысына  күйші  -   философ 
ретінде  ден  қояды.  Үрпак  тағдырына  ықпал  ететін  заманалық 
Құбылыстарға бойлай  үңіліп,  ой  толгау  Құрманғазының  күйшілік 
болмысына тэн.
Қайталанбас  өнер  иесі,  ірі  тұлға,  күйші  Құрманғазы  -   қазақ 
елінің мақтанышы.
175

аслапты музыка -  
инструментальная 
музыка
өркендету -  развивать 
танымал -  известен, 
известный
туынды -  произведение 
күрескер -  борец
рухани  б а й л ы қ - 
духовное богатство 
озбырлык -  угнетение 
әлеуметтік -  социальный 
кұбылыс -  явление 
бага жетпес -  бесценный 
шексіз  үлес -  
неоценимый  вклад 
сазгер -  композитор
I II  децген
Мәтінге жоспар кұрыцыздар.
II деңгей
Мәтін  мазмұнын ауызша баяндап беріңіздер.
I денгей
«Күй 
атасы 
-  
Қүрманғазы» 
тақырыбына 
реферат 
жазыцыздар.
Адамның  алуан  турлі  көціл  -  күйін,  сезімін  білдіретін  сөз 
табын 
одағай  деп  атайды.  Одағай  сөздерді  жеке  алганда 
лексикалық мағынасы  болмайды.  Одағай  сөздер  шаттану,  ренжу, 
таңыркау,  үнату,  шошыну  тэрізді  көңіл  -  күйін  білдіреді,  бірак 
олардыц  аты  (атауы)  болып  саналмайды  (междометие  -   это 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет