Тілтаным языкознание



Pdf көрінісі
бет8/51
Дата04.12.2022
өлшемі1,33 Mb.
#54680
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Кирил қаріпінде
Апострофты латын қарпінде
1.Бір Құдайға түмен мыңдап толғана,
Мақтау айтам – өлмейтұғын сол ғана!
Ол жаратқан: көк аспан да, жер, күн де,
Жан-жануар, мезгіл, түн, ай – еркінде.
Бар нәрсенің бәрі – соның жарлығы:
Ол «бол!» – деді, – бола қалды барлығы.
Барлық адам қайғы-мұңын шектейді ,
Бір ғана Ием еш қайғы-мұң шекпейді.
5.Ей, Құдірет, мәңгі білмес мұң, Баят!
Бұйырмаған басқаларға мұндай ат! 
Аса биік ұлылық та тән саған,
Сенен басқа тең келмейді жан саған.
Сен жалғызсың , дара тұрған өресің,
О баста сен болдың, бола бересің.
Жалғыздығың жатпайды ешбір есепке,
Бәрін билер құдіретің десек те.
Жалғыз Құдай – жаратушы қолдапты,
Бір Құдайдан басқа Құдай болмапты.
10.Ішкі, тысқы сырды білген Құдайым,
Көзден – жырақ, көңілдесің ұдайы.
1.Bіr Qudаi’g’а tu’mеn myn’dаp tоlg’аnа,
Mаqtаy’ аi’tаm – o’lmеi’tug’yn sоl g’аnа!
Оl jаrаtqаn: кo’к аspаn dа, jеr, кu’n dе,
Jаn-jаny’аr, mеzгіl, tu’n, аi’ – еrкіndе.
Bаr na’rsеnіn’ ba’rі – sоnyn’ jаrlyg’y:
Оl «bоl!» – dеdі, – bоlа qаldy bаrlyg’y.
Bаrlyq аdаm qаi’g’y-mun’yn s’екtеi’dі ,
Bіr g’аnа I’еm еs’ qаi’g’y-mun’ s’екpеi’dі.
5.Еi’, Qudіrеt, ma’n’гі bіlmеs mun’, Bаi’аt!
Bui’yrmаg’аn bаsqаlаrg’а mundаi’ аt! 
Аsа bi’ік ulylyq tа ta’n sаg’аn,
Sеnеn bаsqа tеn’ кеlmеi’dі jаn sаg’аn.
Sеn jаlg’yzsyn’ , dаrа turg’аn o’rеsіn’,
О bаstа sеn bоldyn’, bоlа bеrеsіn’.
Jаlg’yzdyg’yn’ jаtpаi’dy еs’bіr еsеpке,
Ba’rіn bi’lеr qudіrеtіn’ dеsек tе.
Jаlg’yz Qudаi’ – jаrаty’s’y qоldаpty,
Bіr Qudаi’dаn bаsqа Qudаi’ bоlmаpty.
10. Іs’кі, tysqy syrdy bіlгеn Qudаi’ym,
Кo’zdеn – jyrаq, кo’n’іldеsіn’ udаi’y.
Диграфты латын қаріпінде
Тілтанымдық принципке негізделген 
әліпби бойынша
1.Bіr Qudаjghа tuemеn myngdаp tоlghаnа,
Mаqtаu аjtаm – oelmеjtughyn sоl ghаnа!
Оl zhаrаtqаn: кoeк аspаn dа, zhеr, кuen dе,
Znаn-zhаnuаr, mеzgіl, tuen, аj – еrкіndе.
Bаr naersеnіng baerі – sоnyng zhаrlyghy:
Оl «bоl!» - dеdі, - bоlа qаldy bаrlyghy.
Bаrlyq аdаm qаjghy-mungyn shекtеjdі ,
Bіr ghаnа Iеm еsh qаjghy-mung shекpеjdі.
5.Еj, Qudіrеt, maenggі bіlmеs mung, Bаjat!
Bujyrmаghаn bаsqаlаrghа mundаj аt! 
Аsа biік ulylyq tа taen sаghаn,
Sеnеn bаsqа tеng кеlmеjdі zhаn sаghаn.
Sеn zhаlghyzsyng , dаrа turghаn oerеsіng,
О bаstа sеn bоldyng, bоlа bеrеsіng.
Zhаlghyzdyghyng zhаtpаjdy еshbіr еsеpке,
Baerіn bilеr qudіrеtіng dеsек tе.
Zhаlghyz Qudаj – zhаrаtushy qоldаpty,
Bіr Qudаjdаn bаsqа Qudаj bоlmаpty.
10.Іshкі, tysqy syrdy bіlgеn Qudаjym,
Кoezdеn – zhyrаq, кoengіldеsіng udаjy.
1.Bir Qudаyğа tümеn mıŋdаp tоlğаnа,
Mаqtаu аytаm – ölmеytuğın sоl ğаnа!
Оl jаrаtqаn: kök аspаn dа, jеr, kün dе,
Jаn-jаnuаr, mеzgil, tün, аy – еrkindе.
Bаr närsеniŋ bäri – sоnıŋ jаrlığı:
Оl «bоl!» - dеdi, - bоlа qаldı bаrlığı.
Bаrlıq аdаm qаyğı-muŋın şеktеydi ,
Bir ğаnа Yеm еş qаyğı-muŋ şеkpеydi.
5.Еy, Qudirеt, mäŋgi bilmеs muŋ, Bаяt!
Buyırmаğаn bаsqаlаrğа mundаy аt! 
Аsа byik ulılıq tа tän sаğаn,
Sеnеn bаsqа tеŋ kеlmеydi jаn sаğаn.
Sеn jаlğızsıŋ , dаrа turğаn örеsiŋ,
О bаstа sеn bоldıŋ, bоlа bеrеsiŋ.
Jаlğızdığıŋ jаtpаydı еşbir еsеpkе,
Bärin bylеr qudirеtiŋ dеsеk tе.
Jаlğız Qudаy – jаrаtuşı qоldаptı,
Bir Qudаydаn bаsqа Qudаy bоlmаptı.
10.Işki, tısqı sırdı bilgеn Qudаyım,
Közdеn – jırаq, köŋildеsiŋ udаyı.
Ә.Құрышжанов 
кирил
Апострофты
латын
Диграфты латын Тілтанымдық латын
1.
Бет саны
0,5
0,5
0,5
0,5
2.
Сөз саны
105
105
105
105
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


14
3. Таңба саны 
(бос орынсыз)
599
676
665
599
4. Таңба саны 
(бос орынмен)
695
773
761
695
5. Қатар саны
20
20
20
20
Кестеде біз осы кезге дейін ұсынылған диграфты, апострофты (дәйекші) және 
Тіл білімі институты ұсынған тілтанымдық әліпбиге дастанның үзіндісін салып 
көрдік. Мұнда байқағанымыз, кирилл нұсқасынан латын қарпімен берілген нұсқа-
да таңба саны артып кетті, себебі компьютер апострофты (дәйекші) бір таңба деп 
қабылдайды. Халық қабылдамаған диграфты нұсқада да таңба саны көп болып 
тұр. Тіл білімі институты жобасы «бір дыбысқа – бір әріп» деген принципті ұстан-
ғандықтан, таңба саны тура келіп тұр. 
Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінің тек қана бір ғана бөлігін алып қарас-
тырып көргенімізде, кирилл таңбасында жазылған еңбектерді латынға ауыстыруда 
еш қиындық туындамауы керек деп ойлаймын. Латын қарпімен берілген тұста бұл 
көркем шығарма, төл туындымыз болғандықтан, қазақ тіліндегі әріптер толықтай 
еңбекті қамтып отыр. Еңбекте кірігіп кеткен араб, парсы сөздері кездескенмен, 
орыс тілінен енген сөздер кездеспейді. Осы себептен кирилл қарпін латын қарпімен 
алмастыруда еш қиындық туындаған жоқ. 
Ендігі мақсат тілге ықшамды, жазуға үнемді, қуат сыйымдылығы төмен әліпби 
жасау. Көркем еңбектер мен жазба ескерткіштер тілін конвертер жасау арқылы 
латын графикасына ауыстыру көп уақытты алмайды. Бірақ сол конвертердің 
дұрыс жұмыс істеуі үшін емле, орфоэпиялық, орфографиялық ережелерді бекітіп 
алуымыз керек. 
Енді жазба ескерткіштер материалдарын латын графикасына көшірудің 
артықшылықтарын атап айтар болсақ, ол латын графикасына ауысудың 
артықшылықтарын қамтитыны ақиқат.
Біріншіден, қазіргі заманда халықаралық дәрежедегі тілдердің бірі – 
ағылшын тілі. Ол латын әліпбиі негізінде қалыптасқаны белгілі. Себебі, қазіргі 
техника дамыған заманда, оларды қолдану, технологияны дамыту тілі ағылшын 
тілінде сайрап тұр. Біз латын әліпбиін таңдай отырып, жаңа технологияларды, 
инновация ларды тез игере аламыз. 
Екіншіден, латын әліпбиіне көшу арқылы кеткенімізді қайтаратын кез келді. 
Қазақ тіліндегі сөздердің табиғи қалпында айтылуына кезінде кирилл жазуына 
көшуіміз кедергі болды. 1917 жылға дейін орыс сөздерін қазақ тіліне ыңғайлап 
алып отырсақ, кейін келе орыс сөзін бұзбастан сол қалпында алып отырмыз. 
Мысалы: ящик-жәшік, резинка-резеңке, бревно-бөрене, самовар-самаурын бол-
ып алынатын еді. Енді сыртқы пішінін өзгертпестен, сол қалпында-ақ негізгі сөз 
байлығымыздан жатырқамай орын алған аспирант, студент, академик, журналист, 
корреспондент, машина, автомашина, солдат, лейтенант, офицер, касса, кассир, 
экономика, трамвай, троллейбус тәрізді сөздер бар. Бұл тілге қауіпті екені анық. 
Қазіргі кезде тілімізде өзге тіл сөздері көп болғаны бір басқа, ата-баба дәстүрімен 
жеткен табиғи дыбыстау әуеніміз де өзгере бастады. Жастарымыз тілін бұрап, 
орыс тіліне икемделіп кетіп жатады. Қала жастары орыс тілінде сөйлеп, қазақша 
сөйлейтіні орыс сөздерін молынан қолданады. Ал латын қарпіне ауысу арқылы, 
емле ережелерімізді дұрыстап, басқа тілден енген сөздерді жазу графикамыздың 
шеңберіндегі әріптерге лайықтап қана аларымыз анық. Сол арқылы тіл тазалығын 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


15 
сақтаймыз. Басқа тілден сөз алсақ та, өз тіліміздің дыбыстық заңдылықтарына 
лайықтап алып отырамыз. 
Үшіншіден, қандай тілді болмасын үйрену ағылшын тілі арқылы жүзеге асады, 
сондықтан болашақ ұрпақ латын әліпбиін меңгерсе, қазіргі жаһандану заманын-
да ешкімнен қалыс қалмай, өзге тілдерді тез уақыттың ішінде үйренуіне жол 
ашылады.
Төртіншіден, қазақ тілін үйренгісі, қазақ тіліндегі кітаптарды оқығысы келген 
шетелдік ағылшын әріптерін білгендіктен, қазақ тілін тез меңгеріп кетеді. 
Бесіншіден, жазуда, жылдам жазуда ұтасыз. Мысалы, кирилл графикасымен 42 
әріппен жазатын болсақ, латын графикасымен 32 әріптің төңірегінде ғана таңба 
болады да, сіз жылдам жазатын боласыз.
Алтыншыдан, жазба ескерткіштердің көпшілігі түркі халықтарына ортақ екені 
белгілі. Оны шетелдік ғалым ескерткішті зерттегісі келсе міндетті түрде түрік 
тіліндегі еңбекті алады, себебі ол латын қарпімен таңбаланған. Бізде де араб, көне 
түркі қаріптерінен транскрипцияланған қаншама еңбектер бар. Соларды зерттеу 
жеңілдейді деп білеміз. 
Қорыта келгенде, латынға өту сөзсіз керек нәрсе. Бірақ әбден ойланып 
барып шешім қабылдау керек. Латынға өткен елдердегі қателіктерді жібермеуге 
тырысуымыз керек. Қажетті әріптерді алып, қажетсіз әріптерді алып тастар кез 
келді. Латынға өту осы екен деп, қазақ тілінің дыбыстарын шектемей, еркіндік 
беруіміз керек. А.Фазылжанова айтқандай: «Тілдің өзінің дыбыстық қорының өзін 
көрсететін алаңы болуы керек. Дыбыстық қор өзін жарқ етіп көрсетуі керек, қазақ 
әріптері жақсы өмір сүруі керек. Дыбыстар жақсы өмір сүруі керек». Осы жолды 
таңдар болсақ, графикамыз кемшіліксіз болары сөзсіз. 
ӘДЕБИЕТ
1. Қайдар Ә. Қазақ жазуын кирилден латын графикасына көшіру мәселесі 
туралы. – Алматы: Арыс, 2007. – 410 б. 
2. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1200002050. [Электрон ресурс]. «Қазақ-
стан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан 
Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 
Жолдауы. – Астана. 2012 жылғы 14 желтоқсан. (Жүгіну уақыты: 20.05.17).
3. Салқынбай А. Қазақтың өз латыншасы болса игі // Тамыры терең әліпби: 
жалпы түркілік бірегейліктің мызғымас негізі. – Алматы, 2017. – 320 б.
4. Хасанов Ғ. Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі // Тамыры терең 
әліпби: жалпы түркілік бірегейліктің мызғымас негізі. – Алматы, 2017. – 320 б.
6. Фазылжанова А. Латын қарпіне көшу барысында кирилл қарпімен жазыл-
ған еңбектер қайта жаңғырады // https://youtu.be/D6CM7xCikiU. – www.astana.tv. 
[Электрон ресурс]. (Жүгіну уақыты: 21.05.2017). – 17 мамыр 2017 ж.
7. Хожиб Ю.Х. Қутадғу билиг // Транскрипция ва хозирги узбек тилига тавсир. 
Нашрга тайерловчи филол. фан. канд. Қ.Каримов. – Ташкент: Фан, – 1971. – 964 б.
8. Баласағұни Й. Құтадғу білік: Құт әкелетін білім: – Түркістан: «Тұран» 
баспаханасы, 2004. – 555 б. 
Материал редакцияға 18.06.2017 жылы түсті.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


16


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет