Тілтаным языкознание



Pdf көрінісі
бет5/51
Дата04.12.2022
өлшемі1,33 Mb.
#54680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
қу-уан, су-уық деп у фонемасын екі рет айтады. Олай болса, жоғарыда берілген 
сөздерді қалай жазамыз деген сұрақ ойлануды, талқылауды қажет ететіні даусыз. 
Алайда буынға бөлу тіл үйренуде бастапқы кезеңде болмаса, оны меңгергеннен 
кейін қажеттілік тудырмайды да, сол себепті де буын мәселесі жазудың проблемасы 
емес деген де пікір бар. Алайда буынмен тығыз байланысты нәрсе – тасымал. Ол қай 
кезде болмасын жазу мәселесімен бірге жүреді. Осы ретте буын проблемасының 
қазақ тілінде кейбір сөздерге, оның ішінде кейбір дыбыстарға қатысты дұрыс 
шешілмеуі сөздерді тасымалдауға да кері әсерін тигізіп отыр. Мысалы, қиын, киім 
сөздерінің дұрыс жазылуы ол – қы-йын, кі-йім екені белгілі, даусыз. Сол сияқты 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


6
у фонемасымен келетін жуық, дуал, шуақ, суық, қуан сөздерінің дұрыс жазылуы 
былай болуға тиісті: жұ-уық, дұ-уал, шұ-уақ, құ-уан. Латынмен: ju-y’yq, du-y’al, 
s’u-y’aq, qu-y’an.
Осы сөздер жазуда жол соңында келгенде тасымалдай алмаймыз. Ал енді 
жұуық, дұуал, шұуақ, құуан (juy’yq, duy’al, s’uy’aq, quy’an) деп жазар болсақ, 
тасымалдауға да тиімді болар еді.
Сонымен қатар жуық, дуал, шуақ, суық сөздерінде у фонемасын дауысты 
дейміз бе, дауыссыз дейміз бе? Бұл жерде дауысты болса да, дауыссыз болса да 
дыбыстар тіркесімділігі заңдылығына қайшы. Яғни морфема ішінде екі дауысты 
не екі дауыссыз қатар тұрмайды. Міне, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі осындай 
қайшылықтарға толы.
У фонемасы қазақ тілінде екі әріптен тұратын мынадай сөздер құрамында да 
бар: қу, жу, бу, ту, ру су, гу, ду, зу, шу т.б. Бұл сөздерді буынға бөлуде әдетте түбір 
күйінде қиын емес сияқты көрінгенмен, тәуелдік жалғауы жалғанғанда қуы, буы, 
туы, суы, шуы, дуы сөздерін құ-уы, бұ-уы, тұ-уы, сұ-уы, шұ-уы, дұ-уы (qu-y’y, bu-
y’y, tu-y’y, su-y’y, s’u-y’y, du-y’y) деп бөлген дұрыс. Егер бұлай жазатын болсақ, 
жоғарыдағы сөздерді құу, жұу, бұу, тұу, рұу сұу, гүу, дұу, зұу, шұу(quy’, juy’, buy’, 
tuy’, ruy’ suy’, gu’y’, duy’, zuy’, s’uy’) деп жазу керек болады.
Ал енді егер жоғарыдағы у фонемасымен келген сөздерді айтылым бойынша 
ұ/ү дыбыстарымен қосып жазатын болсақ, у дыбысының басқа да позицияларын 
осыған сәйкестендіру керек болады. У фонемасы орын тәртібі бойынша үшінші 
қатарда мынадай сөздерде кездеседі: алуан, балуан, әжуа, айуан т.б. Бұл сөздерде 
де у фонемасының алдынан дауысты дыбыс қосылғанда былай жазылар еді: а-лұ-
уан, ба-лұ-уан, ә-жү-уа, а-йұ-уан (a-lu-y’an, ba-lu-y’an, a’-ju’-y’a, a-i’u-y’an).
У фонемасы төртінші орында тұратын сөздер: жануар, қыруар, керуен, шаруа 
т.б. Бұл сөздерде у фонемасының алдына дауысты қосып, буынға бөлсек: жа-нұ-
уар, қы-рұ-уар, ке-рү-уен, ша-рұ-уа (ja-nu-y’ar, qy-ru-y’ar, ke-ru’-y’en, s’a-ru-y’a) 
деп жазар едік.
У фонемасы сөз соңында келетін есімдер: қару, езу, аққу, елу т.б. Осындай 
сөздердің алдына естілімі бойынша ұ/ү (ы/і) дауыстыларын қосып жазсақ: қа-
рұу, е-зүу, ақ-құу, е-лүу (qa-ruy’, e-zu’y’, aq-quy’, e-lu’y’) болады. У фонемасының 
алдынан қысаң дауыстыларды қоямыз ба, әлде еріндік дауыстыларды ғана қоямыз 
ба, бұл әлі шешілмеген мәселе.
Осы сияқты сөздің соңғы позициясында у фонемасы көбінесе тұйық етістік 
ретінде жиі кездеседі. Өйткені тұйық етістік формасы етістіктің барлығына 
жалғанады. Сонда бару, келу, жүру, тұру, отыру, келу, кету, айту, қазу, жазу т.б. 
қимыл атауларында у фонемасының алдына жоғарыдағыдай айтылымда естілетін 
дауысты дыбыстарды қосып жазу қажет болады: ба-рұу, ке-лүу, жү-рүу, о-ты-рұу, 
ке-лүу, ке-түу, ай-тұу, қа-зұу, жа-зұу (ba-ruy’, ke-lu’y’, ju’-ru’y’, o-ty-ruy’, ke-lu’y’, 
ke-tu’y’, ai’-tuy’, qa-zuy’, ja-zuy’).
Бұл етістіктің қимыл атау формаларын әдетте мектепте буынға бөлдіргенде аса 
қиындық тудырмайды. Оларды ба-ру, ке-лу, жү-ру т.б. деп бөле береді. Алайда бұл 
сөздерге тәуелдік жалғауын қосар болсақ, тағы да буынға бөлуде қиындық туады. 
Мысалы: баруы, келуі, жүруі сөзформаларын мектеп оқушысы ба-ру-уы, ке-лу-уі, 
жү-ру-уі деп у фонемасын екі буынға да қосып бөлер еді. Егер барұу, келүу, жүрүу 
деп жазар болсақ, онда оған тәуелдік жалғауы жалғанғанда проблема болмайды
Ол өзінің үндесім әуезімен ба-рұ-уы, ке-лү-уі, жү-рү-уі (ba-ru-y’y, ke-lu’-y’i, ju’-ru’-
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3



y’i) болып буындалады. Бұл сөздерді осылайша жазу оларды буынға және соған 
сәйкес тасымалға бөлуге де мүмкіндік береді. 
Біз қазақ тілі буындарының жиілігін алу үшін 5 стильден 10 000 сөзқолданыстан, 
50 000 сөзқолданыстан тұратын мәтіндегі сөздерді қолдап, буынға бөлдік деп 
мақаланың жоғары жағында айтқан едік. Буынға бөлу кезінде у және и, сол сияқты 
ю, я фонемалы сөздерде қазіргі жазылым ережелерін бұзуға тура келді. Өйткені 
у және и мен келетін сөздер буынға бөлуде қиындық тудырды. Жоғарыда талдап 
айтқанымыздай, у, и дыбыстары бар сөздердің алдынан дауысты дыбыс қосып 
қана буынға бөле алдық. Мысалы: өн/ді/рі/уі/не, ө/сі/уі,өт/кі/зі/уі/ме, пай/да/ла/ны/
уын т.б.
У дыбысына аяқталатын етістіктер қимыл атау формасында тұрса, былай 
жазылып жүрген еді: жуу, қуу, туу, буу т.б. У фонемасы екі рет бір сөз ішінде келіп 
тұр. Мұндай жағдайда да у фонемасының алдынан ұ дауыстысын екі рет те қосып 
жазған дұрыс болады. Мысалы: жұуұу, құуұу, тұуұу, бұуұу (juy’uy’, quy’uy’, 
tuy’uy’, buy’uy’). Буынға бөлсек: жұ-уұу, құ-уұу, тұ-уұу, бұ-уұу (ju-y’uy’, qu-y’uy’, 
tu-y’uy’, bu-y’uy’).
У фонемасы тұйық етістік формасында дауыстыға бітетін мынадай етістіктерге 
де жалғанады: дамы, айны, аңқы, қаңғы т.б. Мұндай сөздерге тұйық етістік 
тұлғасы у фонемасы жалғанғанда етістік түбірінің соңғы дыбысын түсіріп жазып 
жүрміз. Мысалы: даму, айну, аңқу, қаңғу т.б. Көріп отырғанымыздай, бар дыбыс 
түсіп қалып отыр. Дұрысы былай болу керек еді: да-мыу, ай-ныу, аң-қыу, қаң-ғыу 
т.б. (da-myy’, ai’-nyy’, an’-qyy’, qan’-g’yy’).
У фонемасы сөз соңында келгенде алдынан я фонемасы тұрса, бұл сөздерде де 
у фонемасының алдына дауысты дыбыс қосып жазудың қажеті болмайды. Өйткені 
я әрпін латынға ауыстыруда йа дыбыс тіркесімен беру көзделіп отыр. Сонда жаяу, 
бояу сөздерінде я фонемасында ғана өзгеріс болады. Мысалы: жа-йау, бо-йау (ja-
i’ay’, bo-i’ay’) т.б.
У фонемасы сөз басында да кездеседі: уағда, уағыз, уақыт, уайым, уат, уәде, 
уәж, уәзір, уәкіл, ула, ушығу, уыз, уылдырық, уыт, уіл, уылдырық т.б. Алайда бұл 
сөздерде у фонемасы инвариант нұсқада тұрады. Алдына дауысты дыбыс жазуды 
қажет етпейді. Сондай-ақ буынға бөлу мен тасымалдауға да келеді. Мысалы: уағ-
да, уа-қыт, уә-де, уыл-ды-рық (y’ag’-da, y’a-qyt, y’a’-de y’yl-dy-ryq) т.б.
У фонемасы тілімізде орыс тілінен енген кірме сөздерде, терминдер 
құрамында кездеседі. Мысалы: автобус, клуб, абитуриент, музыка, журнал 
т.б. (avtoby’s, kly’b, abi’ty’ri’ent, my’zyka, jy’rnal ). Мұндай сөздерде у фонемасы 
инвариант нұсқада тұрады, яғни ешқандай дыбыс қосылмайды. Орыс тілінде 
у фонемасының аллафондары жоқ. Қазақ тіліндегі у дыбысының кез келген 
позицияда аллафондарсыз қолданылуы осы орыс тілінен енген сөздердің әсерінен 
болса керек.
Ендігі проблема мәтіндерді автоматты аударма жасауға да қатысты. Егер у 
дыбысы бар сөздерді ұ/ү дауысты дыбысын қосып жазар болсақ, программаға у 
дыбысының алдында ұ/ү-нің қайсысына ауыстыру қажеттігін белгілеп беруіміз 
қажет. Ол үшін құрамында у дыбысы бар сөздерді тізімдеп біртіндеп ауыстыруға 
болады. Не болмаса у дыбысымен келетін сөздерді жүйелеп, формалды модельге 
түсіріп, программаға нұсқаулық (ереже) етіп дайындайды. Олай етпесе, программа 
жаппай ауыстыра салады да, сөздердің орфограммасы қате болады. Сондықтан 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет