25) Ферменттержәне олардың қызметтері Трансляция рибосоманың, р-РНҚ т-РНҚ, а-РНҚ, аминқышқылы және ферменттердің қатысуымен цитоплазмада өтеді, мұнда т-РНҚ-ны өзіне тән аминқышқылымен байланыстыратын аминоацил-т-РНҚ-синтетазаның және полипептидтік тізбекке аминқышқылдарын тізбектейтін пептидил-трансфераза ферменттерінің ролі ерекше. Трансляцияға бос аминқышқылдары емес, керісінше амино-ацил-т-РНҚ-мен (аа-т- РНҚ) активтенген аминқышқылдары қатысады. Әрбір 20 түрлі аминқышқылының өздеріне тән ерекше т-РНҚ болады, яғни әрбір 20 аминқышқылы өздерінің т-РНҚ-ның (аа-т-РНК Мет) акцепторлық ілмектерімен байланысады.
26) Трансляция процесінің бұзылуының медицинадағы маңызы. Триптофан – узақ уақыт тамақ рационында болмауы салдарынан жас балаларда плазмалық белоктардың төмендеуімен сипатталады.
Лизин – адамдарда жүрек айну, бас айналу, бас ауруы және шуға сезімталдылығының жоғарылауы байқалады;
Аргинин – сперматогенездің зақымдалуына алып келеді;
Гистидин – гемоглобиннің төмендеуімен сипатталады;
Валин – өсудің тоқтап қалуы, салмақтың жоғалуы, кератоздың (тері ауруы) дамуына алып келеді.
Қант диабеті – трансляцияның инициация үдерісінің бұзылысынан, рибосомада синтезделетін белоктың синтезі төмендеуінен пайда болады.
Талассемия (адамдағы туқым қуалайтын анемияның кей бір түрлері) - β–мРНҚ трансляция үдерісінің бұзылысы немесе трансляциядағы белоктық факторлардың жетіспеушілігінен туындайды.
Дифтерия – жіті инфекциялық ауру болып, жоғары тыныс алу жолдары шырышты қабаты, жүрек қантамыр және жүйке жүйесінің бұзылысымен сипатталады. Лефлера таяқшасы қауіпті токсин болып, ұлпаларға түсу барысында белок биосинтезінің бұзылысын туындатады. мРНҚ-ның рибосомаға бекінуі жүреді.
27) Трансляция үдерісіндегі генетикалық код және оның маңызы Генетикалық код артықтылығының үлкен биологиялық мәні бар. Өйткені генетикалық кодтың бұл қасиеті мутациялардың летальдық эффектілігін төмендету механизмі болып табылады.Генетикалық код артықтылығын түсіндіру мақсатында Крик «тербеліс болжамын» ұсынды. Криктің болжамы бойынша а-РНҚ кодондарына сәйкес антикодондарды тасымалдаушы т-РНҚ-ның әрқилы түрлері антикодонда тұрған бірінші нуклеотидке байланысты екі немесе одан да көп түрлі кодондарды танып, комплементарлы байланыса алады. Сонымен қатар жасушаларда нақты бір аминқышқылын тасымалдайтын т-РНҚ-ның бірнеше түрі кездеседі. Химиялық құрылымы әртүрлі мұндай т-РНҚ-ларды изоакцепторлық т-РНҚ деп атайды. Олар түрліше кодондарды танып байланысуға қабілетті келеді. Мысалы, изоакцепторлық аргининдік т-РНҚ-I ЦГГ кодонымен байланысса, аргининдік т-РНҚ-ІІ ЦГУ, ЦГЦ және ЦГА кодондарымен байланысу мүмкіндігі бар.