Тұқым қуалайтын аурулар


) Трансляция, анықтамасы, кезеңдері



бет74/95
Дата10.12.2022
өлшемі2,2 Mb.
#56310
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95
22) Трансляция, анықтамасы, кезеңдеріТрансляция - полипептидтік тізбектің (ақуыздың) матрицалық синтезделу үдерісі. Трансляция рибосоманың, р-РНҚ т-РНҚ, а-РНҚ, аминқышқылы және ферменттердің қатысуымен цитоплазмада өтеді, мұнда т-РНҚ-ны өзіне тән аминқышқылымен байланыстыратын аминоацил-т-РНҚ-синтетазаның және полипептидтік тізбекке аминқышқылдарын тізбектейтін пептидил-трансфераза ферменттерінің ролі ерекше. Трансляцияға бос аминқышқылдары емес, керісінше амино-ацил-т-РНҚ-мен (аа-т- РНҚ) активтенген аминқышқылдары қатысады. Әрбір 20 түрлі аминқышқылының өздеріне тән ерекше т-РНҚ болады, яғни әрбір 20 аминқышқылы өздерінің т-РНҚ-ның (аа-т-РНК Мет) акцепторлық ілмектерімен байланысады. Трансляция кезеңдері: инициация, элонгация жәнетерминация.
23) Рибосомалар, құрылысы, қызметі.Рибосома-күрделі нуклеопротеидтік кешен. Ол рибосомалық РНҚ-лардың негізгі үш тізбегінен және арнайы рибосомалық белоктардан құралған қосылыс.Рибосомалар екі суббірліктерден тұрады (үлкен және кіші) прокариоттарда 30S және 50 S, ал эукариоттарда 40S және 60S. Кіші суббірлігінде а-РНҚ байланысатын М-орталығы, П-пептидильді және А-аминқышқылдық орталықтары бар. Үлкен суббірліктің кіші суббірлікпен байланыс жасайтын бетінде П- және А орталықтары, сонымен қатар ПТФ-пептидилтрансферазалық орталығы болады.
24) Трансляцияның иницация, элонгация, терминация кезеңдеріне сипаттама. Инициация - а-РНК 51 ұшы рибосоманың кіші суббірлігінің М-орталығымен байланысады. Бұл кезде инициациялаушы кодон (АУГ) рибосоманың П-орталығының деңгейінде тұрады, содан кейін инициациялаушы аа-т-РНК Мет рибосомманың үлкен суббірлігінің П-орталығымен комплементарлы байланысады. Соның нәтижесінде а-РНҚ-рибосомалық кешені түзіледі. Ол трансляцияға қатысушылардың кеңістікте дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді. Элонгация – аминқышқылдар тізбегінің ұзаруы. Мұнда а-РНҚ кодонын т-РНҚ-ның тануы, пептидтік байланыстың түзілуі және рибосоманың жылжуы кезектесіп алмасып отырып жүреді. Бұл аа-т-РНҚ антикодоны мен а-РНҚ кодонының комплементарлы әсерлесуі арқылы өтеді. Әрбір аа-т-РНҚ жоңышқы жапырағына ұқсаған үш құлақты иілген полинуклеотидтік тізбек. Бір ұшында а-РНҚ кодонына комплементарлы үш нуклеотидтен тұратын – антикодон комплементарлы ұстаным бойынша бос А – орталығын толтырады, ал аа- т-РНҚ екінші ұшы аминқышқылын тасмалдайды. Сонымен рибосоманың А- және П орталықтары аа-тРНҚ байланыста болады, ал олардың акцепторлық ілмектерімен байланысқан аминқышқылдары (ПТФ) катализдік орталықта орналасады. Мұндағы пептидил-трансфераза аминқышқылдарын полипептидтік тізбеке тізбектейді. Ақуыздың биосинтезі ары қарай жүру үшін үнемі А-орталығы босап отыруы керек, себебі келесі аминқышқыла бар аа-т-РНК бос А-орталығына енуі қажет сондағана барып рибосома а-РНҚ бойымен жылжып бір триплетке – транслокацияға қадам жасайды. Бұл үш кезеңде өтеді:1.т-РНК МетР орталығынан босауы;2.т-РНК-дипептидке жылжуы А орталығынан П орталығына;3.а-РНҚ рибосома бойымен 51 –31 бағытына қарай бір кодонға жылжуы.Нәтижесінде аминқышқылдар тізбегі ұзарады.Терминация – трансляцияның аяқталуы – рибосома үш мағынасыз УАА,УГА,УАГ (терминатор) кодондардың біреуіне жетіп бос қадам жасайды. Аминқышқылдар тізбегі үзіледі және соңғы т-РНҚ-дан босайды. Рибосома-а-РНҚ кешені ыдырайды. Түзілген полипептидтік тізбек эндоплазмалық тордың каналына түседі де өзінің табиғи (екінші, үшінші немесе төртінші реттік) құрылымдарына ие болады – ақуыз фолдингі жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет