Тұқым қуалайтын аурулар


) Ядролық а-РНҚ-ның посттранскрипциялық модификациясы



бет71/95
Дата10.12.2022
өлшемі2,2 Mb.
#56310
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95
Байланысты:
Цитттт

18) Ядролық а-РНҚ-ның посттранскрипциялық модификациясы. Ядролық РНҚ пісіп жетілуі (процессинг). Сплайсинг. Транскрипцияның алғашқа өнімі немесе ядролық РНҚ, цитоплазмалық РНҚ қарағанда активті емес (жетілмеген) және одан әлде қайда ұзын болады. Жетілмеген ядролық РНҚ құрамында ақпараты бар, кодталатын қатарлардан (экзондардан) және ішінде ақпараты жоқ немесе кодталмайтын қатардан (интрондар) тұрады.Транскрипцияның алғашқа өнімі а-РНҚ, гетерогенді ядролық РНҚ (гя РНҚ) деп аталады немесе про- а-РНҚ, онда 500 - 50000 нуклеотидтер қатары болады.Ары қарай РНҚ өзгеріске ұшырап, жетілген функциональды активті а-РНҚ молекуласы (ақуыз биосинтезі жүретін жерге), цитоплазмаға шығуы керек. Бұл үдеріс «процессинг» термині ретінде белгілі.Гя-РНҚ әртүрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін: Кейбір гендердің транскрипты РНҚ-ы цитоплазмаға өтпейді, жетілген цитоплазмалық РНҚ айналмайды, ядрода-ақ жойылады.
Алғашқы әрбір геннің РНҚ транскрипты толықтай процессингке ұшырамайды, тек ядролық РНҚ біраз ғана (25%) бөлігі жетілгена-РНҚ айналады. Қалған 75% ядрода жойылады. Сонымен тек барлық РНҚ тек 5% ғана цитоплазмаға өтеді.Ядролық РНҚ жетілген функциональды активтіа-РНҚ айналуы және цитоплазмаға немесе процессингте іске асады: 1. Ядролық РНҚ-ның цитоплазмаға өтіп, жетілген, функциональды активті а-РНҚ-ға айналуы немесе процессинг мына әрекеттерді қамти жүреді:1. «Қалпақ» жалғану немесе «кэп» жалғану. «Кэп» жалғану үдерісі пре-а-РНҚ-ның 51 – ұшына метилденген гуанозиннің жалғануы. Мұны 7 метилгуанин (7-МеГ немесе m7Г) деп атайды, ол 5/ – 5/ арасындаға сирек байланысты түзеді.«Қалпақ» жалғанудың биологиялық маңызы «сар»-қалпақ а-РНҚ –ны нуклеаза ферменттерінің бұзу әрекетінен қорғайды, сонымен қатар ақуыздың биосинтезіне қатынасатын факторлардың а-РНҚ-ны танып байланысуына көмектеседі. Мұндай 7-МеГ-«қалпақ» гистонды белоктардың а-РНҚ-да болмайды.2.Полиадениндік «құйрықтың» жалғануы, а-РНҚ-ның 3/ұшына поли-А-фрагменттің жалғауы екі кезеңнен тұрады: а) эндонуклеаза ферменті пре-а-РНҚ-ны (бірінші реттік транскриптті) белгілі учаскеде кеседі. б) пре-а-РНҚ-ның кесілгеннен кейінгі түзілген 31 ұшына полиаденилдік фрагмент («құйрық») жалғанады. Бұл үшін арнайы фермент –поли-(А)-полимераза қатынасып субстрат ретінде АТФ-ты пайдаланады, процестің өзін полиаденилдену деп атайды. Жалғанған полиаденилдік фрагмент шамамен 200-ге жуық нуклеотидтен тұрады. Әдетте полиаденилдену пре-а-РНҚ-ның 30% қамти жүрсе, жетілген а-РНҚ тізбегінің -70% жуығын қамтиды.Барлық жоғары сатыдағы эукариоттарда (ашытқы саңырауқұлағынан басқа) поли-А-фрагменті жалғанатын сайттан жоғары, солға қарай 11-30 нуклеотидтік арақашықтықтағы учаскеде ААУАААА –жүйесі орналасқан. Бұл жүйе нуклеаза ферментінің кесіп ажыратуға арналған сигналы болуы мүмкін делінеді. Көптеген а-РНҚ гистонды ақуыздары 31ұшында полиаденилдену жүрмейді яғни процессинг поли – А жалғанусыз өтеді. Процессинг кіші ядролық РНҚ У (У7 snRNA) 57 жұп негіздер экстенсивті комплементарлы жұптасуы гяРНҚ гистонды ақуыздарымен байланысы арқалы іске асырылады. РНҚ сплайсингі - алғашқы транскриптан кодталмайтын қатардың немесе интронның қырқылуын және РНҚ-ың қалған фрагменттерінің, кодтаушы қатардың немесе экзондардың тігілуінен жетілген функциональдық активті а-РНҚ молекуласының түзілуін бақылайтын үдеріс.Сплайсеосомалар – осы ақуыз кешеніне қатысатыны белгілі. Сплайсинг үдерісіне ферменттік қызмет атқаратын бірқатар белоктар қатынасады:1. энергия көзі ретінде қызмет атқаратын белоктар АТФ-азалар;2.РНҚ-геликазалар – сплайсинг барысында түзілген қосарлана ширатылған РНҚ-РНҚ тізбектерді тарқатуды және кіші ядролық РНҚ-лар арасындағы РНҚ-РНҚ-лық (мысалы, мя РНК 4- мя РНК 6) өзара әрекеттесулерді бұзу арқылы ДНҚ молекулаларының арасында жаңа байланыстардың түзілуін қамтамасыз ететін ферменттер.Олай болса, сплайсинг күрделі үдеріс, оның реакциялары рибонуклеотидтік ірі кешенде, бірнеше РНҚ молекулалары және ондаған белоктардың қатынасуымен жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет