[ 94 ]
Үшінші тарау
байқап, себебін сұрады. Содан көп ұзамай, бір күні:
«Бәкежан, мен тамыздың
соңында Ыстамбұлға бір
конференцияға қатысу үшін бара жатырмын, бір ап-
тадай сол жерде жұмыспен жүремін. Сен қыркүйектің
басында кел. Тек жолыңды көтерсең болды, жата-
тын жерің, жүретін жолыңа уайымдама, мен саған
Түркияны көрсетіп, бір демалдырайын. Өткенде
ауырып жүргеніңді көрдім, институтта еліміздің
қамы үшін жұмыс істеп жүрсің.
Бұл менің еліміздің
дамуына қосқан бір үлесім болсын», – деп телефон
шалды. Сонда Сәбитім олигарх емес, сол кездегі та-
бысы менікінен аспайтын да шығар. Сөйтіп, Сәбиттің
арқасында 2006 жылы Памуктің «Черная книга» атты
романын оқығаннан кейінгі Ыстамбұлға бару арма-
ным орындалды. Осылайша Сәбиттің жомарттығын,
риясыз жақсылығы мен басқа адамның жағдайына
бейжай қарай алмайтын жақсы қасиетін өз бойыма
сіңірдім.
Сонымен қатар бірінші кітабымның шығуына,
бірінші көрмемнің өтуіне, жаңа тәжірибені игеруіме
(және кете береді) еңбегі сіңген адамдар да осы тізімге
енді.
Әзірге бұл – менің тұлғалық қалыптасудағы
адамзатпен бөлісе алатындай ең үлкен жетістігім.
Көпшіліктен: «Бес жыл бұрын саған ең үлкен жақсы-
лық жасаған адамның есімін аташы», –
деп сұрасаң,
бірден есіне түсіруі екіталай. Алайда: «Кім сені бір
кезде қатты ренжітті?» – деп сұрасаң, көп жағдайда,
бірден есіне түсіреді. Мен 2005 жылдан бері ең көп
жақсылық жасаған адамдардың есімін атап бере ала-
мын және бірде-бір жамандық қылған адамның есі-
мін есіме түсіре алмаймын.
Ой салатын әңгімелер
[ 95 ]
Осы ақиқатқа он сегізімде жеткеніме әлі күнге
дейін жаратушыға алғысымды айтамын.
Тоқсан
тоғыз адамды жақсылығымен жіберіп жатқанда,
бір адамның есімін есте сақтау нағыз жақсылықты
бағаламау болар еді.
Ал үшінші түбегейлі мәселе туралы бөлек кітапта
әңгіме етейік.
КІТАП ОҚУ «ПОНТЫ» ҚАЛЫПТАССЫН
Бүгінгі өзім көріп жүрген қоғамның келбетіне
келетін болсам, жасыратыны жоқ, жастар арасын-
да кітап оқып, білім іздеп жүргендері аз. Бұл жағдай
екі нәрседен туындап отыр: біріншісі,
жастардың
өзіне сенімінің аз болуы не тіпті болмауы; екіншісі,
өсіп, қатарға қосылғанда елдің қамы үшін қолына
жауапкершілікті алуға дайын еместігі.
Өзіне сенімсіздік қоғамдағы әлеуметтендіру үде-
рісінің дұрыс жүрмей, құндылықтар жүйесі бұрыс
қалыптасқандықтан туындайды. Әлеуметтендіру
үйде басталады дегенмен келісетін болсақ,
қазақ
тәрбие жүйесінде баланың қолын қағып, жаңа
нәрсені үйренуге талпынса, тыйым салып, қателессе
«жұрттың баласымен» салыстырып, бетін қайтарып
тастау көптеген отбасыларда жиі кездесетін жайт.
Нәтижесінде балада жастайынан өзіне сенімсіздік
қалыптасады. Кейін келе бала көп жағдайда қалаған
мамандыққа түспей, біреу айтқан оқуға түседі,
кітап оқыса да, өзіне керегін оқымай, біреулер оқып
жүргенді оқиды. Той жасаса, «біреулер жаман ойлап
қалар» деп,
несиеге белшеден батып, бір күн тойып