70. Эхокардиографияда апикальді төрт камералық позицияда анығырақ зерттелетіні: 1. аорта доғасы, өкпе артериясының оң тармағы, жоғарғы қуыс венасы
2. төменгі қуыс венасы, бауырлық вена және құрсақ аортасы
3.+ жүректің сол және оң бөлімдері
4. жүректің оң бөлімдері
5. жүректің сол бөлімдері
71. Митральді қақпақшаның алдыңғы жармасының диастолада «хоккей таяғы» тәрізді иілуі жиі тән болады: 1. Митральді қақпақшада вегетациялар болуына
2. Митральді қақпақшаның үзіліп кетуіне
3. Митральді қақпақшаның пролапсына
4. Митральді қақпақша жетіспеушілігіне
5.+ Митральді қақпақша стенозына 72. Эхокардиограф датчигі жүректің ұзынша осі бойынша субкостальді жету жолында қай жерге орналыстырылады? 1. Жүрек ұшының жоғарғы жағында ультрадыбыстық сәуле жүректің ұзындығын бойлайды
2. Төстен солға қарай 3-5 қабырғааралықта орталық ультрадыбыстық сәулені төменге қарай бағыттайды
3. Төстен солға қарай 3-5 қабырғааралықта орталық ультрадыбыстық сәулені солға қарай бағыттайды
4. Төстен солға қарай 3-5 қабырғааралықта кеуде торы беткейіне перпендикуляр
5. +Төстің семсер тәрізді өсіндісінің астына ультрадыбыстық сәулені жоғарыға және солға бағыттайды 73. Эхокардиограф датчигі апикальді төрткамералық позицияда орналастырылады: 1. +Жүрек ұшының жоғарғы жағында ультрадыбыстық сәуле жүректің ұзындығын бойлайды
2. Төстен солға қарай 3-5 қабырғааралықта орталық ультрадыбыстық сәулені төменге қарай бағыттайды
3. Төстен солға қарай 3-5 қабырғааралықта орталық ультрадыбыстық сәулені солға қарай бағыттайды
4. Төстен солға қарай 3-5 қабырғааралықта кеуде торы беткейіне перпендикуляр
5. Төстің семсер тәрізді өсіндісінің астына ультрадыбыстық сәулені жоғарыға және солға бағыттайды
74. Дені сау ересек адамның эхокардиографиясының М-режиміндегі сол қарыншасының соңғы-диастолалық өлшемін (ССӨСҚ) көрсетіңіз: 1. 60 мм артық
2.+ 38-56 мм
3. 22-37 мм
4. 15-22 мм
5. 13-14 мм