Байланысты: Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В. Ф. Шаталов.
Мақсаты: əр оқушының білім, білік, дағдыны қалыптастыру, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балаларды оқыту, жеделдете оқыту.
Педагогикалық әдістемелік процестерде В. Ф. Шаталов әдісі деген атпен енген тірек — сызба белгілерін (сигналдарын) сабақта қолдану мұғалімдердің көпшілігінен үлкен қолдау тауып отыр, оқыту процесінде кеңінен қолданылуда. В. Ф. Шаталов технологиясының ерекшелігіне тоқталсақ: Бірінші ерекшелігі — нақты дәл есептелген оқу процесін құра білу. В. Ф. Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді «Тірек сигналдары дегеніміз — ойынның элементі, уақыт үнемділігі және бала психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат — берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен ұзақ уақыт есте сақтауы». Екінші ерекшелігі — уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруға болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Тірек сызба белгілер сабақтың негізгі құрам бөлігі ретінде қолданылады. Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн. 1. Тірек — сызба белгілерін пәнді жүргізудің басынан бастаған жөн. 2. Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану керек. 3. Сызбанұсқаға оқушылармен бірге талдау жүргізіп отыру. Сызбанұсқаларды (схемаларды) оқушылардың қатысуымен талдау керек. 4. Оқушылардың белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік беру. 5. Оқушының топпен және екі — екіден жұмыс жасауына мүмкіндік беру. Тірек сызбаның артықшылықтары мынада: а) оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі; б) оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді; в) оқушы таңдап алған танымдылық — білімдік түсініктерін бір — бірімен байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді; г) оқушы оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады; д) Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін — өзі бағалауды үйренеді. Тірек сигналдары арқылы оқыту өзінің нәтижесін береді. Атап айтсақ: Мұғалім: - оқушы білімін тексеруде дидактикалық құрал ретінде пайдаланады — мағыналық, логикалық белгілерді нақты, қысқа түсіндіреді; - баға қоры молаяды; - оқушы білімі әділ бағаланады. Оқушы: - берік білім негізі қаланады; - сөйлеу қабілеті дамиды; - тұжырымдап, топшылау дағдылары қалыптасады; - танымдық процесі нығаяды; - қарым — қатынасқажеттілігі қанағаттандырылады; - пәнге деген қызығушылығы артады; - шығармашылығы шыңдалады. Нәтижесінде мұғалімнің де, оқушының да жасампаздығы артып, жаңашылдыққа бет бұрады. Оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В. Ф. Шаталов тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай мақсаттарын — білім, білік, дағдыны қалыптастыру; барлық баланы оқыту; оқытуды жеделдету. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері — үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту. Әр оқушының жобасының жариялылығы түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімінің алдында тұрған келелі, әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі — оқушыға тиянақты білім беру. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда мектеп мұғалімдері іздемпаздықпен оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін өз тәжірибесінде үздіксіз қолдана отырып жұмыс жүргізіледі. Жұмыстың нәтижелі болуы кез келген мұғалімнің таңдап алған әдісті үздіксіз, үнемі, жүйелі қолдануына және оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейін ескеріп отыруына байланысты. Сонымен қатар оқушыны оқу жұмысына белсене қатыстырып, оған белгілі бағыт-бағдар беріп, қадағалап, жұмысын бағалап отыру — жақсы нәтиженің негізі. Оқушы білімінің сапасы мен оқытудың тиімді болуы таңдап алынған оқыту әдісінің пәрменділік дәрежесін көрсетеді. В. Ф. Шаталов әдісін сабақта қолдану мектеп мұғалімдерінің көпшілігінен үлкен қолдау тауып, оқыту үрдісінде кеңінен қолдануда. Тірек сызба белгілерін пайдалану тиімді. Белгілі бір әдіс, белгілі бір кезең өткен соң өзге бейнеде түрлендіріп берілсе, онда оқушыларда қайта қызығушылық пайда болып, оларды ізденуге жетелейді. Тірек сызба белгілерін сабақтарымда қолданамын. Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн: I. Тірек сызба белгілерін орта деңгейдегі сыныптардан бастау (табиғаттану, өсімдіктану). II. Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану. III. Сызба белгілерді оқушылармен бірге талдау жүргізе отырып даярлау. - Оқушыларға белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген өзіндік жұмыс және үй тапсырмасын беру. - Оқушылардың топпен не екі-екіден жұмыс істеуіне мүмкіндік беру. Тірек сызбабелгілерін пайдаланып оқытудың тиімділігі мынада: 1. Оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі; 2. Оқушының сызбабелгіні түсінуі үшін ойлау, салыстыру, есте сақтау қабілеттерінің мүмкіндік туады; 3. Оқу материалының ішінен негізгісін таңдай білуді үйренеді; 4. Топпен және өзара бірлесе жұмыс істеуді үйренеді; 5. Оқушы сызу, сурет салу, өз бетімен шартты белгі ойлау, оның мәнін білуге мүмкіндік туады; 6. Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін өзі бағалап үйренеді. Тірек — сызбаны сабақтың негізгі құрам бөліктері ретінде қолданамын. Тірек — сызба — бұл айтылатын материалдың бейнелі жоспары, белгілі бір мағынаны білдіретін шартты белгілер, сөздер, суреттер және басқа да ойға тірек болар белгілердің жүйесі. Қысқа бейнелі түрде берілген хабарды кез — келген оқушы тұжырымдап, әрі кеңейтілген түрде айта алады. Тірек — сызба баланың ойын қозғайды, материалды берік есте сақтауға негіз болады. Тірек — сызбаны материалды түсіндіруге, бекітуге, оқушы білімін тексеруге, қайталау сабақтарында қолданамын. Жаңа материалды түсіндіруге қолданатын белгілер — жеңіл жазылатын, суреттер — оңай салынатын болуы шарт.
Пожалуйста, не забудьте правильно оформить цитату:
Абдраманова, Г. Б. Білім беруде В. Ф. Шаталов әдісін пайдаланудың тиімділігі / Г. Б. Абдраманова, А. И. Примбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 6-7. — URL: https://moluch.ru/archive/87/16682/ (дата обращения: 20.02.2023). Тірек-сызбаларды пайдалану арқылы оқыту В.Ф. Шаталовтың технологиясына негізделіп жасалған оқытудың интенсивтендіру технологиясы болып табылады.
Мақсаты, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін белсендендіріп, схемалық кестелерді қолдану арқылы оқушылардың білімдерін, біліктерін, дағдыларын қалыптастырып, берілген сұрақтың жауабын тезірек табу мүмкіншілігін туғызады.
Демек, оқушылардың оқу барысындағы қабілеттерін белсендендіру құралдарының бірі сабақ барысында тірек-сызбаларды қолдану.
В.Ф._Шаталов технологиясының басты ұстанымы тірек-сызбаларды пайдалану арқылы үздіксіз қайталау, жүйелі білімді қалыптастыру.
Бұл жүйенің жетістігі – материалды бірнеше мәрте қайталай отырып, қол жеткізетін білімнің мықтылығына талпыныс, білім мен білік үшін нақты бақылау, білім алушылардың өзара бақылауын кең қолдану арқылы олардың жеке басына құрметпен қарау.
Тірек-сызбалар ‒ білім алушыларға пәннің әрбір тақырыбынан білімді игерудің міндетті талабының көлемін нақты алуына мүмкіндік береді. Тірек-сызбаларды пайдаланғанда сызбаның оқушы ұғымына сай болуына көңіл бөліну керек.
Тірек-сызба – сабақтың бейне жоспары. Тірек-сызбаны пайдаланудың нәтижесі – тақырыптың тұтастығын, қисындылығын, ықшамдылығын, көрнекілігін қамтамасыз етеді, оқушылардың білімін тиянақтайды, алған білімін оңай еске түсіруге көмектеседі. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы – тірек-сызбаларды пайдалану болып табылады.
Тірек-сызбаларды қолданудың тиімділігі:
- жүргізілген жұмыс белгілі бір нәтижеге бағытталады;
- оқушылардың сабаққа ынтасы, қызығушылығы артады;
- мұғалім мен оқушы шығармашылықпен жұмыс жасайды;
- мұғалім оқушыны жан-жақты зерттейді;
- оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады;
- сабақ кезінде мұғалім уақытты ұтымды пайдалануға қол жеткізеді;
- оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туады;
- қиын мәтіннен керек жердің негізгісін тауып алуға, өз бетімен жұмыс жасауға мәжбүр ете бастайды, ойлануға, ой-өрісін дамытуға көмектеседі;
- теорияның негізгі түйінің таба білуге, оны дәлелдеуге үйретеді;
- дағдыны сақтауды қалыптастырады;
- оза оқуға мүмкіндік береді.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын таңдап алуымыз және оқу-тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізе білуіміз керек.
Оқыту әдістемесі мен педагогикалық тәжірибелер негізінде оқушы ойын, шығармашылық қабілетін дамытуда «Ойлаудың заттық – бейнелік түрі» негізгі міндетті атқаратыны айқындалған. Олар :
- оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;
- тақырып мазмұнын аша білу, оқу әрекетін дамыту;
- әрбір оқушының жас психологиялық ерекшелігін ескеру;
- міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейін кеңейту.
Оқыту әдістері мен жаңа технологияларды тиімді пайдалану – жетістік көзі. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс.
Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
Оқытудың тиімділігін арттырып, оқушының ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған В.Ф. Шаталов өз еңбектерінде көрсеткендей, тірек-сызбаларының негізгі мақсаты – «Егер есіңе сақтау үшін үйренсең ұмытасың, ал егер түсіну үшін оқысаң – есіңе сақтайсың» деген қағидасын енгізу.
Ендеше қоғам талабына сай білім беру үшін жаңа педагогикалық технологияларды әр түрлі оқыту әдістерімен сабақтастыра жүйелеп, заманауи тиімді білім беру жүйесін жасақтай білуіміз керек.
Тірек-сызбаларды пайдалану оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, болжам жасатып, мақсат қойып, толық мазмұндық ақпарат алуға жағдай жасайды. Тірек-сызбалар – сабақ үрдісін ұтымды ұйымдастыруға көмектеседі, тақырып бойынша танымы кеңейеді, топпен және жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Тірек-сызбалар – кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар, модульдер, блоктар, суреттер арқылы іске асырылады. Тірек-сызбалар оқушы қиялын дамыту мен өзін-өзі талдау, қызығушылығын ояту, шығармашылығын дамытудың негізі.
Тірек-сызбаны құрудың негізгі қағидалары:
1. Тірек-сызба – оқу материалының негізгі бөліктерінің мазмұынын жинақтайтын бөліктерден тұрады;
2. Әрбір бөліктердегі теориялық материал арнайы белгілер, сызбалар, сөздер арқылы біріктіріледі;
3. Тірек-сызбалар – есте оңай сақталатындай қарапайым болуы керек.
Бұл үшін графикалық безендіруде шығармашылық ізденіс және ұшқыр ой тапқырлығы талап етіледі.
Тірек-сызбалар ‒ білім стандартында белгіленген, білім беру бағдарламаларында айқындалған талаптарды нақты жағдайларда жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тірек-сызбалар арқылы білім беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттерін ойластырып, саналы да сапалы меңгерту жүзеге асырылады.
Тірек-сызбаларды пайдалану мұғалім үшін тиімді, тақтаға бормен жазып жатудың қажеттігі азаяды, барлық сабақ барысы оқушының көз алдында тұрады, оқу мазмұнын қысқаша баяндап шығу арқылы, көптеген оқушыны бағалау мүмкіндігі туады. Тірек-сызбалар білім берудің үш мақсаты – оқыту, тәрбиелеу және дамытуды орындау кезінде мынадай дидактикалық қызметтерді: үйрету, бағыттау, тексеру жүзеге асырады. Материалды ең алғашқы кіріспе сабақта қысқаша – тезистік дәріс түрінде бергеннің өзінде, сөйлесу бөлімінде көптеген ойын түрлері арқылы материалды 7 ретке дейін қайта қайталап оқып, оқушының білімінің берік болуына, оның өз бетімен көп ізденіп тырысуына, әр деңгейлік тапсырманы орындау барысында шығармашылық дағдысы қалыптасуына, оқушыларды ұжымшылдыққа, тіл коммуникативтілігінің артуына, пәнге қызығушылығының артуына көп көмегін тигізеді. Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыстар жүргізу кезінде бір ғана сабақтың үстінде дарынды оқушымен де, орташа оқушымен де, нашар оқушымен де байланыс үздіксіз жүріп отырады. Сонымен қатар оқушылар әр сабақта бағаланып, қорытынды бөлімде олардың алдыңғы сабақтарда алған бағаларын жақсартуына мүмкіндік туады. Ең бастысы ‒ оқушы дәстүрлі сабақтағыдай 45 минут бойы бір орында тапжылмай отыру, жалығу, шаршау деген сияқты жағымсыз жақтарды басынан кешірмейді. Сабақ барысында оқушының сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады. Оқушы өзін жан-жақты көрсетуге тырысады, себебі әр сабақ сайын бағаланғысы келеді. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы – тірек-сызбаларды пайдалану қажет.
Оқушының жан-жақты білімді болуы – мұғалім күнделікті сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануына байланысты. Кез келген оқушының бойында пәнге деген қызығушылықты арттыруда тірек-сызбаларды пайдаланудың тиімділігі жоғарыда көрсетілгендей зор, олар оқушыға теориялық білімді жүйелі меңгертуге қол жеткізеді.
Тірек-сызбасына ғылыми анықтама берсек ‒ білім алуда оны меңгеруге, есте сақтауда, талдауда білімнің көзі ретінде пайдаланатын сызба құрал .
Тірек-сызбаларды теориялық білім күрделі болып келген жағдайда пайдаланған тиімді. Күрделі формулаларды қорыту барысында, құралдардың неден тұратыны, қалай жұмыс істейтінін меңгеру үшін көп көмегін тигізеді. Тірек-сызбалары ‒ оқу материалын тұжырымдап жүйелеуге, оқушылардың білім деңгейіне орай, даралық ерекшеліктеріне сай, олардың әр түрлі әрекетін ұйымдастыруға жағдай туғызады.
Қазіргі таңда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі пайда болғанда әр түрлі қызықты суреттері мен сызбалары бар тірек-сызбаларды жасауға мүмкіндік туды. Аталмыш технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі артып, оқушыларды жеке тұлға ретінде бағалауы ерекше орын алады.
Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор.
Жаңа технологияны пайдаланған уақытта мұғалімдерге қойылатын талаптар :
1. Оқытудың жаңа әдістерін дұрыс таңдау;
2. Әдістемелік жүйені үнемі жетілдіру;
3. Әрбір оқушының қабілетіне және жас ерекшелігіне қарай білім беру, дербестікке, ізденімпаздыққа баулу;
4. Мұғалім түсіндіруші, баланың оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көріну керек;
5. Оқу мотивациясы мен белсенділігін дамыту;
6. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тудыру;
7. Оқушының өзін-өзі басқаруын жетілдіру және өз әрекетіне өзіндік баға беруін дамыту;
8. Оқушы өзін еркін сезінеді, ізденеді, жетістікке жетеді.
Тірек-сызбаларды қолданудың негізгі ерекшеліктері:
- үнемі қайталау;
- міндетті, кезеңдік бақылау жұмысы кезінде туындаған қиыншылықты жою;
- жеке бағадарлы қарым-қатынасқа ықпал;
- берілген технологияны барлық типті сабақтарға, оның әр түрлі кезеңдеріне қолдану мүмкіншілігінің жоғарылығы;
- дәріс материалдары қысқарған түрде беріледі;
- оқу бағдарламасындағы бірнеше тақырыпты қамтып, блоктау әдісі арқылы берілу мүмкіндігі туады.
Тірек-сызбаларды пайдалана отырып, бірнеше көрнекі сабақ өткізуге болады. Қай сабақта болмасын – оқушы шығармашылығын дамыту, алға жетелеу, нәтижеге бағыттау негізгі мақсат болып табылады.
Тірек-сызблар оқушының мынадай мәселелерге көңіл аударуын қажет етеді:
1. Тірек-сызбаны мұқият оқып шығу. Егер түсініксіз сұрақтар кездесіп қалса, оқулықтағы параграфты оқу;
2. Тірек-сызбада берілген материалды жадында жақсы сақтап меңгеру үшін өзінің дәптеріне заңдар мен олардың математикалық өрнегін, негізгі формулалар мен теңдеулерді, заңдылықтарды жазып алу;
3. Көру және жазу арқылы өзінің есте сақтау қабілетінің артуына көп ықпал болатынына назар аудару керек.
Әрбір сабақ оқу үрдісінің негізгі бөлігі. Тірек-сызбаларды пайдалану арқылы өткізілетін сабақ нәтижесінің негізгі шарттары:
- дұрыс пайдаланылған уақыт;
- оқушының өзіндік жұмысының үлесін арттыру;
- әрбір сабақтың, тақырыптың мазмұндық өрісін кеңейту;
- әрбір тақырыпқа арналған тірек-сызбаларды біріктіріп, блоктауға болады.
Бір жүйедегі оқу материалын бірнеше сабақтарда тұтас қарастыру ‒ оқушының тақырыпты толық зерттеуін қаматамысыз етеді.
Тірек-сызбаларды біріктіру арқылы блоктап оқыту жүйесін жүзеге асыру барысында, тірек-сызбаларды пайдалануда әрбір оқушы жеке тұлға ретінде үлес қосып, топтық білімге араласады.
Тірек-сызбалар ‒ оқу материалын оңай меңгеруге, ұзақ есте сақтауға мүмкіндік береді.
Сонымен, тірек-сызбаларды пайдаланудың артықшылықтары:
1. Оқушы үшін:
- оқушының теориялық білімін жүйелі түрде қалыптастырады, жинақтайды, тиянақтайды;
- оқушының ой-өрісін дамытады, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырады;
- оқушының өз ойын дәл, қысқа, көркем, таза тілмен жеткізе білуге үйретеді;
- оқушының шығармашылық қабілеттерін арттырады, ізденуге үйретеді;
- пәнге деген қызығушылығын арттырады.
2. Мұғалім үшін:
- мұғалім оқыту технологиясы ұтымды пайдалануға дағдыланды;
- кәсіби біліктілігі артады;
- оқушыны үйрете отырып, өз ойын нақты, дәл жеткізеді;
- топтық жұмыс жасауға мүмкіндік туады;
- оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады;
- сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды;
- оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.
Тірек-сызбаларды жүйелі пайдалану – пәннің ерекшелігін ескеріп, тақырыптағы негізгі ұғымдарды меңгеріп, ойлау қабілетін дамытып, оқу материалын тез меңгеріп, үнемделген уақытты оның іскерлік мақсатына жұмсауына мүмкіндік береді.
«Ойсыз оқу бекер, оқусыз ой қатер», ‒ деп ұлы ойшыл Конфуций айтқандай, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға ұмтыла отырып, ғылым негіздерін меңгеретін, бағдарлы пікірі бар, ұлттың рухын асқақтатып, әлемдік өркениетке ұмтылатын озық ойлы жеке тұлғаны тәрбиелеуде жаңа белеске көтерілетініміз анық.
Оқыту технологиялары оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпарлары мен біліктіліктерді меңгеру мақсатына жету және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді.
Сонымен, оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.
Оқушылардың өз бетімен білім алуында тірек-сызбаларды қолдану, оқу процесінің дұрыс даму ықтималдылығын арттырады.
Тірек-сызбалары – көптеген мұғалімдер үшін оңтайлы оқыту құралы. Барлық педагогикалық әдіс-тәсілдер оқушының танымдық әрекетін қалыптастыруға, оқу материалын ой елегінен өткізіп, өңдеуге, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуіне, тиянақтауына бағытталуы керек.
Тірек-сызбаларын қолданғанда жұмыс уақыты үнемделеді. Үнемделген уақыт жаттығулар орындауға, қиын тапсырмаларды орындауға жаттығуға, өткен тақырып көлемінде оқушылар білімін тексеруге қолданылады. Тірек-сызбаларын жаңа материалды түсіндіруде, оны бекітуде, сыныптан-сыныпқа көшу, қорытынды бақылауына әзірленуде, бірыңғай ұлттық тестілеуге әзірленуде және білімді бақылау мен күнделікті бақылауда қолдануға болады. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан да оқыту әдістерін жетілдіру – жетістік көзі.
В.И. Шаталов жүйесінің жетістігі – тақырыпты бірнеше мәрте қайталай отырып, қол жеткізетін білімнің мықтылығына талпыныс, білім мен білік үшін нақты бақылау, оқушының жеке басына құрметпен қарау.
Қазіргі мектептің міндеті – оқушыларға дайын білімді жеткізу ғана емес, оларды өздігінен білім алу әдістеріне баулу. Тірек-сызбалар оқушыға пәннің әрбір тақырыбынан білімді игерудің міндетті талабының көлемін нақты алуына мүмкіндік береді.
Тірек-сызбаларды қолдану теориялық материал мен аудиториялық жұмыстың уақытын қысқартады, баяу оқып үйренетін оқушыларды жалпы қарқыннан қалмауға мүмкіндік береді. Тірек-сызбалар сыныпта және үйде оқушылардың оқу материалын меңгеруі үшін өз бетімен жұмысын анықтайтын тестілермен, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ жүйелерімен қоса жүреді.
Тірек-сызбаларды қолданып оқыту барысында оқушы тақырыпты жақсы терең меңгереді, мұғаліммен бірігіп талдайды, материалды жақсы есте сақтайды.
Тірек-сызбаларды пайдаланған уақытта өткен тақырыпқа нақты жауап беруге, алған білімді белгілі бір жүйеге көшіруге мүмкіндік туады. Оқушылар тірек-сызбалар бойынша тақырыптың мәнін ашып жүйелі түрде әңгімелеп, тақырыпты толық меңгергенін дәлелдейді. Оқушылар топпен және жұппен жұмыс жасауға дағдыланады, тақырыпты жүйелі меңгереді. Оқушының қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
Физиканы оқытудың тиімділігін анықтау тек білім деңгейімен ғана өлшенбейді, ол оқушылардың өздігінен білімін жаңаша қалыптастыруға байланысты.
Сабақтың қай түрі болмасын тірек-сызбаларын қолдану тиімді. Жаңа сабақты түсіндіру барысында тірек-сызбалар таптырмас көмекші құрал. Тірек-сызбаларды пайдаланғанда оқушы тақырыпты жақсы терең меңгереді, мұғаліммен бірігіп талдайды, материалды жақсы есте сақтайды. Төменде
тірек-сызбаларды қоданудың жүйесі келтірілген (1 сызба).
1 сызба. Тірек-сызбаларды қолданудың жүйесі
Қорыта келгенде, тірек-сызбалар оқушылардың физика сабағына деген қызығушылығын арттырып қана қоймайды, төмендегі қызметтерді де атқарады:
1. Оқушыларды оқыту ісіндегі дифференциалдық әдіс мұғалімнің сабақ кезіндегі жұмысының жалпы жүйесіне табиғи түрде енеді де, білім берудің басқа да әдістері және түрлері мен ойдағыдай үйлесіп-үндесіп кетеді, сөйтіп оқушылардың дербес жұмысын ұйымдастыруда мұғалімдерге, ал үйге берілген тапсырмаларды орындауда және өз бетімен әзірлену ісінде оқушыларға зор көмек көрсетеді.
2. Тірек-сызбаларды қолдана отырып, мұғалім оқушылардың білім сапасын жыл сайын біршама көтеруге және оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттырары сөзсіз.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызу және олардың білімдерін кеңейту, дағдыларын қалыптастыру мақсатында В.Ф. Шаталовтың технологиясы бойынша тірек-сызбаларды сабақ барысында қолдану мұғалім үшін таптырмас құрал.
«Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының негізгі мақсаты: оқушыларда мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша білім, білік, дағды қалыптастыру; жеке мəліметтеріне қарамастан, барлық баланы оқыту; жеделдете оқыту.
«Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының
принциптері:
- үздіксіз қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту, тірек сигналдарын пайдалану;
- жекелей əрекет жасау;
- ізгіліктік (барлық балалар дарынды);
- мəжбүрсіз оқыту;
- түзетуге, өсуге, жетістікке жетелеу, жетістігін жариялау, шиелініссіз оқыту;
- тəрбие мен оқытуды байланыстыру.
«Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының
мазмұндық ерекшелігі:
- оқу материалы ірілендіріп беріледі;
- блоктық түрде беріледі;
- оқу материалы тірек үлгі-конспекті түрінде беріледі.
Тірек сигналы – мəн, мағынаны (белгі, сөз, үлгі, сурет жəне т.б.), білдіретін құрамды бейне.
Тірек конспекті – қысқа конспект түрінде берілетін тірек сиг- нал жүйесі (оқу материалы сигнал, көрнекі сұлба ретінде беріледі).
Жаңашыл ұстаз əдістемесінің негізгі элементтерінің бірі – тірек сигналдары. Бұл – игерілуге тиіс білімнің мазмұны кодталған көрнекі схема. Көрнекілікке негізделген тірек сигналының жаңа сабақты тусінуді жəне оны есте сақтауды жеңілдететіні белгілі болды.
Əдетте сурет, сызба, схемалар мектепте игерілетін білім сипатына сəйкес эпизодты қолданылады.
Шаталовтың көрнекі схемаларды қолданудағы жаңалығы –
оларға оқу үдерісінде берілетін ерекше рөлінде.
Тірек сигналдарын қолдану теориялық білімнің кең көлемін игеруді, жаңа тақырыптың жекелеген бөлшектері жиынтығын бірдей қамтуды жеңілдетеді, олардың арасында байланыс орнатуға, салыстыруға, материалды логикалық өңдеуге жəне оның ұзақ есте сақталуына көмектеседі, білім игеру сапасын қүнде тексеруді, бағалау мен өзін-өзі бағалауды қамтамасыз етеді. Тірек сигналдары
– оқыту үдерісінің тұрақты жəне қажетті компоненті.
Тірек сигналдарындағы таңбалар саны, оларды безендіру ерекшелігі (түсті бояуды қолдану, фармалары, сөздік материалдары) белгілі бір талаптарды қанағаттандыратандай болуы қажет: игеру мүмкіншілігі, безендіру мəдениеті, формалардың əртүрлілігі, сезімдік кұндылығы жəне т.б. Бұл шарттар көрнекі материалды қабылдау талаптарынан туындайды.
Тірек сигналдары оқытуда теориялық білімді іріленген блоктар түрінде беру принципін іске асыруды қамтамасыз етеді.
В. Ф. Шаталов теориялық түсінікті іріленген блоктар түрінде
береді, бұған программаның үлкен тараулары енуі мүмкін. Бұл жүйемен білім тек терең түсіну негізінде ғана жемісті болады.
Сонымен қатар тірек сигналдарында түсініктер маңызына қарай сыныпификацияланады (қызыл түспен – ең маңыздысы, жасылмен – одан төменірегі жəне сол сияқты).
Көрнекілік құралдарды қолданудың əр түрлілігі, тірек сигнал- дары мазмұнының абстрактылы жəне нақтылы компоненттерінің ұштасуы, оның маңыздылығы бойынша классификациялануы – Шаталов ұсынған көрнекі схемаларының ең маңызды ерекшелігі.
В. Ф. Шаталов (1929 жылы туған) – украин педагогы. В.Ф.Шаталов тəжірибесінің бірінші ерекшелігі – оқу үдерісіндегі оқушылардың іс-əрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. В. Ф. Шаталов мынадай кезеңдерге бөліп көрсетті.
І кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп,
ІІ кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп,
ІІІ кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп,
IV кезеңде оқушылар оқулықпен жəне тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді,
V кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дəптертеріне жазып,
VI кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді.
Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов тəжірибесінің екінші ерекшелігі – бағдарлама нық бір- бірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының қалған ерекшеліктері:
- үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;
- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
- ізгілендіру, ерікті оқыту;
- əр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
- оқыту мен тəрбиенің бірлігі.
Қазіргі заман талабына сай қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы
– мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара жəне ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, əр түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нəтижесінде оқушылар өздігінінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.
Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау жəне бақылау деп бөлуге болады. Білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Ендеше осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ жаңа ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп тұжырымдау, есепті талдап шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта
білу, өзінің іс-əрекетіне бақылау жасай білу, т.б.
Материалды көрнекі беру негізгі ұғымдарды дифференциялап топтауды, оларды талдаудың жалпы тəсілін бөлуді, олармен жұмыс жасауды жеңілдетеді.
В. Ф. Шаталовтың оқыту əдістемесі, негізінен, жеті психологиялық-педагогикалык принциптерден тұрады. Олардың əрқайсысының мазмұның ашайық.
I. Теориялық білімді алдын ала ірілендірілген мөлшерде беру, алға жылдам жылжу принципі.
Оқытудың дəстүрлі жүйесінде сабақта оқушылар жаңа материалдың микромөлшерін ғана оқып, одан соң оны пысықтау жəне есеп шығару жүргізіледі.
Шаталов жүйесі бойынша курстың басында блоктарға топталған теориялық материал өтіледі. Блоктар дегеніміз – құбылыстар, үдерістер жəне заңдылықтар бір-бірімен логикалық біте қайнасқан жаңа білімнің үлкен көлемді бөлшектері.
Мұндай байланыстыру – мұғалімге программалық материалды блок құру үшін қайтадан құрастыруға жəне тірек сигналдары жүйесін кодтауға мүмкіндік туғызады.
Теорияның өзекті мəселелерінен басқа ұсақ сұрақтар
қарастырылмайды, олар кейінірек не жеке қарастыралады, не кейінгі сабақтарда материалды «жетілдіру» кезеңінде өтіледі.
Бұл жаңа материалды жылдам өтуді, басты мəселеге көңілді көбірек аударуды, себеп-салдар байланысын түсінуді, яғни жаңа материалдың құрылымын тұтастай қабылдауды қамтамасыз етеді.
Блокты немесе бірнеше блоктарды оқытудан соң өзара тексеру сабағы жүргізіледі, мұнда жұмыс қорытындыланады, оқушылар сұрақтарға жауап береді жəне олардың əрқайсысына үлгірім экранында қорытынды баға қойылады. «2» қойылмайды.
Бос тор қалдырылады жəне оқушыға өтілген теориялық материалды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Одан əрі оқушылар жалпылай есеп шығаруға кіріседі. Жол жөнекей анықталмаған кейбір ұсақ сұрақтар талқыланады.
Тақырып бойынша «түзету-жөндеу жұмыстары» жүргізіледі. Теорияны оқытудан үнемделген уақыт оқулықтағы есептермен қатар конкурстық есептер шығаруға арналады.
II. Жаңа сабақты түсіндіруде екі рет қайталау жəне бірнеше рет түрлендіре қайталау негізінде білімді меңгерту принципі.
В. Ф. Шаталов тұжырымы: «Оқыту үдерісінде оқушылардың творчествосы тек терең жəне тиянақты білім негізінде ғана ашыла- ды. Білім, тек білім ғана бірінші орында, ал творчество екінші».
Жаңа сабақты түсіндіру ең кемінде екі рет жүргізіледі. Біріншісі дəстүрлі əңгіме, дəріс, көрнекі кұралдар пайдаланылған эвристикалық əңгімелесу түрінде өтеді.
Оның мақсаты – барлығын талдау – түсіну (ұғымдарды, кұру логикасын жəне т.б.), яғни қабылдауды жəне ойлауды қамтамасыз ету. Екінші түсіндіру қысқалау жəне жылдамырақ тірек плакат (сигнал) бойынша жүргізледі. Плакатсыз да кодоскоп немесе диапроектор арқылы проекциялап жүргізуге болады.
Сабаққа дейін тақтаның артқы бетінде əр түспен кескінделген тірек сигналдары жазылып, қайталап түсіндіру кезеңінде ғана ашып көрсетіледі.
Екінші рет қайталап түсіндіруде шектен тыс ұсақталу, ауытқу болмайды. Қайталау, мұғалімнің айқын мазмұндауы – бұл жүйеде пысықтау кезеңінің орнына жүреді жəне дəстүрлі оқытудағы жаңа сабақты меңгеріп үлгермеген оқушының шала түсіндіруінен гөрі əлдеқайда пайдалы болады.
Жаңа теориялық білім бірінші жəне екінші қайталауда қаншама
ұғымды түсіндірілгенмен, барлық оқушылар оны толық игереді жəне мазмұндаудың негізгі тұстарын есте қалдыру мүмкіндігі толық іске асырылды деуге болмайды. Онсыз бұл білімді еркін пайдалану, тəжірибеде кең қолдану мүмкін емес.
Шаталовтың əдістемесі бойынша жаңа сабақты түсіндіру кезінде оқушылар ешнəрсе жазбайды, тек тыңдайды (психологтардың зерттеу қорытындылары бойынша қос қабаттасқан психологиялық іс-əрекет тиімсіз). Осы əдістемемемен орта жəне жоғары кластарда жаңа тақырыпты мазмұндаудан соң бұл материал бойынша жаттығулар шығарылмайды, ал бұрынғы өткен материалдан – қанша болса да рұқсат.
Өткен тараулар материалынан – қалағандарынша, ал жаңа тақырып бойынша ешнəрсе, жаңа сабақты екі рет мазмұндау принципін енгізгеннің өзінде іс жүзінде əр оқушының жаңа тақырып бойынша жаттығуларды толық қабылдауы мүмкін емес.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда, оқулық мəтінін мұғалімнің мағыналық өңдеу тəсілдерін қалыптастыруды, тірек сигналдарды оқушылардың өзіндік іс-əрекетін ұйымдастыру кұралдары мен мнемотехника тəсілдері ретінде қолдануды оқушылардың ой еңбегі мəдениетінің жалпы əдістерін дамыту деп қарастыруға болады.
Шаталовтың бақылауы бойынша, оқушылар бұл тəсілдерді жаңа мəтінмен жұмыс жасағанда кең қолданатыны байқалады.
Шаталовтың оқушылардан сабақ сұрау əдісі де жаңа формалы белсенді іс-əрекетті талап етеді. Игерілген материалды магнитофонға ауызша ақырын баяндау жəне ақырын жауап беру (бір сабақта 50 оқушыға дейін) сөйлеу мəдениетін жəне оның жүйелілігін белсенді еске түсіру тəжірибесін арттырады.
Ауызша жауап бергенде оқушылар тірек сигналдары бар беттерді (магнитофон арқылы ақырын сұрауда) немесе тірек плакаттарды (тақтада жауап берсе) пайдаланады.
Мұнда бірнеше ойлау операцияларын орындайды: баяндау жоспарын есте сақтау, өзінің баяндауы тірек сигналдар арасындағы байланысын орнататын материалдарды өндеу. Бұл жаңа термин- дермен жұмысты жеңілдетеді, өз қабілетіне сенімділігін арттыра- ды. Жазылғандарды оқушылардың өзара тыңдауы жəне бағалауы – бұның бəрі белсенді жауап беруге күнделікті дайындық қажеттігін туғызады, ал тірек сигналдарды қолдану дайындық уақытын қысқартады (сабақта 20 минутқа дейін).
Оқулық материалындағы білімнің іріленген бөлшектерін игеру, өзара байланысын жəне жүйесін анықтап бөлу, жазбаша жəне ауызша еске түсіру оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу белсенділігін арттырады.
Шаталовтың əдістемесі жаңа материал мазмұнын түрлендіре, қайталау жолымен есте сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл үйде тірек сигналды оқулықтың сəйкес бөлімімен байланыстырып оқу, келесі сабақта тірек сигналдарды жазбаша қайталап еске түсіру, оқулық материалын жəне басқа да білім көзін пайдаланып тірек сигналдарға жан беру, магнитофон арқылы (ақырын) сұрау, мұғалімге жауап беру, өзара тексеру беттері бойынша жауап жəне т.б. қайталау түрлері жəне көптеген есеп шығару.
Осы əдістеме бойынша оқылған материалды қайталаудың ерекше манызды формасы – өзара тексеру беттерімен жүргізілетін сабақтар. Шаталов мұндай сабақтарды 4-сыныпта 3 беттен, 5- сыныпта 2 беттен, 6-сыныпта 3 беттен белгілі бір оқулық тараулары бойынша жүргізеді. Ол беттер бойынша білім тексеруді оқушылар өзара жүргізеді.
Сұрау ойын түрінде жүргізіледі: егер оқушы сұрақтардың (30
– 40 сұрақ) біреуіне жауап бермесе, басқа сұрақтарға жақсы жауап бергенімен, «3»-тен артық баға қойылмайды.
Ал мұндай жағдай егер екі рет кездессе, онда ол оқушының партасынан жалаушасы алынып, əрі қарай сұрау тоқталады. Мұның бəрі терең, тиянақты білігін қалыптастырудың негізін қалайды. Мұнсыз оқушылардың ойлауын дамыту мүмкін емес.
III. Жоғары қиындық деңгейінде оқыту принципі. Бұл принцип жаттығулар типтерінде де, олардың қиындық дəрежесінде де бірсарындылықты жоюды талап етеді.
Мұнда есеп күрделілігінің артуы тапсырманы жүйелі жеңілдету тəсілімен қатар жүргізілуі қажет, яғни мұның мəні мынада: күнделікті қиын есептерден соң жеңілдеу есептер (бастапқыларына қарағанда күрделірек болса да) шығару.
Осыған қосымша белгілі бір жаттанды жолмен шешуді қажет етпейтін (стандартты емес) есептерді (көп еңбектенуді де қажет етпейтін) сабақта да, үйде де шығару. Ал осы есептерді оқушылардың шығара алмайтыны алдын ала белгілі болса да, беруге болады (барлығын шығару қажет). Қиындықты жеңуге тырысу белсенді іс- əрекетті туғызады.
Оқушыларға күніне қанша есеп шығарам десе де, ерік беріледі.
«Үйге тапсырма» сөзі «мынадай есептер шығаруды ұсынамыз» сөзімен алмастырылады. Бақылау жұмысы тақырып бойынша емес, оқылған тұтас курс бойынша жүргізіледі.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
3. «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының принциптерін саралап, 3 сыныптың математика пəнінен қандай да бір тақырыпқа осы технологияны пайдаланып, сабақ жоспар тірек- сызба түрінде өңдеңіз.
4. «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының мазмұндық ерекшеліктерін ескере отырып, проблемалық оқыту технологиясымен салыстырып, салыстырмалы талдауды кесте түрінде көрсетіңіз.