Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 метрдей, аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері буйен деп аталады. Ол он жақтағы мықын тұсында орналасқан. Бүйеннің томенгі шетінде ұзындығы 7-8 см-дей құрт пішінді түйық өскін соқырішек болады. Оны аппендикс деп атайды. Ол лимфа жүйесіне жататын мүше. Оның қабынуынан болатын ауру - сокырішек деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі - тік ішек. Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңіріледі де, нәжіс калыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактериялар болады, олар ағзаға пайдалы. Бұл бактериялар өсімдік жасунықтарын (клетчатка) ыдыратады, кейбір витаминдерді синтездейді. Зиянды микробтардан қорғап, тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамасыз етеді. Дәріні қалай болса солай пайдалану ішектегі пайдалы бактерияларға зиянды өсер етуі мүмкін. Сондықтан да дәрі-дәрмектерді (антибиотиктерді) тек өрігердің кәңесі бойынша пайдалану керек.
Тамақтану адамның қалыпты тіршілік қызметі мен дамуы үшін қажет. Сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану организмнің тіршілік қызметін бұзуы мүмкін қызметі өсудің кешеуілдеуі, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлау түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның зиянды әсерлері алдындағы ағзаның төзімділігінің төмендеуі . Тиімді тамақтану екі негізгі міндет атқару тиіс:
-Ол баланың туған сәтінен бастап, оның қалыпты өсуі және дамуы үшін қажетті құрылыс материалдары мен ағзаны қамтамазыз етуі керек. Бұлар негізінен ақуыз, май, минералдық заттар.
-тамақтану ағзаның энергиялық шығынын толтыруға керекті оның тіршілік әрекетін қамтамасыз ететіндей қоректік заттар жеткізіп тұруы керек олар көмірсулар, майлар және ішінара ақуыздар.
Мектеп оқушысының тамақтануы мынандай негізгі гигиеналық талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
Тамақтың құрамында ағза үшін қажетті ақуыз, май, липойд, көмірсу, минералдық зат, витамин, су жеткілікті мөлшерде және оптималдық арақатынаста болуға міндетті.
Тамақ алуан түрлі болып келуге тиіс. Оның құрамына өсімдіктен және жануарлардан алынатын сүт, ет, балық, жұмыртқа . нан көкеніс, жеміс – жидек тағы басқа азық – түліктер енуі қажет.