Өркендер мен бүршіктер
Өркен дегеніміз
-жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ
Өркеннің негізгі орталақ тірек бөлімі
-сабақ
Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жері
-буын
Бір буын мен екінші буын аралығы
-буынаралық
Буынаралығы ұзын болса
-ұзарған өркен
Буынаралығы қысқа болса
-қысқарған өркен
Жапырақтың сабаққа орналасқан жері
-жапырақ қолтығы
Бүршік
-бастапқы өркен
Төбе бүршік
-өркеннің ең ұшында орналасады, ұрықта қалыптасады, одан болашақта өркеннің барлық мүшелері қалыптасады, өсімдік ұзарып өседі
Қолтық (жанама) бүршік
-жапырақ қолтығында орналасады
Қосалқы бүршік
-өсімдіктің кез-келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, жапырақтан дамиды
Бұйыққан бүршік
-тыныштық күйге ауысқан бүршік
Бұтақтың түптенуі байланысты
- бұйыққан бүршікке
Қабыршақ
-түрі өзгерген сыртқы жапырақтар
Қабыршықтардың түкті, жабысқақ болуы
- су булануын азайтып, үсуден, үсуден, құстардың шоқып, зақымдауынан қорғайды
Жылтыр өткір иісті бүршігі бар өсімдік
- бальзамды терек
Сыртында қабыршағы болмайтын ашық бүршікті өсімдік
- итшомырт
Ашық бүршіктердің сыртын жауып тұрады
- бөбешік жапырақтар, жапырақ қынабы
Өркеннің түріне қарай бүршік бөлінеді
-өсу және гүл бүршігі болып
Тек қысқарған өркенде орналасады
-гүл бүршігі (гүлшанағы бар)
Тек ұзарған өркенде орналасады
-өсу бүршігі
Өсу бүршігінде жоқ
-гүлшанақ
Сабақ
Сабақ
-өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек
Сабақтың қызметы
-гүл, жеміс, жапырақ бекіну; қоректік заттар қозғалу; қор жинау; көбею;
Өсу бағытына байланысты сабақ бөлінеді
-тік, жатаған, шырмалғыш, өрмелегіш, жабысқақ, қысқарған
Тік сабақты өсімдіктер
-жүгері, бидай, терек, емен, қайың және т. б.
Жатаған (желі) сабақ
-өте әлсіз, жұмсақ, жер бауырлап жатады.Мұртшалары арқылы ұзарып өседі (құлпынай, асқабақ, қауын, қарбыз, қияр)
Шырмалғыш сабақтар
-шырмауық, құлмақ
Өрмелегіш сабақтар
-мұртшалары арқылы өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі (асбұршақ, жүзім)
Жабысқақ сабақтар
-ілмешегі, емізікше өсінділері, жабысқақ түктер арқылы сүйенетін өсімдікке тығыз жанасады (плющ, жабысқақ қызылбояу)
Қысқарған сабақ
-сабағы өте қысқа (бақбақ, жолжелкен, пияз, қырыққабат)
Сабақтың ішкі құрылысы
-қабық, камбий, сүрек, өзек
Қабық
-сабақтың ең сыртқы қабаты. Өсімдікті сыфртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Өң, тоз, тін қабаттарынан тұрады
Өң
-түссіз, жас сабақтардың сыртын қаптайды. Ішке күн сәулесін өткізеді.
Тоз
-өлі жасушалардың бірнеше қабаттарынан тұратын жабын ұлпасы, қалың болса да ішке пішіні төмпешікке ұқсаған жасымықшалары арқылы оттегін өткізеді
Тін
-тоздың ішкі жағында орналасқан. Беріктік, мықтылық қасиет береді
Органикалық заттардың қозғалуы
-сабақтағы тін талшықтарындағы сүзгілі түтікшелерде
Тін талшықтары жақсы дамыған
-кендір, зығыр, мақтада
Камбий
-қабықтан кейін орналасқан қабат. Түзуші ұлпадан тұрады, сабақ камбий жасушаларының бөлінуінен жуандайды.
Жылдық шеңбер түзеді
-камбий
Жылдық шеңбер дегеніміз
-камбий жасушаларының бөлінуінен жыл сайын сүректе болатын сүрек қабаты
Сүрек
-сабақтың едәуір бөлігін алып жаатыр. Түтікшелері бар, ол арқылы сабақта су мен минералды заттар қозғалады
Өзек
-сабақтың орталық бөлімі, органикалық заттар қорға жиналады.
Өсімдіктің ұзарып өсуі
-төбе бүршігіне байланысты
Жан-жағына жайылып өсуі
-жанама бүршіктерге байланысты
Сояу
-долана, жабайы алмұрт, жабайы алма ағаштарындағы түрін өзгерткен сабақ
Шырынды сабақ
-кактус, сүттіген өсімдіктерінде болады. Ылғал жетіспегендіктен бұл өсімдіктер сабақтарына су және онда еріген заттарды жинайды, жасыл түсті болғандықтан органикалық заттар сабақтарында түзіледі
Қырыққабаттың қауданы
-түрі өзгерген үлкен, алып бүршікке жатады
Тамырсабақ
-жапырақ шығармайтын көпжылдық жерасты өркен
Тамырсабақ аталу себебі
-тамырға ұқсас қоңырқай, күңгірт түсті болғандықтан
Тамырсабақ бөлінеді
-жатаған (бидайық, қоңырбас, бетеге), қысқарған (бүлдірген, шыршай), шырынды (қырлышөп, құрқашаш), түйнек тәрізді (канна)
Түйнек
-сабақтың түп жағындағы жерасты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік
Түйнекті өсімдіктер
-картоп, жералмұрты (топинамбур)
Пиязшық
-түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жерасты өркен
Пиязшықты өсімдіктер
-пияз, сарымсақ, сүмбілшаш, лалагүл,жабайы жуа,қызғалдақ, бәйшешек, қазжуа
Пиязшықтың төменгі жағындағы тығыз жері
-қысқарған сабақ немесе түбіртек деп аталады
Жапырақ
Жапырақ
-өсімдіктің өсу мүшесі
Жапырақтың қызметі
-фотосинтез, артық суды буландыру (транспирация), газ алмастыру, қор жинау, көбею
Жапырақтың сыртқы құрылысы
-тақта(алақан) және сағақ
Жапырақтың кеңейген бөлігі
-тақтасы
Сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі
-сағағы
Қынап дегеніміз
-жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылуы
Қынапты жапырақта
-бидай, жүгері, қамыс, балдырған, күріш
Ине тәрізді жапырақты өсімдіктер
-қарағай, шырша
Таспа тәрізді жапырақты өсімдіктер
-бидай, қарабидай, жүгері, арпа
Жүрек тәрізді жапырақты өсімдіктер
-жөке, гүлшетен
Бүйрек тәрізді жапырақты өсімдіктер
Құсшөп
Жебе тәрізді жапырақты өсімдіктер
-шырмауық
Жай жапырақ
-бір ғана жапырақ тақтасы бар жапырақ
Жай жапырақты өсімдіктер
-терек, қарағаш, қайың, жөке және т. б.
Күрделі жапырақ
-бір сағақта екі,одан да көп майда жапырақшалары бар
Үш құлақты күрделі жапырақты өсімдіктер
-беде, соя
Жұп қауырсын күрделі жапырақты өсімдіктер
-асбұршақ, сары қараған, чина, қоянбұршақ
Тақ қауырсын күрделі жапырақты өсімдіктер
-қызыл мия, ақ мия, итмұрын, ақ қараған, шаған, шетен, грек жаңғағы
Жүйкелену дегеніміз
-өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы
Жүйке тұрады
- өткізгіш және тірек ұлпаларынан
Қауырсын тәрізді торлы жүйкеленген өсімдіктер
-тал, терек, алма, алмұрт
Саусақ салалы жүйкеленген өсімдіктер
-үйеңкі, үпілмәлік, бегония
Параллель (қатарласа) жүйкеленген өсімдіктер
-бидай, жүгері
Доғалы жүйкеленген өсімдіктер
-інжугүл, жолжелкен
Жапыраққа жүйке арқылы өтеді
-су, минералдар
Жапырақтың ішкі құрылысы
-мөлдір, түссіз үстіңгі және астыңғы өңі мен қалың, жұмсақ ортаңғы қабаты
Жанаспалы жасушалар
-жарты ай немесе бүйрек пішінді бір-бірімен жанасқан екі жасуша, Жанасқан жерінде саңылауы бар. Саңылау арқылы газ алмасады
Күндіз саңылау ашылады
-хлорофилл дәндерінде күн сәулесінен қант түзіліп, қысым артып
Саңылау жабылады
-түнде қант мөлшері азайып және егер күндіз өте ыстық, желді болса ылғалды сақтау үшін
Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөліміндегі жасушалар пішініне қарай
-бағаналы және борпылдақ болып екіге бөлінеді
Бағаналы жасушалар
-жарық мол түсетін өңнің астына жанаса жатады
Борпылдақ жасушалар
-жасушалары тығыз орналаспай арасында кеңістіктері болады, жапырақ жүйкелері осы қабатта
Күн сәулесі мол түсетін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында
-бағаналы жасушалар 2-3 қатар болып орналасқан, жанаспалы жасушалар саны да көп
Көлеңкеде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында
-бағаналы жасушалар 1-2 қатар немесе тіпті болмайды. Хлоропластары ірі, хлорофилдері көп
Ылғалы аз жердегі жапырақтар
-кішкене, бозғылт сұр түсті, түкті, тікенекке, қабыршаққа айналған
Ылғалы мол жерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары
-тақтасы ірі, айқын жасыл түсті, жанаспалы жасушалары да көп
Фотосинтездің ашылу тарихы басталады
-1630 жылы, Ван Гельмонт өсімдіктер органикалық заттарды топырақтан алмай, өздері түзетінін дәлелдеген
Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған
-атақты орыс ғалымы К. А. Тимирязев
Су булануының маңызы
-ыстық күндері жапырақты күн сәулесінен қызып кетуден сақтайды
Жапырақ жүйкелерінің ұшы, тақтасының жиегі тікенекті болады
-түйетікен, шағыртікен
Жапырақ тақтасы түгелдей тікенге айналған
-сарыағаш, кактус, кәріқыз, қарлыған
Жапырақ түктері тікенге айналған
-итмұрын
Тікенекті жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы
-малға жем болудан қорғану, суды аз буландыру
Мұртшаға айналған жапырақтар
-асбұршақ, үрмебұршақ
Қабыршаққа айналған жапырақтардың маңызы
-бүршіктің, пиязшықтың ішкі бөліктерін зақымданудан, улы газдардың зиянды әсерінен қорғайды
Шырынды жапырақтар
-пияз, қырыққабат өсімдіктерінің жапырақтары қоректі заттарды қорға жинайды
Бунақденелілерді аулау құралына айналған жапырақтар
-сазда, батпақта, тоқтау суларда, көлдерде азот пен минералды тұздар жетіспейтін жерде өсетін өсімдіктерде болады. Мысалы шыбынжұт, шықшылдық
Сазда, батпақта азот жетіспейтін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары айналған
- ұстағыш құралға
Жетілмеген жапырақтар
-ылғалы жетіспейтін шөлді, шөлейтті, құмды жерлерде өсетін өсімдіктер мен паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің жапырақтары жетілмейді немесе мүлде болмайды. Мысалы: сексеуіл, жүзгін, қылша, арамсояу, сұңғыла
Достарыңызбен бөлісу: |