Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет103/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

Н. К. Крупская
Халықты ағарту туралы
Лениннің өсиеті
Қазақшалаған: Қыр баласы
Кеңес Одағындағы елдердің Кіндік баспасы
Мәскеу, 1925 жыл



252
Н. К. Крупскаяның «Халықты ағарту туралы Лениннің өсиеті» кітабының 
мұқабасы. Кітапты қазақшаға аударып басып шығарған Қыр баласы – 
Ә. Н. Бөкейхан. Мәскеу, 1925 жыл.
Обложка книги Н. К. Крупской «Заветы Ленина о народном образовании». 
Книга переведена на казахский язык Қыр баласы – Сыном степей. Москва, 1925 
год.


253
«Өктебір төңкерісіне дейін мектеп жатыпішер
тоққарынның тап қаруы болып келді. Жалпы
еңбекші елді елуге құрал болды. Енді мектеп
коммунисшіл жұртты туғызатын елдің тапқа бөлінуін
жоятын коммунист партиясының қаруы болады.
Өктебір бастаған істі мектеп аяқтайды».
Ленин.


254
Оқу тұрмыс үшін!
Жұмысшы өкімет болғаннан бері халықты ағарту тура-
лы Ленин көп сөйлеп, көп жазды. Енді осы Ленин жазғанға 
тесіле қарап, тексеріп, ақылға сіңіру керек. Ленин айтқанның 
бәрі іске асты ма, дәл Ленин тілегі іс болып шықты ма, не әлі 
күнге істелген жоқ па? Не қайта істеледі? Осыны сынға салып 
қарастырған оң.
Алдымен көпке аз таныс Ленин сөздерінен басталық. 
Алдыңғы кезде мектеп ісіне коммунистер қолы тиіп қарай 
алмай, көш өз бетімен көше беріп, Лениннің халықты ағарту 
туралы айтқан аңынан [ағынан] жырылып қала берген, бұл 
әрбірден соң жалпы тұрмыс салты мен әдетке айналған. Осы-
ларды қарастыралық.
20-сыншы агусте [тамызда] 1918-інші жылы жалпы Ресейдің 
халық ағарту сиезі болды. Сонда Ленин айтты: «Міне бүгін 
таңда бар жер, бар зауыт, бар фабрик жұмысшы мен мұжыққа 
берілді, бұларға сүндет ат болды. Енді жұмысшы дүкенде тұрып 
іс қана істемейді, мұжық тіске ғана еріп жүрмейді, жерді, суды, 
зауыт-фабрикті – өндірме қару-жарағын билейді, осы билікке 
мұжық пен жұмыскерлер шақырылып тұр. Жұмыскерлер 
білімге бет алуы бұл уақыттың тудырғаны, бұл жолды іс. 
Шешесінің емшегіне табынған баладай, жұмысшы мектепке, 
білімге табынуы, біздің борышымыз бұларға мектебінен білім 
берген болады. Кейбіреулер «мектепті тапшыл қылдыңдар, тап 
мектебі қылдыңдар» деп бізді сөгеді. Мектеп мектеп болғаннан 
бері таптың сүндет аты болған. Жоғарғы дәрежелі мектептің 
молдалары осы күні іс қылғысы келмейді. Бұлардың тілегені, 
бұлардың жерігі – мектепті дара алып, мұжық пен жұмысшыға 
қарсы қару қылған. Міне бес жылға айналып бара жатқан 
қырғын соғыс, мектепті жалпы жұрттың, еңбек иесінің жауы 
өз тілегіне қару қылғаннан болып тұрған жоқ па? Ескі мектеп-
те балаға ұлтшылдықты, ұлт әсерін үйреткен, баланы ұлттың 
қаңғымасына салған, бөтен жұртқа атасының құны бардай жау 
қылған, бөтен жұрттың жұмыскеріне жау қылған. Жаңа өспірім 


255
жас аңды, жас ақылды ұлттың қаңғыма, адасқан пікірімен 
жаншытқан. Жатыпішер тоққарын жұрттардың мектептері 
байына жағынамын деп өтірік, өсекпен майлаулы. Бөтен 
жұртты жек көрген сезім жатыпішер тоққарынның байлаулы 
бұзауы, құлақкесті құлы. Соғыс жатыпішер тоққарынға адам 
айтқысыз пайда келтірді, бұлар құлақкесті құлын жақсылап 
соғыста пайдаға асырып отыр.
Міне, біз өзіміздің осы уақытты алайық. Көктемдегі жау 
қарындай жабырлап шыққан бізде осы күні мыңмен саналатын, 
миллиондық байлар бар, бәрін тудырған осы соғыс. Байларға 
соғыс баюға керек. Баюға бет берген жан-жағына қарамай ойға 
орын бермейді, сонымен мектепті бұлар дүниені сыпырып 
ауы зына салатын жолына құрбан қылып пайдаланды. Біз енді 
бұған қарсы боламыз. Біздің мектебіміз де таптікі болады. Бірақ 
біздің бетіміз еңбекші жұрттың ғана пайдасын күзеген болады.
Мына бес жылға аяқ басқан қырғын соғыстай бәледен ке-
лешекте бізді сақтайтын біздің еңбек табының мектебі. Осы 
мектепті жылда іске асыру жолына бар қуатты, бар жігерді, бар 
білімді сарп еткен оң» (XV-інші том, 417 бетті қара).
Мектепті Ленин[нің] қалай бағалағаны, мектепке Ленин[нің] 
қандай орын бергені міне көрініп тұр.
1913-інші жылы «Мәдениеттің ұлт аутономиясы» деген 
мақаласында Ленин «өмірде, тұрмыста іске асатын мектепте 
даярлану керек» деп сонда-ақ осы пікірін жазып еді.
1919-ыншы жылы мартта[наурызда] Р.К.П-ның VIII-інші 
сиезінде жаңа программасы қабыл алынды. Халықты ағарту 
бөлімі Ленин көсемдік көрсетіп жазылған. Халықты ағарту 
жолында коммунистердің борышы баяндалған. «Өктәбір 
төңкерісіне дейін мектеп жатыпішер тоққарынның тап қаруы 
болып келді, жалпы еңбекші жұртты езуге құрал болды. 
Енді мектеп коммунисшіл жұртты туғызатын жұрттың тапқа 
бөлінуін жоятын коммунист партиясының қаруы болады. 
Өктәбір бастаған істі мектеп аяқтайды.
Коммунистік пікірді іске асыруға керек серттерді даярлай-
тын уақыт жұмысшы әкімшілігі деп айтылады. Бұл заманда 
жұмысшы жұртты айдап жайып, иіріп жосатады. Осы уақытта 


256
мектеп арқылы коммунист бағыты орын тебеді. Жұмысшыдан 
бөлек еңбекші жұртқа жұмысшының тәрбиесі, бағыты, іс 
қылатын үлгісі мектеп арқылы жайылады. Мектеп коммунист 
болатын тұрмысқа жұртты даяр қылады. Мектеп те болғанда 
коммунист болады, тұрмыс – коммунист тұрмыс болады. Мұны 
орындауға халықты ағарту, мектеп жұмысын жүргізу туралы 
мынаны қолдану керек:
1) Оқу ақысыз; 17 жасқа дейін ұл, қыз оқиды. Оқу оқымайтын 
адам болмайды. Білімнің таза жолы, білімнің тұрмысқа, 
өндірмеге қатынас жолы оқылады. Оқудан тысқары адам, 
тұрмысқа жалдайтын өнердің, өндірменің бірде-бірі қалмайды. 
Оқу тұрмыс үшін.
2) Бала жасы мектепке баруға жеткенше, жас балаларды 
тәрбиелейтін бала бағы, ясель секілді орындар болсын. Мұнда 
балалар жұртшылыққа даярланып тәрбиеленеді, әйел ананың 
мойыны босайды. Әйел құлдықтан құтылады.
3) Мектеп бір-ақ жолда болады, бұл мектеп еңбекші мектеп. 
Мұнда ұл, қыз ана тілінде бір оқиды. Дін оқылмайды. Оқу өнер-
өндірмемен бірге жүреді. Мұнда сегіз қырлы білгіш коммунист 
жұрттың азаматы даярланады.
4) Оқудағы балалардың тамағын, киімін, кітабын, құралын 
мемлекет қазынасы береді.
5) Халықты ағартуға іс қылатын, коммунистік бағыты, 
коммунистік жерігі тердей шып-шып беттен шығып тұрған 
азаматты тәрбиелеу керек.
6) Халықты ағарту жұмысына еңбекші жұрттың өзін кірістіру 
керек (хат білетіні халық ағартатын кеңес кеңселерге мүше бол-
сын, өздері іс қылып үйренсін).
7) Жұмысшы мен мұжық хат біліп, кітап оқып ағарсын, 
бұған мемлекет қай түрде болса да көмек, күш-қуат көрсетсін 
(кітап жиятын орын жасалсын, жасы озғандарға арналған мек-
теп болсын, бұларға деген білім үйлері – университет, оқытушы 
сабақ беретін орын, сурет салатын, суретті еңбекші халыққа 
көрсететін орындар болсын).
8) 17 жастан асқанға өнер, өндірме [өндіріс орны] тура-
лы өзгеше білім берілсін. Бұл білімдер жоғарғы мектептерде 


257
оқылатын біліммен қатынасы болсын, онда өнер-өндірме тура-
лы не оқылатын болса, сол еңбекші халыққа да пайдалануына 
оңай болсын.
9) Жоғарғы дәрежелі оқу орындарының есігі, еңбекші 
халық оқимын десе, шалқасынан ашылсын. Еңбекші халықтан 
жоғарғы дәрежелі мектеп сабақ беретін адам табылса, алдымен 
орын осыларға берілсін. Жаңа талап: оқытушы мен оқушы ара-
сында кедергі болмасын. Оқушы тамақтан, киімнен, тұратын 
орыннан, құралдан кемшілік көрмесін, сонда ғана жұмысшы 
мен мұжық жоғарғы дәрежелі мектеппен пайдалана алады.
10) Еңбекші халықтың қызметін еміп іске асырған шеберлік 
гүлі суреттер жиылған орындар әлі де жатыпішер тоққарын 
пайдасында. Енді бұл орындармен еңбекші халық пайдалан-
сын.
11) Мемлекет кеңселері, өзге орындар қазынасы жұмсалып, 
коммунист тілегі, коммунист жерігі халыққа жайылатын істер 
істелсін» (XVI-ншы – 16-ншы том, 481–482-нші беттерді қара).
Осы қабыл алынған программа туралы 1921-інші жылы 
7-нші фебралда [ақпанда] Ленин жазды: «1920-сыншы жылы 
декәбірде [желтоқсанда] халық ағарту туралы партия кеңесі бо-
лып өтті. Мұнда тас ұстаған 134 өкіл, ақылшы 29 болды. Кеңес 
бес күн болды. Бұл кеңестің не істегені халықты қалай ағартуға 
жасалған партия кеңесі делініп, VIII (сегізінші) сәбет сиезінің не 
қылғанына қосымша болып басылған (10-ыншы януар [қаңтар] 
1921-інші жыл ВЦИК басқан). Партия кеңесінің қаулысынан, 
қосымшада жазылған мақалалардан жоғарғы мектептер-
де өнер-өндірме туралы оқу тәртібі қалай болатыны адасқан 
жолға бет алғаны көрініп тұр. Онда жолдас Луначарский мен 
жолдас Гринконың мақалалары да бар, бұлар адасқандарда 
жоқ. Секе адасқанын көріп, түзу жөн сілтеп отыр: наркоммен 
мұның кеңесі алдымен ауыздықсыз алып қашқан, тұрмысқа 
жанаспайтын тілекпен адасып, қысыр сөз жолына түсіп кеткен 
қаулыны неше қарап тексеруі керек.
Өнер-өндірме туралы оқу қандай тәртіппен болатыны біздің 
партия программасының халық ағарту бөлімінде, 1-інші, 8-інші 
баптарда негізі шешілген. Секе осыны көрсетіп, сілтеп отызын-


258
шы бапта 17 жасқа дейін, 8-інші бапта 17 жастан жасы озғанға 
қандай өнер-өндірмемен байланыс оқу болатыны жазылған».
Сөйтіп оқу тәртібі партия программасында ап-ашық 
жазылған. Жоғарыда жазылған қосымшаның төртінші бетінде 
өнер-өндірмеге байланыс білім тәртібі, білім өзі дара бола ма, 
жоқ сегіз қырлы бола ма деп, көп қысыр сөздер басынан аяғына 
дейін дұрыс емес. Лақпа, адасқан. Коммунистке айтуға күнә, 
мұнан коммунист программасын, мұның әліп-биін білмегендік 
көрінеді. Сонымен жел, буаз, қысыр сөзге елестеп кеткені көрініп 
тұр. Біз осы күні өнер-өндірмеге байланыс оқуды 17 жасқа 
дейін болмасын, 15 жасқа дейін болсын деп екі жасты кемітіп 
отырсақ, бұл уақытша, мұны партия амалсыздан, қаражат 
жоқтықтан, мемлекет қазынасы жоққа айналғандықтан істеген 
іс деп ұғыну керек.
17 жасты 15 қылғанды дәлелдеймін деп соққан қысыр сөз, 
бос қаңғыма. Бұл ойынды қойған оң! Тұрмыс жүзінде істегенді 
есепке алып, мұны сынға салып сынап, осыны пайдаланып, 
бірте-бірте іс қылса, осы негізді жұмыс болады» (XVIII-інші – 
18-інші том, бөлім І, 73 бет).
4-інші өктәбірде [қазанда] 1920-сыншы жылы Ресейлік 
коммунистік жастар одағының VIII-інші (сегізінші) сиезі 
болды. Сондағы Лениннің айтқан артық сұлу сөзінен сәбет 
құрылысында мектеп қалай болатыны айқын көрінеді: «Қай 
жас болса ол жас болсын, коммунист болсын, бәрінің міндеті 
– оқу оқыған.
Бұл көрініп тұр – қысыр сөз. Нені оқу керек, қалай оқу ке-
рек? – деген негізді сұрауға мұнда түк жауап жоқ. Бұрынғы 
жатыпішер тоққарын құрған капитал дәуіріне құл адамзат 
құрылысы өзгеріп, капитал-қазына билігі жойылып, комму-
нист құрылысы, адамзат теңдігі іске аспақ болып тұр. Енді оқу 
да, оқитын тәртіп те өзгерілмек. Енді бізге коммунист жолын 
іске асыратын ісмер кісі керек, мұны біздің мектеп тәрбиелеп 
өсіреді. Жаңа жолмен жаңа жасты оқу жолына тәрбиелегенде 
ескіден қалған құралды, іске асатын қазынаны, өнерді лаулап 
мініп, малдану керек.
Ескіден қалған білім, оқу, білім орындары, білім иесі – адам, 
білім қазына – бәрін біз өз орындарында пайдаланып қана 


259
коммунист құрылысын іске асырамыз. Жасты жаңа жолменен 
тәрбиелеп, оқыта білсек қана, осы жастар ғана бұрынғы, ескі 
капитал-қазынаға құл адамзат құрылысынан бөлек, теңдік, 
коммунист құрылысы – адамзат жұртшылығын жасайды.
Енді нені жасқа оқытамыз, қалай оқытамыз, жас қайткенде 
коммунистің міндетін атқарады, біз бастаған істі жастар 
қайткенде жүген аудармай қонысқа апарып қондырады, осыған 
жақсылап тоқтайық.
Алдыменен мынаны мен айтамын: жас, қай жас болсын 
ол жас, коммунист болатын болса, коммунист жолын оқып, 
үйреніп таныссын.
Коммунист жолын тану деген тым шексіз жалпы сөз. Ком-
мунист жолын тануға бізге не керек? Көп қордалы білімнен 
коммунист болуға қандай енші аламыз? Міне осы жерде бізге 
талай қатер кез болады. Коммунист жолын сыңаржақ ұғынса, 
коммунист жолына түсуді адасқан жолға салса, жолға кесел 
қатер, қапқа салған көсеудей, сорайып шыға келеді.
Ат үстінен шолып өткенде, коммунист боламын десең, 
коммунист оқу құралындағы, коммунист жолын жұртқа жей-
мек болып, тырақайлап дыр етіп шапқан кітапшадағы, артса 
атан түйеге жүк кітаптардағы коммунист жолын баяндаған 
білімдерді тамақтай сіңіру керек қой – ойға келеді. Коммунист 
жолымен танысуды бұлай деген – олақ пышақ саяз жалдаған 
болады.
Ана жоғарыда жазылған кітаптарды оқып қана коммунист 
бола қоятын жол болса, коммунист болу ет асағаннан да оңай 
болар еді. Оп-оңай ясынды жатқа білетін молдашық, мақтаншақ 
коммунист күнге жайған күзетшінің тонының битіндей өрер 
еді. Бұлардан істің өз ұнжырғасына зиян келер еді: бұлар оқуын 
оқып алып, оқығанын қосып құрысып іске асыра білмей, ком-
мунист жолының тілегі іске аспай қалар еді.
Бұрынғы капитал-қазына құлы ескі жұртшылықтың бізге 
қалдырған мүлкінің ең бір қотыры, мерездісі тұрмыс пен 
кітаптың екі бөлініп екі жаққа кеткені: тұрмыс өз бетімен, кітап 
өз бетімен көшкені. Кітабы әдемі жазылған, бірақ жазғаны 
жалпақ өтірік, тонын айналдырып киген, жүзді алдама. Ком-


260
мунист жұртшылығы туралы жазғандардың бәрі әдемі өтірік. 
Құр кітапқа ғана оқып коммунист текке соны қанағат қыл де-
сек, бұл лағып адасқан болып шығады.
Осы күнгі біздің сөйлеген сөзіміз құр бұрын коммунист 
жолы туралы кітапқа жазылған ғана сөз емес. Біздің сөзіміз 
күнде болып, күнде көшіп өзгеріліп тұрған тұрмыстан туған, 
тұрмысқа байлаулы. Күнде істеп жүрген ісіміз, талас-тартыс-
сыз кітаптан алған коммунист жолы қырдасындай[?] құнды 
емес. Құр кітап оқы десек, кітап өз бетімен, тұрмыс өз бетімен 
жайылған, жатыпішер тоққарын дәуірінің жұқпалы қотыры 
қайта қоздаған болар еді.
Ал енді коммунистікті біздің осы күнгі ұранды ғана сіңіріп, 
сонымен жетілдік десек, бұл да ана жазылған әрі адасқан, 
лаққа болады. Қазан қайнамас бұрын мұны біліп, отты сырып, 
мұндай біздің коммунист жолына қауіпті істі тоқтатпасақ, 
ұлы бар, қызы бар жарты миллион, бір миллион жастар оп-
оңай, айғаймен ғана коммунист бола қалдық деп нанса, жел-
буаз еліксе, қазан қайнап асып су төгіледі, біздің коммунист 
бағытына мұнан есепсіз зор кемшілік келеді.
Ал енді мұның бәрін қалай ойыстырып, сұлу тұскиіз қылу 
керек? Коммунист жолына жақсылап үйретуге не қыламыз? 
Ескі мектептің несін аламыз? – деген сұрау өзінен өзі туады.
Біз білімге шебер, мерген қыламыз, біз адамды сегіз қырлы 
қыламыз деп ескі мектеп соғатын еді. Біз білеміз: мұнысының 
бәрі жатыпішер тоққарын болып, бірі бұларға құлақкесті 
құл болып, ескі жұртшылық осы екі таптан құрылған. Тап 
малмасына мектеп малынып алған ескі мектеп балаларынан 
жатыпішер тоққарынның иісі мүңкіп тұратын. Оқу жатыпішер 
тоққарынның құлы болған. Жалғыз ауыз сөзге дейін тоққарын 
пайдасына құрал болған, оқуды тоққарын ғана сүндет ат қылып 
мінген. Бұлардың мектебінде жұмысшы мен мұжық баласын 
білім жолына үйреткен жоқ, жақсы тәртіп бұларға көрсеткен 
жоқ. Құр құрғақ жолға салып, жатыпішер тоққарынға пайда 
шығатын іске байлап, «түлкі алғызамын» деп қолда асыраған 
тазының кебін кигізіп қана үйреткен. Жұмысшы мен мұжық 
баласы жатыпішер тоққарынға мінетін ат, сауатын сиыр, түлкі 


261
алатын тазы ғана болып, айдағанға жүріп, өнер-өндірмені 
қоздатып, байды байытып, жатыпішер тоққарын тұрмыстың 
қаймағын бұзбайтын жолда болуды ғана үйреткен. Біз осымен 
ескі мектепті тозған тондай сыпырып, иықтан жұлып тастап, 
шын коммунист жолына пайда келтіретінін ғана аламыз деп, 
соны шешуге кірісіп отырмыз.
Бұл арада ұқпай, танымай ескі мектепті қаралаған, өсектеген, 
біз күнде есітетін лақапқа келіп қалдық. Мұнан мектепті өзгеше 
ұғып адасқандық туады. Осыны қарастырмасақ болмас.
Ескі мектеп құр құрғақ сабақ жаттау орны болған, бабына 
барып, тесіле қарап тексермеген, нені жаттап отырғанын бала 
білмеген деседі. Бұл рас. Бірақ, сонда да ескі мектепте не жақсы, 
не пайдалы, не жаман – соны айыра біліп, жақсыны алып, ком-
мунист жолына жем салып, жаманды тастау біздің міндетті 
ісіміз болады.
Ескі мектеп құрғақ сабақ жаттау орны болған, тұрмысқа жа-
наспайтын, сіркедей өмірге пайдасы жоқты балаларға үйретіп, 
басын сонымен шөп тыққан бұзаудың терісіндей кептеп, жа-
сыл өспірім бозбалалардан, кірекештің мәстегіндей көнбіс, тез 
басында жатқан керегедей, бірінен бірі айырғысыз сарытүйме, 
сарыиық иелерін даярлаған. Ал енді біз осы күнге адам бала-
сы өнерімен тауып, оны жиып қор қылған білім кенін пайда-
ланбай, білімді бойға сіңірмей, бұл да ескі деп тастап комму-
нист бола қаламыз десек, бұл лаққан. Коммунист білімін ғана 
қолданып, бар білімді ойға сіңірмей коммунист бола қоямыз 
десек, бұл лаққан, адасқан болады. Коммунист жолының өзі 
білімнен туған, білімнің баласы.
Коммунист жолы адам баласының білім ұясынан ұшқан 
балапаны екенін таңбалап, ақ қой қара қойдай көрсететін 
Маркстің жолы. Маркс жолы ескі білімді пайдаланғанмен, 
соны сынай білгеннен туған.
Сендер оқып, есітіп білесіңдер: коммунист білімін ХІХ-
ыншы (19-ыншы) ғасырды атымен таңбалаған, жер тауысып 
жұрт асқан социалист Маркс шығарған. Енді бұл білім мил-
лион, ондаған миллион жер жүзіндегі жұмысшының қолына 
алған қаруы, бетіне алған темірқазығы болды. Маркс білімін 


262
пайдаланып, жер жүзінің жұмысшысы капитал-қазынаға құл 
ескі жұртшылық құрылысын жоямын деп таласып-тартысып 
отыр.
Енді біз: – Бұл қалай? Маркстің жолы қалайша миллион, он 
миллион жер жүзінің жұмысшысын елтітті? – десек, бұған бір-
ақ жауап беріледі: – Маркс жолының, Маркс білімінің діңгегі, 
сүйенген белі мықты, бұл бел адам баласының бар білімі
бұл білім капитал-қазына биі дәуірінде жиылып қор болған. 
Капитал-қазына биі заманының тұрмыс өзгерісі, құбылма 
өмірін тексеріп, тесіле қарастырып, терең бойлап, алысты 
қармап, бар білімді пайдаланып, жерге тастаған жалғыз би-
дайдан шөп, сабақ, гүл тағы көп бидай шыққандай, капитал-
қазына биі адам баласы тұрмысынан құбыла-құбыла барып, 
коммунист түрлі тұрмыс туады деп, Маркс дәлелдеді.
Өзінен бұрын болған бір білімнің жолын шетке тастамай, 
бар адам баласы тапқан білімді пайдаланып, мұнысын тезіне 
салып түзетіп, бүкірін жонып жоңқа қылып тастап, түзуін алып 
қорытып, жаңа жол білімін шығарды. Мұны өмір, тұрмыста 
құбылыста болып тұрған жұмысшы тұрмысы өзгерісімен сы-
нап, жатыпішер тоққарын иісі сіңген, ойы соқыр, бойы аласа, 
алысты көрмейтін тоққарынның құлақкестісі, білімпаздары 
таппаған қорытындыны Маркс тапты, өз оқуына негіз салды.
«Жұмысшы мәдениеті» деп біз соққанда осыны 
ұмытпау[ымыз] керек. Жақсылап, тереңдеп біз мәдениетті 
білмесек, мәдениеті бар адам баласының бізге тастаған мүлкі, 
мұны өзгертіп қана жұмысшы мәдениетін жасауға болады, біз 
мәдениетке ат үстінен қарасақ, бұл қиын жұмбақты шешпейміз.
Жұмысшы мәдениеті жоқтан соп етіп шықпайды. Жұмысшы 
мәдениетінің маманымыз дегендердің ойлап тапқаны емес. 
Мұның бәрі бос оттаған. Көп білім өз заңымен өзгеріліп, 
құбылып өсіп-өніп, сонан барып жұмысшы мәдениеті, ана 
жоғарыда жазылған бидайдай төлдеп, жаңа мәдениет болады. 
Бұл өзгеретін көп білім жатыпішер тоққарын, ақсүйек төрелер, 
сарытүйме, сарыиық бірігіп қожа болып, адам баласын езгенде 
жиылып қор болған білім болады.


263
Маркс өзгертіп, түзеткен саяси сақтық білім жолы адам ба-
ласы қай жолға түсіп, қайда бара жатқанын көрсетті. Ендігі 
жол тап талас-тартысы, жұмысшы төңкерісінің алды деді. Міне 
осындай жоғарыда айтылған қоян соқпақтар, үлкен жолдар – 
бәрі бет алып жұмысшы мәдениетіне келіп жатыр, келеді.
Жастар, жаңа мектепшілер ескі мектепті жамандайды. Бұл 
құр жел бұзау, жаттама ұясы дейді. Мұны біз күнде есітеміз. 
Бұларға біздің беретін жауабымыз: – Ескі мектепте не жақсы 
болса, соны ал! – дейміз.
Ескі мектепте көп білім жолының тасымен жас оқушыны 
бастырған, бұл білімнің оннан тоғызы [9/10] тұрмысқа керексіз, 
қалған біреуі теріс, қағыс айналдырған. Мұны алмаймыз. Бірақ, 
мұнан коммунист ұраны мен коммунист қорытынды ғана 
қанағат болады – шықпайды. Бұларды ғана қолданып комму-
нист жолын таппаймыз, іске асыра алмаймыз. Адам баласының 
бар білімін бойға сіңіріп пайдалана білген ғана, сонда ғана ком-
мунист бола алады.
Бізге бос жаттау керек емес, оқу оқығанды жаттықтырып, 
шебер, мерген қылып оқыту керек. Жорға сала-сала түзеледі. 
Білім негізі өзгеріс, көрініс, осылардан білім басталады. 
Оқушы бұларды білмесе, біздің коммунист жолы дегеніміз 
бос қаңсыған шелек болып шығады, құр шабарманның төсіне 
қадаған қаңылтыры болып шығады. Мектептен алған сабақты, 
білім негізін өз ойымен тексеріп, өзгертіп, бойына сіңіріп өзінікі 
қылмаған коммунист дарақы, мақтаншақ, жексұрын болады. 
Білімді сыннан санға салып, керегін алып, керексіз, ойға бос 
жүк болатынды тастап, ақылды көрініс, құбылыс құралдарына 
байытып қана, осы күнгі білгіш адам есебіне кіреді.
Көрініс құбылысты аршып, ақтарып тексеретін қиын іске 
жоламай, оған сынап кіріспей, құр біреудің даяр табағына 
қол сұқса, осымен жатыпішер сұғанақ тонын киіп отырып, 
«мен коммуниспін» деп тағы мақтанса, бұл коммунист бір сор 
тағы. Осындай ат үстінен қараған біздің түбімізге жетеді. «Мен 
білемін: білімім аз деп тапсам, көп білімді іздеп қоймаймын. 
Ал мен коммуниспін, маған негізді түктей білім керек емес» де-
ген адамнан коммунистің он екі мүшесінің бірде-бірі де табыл-
майды. Бұл коммунист болмай-ақ қойсын, адыра қал-ау!


264
Ескі мектеп жатыпішер тоққарынға керек. Құл, қызметкер 
тәрбиелеген, ескі мектептен білім, тәрбие алған білім шеберлері 
капиталға-қазынаға құлдыққа ғана керек-ті, жатыпішер 
тоққарынды күйлететіндей ғана сөйлеген, жазған. Міне біз 
ескі мектептің осысын жоямыз, мұны онан алмаймыз. Мұны 
қылғанда, мұнан тамам адам баласының осы күнге дейін жиған 
білім байлығын жоғалту, ойдан шығарған құқықтай қылып 
бәрін шығарып тастау шыға ма?
Не капитал-қазына құлдығына керек, не коммунист жолына 
керек – мұны айырмаймыз ба?
Көптің тілегін есепке алмай ескі мектеп қаңғыма жаттау жо-
лын қолданған. Біз жұмысшы мен мұжықтың жерігін өсіретін, 
біліп табан аумай, беттен қайтпай, қол ұстасып ескі тұрмысқа 
қарсы іс қылатын, ол тұрмысты иттің етінен жек көретін жол-
ды үйретеміз. Шексіз көлемді біздің жерде тым-тырақай 
бөлек-бөлек жүрген миллион, жүз миллион жұмысшы мен 
мұжықтың бір ауыздан сөзін, бір жағадан бас, бір жеңнен 
қолын шығарамыз, осыған үйретеміз. Бір ауыздан сөз, бір 
жеңнен қол шықпаса, жұмысшы мен мұжықтың жерік асы 
қосылмаса, біздің талқан болуымыз сүттен ақ. Біліп жұмысшы 
мен мұжық пікірі қосылмаса, екеуі бір кісідей сойыл соқпаса, 
табан аумай тап жиылмай, бетін қайырмай іс қылмаса, біздің 
ісіміз жоққа шықты, болады-ға иман жоғалады. Бұл серттер 
орындалмаса, жер жүзінің жатыпішер тоққарынын, капитал-
қазына иесін біз жеңе алмаймыз. Коммунист жолын қолданып, 
ескі жұртшылықты коммунист жұртшылығына аудармақ түгіл, 
бұл бағытымызға негіз де орната алмаймыз.
Ескі мектепті қанша сөксе күнә жоқ. Ескі мектепті иттің 
етінен жек көрген жөн, ескі мектепті жоямын деген бет бағалы. 
Бірақ, біз мынаны біліп ұғыну[ымыз] керек.
Бұрынғы құрғақ түкті байқамай, бабына бармай, «абжат 
әуез» деп соққанның орнына адам баласының осы күнге дейін 
жиған білімін аршып, керегін алуды білу керек, біздің комму-
нист оқуында құрғақ жаттау болып жүрмесін, алғанымыз сын-
нан өтіп, ақыл мен ой тезіне түсіп алынсын. Біздің білім осы 
күнгі бар білімнің амалсыз шыққан жемісі болсын.


265
Біз коммунист жолына қалай үйренеміз? – деп сұрай 
қойғанда, негізді бет осылай болады» (том XVII – он жеті, 314–
319 беттер).
Жоғарыда жазылған сөзінде тағы Ленин сөйлейді:
«Біздің мектеп білім негізін береді, сынға салып, мұны ойға 
сіңіріп, коммунист бағытын өзі табатын, бар білімінің мама-
нын тудырады. Мектепте оқып жүрген уақытта құлақкесті 
құлдықтан құтылудың, таластың мергені қылады, сойыл 
соғатын қылып үйретеді (том XVII – он жеті, 225 бет).
«Ескі мектепте нені үйрететінді, ескі мектептен нені алатын-
ды мен айттым. Енді қалай оқу керек, соған келейін.
Мектептегі қадам басқан білім, істеген іс, тәрбие, оқу бар 
еңбекшінің жатыпішер тоққарынмен талас-тартысына байлау-
лы, матаулы болады (том XVII – он жеті, 326 бет).
«Жас ұйым мүшесі болдым – бар күшті, бар қуатты жалпы 
іске жұмсаған болады. Коммунист тәрбиесі деген осы болады. 
Осы іспен ғана жас ұлан, қызбала шын коммунист болады. Осы 
жолмен жүріп ісін тұрмысына пайдалы қылып шығара білген 
ғана коммунист үйіріне қосылады» (том XVII – он жеті, 327 бет).
«Коммунист бағытынан шығатын жұмбақты шешуге 
еңбекшінің жатыпішер тоққарынмен талас-тартысына тәрбиені 
байлап, матап жүргізіп, еңбекшіге көмек болуды шығару ке-
рек» (том XVII – он жеті, 327 бет).
«Қайыршы», қалсыз, сүмірейген Ресейді біз бай ел қылмақпыз. 
Білім алуы, тәрбиеленуі, оқуды коммунист ұйымында болған 
жастар, жұмысшы мен мұжықтың еңбегімен қоссын, мектеп-
те бөлініп шығып, коммунист кібатын, кітапшасын ғана оқып, 
соны ғана қанағат қылып қалмасын. Еңбек жолында жұмысшы 
мен мұжыққа қосылып қана шын коммунист болады. Өзге 
коммунист болатын жол жоқ. Коммунист ұйымына кірген жас 
оқу білетінін, іске жүйрік екенін елдің бәрі көріп тұрсын. Ескі 
мектептен құрғақ «абжад ауыз» [?] деп жаттауды қойып тас-
тап, енді оқу тәртібін аңға, ойға, сынға аударып оқушыны елге, 
іс жүзінде қалаға жақын ауылға барып, мұжыққа қолқабыс, 
көмек көрсететін қылғанды ел көрсін, сонда ғана енді жалпы 


266
елге бұрынғы қарастың жоғалғаны ел біледі» (том XVII – он 
жеті, 328 бет).
«Қала болсын, ауыл болсын, жалпы жұмыс туралы жастар 
іске қатысып, тұрмысқа лайықты қаулысын шығаратын бол-
сын. Істің үлкен-кіші, оңай-қиыны серт емес, өсітіп оқу бағытын 
қоямыз.
Осы коммунист ісі ауыл сайын өсіп-өнгеніне қарай жастардың 
бәйге таласы коммунист жолына байланып, өскетіне [?] қарай, 
жастар ісін еңбекке байлай білгеніне қарай коммунист жолы-
мен жұртшылық құру негізді бола бермек, бұл болды деп білу 
керек (том XVII – он жеті, 329 бет).
Неге, нені үйретеміз дегенге Ленин Ыстепенұлы Н. И.-дің 
кітабына
1
жазған жетекшілігінде (бұл 1922 жыл 21 мартта [нау-
рызда] жазылған) мынаны жазды:
«Біздің мектеп сарытүйме, сарыиықтың бұрынғы иісі сасық 
мектебі емес. Осы күні біздің бар мектепке ең жетпей тұрған, 
бізге ең керек – халықты ағарту жолына ұстайтын көмекші 
құрал, бұл бізде жоқ. Жалғыз ауылдың итіндей шулап, күнде 
газет, журнал бетін саяси желбуаз сөзбен шимайлайтын 
біздің марксшіл жазушылар күш-қуатын босқа сарп қылмай, 
жұртшылық істің бірін жырып тастамай мектеп құралын жаз-
са, біз бұл секілді ұят халде болмас едік. Міне, жұмысшы өкімет 
болғалы бес жыл болды. Жұмысшының мемлекет мектебінде, 
университетінде жастарды ескі жатыпішер тоққарынның 
құлақкесті құлы – білімпаздар – іске аспайтын, түк пайдасы 
жоққа үйретеді. Бұл үйрету емес, бас айналдыру болады.
Сәбеттің VIII – сегізінші – сиезі «Ресейде бар мектепті элек-
трик жолына шығаруды үйренсін» деп қаулы қылды. Біздің 
бәлшебектің мәдениетсіздігінен бұл қаулы қағаз бетінде жатып 
қалды. Енді мына Ыстепенұлының кітабы әр ояз кітапханасында 
болсын, мұны біз болдырамыз. Бұл кітап әрбір электрик 
дүкенінде (бұлар 800) болсын. Кітап құр сақталып жатпасын. 
Ресейді қалай етіп электрикке байыту туралы жалпы жұртқа 
оқу, білім баяндалсын, жалғыз электрик қана болып қойылмай, 

Степанов, Н. И. «Электрификация РСФСР в связи [с] переходной фа-
зой мирового хозяйства».


267
өнер, шеберлік жолына ел ағартатын жұртқа баяндама айтыл-
сын. Бір мұғалім қалмай бәрі Ыстепенұлының кітабымен ашы-
на болсын. Бұларға көмек көрсететін ояз басына инженерден 
ұйым болсын, құр оқып қоймай, білгенді оқудағы балаларға, 
мұжықтың жастарына тасқа таңба басқандай қылып айтатын 
болсын!
Мұны орындау оңай іс емес. Біздің мәдениетті кісіміз аз, 
біз қайыршымыз. Бұл, бірақ, бізді тоқтататын түсу емес. 
Білім міндет, білім парыз деген тілек, жігер болса болғаны, 
енді білім жатыпішер тоққарынды байытуға керек емес, білім 
жұмысшының өмір тұрмысын түзеуге керек, осыны ұмытпаса 
болады.
Ал бұл бізде бар, біз оқимыз да, үйреніп аламыз да» (том 
XVII – он жеті, бөлім ІІ – екінші, 18–19 беттер).
Халықты ағарту ісі мектепте қандай түрде болса да саяси 
іске байлаулы. Халықты саяси ағарту туралы 3-інші ноябірде 
[қарашада] 1920-сыншы жылы болған кеңесте Ленин осы беттегі 
өз ойын сөйледі:
«Елді ағарту біздің саяси амалымызға қай түрде болады. Бұл 
біздің ісіміздің ат айналатын қазығы. Елді ағарту ісі саяси іске 
қатынаспайды, елді ағарту ісінде саяси іс болмайды деп ескі 
мектеп келеді, біз мұны қабыл алмаймыз. Саяси істен біздің елді 
ағартатын ісіміз шыға жайылмайды. Біз саяси іске байлап елді 
ағартамыз. Жатыпішер тоққарын жұртшылығында елді ағарту 
жолында саяси іс болмасын, мектеп саяси іске қатынаспайды, 
саяси жолға мектеп саңырау болады деп келеді. Мұнысының 
бәрі қып-қызыл өтірік, бояма, жалпы жұртты алдаған, көзін 
уақалаған, шынында мектебі саясатшыл. Жатыпішер тоққарын 
мемлекеттері осы күні де елді алдап, осы ертегісін соғып отыр.
Бұларда мектеп пен саяси амалдың қатынасы тең бұғандай 
шандулы [?]. Бірақ, мұны жатыпішер тоққарын сыртқа 
шығарып айта алмайды. Бұл ұрлығы. Бұлардың бұл ұрлығын 
дін оқытқанда, мүлік әркімдікі дегенде іске асырып отырады.
Жатыпішер тоққарынның бағытына қара[ма]-қарсы өз 
бағытымызды қойып, өз жолымызды елге алғызған біздің 
мақсатымыздың ең негізі болсын» (том XVII – он жеті, бөлім ІІ – 
екінші, 178–179 беттер).


268
Халықты ағарту ісі саяси іспен матаулы деп қойып Ленин 
мұғалімдердің міндетіне келеді: «Наркомпрос [НАРодный 
КОМиссариат ПРОСвещения] социализм төңкерісін қабыл 
алмаған мұғалімдердің одақтарымен таласып-тартысып, ба-
сынан көп іс кешірді. Мұғалімдер жатыпішер тоққарынның 
қаңғымасын малданып, өткелдегі түйедей тартынып, мұрнынан 
жырып қайта қашып, істі істемеді, мектептен тысқары жалпы 
халықты ағарту жолын, саяси амалға жалпы халықты салу жо-
лын бірте-бірте тартып алып біз коммунист бағытына түстік. 
Осы күні жарты миллион мұғалім жұмысшы мемлекеттің 
қызметкері. Осыларды партия тіркеген түйедей жетелеп пар-
тия иіне [?] салып, біздің іс пен саясат, біздің партияның оты-
мен жандырып іс жүргізу керек. Осы күні көз алдымызда 
Алатаудың аңғарындай, Шығысты өртеп шығып келе жатқан 
күндей көрініп тұрған осы іс болады. Бұл оңай емес, жеңіл 
жүк болмайды. Мұғалімдер жатыпішер тоққарынның иіне 
иленген, бұлардың қаңғымасы мұғалімдерге ананың сүтімен 
сіңген, бұлар жұмысшыға жау болып өскен, жұмысшымен түк 
қатынасы жоқ болып мұғалімдер өскен. Біз енді партиямен 
матасқан, партия иіне иленген, партия бағытын өз бағытым 
деген, жалпы жұмысшы табын арбап өзіне тартатын, комму-
нист малмасына салып оның иісін шығаратын, коммунист ісіне 
еліктетіп, коммунист ісіне бетін бұратын мұғалім әскерін [ар-
миясын] тәрбиелейміз. Бұл біздің міндетіміз.
Аурудың жаманы – қанға жайылғаны, тәнге сіңген ескі 
әдет, иман. Осы аурудан құтылу керек. Жалпы халықты са-
яси ағарту жолында қызмет ететіндердің көзден таса, оңнан 
тысқары тастамайтын бір ісі осы қиын жұмбақты шешу бола-
ды. Ескі мұғалімдер көп, бұларды партиядағылармен қалай 
қысырақтай матаймыз? Бұл қиын іс: мұны жатып та, тұрып та 
ойлау керек.
Жылқы мен сиырды қалай қосып бағамыз, осыны қарас-
тырайық. Негізінде коммунист партиясы көшбасшы болатыны 
бізге шәксіз. Еңбекші табы ескі жұртшылық құрылысын жо йып, 
жаңа мемлекет құрылысын құрып, жатыпішер тоққарын, алпа-
уыттарсыз өзім көшіп кетемін дегенде, ескі өтірікті жеңетін, ескі 


269
қаңғыманы тондай шешкен, жұмысшы табына қолқабыс көмек 
көрсететін шын коммунисті тәрбиелеген біздің саяси тәртіптің 
жерік ісі болады. Мұны қалай іске асырамыз? Мұғалімдер 
тоққарын заманы мүлік етіп берген бар білімді бойына сіңірсе, 
сонда ғана бұл іске асады. Бұл болмаса, шеберлік бетіндегі 
коммунист жолының олжасы жоққа шығар еді. Бұл олжаны 
қанжығаға байладым деген желбуаз құр елікпе болар да еді. 
Коммунист жолына мектеп ісі бізге пайдалы саяси амалмен 
байланғаны оң. Саяси амалмен бұрын іс қосып мектепте тәртіп 
үйретпеген мұғалімдерді саяси амалмен қалай матаймыз? Мен 
бұрын айтып оздым: бұл оңай іс емес. Бұрын біз әрбір үгітшіге 
белгілі ұйымның ғана кісісі деп қарадық. Енді партия комитеті 
бұл [көз]қарасты жаңаға аудару керек. Партия – мемлекеттің 
көшбасшысы, өкімет иесі, жер жүзіндегі тоққарын құрылысы 
мен сәбет Ресейі таласып-тартысқанда тізгін партия қолында, 
әрбір коммунист осы партияның құлақкесті құлы, ерттеулі аты, 
аттанға ала шабатын сойылы. Коммунист төбелесті, соғысты 
бастан кешіріп отырған таптың, мемлекеттің бар мекемесін, 
кеңселер иесін билеген, билеуге міндетті партияның өкілі. Түн 
жамылып, жасырынып жүріп, Николай заманында тәртіпті 
жолға асқан мерген болған, талас-тартыста көрікте басылып, 
көмірдей жанып, суық суға суарылып талай есіктен, талай 
тесіктен өткен, үгітші ісіне шебер коммунист жолдастардың 
көбі үгітшіден үгіт айтушыға көшбасшы болғанда, өлшеусіз 
көлемді саяси күшті жетелегенде, бұл жоғарыда мен айтқан 
өзгерісті, бұл біз шыққан асудың белін өз орнында бағалай 
білмейді, не өз бағасын бұған бергендері де келмейді.
Мұғалімдермен қылатын істің бәрі осы жолдастардың жүгі 
болып тұр. Мынаны да біліп қою оң: жалпы халық қараңғы, 
бұлар адасқан, ескі қаңғыманың құлы. Осыларды оятатын, осы-
ларды ағартатын, адасқан иманды жоятын жүз мыңдап санала-
тын мұғалімдер. Бұларға капитал-қазына дәуірінің құлшылық 
мәдениеті сіңгені рас, сонымен бұлар коммунист бола алмай-
ды. Бірақ, білім осыларда, білімсіз біз мақсатқа жетпейміз. 
Бұларды жалпы халықты саяси амал жолында ағартуға алмасқа, 
жұмысқа салмасқа болмайды.


270
Коммунист жолымен халықты ағарту ісіне біз жүз мыңдап 
саналатын кісі қоюға мойындаймыз. Бұл бетіміздің қандай 
болатыны қызыл әскер ішінде, майданда қылған істен көрініп 
тұр: біз біздің қызыл әскерге қызметші етіп он мыңдап саналған 
ескі әскердің білгіштерін алдық. Бұл көп уақыт күтетін тәрбие, 
өйткенімен бізге бұл жол олжалы болып шықты. Енді сая-
си амал жолында жалпы халықты ағартамын дегенде, осы 
сыналған жолға түскен оң болады. Әрбір үгітші бізге керек. 
Ол өз міндетін атқарады, партия жолынан шыға жайылмай іс 
қылады. Бұл үгітші өз ісімен ғана қоймай, жүз мыңмен сана-
латын мұғалімдерді арбап, қызықтырып, ескі ісінен тазаруға 
қолқабыс көмекші болып, біздің іске айналдырсын, біздің асқар 
таудай істің миынан ойына қондырсын; осыны қолға алып іске 
кіріскенде ғана біз капиталдың – қазына дәуірінің құлақкесті 
құлы болған мұғалімдерді өзімізге бауыр тартып, түзу жолға 
сілтеп түзеп жібереміз.
Біздің міндетіміз: капиталдың – қазына құлдығы дәуірінің 
бар қарсылығын жойып, жоғалту; әскер майданында кескілесіп, 
саяси майданында арбасып жауды жығу. Біздің жаудың ең 
мықты, ең қиын қорғаны – ескіге құл иманы, жалпы халықтың 
сүйегіне сіңген бағыты, тілегі. Біздің жалпы халықты ағартамын 
деген ерлердің міндеті – осы ескімен күйе, кір болған топты 
сабындап жуып, өзгертіп тазартқан. Жалпы халық арбалып, 
жарыққа бет алып, коммунист біліміне талпынды. Жақын ара-
да халық ағара қоймаса да, жолда талай қиын асу жатса да, түйе 
жығылып жүк жолда қалса да, шауып келгенде бұл майданда 
да біз жеңіп бәйге алатынымыз көрініп тұр» (том XVII – он жеті, 
бөлім ІІ – екінші, 182–184 беттер).
Мұғалімнің көбі партияда жоқ. Жоқ-ақ болсын! Біздің ко-
миттер партияда жоқ мұғалімдерді өзіне ерте білсін.
27-нші агусте [тамызда] 1922-нші жылы РКП-нің ХІ-інші – он 
бірінші – сиезінде Ленин мынаны айтқан:
«Коммунистің ғана көшімен коммунист жұртшылығын 
құрамын, коммунист ордасын тігемін деген емшектегі баланың 
ісі. Халық шексіз дария, коммунист – бұл дария қасында 
жападан-жалғыз тамшы. Жер жүзінің бағыты тарихын түзу 


271
тауып, осы бағытты жиып, тағып белгілеп алып, осы жолға 
халықты жетелей білген де ғана жалпы халықты коммунист өз 
жолына салады».
«Коммунист еместің қолымен коммунистікті іске асырып, 
коммунист ордасын тіккен біз жығып алған бәйгенің екінші 
үлесі» деп тағы Ленин жазған (том XVIIІ – он сегізінші, бөлім 
ІІ – екінші, 44–45 беттер).
7-нші әпірелде [сәуірде] 1921-інші жылы «Наркомпрос [НА-
Родный КОМиссариат ПРОСвещения] ісі» деген мақаласында 
Ленин мынаны жазған:
«Халықты ағарту ісінде жүрген коммунист қанша маман-
дарды таба білген, бұларды пайдалана білді ме тәртіпке ше-
бер мұғалімдермен қол ұстасып іске кірісе алды ма, қандай 
дәрежеде істегені тұрмыс жүзінде іс болып шықты, мұны өзі сы-
най біле ме; халықты ағарту ісі өгізден шабан болсын, жылжып 
ілгері баса ма, іс жүзінде, тәжірибе тезінде жемісті ме – осылар 
коммунист қызметін өлшейтін, коммунисті сынайтын таразы 
болады. Біздің наркомпроста «коммунист көшбасшысы» көп 
болса да, істеген іс бедеу болса, бала оқытатын мамандар жоқ 
болса, оларды іске қоса білмесе, тыңдамаса, білімін пайдаланба-
са, біздің жұмыс ілгері баспайды. Өзіне жолдас, көмекші, бала 
оқытатын мамандарды күн санап көбейтіп, оларға іс қылуға 
көмек көрсетіп, олардың тәжірибесін, білімін пайдалануға жол 
ашып, мұны есептей біліп қана көшбасшылыққа жарайтынын 
коммунист дәлелдейді. Көшбасшылықты азайт, тәжірибе істі 
көбейт, тілді тый, істі қыл, қылған істі сынай біл. Не қылғанда 
ісіміз ілгері жүреді, не қылғанда ісіміз орнында тұрады, не 
қылғанда ісіміз көтінен кейін кетіп барады – осыны білу 
біздің ұранымыз болады. Бала оқытатын мамандар жасаған, 
бала оқытатын жобаны түзеткен, баланы оқытуға жарайтын 
жалғыз ғана оқу құралы – кітап жазған, сіркедей болса да іс 
жүзінде істеген жұмысын көркейткен, мұны он, мыңдаған бала 
оқытатын мамандардың ішінде жүріп істеген коммунист шын 
көшбасшы болып саналады. «Көшбасшылықты» бос сөйлеген, 
бала оқытатын мамандарды іске қоса білмеген, олардың 
жұмысын жемісті қылатын жолға түсе білмеген, жүз-жүзден 


272
саналатын мұғалімдердің тәжірибесін пайдаға асыра білмеген 
коммунистің құны ақсақ тоқты, қотыр лақ та емес» (том XVIIІ – 
он сегізінші, бөлім І – бірінші, 75–76 беттер).
«Күндегіні жазатын кітабымнан бір жапырақ» деп 2-нші 
януарда [қаңтарда] 1923-інші жылы жазған мақаласында 
мұғалімдерге атан түйенің жүгіндей ауыр – халықты ағарту жо-
лында парыз артып Ленин жазған:
«Бұрын болмаған, осы күнде жоқ, тоққарын жұртшылығында 
болмайтын дәрежелі орында халықты ағартатын біздің 
мұғалімдер болсын, болады. Бұл сүттен ақ, бұған дәлел ке-
рек емес. Бір беткей жүріп, бірте-бірте ілгері басып, беттен 
қайтпай бағытты өрге өрбітіп, жорыққа баратындай қомданып, 
мұғалімдердің дәрежелі орнын бағалай біліп, бұлардың алатын 
ақысын көбейту керек, бұлар кем-кетік тұрмыста болмасын.
Мұғалімдерді қысырақтай матап, өзімізге үйір қылып, жер 
жүзінің жатыпішер тоққарнын сүйеген жолынан жетелеп сәбет 
жолына салып, мұғалімдер арқылы тоққарыннан мұжықты 
айырып, бұлардың одағын талқан етіп бұзып, мұжықты 
жұмысшымен бір арқанға қосақтау жолына түсеміз» (том XVІII 
– он сегізінші, бөлім ІІ – екінші, 15 бет).
Ленин жазды:
«Мемлекеттің бір жылда ұстайтын шығынын есепке алғанда, 
бұл істі қалай орындауды алдымен қолға алу керек. Нарком-
прос [НАРодный КОМиссариат ПРОСвещения] жұмысына 
ұсталатын ақша азайтылмасын, өзге мекемелердің ұстайтын 
ақшасы азайтылып, наркомпросқа берілсін. Биылғыдай нан 
жетіп тұрған жылы мұғалімдерге берілетін сыбағаны сараң 
бөліп, қолды қысып ұстамай, көбейтіп берген оң болады. Осы 
күні істеп отырған халықты ағарту жұмысы жеңіл іс деп са-
налмайды: ескі мұғалімдерді жетелеп жүргізіп жіберуге, жаңа 
міндетімен таныстыруға, бала тәрбиелеуді жаңа жолға салуға, 
дін ісіне қалай қарауға аз іс істеліп отырған жоқ.
Бірақ, бір істің екі асылын қылмай отырмыз: біз мұғалімді өз 
орнына – жоғары дәрежеге қоюды ойлағанымыз жоқ; ойласақ 
та аз ойлаймыз, мұғалімдерді дәрежелі етіп ұстамаса, мәдениет 
туралы сөйлеген сөздің бәрі қысыр әңгіме. Бұл серт [шарт] ор-


273
нына бармаса, жұмысшы мәдениеті түгіл, тоққарын мәдениеті 
де болмайды. Біз әлі Азия мәдениетсіздігінен шыққанымыз 
жоқ. Бұдан секе [?] терең кіріспесек, шыға да алмаймыз. Жер 
жүзінде біздің елдей мәдениет керек, мәдениетке жерік халық 
жоқ, біздей мәдениет жолын терең қойған, бір беткей, бірте-
бірте беттен қайтпай жүргізген жұрт жоқ.
Жер үстінде бізден басқа ешбір жерде өкімет жұмысшы 
табының қолында емес. Біздің жұмысшы табымыз мәдениетінің 
кемдігін біледі деп күнәлі болмайын, сауатсыздығын біледі. 
Өз өмірін жақсы жолға салуға біздің жұмысшы табымыздың 
істеген ісін, бұл жолға шалған құрбанын өзге жердің жұмысшы 
табы қылған жоқ, қылмайды.
Алдымен жалпы халықты ағарту жолына мемлекет 
қазынасының жүгін аударатын жолға әлі біз түскеніміз 
жоқ. Бұл бетте біздің істеп отырғанымыз тым аз, аздың азы. 
Наркомпростың [НАРодный КОМиссариат ПРОСвещения] 
өзіне қарасаң да, соп етіп мына секілді қаңғыма шыға келеді: бас 
жоқ, көз жоқ. Госиздат – мемлекет баспасы – ақшаны ұстайды, 
кітап басады, бізге алдымен кітап оқи білетін жалпы елді 
сауатсыздықтан құтқару керек екенімен жұмысы жоқ. Біз кітап 
оқитын жалпы халықты ағартсақ, сонда ғана саяси кітап басу 
ісі ілгері басатынымен жұмысы жоқ. Саяси іс жалпы халықтың 
хат білгеніне, ағарғанына байлаулы, біз ескі тұрмыстың жаман 
сасық иінен шыға алмай, күш-қуатты, қазынаны кітап басу 
жолындағы шеберлікке жұмсап отырмыз.
Шеберлік жолында елді ағартатын бас мекеменің істеп 
отырғанын алсақ та, жалпы халықты ағарту ісіне жанаспайтын 
құр мекеменің сыңаржақ алыпқашпасына құл, талай керексіз 
істер табылып қалуы шексіз. Зауыт-фабриктегі жастарға 
тұрмысқа лайықты білім үйретемін, бұлардың орынды тілегін 
беремін деп бұл мекеменің істеген жұмысының бәрі бірдей 
орынды, дәлелді бола қоятын көрінбейді. Бұл мекеменің 
бөлімдерін қарастырсақ, көбі жоқтың басын шатып құрылған, 
зауыт-фабриктегі жастардың ең керегіне қол емес бөлімдерді 
жапқан оң болады. Жұмысшы-мұжық мемлекетінде ақшаны 
ұстағанда ақшелек мырза болмай-ақ, қолды қысып, сабаның 


274
ауы зын тежеп ұстау керек, сараң болу біздің парызымыз. Тең 
жартысы төрелердің иіне иленген, ойыншық мекемелерді 
жауып, қалғанымен күнелтсек те болатын көрінеді. Жалпы 
халықтың қараңғылық, сауатсыздық жайы осыны көрсетеді. 
Керексізді жауып, оның орнына халықты ағарту ісін өрлеткен 
оң болады» (том XVIIІ – он сегізінші, бөлім ІІ – екінші, 113–115 
беттер).
Ілгері жүрген сайын мәдениетті көтеруге Ленин зор баға 
береді. 17-нші өктәбірде [қазанда] 1921-інші жылы жалпы 
Ресейдің саяси амал жолына халықты ағартатын мекемелерінің 
екінші сиезі болды. Сонда Ленин мынаны сөйледі:
«Ендігі ең алдыңғы кезек – мәдениетті өрлеткен. Жер жүзінің 
төңкерісінің ағасы болған саяси төңкерісті орналастырған соң, 
бұл жұмбақты шешкен соң, бізге өзге көп жұмбақ тап болды. 
Бұл мәдениет жұмбағы. Саяси төңкерісті бойға тамақтай сіңіру 
керек, мұның қасиетін жалпы тап ұқсын, бұл төңкеріс қу ұран 
болып қалмасын» (том XVII – он жеті, бөлім І – бірінші, 381-
інші бет).
Сүйегіне сіңіп, қанына жайылып мұжықты жайлаған 
көткеншіктікке, қараңғылыққа, нанымсыздыққа қарсы біз осы 
сағатта (20 декәбір – қазан) жортуыл ашып отырмыз. Ескі амал, 
тәсілмен бұл майданда жауды жеңбейсің. Тәртіпті жолмен, 
үгітпен, бұларға біз жақсы үйрендік, біз тағы жеңеміз» (том 
XVII – он жеті, 419-ыншы бет).
«Біз осы күні белге шығып, ойға түсіп, толғатқан қатындай 
ойнамалы заманның желісінде тұрмыз. Соғыс бітті, енді шару-
аны түзеу керек. Осы күнгі біздің саяси халдің таңбалы ені осы. 
Бұл түр бізде бұрын да болып өткен. Бірақ, онда іс бұл секілді 
зор емес еді» (том XVII – он жеті, 411-інші бет).
«Біз соғыс майданында жауды жеңдік. Жұмысшы мен 
мұжық бар иманын, бар жігерін салса, құрбандықтан қайтпаса, 
іске асатын, бәйге алатын соғыстан қиын жорыққа да даяр-
ланып кірісу енді бізге парыз болды. Жүз миллиондап сана-
латын өткен өмірін неше атадан бері құлақкесті құлдықпен 
өткізген, өз бетімен іс қыла білмеген, малша жетекке үйренген 
жұмысшы мен мұжықты біздің бағытпен таныстыру керек. 


275
Еңбекші одағындағы миллионмен саналатын кісілер саяси амал 
жағына соқыр, бұлар өздері қожа болып көрмеген, өздерін 
қожа деп танымайды. Жұмысшы өкіметі бұлардың өз өкіметі, 
осы өкіметке ісін ілгері бастыруға, аяқтатуға қолқабыс көмек 
бол деп, өкіметке қарсы болма деп, еңбекшілерді өстіру керек. 
Бұл айтуға оңай болса да, шешуі талай белдің астында, талай 
өткелдің ар жағында жатқан жұмбақ. Енді біздің бетіміз шаруа 
түзеген. Бұған жалпы тапты еліктеткен [жұмылдырған]. Бізге 
мынаны ұмытып болмайды. Талас-тартыс, жауды жеңіп бәйге 
алу, шаруа түзеу майданында соғыс майданындағыдан қиын 
да, ұзақ та болады. Мұнда жеңуге білімді, жігерлі, аңы оянған, 
құрбандық құлы көп жұмысшы, көп мұжық керек. Бұл іс бола-
тыны ақ. Шаруа түзеп үйренген, онда алған біздің тәжірибеміз 
бұған куә. Өнер-өндірме, күш-қуат аздықтан біздің басымыз-
да тұрған кемшілік: суыққа тоңған, аштықтан өлген, ашылған 
етекті жаба алмаған, бір асам тамақ, бір жұтым сусынға 
құшақтасып көріскен жалпы халықтың қанына сіңіп, тәніне 
жайылып, ойына терең бойлап орын тепті. Енді саяси амал, 
соғыс үгітінің арбауын шаруа түзеу, шаруаны ойыстыру жо-
лына жетелеген оң болады. Біз бұл туралы талай әндетіп, жар 
салып айқайладық, әлі де буаз болып тұр. Биыл бар еңбекші 
одағының қасында өнер-өндірмеге байлаулы, матаулы кіндік 
үгіт мекемесі – бюро жасалды. Бұл бюро ісі халықты саяси 
ағарту ісімен маталды, өнер-өндірме бетіне ыңғайлы пішіліп, 
бағыт қойылып газет шығаратын болды. Өнер-өндірме туралы 
жүргізетін үгіт беті мемлекет көлеміне ыңғайланып, ойланып 
қойылды. Біздің биылғы жылы істеген ісіміздің көзге көрінетіні 
осылар болды.
Үгіттің мемлекет көлеміне ұйысып қойылатынын, өзге түрде 
болмайтынын басымыздағы саяси халдің ала-құласы көрсетіп 
тұр. Бұл іс жұмысшы табы, еңбекші одағы, мұжық үшін керек. 
Біздің үкімет мекемелеріне бұл жолға түспеске мүмкін емес. 
Біз бұл жолда қолдан келетінді іске асыруға үкімет мекемелерін 
жер тауыса іске жұмсағымыз жоқ. Өнер-өндірме дүкендерін 
қалай жетелеуді көрсеткен, бұған жалпы тапты қалай арбауды 


276
көрсеткен кітапқа жазған білім бізде тіпті көп. Бірақ біз мұның 
мыңнан бірін де іс жүзіне шығарғанымыз жоқ.
Біздің жерігіміз, біздің иманымыз, біздің тілегіміз – еңбекші 
одағының бір мүшесі жырылып, сыртта қалмай өндірмені 
танып, оның өніп-өскенін, шөлде шөлдеп кепкендегі судай, 
жерік болып тілеп ұққаны, ұғып өндірме ісін төлдеткені, осы-
ны орындатқанда ғана сәбет Ресейі жауын жығып, басынан күш 
аладыны білгені – біздің істейтін, орнына келтіретін жұмысымыз 
болады. Мұны болдырмай, мұны іс жүзіне асырмай қоймаймыз. 
Жылынарға отын жоқ, киерге киім жоқ, паналарға қорған жоқ, 
ішерге ас жоқ баста тұрған қиямет қайым заманды, осы жолға 
біз түссек, тым болмағанда он жылын қысқартып кемітеміз» 
(том XVII – он жеті, 414–415-інші беттер).
«Ескі тұрмыс иі неше атадан қанға сіңгенімен, жатыпішер 
тоққарын дәуірінің құлақкесті құлы болғанымен, бұл бойда, 
бұл түрде өмір сүріп болмайтынды жалпы жұрт – мұжық, 
еңбекші одағының мүшелері ұқсын. Мұны бұларға ұқтырмай, 
қоймаймыз. Жолда тас болсын, тау болсын, су болсын, 
көмірдей талқандап өтеміз. Бар жұмысшы, бар мұжық «Ре-
сей біздікі» деп танысын. Қажымай, қайтпай, тәртіпті бұзбай 
ескі шаруа құрылысын өзгертіп, жаңадан ойыстырып өмір-
тұрмыстың ордасын жалпы жұмысшы мен жалпы мұжық қана 
тігеді. Шаруаның көлемді бағытын осылар ғана өмір-тұрмысқа 
шығарады» (том XVII – он жеті, 414-інші бет).
«Партияда жоқ, саяқ бар мұжықты нандыруға біз 
міндеттіміз» (417-нші бет). «Миллионды нандыру бізге міндет» 
(419-ыншы бет).
«Біз істегелі отырған өзгеріс қандай терең болса, соғұрлы оған 
терең бойлап ұғынып, оны ел білсін, қайырған қаршығадай өзі 
жемге тілеп ұшсын. Жаңа өзгерістің өлімнен ақтығын миллион, 
ондаған миллионға ұғындырып нандыру керек» (413-інші бет).
Ленин мұжық пен еңбекші одағында іс қылу еріксіз деп 
құр сөйлеп қана қоймайды. Іс жүзіне бұл тілекті қай жолмен 
шығаратынды көрсетеді. 1919-ыншы жылғы мартта [наурызда] 
болған РКП-ның VIII-інші – сегізінші – сиезінің қарарын Ленин 
жазған, қарарда мыналар бар:


277
«Саяси амал қойдай айдап, жұмысшы мен қу кедей, 
мұжықты өз асы өзіне ғана жететін, мұжықпен көпке созыла-
тын ынтымаққа қосып отыр. Бұл арада жолда талай аспас асу, 
өтпес өткел кедергі жатыр. Бұлар мыналар: мұжық саяси амал 
жолына көртышқаннан соқыр, күйеден қара, өзі тағы жалпы 
надан, мұжықта шаруа туралы білім жоқ, осы жүктің бәрін ар-
тып тартқан қу кедей, мұнымен отала отырған, өз асы өзіне ғана 
жететін мұжық қайыршы халден, тұрмыс илеп кежірейте кейін 
тартқан ескілік қалыптан жақын арада жырылып шықпайды. 
Бұл халге коммунист партиясы терең бойлап қарамасқа бол-
майды, осымен мұжықты ағарту ісін негізді тауып, қолға алмақ 
болды.
Мұжық ауылында халықты ағарту жолында істейтін іс біріне 
бірі қысырақтай матаулы болып, бір ынтымаққа күрмеліп 
жүрсін. Бұл істер мыналарға жатады:
1/ Коммунисшілік үгіт;
2/ Жалпы білім;
3/ Егін мәдениеті.
1. Оқу білетінге де, білмейтінге де мұжық ауылында 
коммунисшілік үгіт айтылады.
Оқу білетін мұжыққа алдыменен саяси амалы жазылған 
кітап, әдебиетке мұжыққа бағыштап, надан ұғуға кемпірдің 
талқанындай оңайлаған кітап, коммунист исі мен міні деп 
мүңкіп тұрған газет таратылады. Бұл жазылған кітаптардың, 
газеттердің бағасы арзан болады, өздері мектепте, кітап оқитын 
мұжықтың үйлерінде, бұл сататын сәбет дүкенінде сатылады.
Тілек мынау болсын: мектеп басы кітапхана болсын, мұнда 
саяси амал бөлімі болсын, осындай кітапхана ауыл сайын 
«халық үйі» деген үйде болсын. Бұл үй жоқ ауылда саяси ама-
лымен таныстыратын кітаптар кітап оқитын үйдің мүлкіне 
кірмей қалмасын.
Жас балаларды оқытқанда, үлкендерді оқытқанда, бұларға 
жалпы білімді үйреткенде, шаруа жолын үйреткенде мыналар 
оқылады:
1) Жеңіл шолып өтпе мәдениет тарихы оқылсын; бұл соци-
ал қарауылының, білім жолынан тысқары шықпасын; мұнда 
Ресейдің асқар таудай төңкерісі өз алдына баяндалсын.


278
2) Сәбет заңы, мемлекет құрылысы баяндалсын; бұл екі 
түрдегі оқуға арналып үлгілі оқу құралы тезбе-тез жазылсын.
Мұғалімдер өздерін жалпы істің ғана қызметкерімін деп 
қоймай, коммунист жолында халықты ағартамын деп танысын.
Бұл жолда мұғалімдер жалғыз өз бастығына ғана бағынып 
қоймайды, жергілікті партия бөлімдеріне де бағынады, 
солардың сынына түседі.
Киіну, театр, концерт – бәрін коммунист жолын үгіттеуге 
құрал етіп, мұжық ауылында іс қылынсын. Бұларды елге білім 
жолында сабақ бергенмен, топ жиып елге сөйлегенмен байла-
ныстырып жүргізсе де болады.
Губернелік, ояздық ОНО [Отдел Народного Образования] 
партия бөлімдерімен қол ұстасып, қалада тұрып үгіт айтатын, 
елге шығып мұжық ауылында үгіт жүргізетін екі жүкті қысырақ 
матап, үгітшілер адамдарын сайлайды.
Үлкен қалаларда жергілікті наркомпростың мүшелері мен 
партия бөлімдері ынтымаққа келіп, көшбасшысы-үгітші сай-
лайды. Бұлар елді аралап, өз бетімен үгіт жүргізеді, жергілікті 
олақ жолдастарға сабақ береді, үгіт айтуға шебер қылады.
Үгіт ісіне Ресей еңбекші одағының сәбеті жетелеген 
өндірме жұмысшыларының әтірәттәрін [отрядтарын] жұмсап 
пайдаланған артық болар еді деп, сиез осы жолға сілтейді.
Хат білмейтіндерге уақыт-уақыт қайталама мектепте, болыс 
атқару комитеті үйінде кітап оқуы оқылсын. Жергілікті ОНО 
[Отдел Народного Образования] мен партия ұяшығы [үйірмесі, 
бөлімі, комитеті] қосылып мұғалімдерден, хат білетін адам-
дардан, бұларды міндетті қылып кітап оқушыларды сайлай-
ды. Бұлардың оқитыны сәбеттің заңы, халық мойын ұстанатын 
үкіметтің қаулысы, бұл қаулының кіндіктен партия мен сәбет 
жіберген ұғындырмасы, күнде жаңартып тұратын халық үшін 
жазып кіндік жіберетін мысал-мақалалар болады. Бұл оқуды 
сурет көрсетіліп, кино, керемет панар [фонарь] пайдаланса, 
тым жақсы болады. Келетін кісіні көбейту үшін кестелі сөздерді 
оқыса, ол да жақсы. Өлең айтылса, ол да жақсы.
2. Мектептегі, мектептен тысқарғы халық ағарту (театр, кон-
церт, кино, сурет жиған орындар) істері қараңғы мұжық ауы-


279
лын білім жарығына шығару жолында ғана болмайды, негізді 
тілек, көздеген нысана – халықтың иманын бұзып, өзге иман 
жасап, коммунист жолына, коммунист үгітіне жанастырған бо-
лады. Асқар таудай көрікті коммунист тілегіне, есепсіз көп жол 
арқылы іске асатын коммунист шаруаға байланыспайтын білім 
де жоқ, шеберлік жол да жоқ.
Мектеп бір-ақ түрде еңбек мектебі болады. Мектептен 
тысқарғы халықты ағарту ісіне артығырақ көз салу болсын, 
оқу-білім орны ауыл, ауылда үйлер болсын, бұларды сайлап 
қоюға жалпы халыққа, сәбет өкіметіне партия қолқабыс көмек 
көрсетсін. Бұл үйлерді алдымен сәбет қолындағы мүлік жер-
лерден белгілесін, мұжық келіп демалып, ... ..., оқу-біліммен 
танысып, коммунист жолымен, мұның бағытымен танысып 
ағаратын жер осы үйлер болсын.
Жалпы халықты ағарту ісінде құр хат қана танығанда, маман 
да коммунист партиясы атынан іске шақырылады, бұларды пар-
тия пайдаланады, бұлар халықты ағартатын үйде оқу оқысын, 
өзге жұмысын қылсын. Бірақ, мынаған мықты сақ болу керек: 
әдебиетпен, шеберлік өнермен халықты таныстырамын деп 
бұлар төңкеріске қарсы иман, тілек жүргізіп жүрмесін, біздің 
коммунист үгітін жоймасын, оған қара[ма]-қарсы іс жүргізіп 
жүрмесін.
3. Егін егіп, шаруа басқаратын жолбасшы білімі жоқ екенін 
мұжық ауырған жарадай біледі.
Сәбеттің шаруалы жерлері, шаруа жолына өрнек деп 
жасаған мектептер мұжық шаруасының көшіне темірқазық 
болсын. Үлгі-өнеге көрсетсін. Шаруа бетінде халықты ағартуға 
сайланған наркомпростан [НАРодный КОМиссариат ПРО-
Свещения] көмек-қолқабыс көретін орындар – наркомземнің 
[НАРодный КОМиссариат ЗЕМледелия] шаруа басқаратын 
мекемелерімен қол ұстасып іс қылсын.
Мектеп болсын, уақытша оқу оқылатын орын болсын, бұлар 
үлгілі, өрнекті шаруа ұясы болсын. Бұл түгел іске аспағанда, 
шаруа ұясының қолдан келер жағы – үлгілі болып көрсетілсін. 
Мұның бәрі мұжықтың ауылында болады, мұжықты ағартады.


280
Жалпы шаруа жолында халықты ағарту ісі коммунист жо-
лына қарай аумалана құйылады. Коммунист партиясының 
бағытына сүйеу болып құрылады, мұжықтың осы күнгі үй 
басы, шаруасы социал жолымен ұйысып, отырықшыл шаруа-
сы болуға жол ашады. Өсітіп халықты ағарту, шаруа ісі мұжық 
арасында қойылсын.
Мұжық арасындағы үгіт мұжықтың қышыған жерін тауып 
қасып, егін салатын шаруасына матаулы жүріп іске асырылсын.
Мемлекет, мектеп дін ісінен ат кекілін кесіп айырылған. Мек-
тепте дін сабағы ауызға алынбасын. Дін жолына үгіт айтамын 
деп, төңкеріске қара[ма]-қарсы тілек, иман жүргіземін дегенді 
шаштай алып, жоғалту керек.
Сәбет заңы дінге бостандық береді; кім қандай дінде бола-
ды – ерік. Халықтың бұл заң берген ақысына ешбір кемшілік 
болмасын. Сиез осыған аң қойыңдар дейді. Біреудің бұл қай дін 
болса, сол дінде болсын, дін бостандығына, намазына қиянат 
көрсеткен адам үлкен жазаға кіріптар болады».
17-нші өктәбір [қазан] 1921-інші жылы ресейлік халықты са-
яси амалына ағарту сәбеттің екінші сиезі болды.
Сондағы айтқан сөзінде Ленин халықты саяси амалмен 
ағарту жолын анықтап, көрсетіп жөн-жоба сілтеді.
«Халықтың сауатсыздығын жоятын біздің комиссия 19-
ыншы июлде [шілдеде] 1920-сыншы жылы сайланды. Осы си-
езге жүрерде ғана әдейі бұл туралы шыққан заңды оқыдым. 
Ресейлік халықтың сауатсыздығын жоятын комиссие... бұл бума, 
бұл аз екен. Асығыс жолмен халықтың сауатсыздығын жоятын 
тағы бір комиссие бар. Осы сиезден соң, неше губернеде халық 
ағарту туралы қанша жұмыс істелген, қандай іс орындалған, 
не болып жатыр – білерміз. Бұған нанайық. Біз мәдениетті 
ел болсақ, сауатсыздықты жоюға екеу түгілі, бір комиссиенің 
керегі жоқ болар еді. Мәдениетті елде сауатсыздықты жоятын 
іс мектепте істеледі. Екінші комиссие, өзі асығыс іске кірісетін, 
бұл ұят болса да біздің тағылықтың бір таңбасы ғой. Мәдениетті 
елдің мектебі болады, онда алдымен елдің сауатсыздығын жоя-
ды. Елді ағарту жолында еңбектеген балаша тұрып-жығылып, 
әнтек-тәнтек аяғымызды баса алмай жүрсек, шаруа жолында 
жаңа саясат амалына түсеміз деген қысыр қу сөз ғой.


281
Бұл халде не қылған жаңа саясат амалы[ның] жолы болмақ? 
Халықтың сауатсыздығын жоямын деп комиссие жасап, мұның 
ісін өрт сөндіргендей аттанға байлап жүрген ел құдайға сыйы-
нып бұрынғы таз қалпына, ескі саясат та қалт-құлт етіп, жүгі 
аумай тұра алса да аз болмас. Бұл сүттен ақ. Соғыста, өзге іс 
жүзінде біз керемет іс қылдық, бұл анық. Біз халықты ағартатын, 
халықтың сауатсыздығын жоятын ана комиссиені жоя білсек, 
бұл да, менің ойымша, кереметтің ең артығы болар еді. Сонда 
наркомпростан бөлінейік деген, осында сөйленіп жүрген жоба 
жоғалар еді, бұл секілді жоба шықпас та еді. Бұл рас болса, 
бұған терең бойлап аңдасаңдар, аттан жолын қолданған осын-
дай сасық жобаны жоятын тағы бір комиссие керек қой. Бұған 
ынтымаққа келерсіңдер.
Бұл әлі аз. Сауатсыздықты жойғанмен іс бітпейді, сәбет ша-
руасын ұйыстыру тағы керек. Құрғақ хатпен ілгері озбайсың, 
ұзақ көшпейсің. Бізге есепсіз өзге мәдениетті өрлету керек. 
Оқығанын, жазғанын пайдалана білсін, оқитын қолында газе-
та, кітапша болсын, бұларда біздің үгіт жазылып, өздері жолда 
жоғалмай, елге түзу таралып оқушының қолына тисін. Жарты-
сы оқыла ма, жоқ па, мекемелерде жатып қалып, не өзге бір іске 
жарап кетіп, халық қолына төрттен бірі де түспейді. Қолдағы 
азбен пайдалана білу керек.
Саяси амал жолына халықты ағарту ісі мәдениетке байлау-
лы, мәдениет өрге басса, осы ғана іске негіз болады. Біз жаңа 
саяси шаруа жол да мәдениетке байлаулы, оқи білген, хат жаза 
білген мәдениеттің өрге шығуына басқыш болсын, оқуды, хат-
ты мұжық шаруасына құрал етіп, шаруасын ілгері жетелеп, өз 
мемлекетін де жетелей білсін. Бізге осы керек, біздің жерігімз 
осы» (том XVIIІ – он сегізінші, бөлім І-інші – бірінші, 381–382-
нші беттер).
Халыққа керек кітапқа толтырып кітапхана түрін Ресейге 
жаймақ болып, бұл туралы заңға Ленин көп тоқтап, мұны көп 
ойлады.
3-інші ноябірде [қарашада] 1920-сыншы жылы кітапхана 
ісін бір кіндікке билететін, Ресейді кітапхананың бір түрімен 


282
кестелейтін совнаркомның [СОВет НАРодных КОМиссаров] 
заңы шықты (439-бап, заң жиыны, 1920-сыншы жыл, № 87).
«Кіндік баспадан жолдас Малкин арқылы Мәскеу ОНО-
сынан жоддас Модестов арқылы кітапхана туралы менің 
тапқаным төмендегі есептер болды. 38 губернедегі, 305 ояздағы 
(мұнда Сібір мен Терістік Кавказ жоқ) кіндік сәбет есептегі 
кітапханалар:
Кіндік кітапханалар ...........................342
Қаладағы аймақтық ..........................521
Болыстарда .......................................4.474
Көшпелі ............................................1.661
Кітап оқитын ауыл үйлері ..........14.739
Қалған өзге мекемелердегі .........12.203
___________________________________
Бәрі ..................................................33.940
Өз тәжірибесін қолданып, жолдас Модестов: – Бұның төрттен 
үші (3/4) бар, өзгесі құр қағаз бетінде ғана болса керек дейді. 
Мәскеу губернесінде «кіндік баспаның» есебімен 1.223 кітапхана 
бар. Модестовтың есебімен бұл – 1.018; мұның 204-і қалаларда, 
814-і – губернеде, мұнда еңбекші одағының 16, әскердің 125 
кітапханасы жоқ.
Ал губернелердің есебін салыстырып қарасақ, жоғарыда 
жазылған есептің дұрыстығына шәк туады; шынына кел-
генде, кітапханасы ана 75%-дан аз да болар. Кітап оқитын 
ауылда[ардағы] үйлер:
Вятка губернесінде .......................... 1.703
Бладимир губернесінде ...................... 37
Ленинград .............................................. 98
Ибан-Базнесенск губернесінде .......... 75


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет