Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет74/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

«Тарихи кездейсоқтық»
Жоғарыдағы айтылған реттердің арқасында тарихи 
«кездейсоқтықты» талдау оңай болмақ.
Егерде құбылыстардың барлығы да себеппен болатын бол-
са, «кездейсоқтық» жоқ болса, тарихи «кездейсоқтық» та жоқ. 
Қандай тарихи оқиғалар қандай «кездейсоқ» болып көрінсе де, 
тегінде себепке байлаулы. Тарихи «кездейсоқтық» деп жүрген 
ұғымымыз белгілі көп тарихи себептердің қабысуы.
Бірақ, кейде тарихи «кездейсоқтық» деген сөз басқа 
мағынада да болады. Мәселен, жиянгершілік [жиһангершілік 
– ?] соғысы капиталшылықтың өсуінің салдары, бұл себепті 
құбылыс. Аустрияның эрц-герцогы «кездейсоқ» құбылыс 
сияқты. Байқаңқырап қаралық: жиянгершілік соғысының ау-
мастан болатындығын тексерген уақытта қоғам өсімінде болған 
үлкен себептерді – соғыс себептерін көреміз. Соғыстың өзі 
де аса маңызды. Қоғамның болашақ өміріне үлкен себеп бо-
латын, әсер беретін жұмыс болып көрінеді. Көбіне тарихи 
«кездейсоқтық» бір кішкентай ғана оқиға болады. Бұл оқиғаның 
болу-болмауының тарихқа әсері болмайды. Соғыс, мәселен, 
эрц-герцогы өлмесе де болар еді. Соғыстың себебі бұл өлім 
емес, соғыстың себебі – жиянгер мемлекеттердің базар таласы.


Тарихи оқиғалардың тарихқа ешбір әсері болмайды деуге 
бола ма? Дұрыс айтқанда, олай деу дұрыс емес. Неге десеңіз: 
оқиға қанша кішкентай болса да себеп болады. Өсімге әсер 
береді. Мәселе бұл әсердің көлемінде. Міне, Аустрия королінің 
өлімі (келтірген мысалда) өте кішкентай әсер беретін оқиға. 
Бірақ мұндай кішкентай оқиғалардың басы қосылса үлкен әсер 
бере алады.
Мынадай мысал алалық. Базар нарқы [сатып] алушы мен 
сатушылардың тартысуынан шығады. Егер біз бір алушы мен 
бір сатушының ғана тартысын, талқысын алсақ, бұл «кездейсоқ» 
кішкентай, «әсерсіз» оқиға болып шығады. Саудагер Нұғыман 
сорлы Балтабайды жеп қойды. Бұл базар нарқы заңымен 
қатарластырсақ, аса кішкентай оқиға, «кездейсоқ» оқиға. Бірақ 
Нұғыман сияқты саудагерлердің «жеп қоюлары» құрала келе 
қоғамдық құбылыс болып шығады.
Сонымен қоғамның тарихи өсімінде, дұрыстап қарасақ, 
ешбір «кездейсоқтық» болмайды. Түсіне комсомолдар еніп, 
қазіреттің түні бойы ұйықтамауы да, Аустрияның королінің өлуі 
де, Англияның Күншығыс елдерін отарлауы да, жиянгершілік 
соғыстың ашылуы да, қысқасы ұлылы-кішілі оқиғалардың 
барлығы кездейсоқтан аулақ, себепке байлаулы болмыс.
(Жалғасы бар)
V.
«Қызыл Қазақстан» журналы,
1925 жыл, № 3–4–5 (39–40–41).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет