52-бетте «ізбес» деп жазушы [жазыпты]. «Ізбесті» біздің
қазақ тас кендір дейді. Ізбестен гөрі тас кендір қазаққа ұғымды
емес пе?
54-бетте «тастанған балық» деген. Міне, бұл орнына келген
сүйкімді сөз.
Жолдас Мұқтар орыс кітабын қазақшалауға мерген, жазуы
артықша қазақша, қазаққа ұғымды.
Бұл
кітапты хат білетін қазақ, мұғалім, шәкірт мұқтасар
[«мұқтарша» емес пе?] етіп оқымасқа болмайды. Бұл кітапты
оқыған адамның көзі ашылады, білім соқпағына түседі. Ақылы,
зейіні май асаған ауыздай қарық болады.
Қыр баласы.
«Еңбекші қазақ» газ., № 295, 28.02.1925 ж.
Орынбор-Қызылорда.