Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


Кітап сыны ЖАНУАРЛАР ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕР



Pdf көрінісі
бет76/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

Кітап сыны
ЖАНУАРЛАР ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕР
Профессор Ю. Вагнер.
Түркістан мемлекеттік баспасы басқан. Аударушы Байтасұлы 
Абдолла. 126 бет, 50 тиын. Ташкент, 1924 жыл.
Білім шөпті, малды, адамды бір туысқан деп табады. Бәрін 
де бір зәредей заттан шығарып өзгертіп шабады. Адам баласының 
көбі айналасындағы бірге жүрген, бірге өмір сүрген шөп болсын, мал 
болсын, құс болсын, балық болсын, құрт-құмырсқа болсын, затқа 
терең қарап, тексеріп бойламайды. Күні үшін, тамақ үшін сабылған 
өмір таласы мұндай ойға орын қоймайды. Көп үшін бұларды білім 
мергені, білім шешені (шешен – мұнғұл тілінде гіректің философы 
болады: Сократ, Платон, Аристотель шешен болады) тексеріп 


197
тергейді. Шешендердің алдынан айы туып, жолы болып, .......... 
шешіп, шегін аршып тазалап, не екенін тапқан. Осыдан 4 мың жыл 
бұрын шешен Протокур (?) айтқан: «Бәрі ағып тұр, бір өзеннен екі 
өтпейсің, ағып өзен жаңалап тұр» дегені осы күні білім қол қойған 
иман. Табиғат жылжып, жымиып өзгеріліп тұрады.
Осы жолмен зәредей ............... тәмам жан құбылып, құрылып, 
өсіп-өніп болып тұр. Бұл кітапшада осы жазған бет дәлелденген. 
Дүние алты күнде жаралған деген адасқан жол. Дүние қандай, 
табиғат қандай – соны жақсылап білем десең, осы кітапты оқып 
қара.
Абдолла жолдас орыс кітабын қазақшалауға шебер
кітаптың қазақшасы хат білетін қазаққа түсінікті. Бұл кітап 
мектепте, мұғалімде болғаны оң. Мұны оқып алған мұғалім 
балаларға сабақ берсе, құрал болады. Орыс тілін білмейтін жа-
стар бұл кітапты оқымаса болмайды. Өзгеріс, құбылыс жолы-
нан тысқары осы күні білім жоқ. Бұл жолды сүндет ат қылып 
мінбеген – білім жолына түспеген.
Абдолла жолдастың ақсаған жерлері мынадай: Абдолла 
«шар, шар» деп келеді (28–34 беттер) – бұл доп қой!
«Мысал үшін» дейді (27 бет) – бұл орыстың «для примера»-
сы ғой! Бұл қаламның тас басып, тасырқағанына куә! Мұнан жа-
зушы қазақ құтылу керек.
«Яғни», «яки», «егер» дейді. Бұлар жазылған бет то-
лып жатыр. Мұнда тізіп те керек емес. Қазақ «яғни», «яки», 
«егер» деп сөйлей ме? Бұ да сөзге олақтылықтың, қаламның 
шабандығының, қамшы тілегені ғой. Жазушы қазаққа бұл 
құрал емес.
«Резеңке доп сықылды» дейді (29 бет) – «үрген қуық» десе 
қайтеді!?
37-бетте кеңірдекті «труба» деп, суретте өзі де «кеңірдек» 
дейді. «Труба» деп бекер-ақ жазылған ғой!
Қыр баласы.
«Еңбекші қазақ» газ., № 325, 08.05.1925 жыл.
Орынбор-Қызылорда.


198


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет